Құм және сумен ойындардың картотекасы II сәбилер тобы

Раздел Воспитательная работа
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Құм және сумен ойындардың картотекасы II сәбилер тобы.

1. «Ракушканы ал» («Тасты ал»)

Мақсаты : назарын дамыту, қозғалысын үйлестіру.

Мазмұны:

Су құйылған ыдыстың түбіне ересек адам бірнеше тас, ракушка салады. Содан соң балаға «қазына» ал деп ұсынады. Ол үшін өте әдемі тасты (немесе ракушканы) таңдап алып түбіне салады (тереңдігі 15-20 см көп емес) және бала басқа тастар және ракушкалар арасынан қажетті затты тауып алуы қажет.

2.«Мұздақтарды ұстап ал »

Мақсаты : қозғалысын үйлестіру ді дамыту, су құрамымен танысу.

Мазмұны:

Тәрбиеші су құйылған ыдысқа 5-10 шағын мұздақтарды салады және балаға айтады : «Қара, қара ,не болып жатқанын қара. Мұздақтар үлкен болған еді, енді кішірейіп жатыр. Қәне оларды құтқарайық!»

Бала тор немесе ожаумен судан үлкенірек мұздақтарды алып және жеке ыдысқа салады. Барлық мұздақтар алынған соң, тәрбиеші сұрайды: «Қалған мұздақтар қайда кетті? Оларға не болды?- Олар еріп, суға айналды».

3.«Жылы -суық» ойыны

Мақсаты: «жылы», «суық» ұғымдарын бекіту.

Мазмұны:

Екі түрлі ойыншық қажет, әр біреуі 2-3 данадан, резинкелі немесе пластмасса болғаны жөн (мысалы: үйрек және балықтар, бегемот және пингвиндар, кемелер және дельфиндар, кішкентай доптар- қызыл және көк, қызыл және сары, жасыл және ақ және т.б.).

Тәрбиеші бір ыдысты жылы сумен, ал екінші ыдысты суық сумен толтырады. Балаға: «Үйректер суық суда, ал балықтар жылы суда шомылғанды ұнатады, оларды суға жіберейік,-деп айтады». Бала үйректерді суық сумен ыдысқа салады, ал балықтарды жылы сумен ыдысқа салады.



4.« Шарикті тап» ойыны

Мақсаты: заттардың сапасымен - көлемі, пішінімен танысу.

Мазмұны:

Тәрбиеші құмға кішкене шарикті көміп және баладан оны табуын өтінеді. Алғашында шарикті баланың көзінше көму керек, содан соң ол ересек адамның іс-әрекетін көрмеуі қажет. Бірте-бірте міндетті күрделендіріп, тәрбиеші екі затты көмеді, мысалы шарик және текше, содан соң текшені тап деп өтінеді. Бір пішінді заттарды көмуге болады, бірақ әр түрлі көлемде.

5. «Сәлеметсің бе, құм!»

Мақсаты: психофизикалық қауырттықты төмендету.

Жабдық: Құмжәшік.

Ойын барысы: Педагог әр түрлі «құммен сәлемдесуді» өтінеді, яғни әр түрлі әдістермен құмға қол тигізу. Бала:

• кезекпен қолының саусақтарымен құмға қол тигізеді, содан соң екінші қолымен, содан барлық саусақтарымен бір мезгілде қол тигізеді ;

• жеңіл/ қауырттылықпен құммен жұдырықтарын қысады, содан соң баяу оны құмжәшікке төгеді;

•құмға бар алақанымен- ішкі, содан соң сыртқы жақтарымен жанасады;

• құмды саусақтары, алақандары арасымен уқалайды.

Соңғы жағдайда құмға кішкене ойыншықты тығып қоюға болады: «Сенімен құм тұрғындарының бірі сәлемдескісі келеді - ...»

Үлкен балалар өз сезімдерін салыстырып және сипаттайды: «жылы - суық», «жағымды - жағымсыз», «тікенді, кедірлі» және т.б.

6.Құмды жауын

Мақсаты: бұлшық ет күшін реттеу, босаңсу.

Жабдықтар: Құмжәшік.

Ойын барысы: Педагог: ертегі әлемінде ерекше құм жауыны жауып және құм желі есуі мүмкін.Бұл өте жағымды.Сендер өздерің осындай жауын мен желді істеулеріңе болады. Қараңдар, бұл қалай болады. Бала жайлап, содан соң жылдам құмды өз жұмырдығынан құмжәшікке ересектердің алақанына, өз алақанына шашады. Бала көзін жауып және құмға саусақтарын ашып алақанын қояды, ересек адам қандай да бір сауасағына құм себеді, ал бала осы саусақты атайды. Содан соң олар рөлдерімен ауысады.

7. Құмды жел

Мақсаты: дем алу -дем шығаруды қалыптастыру.

Жабдықтар: Құмжәшік, коктейль үшін түтікше.

Ойын барысы: Сәбилер оған құмды тартпай, түтікше арқылы демалуға үйренеді. Ересек балаларға алдымен өз достарына жағымды тілектер айтуын ұсынуға болады, «оны құмға үрлеп » құм әлеміне тілек сыйлау, сонымен бірге құм үстінде шұңқырды пайда болғанша үрлеу. Осы ойындарға коктейлге арналған бір рет пайдаланатын түтікшелерді қолдануға болады.

Осы жаттығуларды хош иіс терапиясымен құрамдастыруға болады (бірақ хош иіс терапиясын осы бағытта арнайы дайындықтан өткен психологтар пайдалануға құқығы бар). Бала өзіне арнайы таңдалған хош иіс қоспасы ( сергітетін немесе босаңсытатын ) иісімен дем алады. Бала демді сыртқа шығарғанда өз алақанындағы құмға жеңіл үрлейді, ондағы құмды құмжәшікке үрлеуде.

8. Ерекше іздер

Мақсаты: елес, тактикалық сезімталдықты дамыту.

Жабдықтар: Құмжәшік .

Ойын барысы: «Қонжықтар келе жатыр» - бала жұмырдықтарымен және алақандарымен күшпен құмға басады.

«Қояндар секіреді» - бала әр түрлі бағыттарда қоғала отырып, саусақтарының ұшымен құм үстінен соғады.

«Жыландар жорғалайды» - бала босаңсыған/ тырысқан қол саусақтарымен құм үстін толқынды етеді (әр түрлі бағытта).

«Қоңыздар - өрмекшілер жүгіруде» - бала жәндіктердің қозғалысын ұқсастырып, барлық саусақтарымен қоғалтады («қоңыздар сәлемдесуде»- құм астында бір-бірінің қолдарымен кездестіріп, қолдарын толығымен құмға салуға болады).

«Кроказябла» - балалар құмда әр түрлі іздер қалдырады, осындай із қалдырған фантастикалық хайуан үшін есім ойлап табады (соңында осы хайуанның суретін салып және құм елінің тұрғыны етуге болады ).



9.Тышқандардың құпиялы тапсырмалары

Мақсаты: тактилді сезімталдық дамыту, сергу, қызығушылықты белсендендіру.

Жабдықтар: Құмжәшік.

Баланы алдын ала жер астында өмір сүретін жануармен таныстыру қажет.

Ойын барысы: Педагог. Бүгін біздің қолдарымыз тышқандарға айнала алады. Осылай. ( Ересек адам қолын көтеріп және оларды «үйрек тәрізді» жинайды, балаға саусақ сүйектерімен салынған көз, мұрын және екі тісті көрсетеді.) Өз қолдарыңды тышқандарға айналдырғың келе ме? Менің тышқаныма жер астында маңызды тапсырманы орындауға көмектесу қажет. (Баланың тілегі бойынша ересек адам оның саусақ буындарында мұқият мұрын және көздерін салады). Ал, енді құмға батырамыз? Қара және менің тышқаным сияқты жаса.

Ересек адам бір қолын құмға салады, құмның астында оны қозғалтады (баланың назарын құмның үстіндегі өзгеріске аударады), содан соң әр саусақтарын абайлап қазып алады. Содан соң сол әрекетті баламен жасайды.Содан кейін олар бір-бірінің қолын қазып алады ( құмға үрлеуге болады, қанат, таяқшалар, қылқаламдарды пайдалануға болады).

Нұсқа: Барлық іс-әрекетті жабық көзбен іске асыру - құмда бір-бірінің саусақтарын іздеп, оларды қысу (тышқандар жайлап сәлемдеседі немесе күшпен бір-бірінің аяқтарын қысады).

10. Құмдағы жасырынбақ

Мақсаты: тактилді сезімталдықты дамыту, көру, шығармашылық ойлау, еркіндік.

Жабдықтар: Құмжәшік, суреттер, ертегі кейіпкерлері, миниатюрлы мүсіншелер.

Ойын барысы: Бірінші нұсқа

Педагог. Ойыншықтар сенімен құмды жасырынбақ ойнағысы келеді. Өзіңе ұнаған ойыншықты таңдап ал. Сен көзіңді жұмасың, олар құмға жасырынады, содан соң мен : «Қөз ашылады, ойын басталады» деп айтамын, сен оларды құманнан табуың қажет. Сен құмды үрлеуіңе, саусақтарыңмен қазуға, таяқшалар, қылқаламдарды пайдалануыңа болады.

Ойынды әр түрлі етуде, ересек адам балаға ойыншық - «минаны» көрсетеді, оны толығымен қазып алуға болмайды. Қазу барысында оның бөлігі құм үстінде көрінгенде, бала қазуын тоқтатып және оны басқа жерден жалғастыру қажет.Егер бала ережені ұмытқан болса , ойын айппұлын жасайтын болады, сондықтан ол ойыншықтарды мұқияты қазуы тиіс.

Екінші нұсқа

Ойын үшін әр түрлі ертегілерден суреттер және ертегі кейіпкерлерінің суреттері болуы қажет, оларды өздігінен дайындауға болады, балалар кітапшаларынан әдемі суреттерді жапсырмамен орау қажет. Балалармен ойын ойнау үшін нақты бейнелермен түрлі-түсті суреттер пайдаланылады ( бастапқы кезеңде - қабылдау үшін бір заттың суреті бейнеленген қарапайым суреттер). Іздену белсенділігін дамыту үшін бейнені біртіндеп қиындату қажет.Осылай, ересек мектепке дейінгі балалар үшін бейнелеу ақ пен қара, бейнелі болуы мүмкін.

Алдын ала ересек адам баламен жақсы көретін ертегілер және ертегі кейіпкерлері туралы, әр түрлі кейіпкерлерге жағымды және жағымсыз қатысы себебі туралы сөйлеседі.

Педагог. Құмда ертегі және ертегі кейіпкерлері жасырынғанды ұнатады. Олармен құмда жасырынбақ ойнайық. Көзіңді жұмып және сиқырлы сөздерді : «Бір, екі, үш ертегі кел» айт. (Ересек адам құмға балаға жақсы таныс ертегінің суретін көмеді. Балалар үшін суреттің шетін сәл көрсетіп қояды.) Қылқаламды алып және құмнан осы ертегіні ізде. Ертегіні шошытып алмау үшін оны ақырын, мұқият қазатын бол. Сен құмнан суреттің жартысын тазалап алдың: сен қалай ойлайсың, бұл қай ертегі?

Бала бірте-бірте суретті ашады, бір кезеңде ол ертегіні немесе ертегі кейіпкерін айта алады. Егер ол сурет элементтері арқылы ертегіні жорамалдай алмай және атын айта алмаса, оқыту кезеңін енгізуге болады. Бала құмға суретті көмеді, ал ересек адам қазып алып және дауыстап көргенін талдайды.



11.Дымқыл құм үстіндегі ойындар

Тақырыбы: « Құрғақ және дымқыл құмның құпиясы»

Бала құрғақ құм қасиетін және онымен ойынды білгені жөн.

Педагог. Біздің құмжәшікте кейде жауын жауады, нағыз өзен және көлдер пайда болады. Бұл қалай болатынын көргілерің келе ме?

Ересек адам құмжәшіктегі құмды екі бөлікке бөледі және балаға құмды дымқылдату тәсілін көрсетеді:

«Бұлақша ағады» - ересек адам құмның бір бөлігіне құмырадан су құяды.

«Жауын сіркіреп тұр» - құмның екінші бөлігін бүріккішпен дымқылдандырады.

Ересек адам балалардың назарын дымқыл құмның иісі мен өзгерген тұсіне аударады. Содан соң бала өзігінен құмды дымқылдандырады (су құмды суландырып жібермейтіндей болуы қажет).

Педагог. Дымқыл құммен сәлемдесейік. Онымен сендер ғажайып ойындар ойнай аласыңдар- сендер сиқырлы-құрылысшыларға айналасыздар.

Содан кейін құрғақ құммен жасалған жаттығулар өткізіледі: «Сәлем құм» және «Ерекше іздер». «Күзен-төбелер» ойыны

Бала әр саусағымен кезекпен , содан соң бар саусақтарымен құмда тесіктер жасайды - тышқан үшін үй, төбелер жапсырады - тасбақалар үшін үй.

12.Құмды құрылысшылар

Мақсаты: кеңістік ұғымен бекіту, есту және көру жадысын дамыту.

Жабдықтар: Құмжәшік, шағын қалыптар.

Ойын барысы: Педагог. Құм әлемінің тұрғындары сені оларға үй салуға көмектесуін сұрайды. Бастапқыда құмда осы немесе басқа үй қайда салынатынын белгілеу қажет. Мысалы, бауырсақ дөңгелек пішінді үйді, жираф- тік бұрышты, ал бегемот төрт бұрышты үйде тұрғысы келеді. Құм тұрғындарына көмектес.

Жоғары оң жақ бұрышта бегемотик тұратын болады. Керекті қалыпты таңдап алып және таңба жаса.

Осылай ересек адам балаға құмжәшіктің барлық тұрғындарын қоныстандыруға тапсырма береді. Тапсырманы көп кейіпкерлер санын енгізу жолымен күрделендіруге болады, ересек адамның салған жоспары бойынша ойыншықтарды қоныстандыру.

13.Құмдағы өрнектер 2 нұсқа.

Мақсаты: көз- қозғалысын, жіктелу үрдісін, қиялын дамыту

Жабдықтар: Құмжәшік, миниатюрлы қалыптар.

Дымқыл құмда өрнектер, жолақтар анық көрінеді, оларды жіктеу ойындарында пайдалануға болады. Мысалы, толқынды жол бойымен адамдар жүреді, түзу жолмен машиналар жүреді, ал дуалда құстар отырады - бала қажетті қалыпты немесе суретті таңдап және көрсетілген жолаққа қояды. Соңында «Кім, қайда, не үшін және болды? » сюжетті дамытып және шағын -ертегі шығару.

Дымқыл құмда анық жүздерді салуға болады, балаларды адам сезімін: қуаныш, мұң, ашу, қорқыныш, таңдану графикалық белгілеуге үйрету.

14.Құмды шеңбер

Мақсаты: заңдылықты орнату, сенсорлық эталон туралы білімді бекіту.

Жабдықтар: Құмжәшік.

Ойын барысы: Бала құмда әр түрлі тәсілде шеңбер суретін салады және оны әр түрлі заттармен: тастар, тұқымдармен,түймелермен, тиындармен, моншақтармен безендіреді. Бала өз «құмды шеңберіне» ат қоюына болады. Сонымен бірге осындай амалды ол өз алақаны таңбасымен жасай алады, мұнда әр саусақ туралы аңыз шығаруына болады: «Бұрын ол кім болды, ол қазір кім,болашақта ол кім болады».

15.Ашуды жеңуші

Мақсаты: балаларда эмоционалды реңді тұрақтандыру ; ашуды басқара білуді қалыптастыру, деструктивті тәртіп үшін жаза қаупінен қорықпауы .

Жабдықтар: Құмжәшік.

Ойын барысы: Педагог. Бүгін біз көңіл-күй жайында сөйлесеміз. Сен де ол қандай болады? Сен ашуланғанда, ызаланғанда сенімен не болады? Сен ашуланғанда ересектер не айтады және не істейді? (Баланың жауабы.)

Сенің жағымсыз көңіл -күйің саған әр түрлі нәрселерді айтуға және істеуге мәжбүрлейді, олардан ересектер ашуланып және ренжейді. Ашу кеткен соң, саған жағымсыз немесе жабырқаңқы болады. Саған құпия ашайын - үлкен және кішкентай адам ашулануға құқығы бар.Ббасқаларды ренжетпеу үшін бізді «дұрыс ашулануға» үйрететін көп ойындар бар. Осындай бір ойынды саған құм сыйлайды.Қара, құмның көмегімен өз ашуыңды мүсіндеп және көруге болады, содан соң оны жеңу. (Баланың қауыртылығы жоғары болса, онда оған күшпен құмды қысуды ұсыну қажет,құмның үстін жұмырдықпен нығыздау және басқалар.)

Ересек үлгісінде бала дымқыл құмнан шар жасайды, онда ойық белгілейді немесе көз, мұрын, ауыз суретін салады : «Мұна шарда енді сенің ашуың тұрады». Мұндай үрдіс уақытша баланы басқаға көңілін аударады, сонымен бала мүсінделген шарға өзінің жағымсыз сезімдерін «жайсыз іс-әрекет, ой, сезімді» және кінәсін аударады. Ересек мектепке дейінгі бала «ашушаң шар» бар дайындау үрдісін баяндауға болады, оған соңында барлық ашу ойларды және іс-әркеттерді меншіктейді.

Содан кейін бала қандай да тәсілмен «Ашуды қуып, шаттықты шақырамыз» сиқырлы сұрауды айта отырып, құмды шарды бұзады. Бала агрессияның шығуына жол береді, ол оған рұқсат етілмегенде және ересек тарапынан бақылаудан пайда болады, сонымен бірге бұзудан ерекше рахат алады. Содан соң бала қолымен жайлап құмның үстін тегістейді және онда өз алақанының таңбасын қалдырады - тыныштану, өз сезімдерін бақылау және тепе-теңдік табу: «Мен өз ашуымды жеңдім.Мен сабырлымын». Тілегі болса бала өз алақыны таңбасын әшекейлеуіне болады.

16.Тышқан үшін ін

Мақсаты:Ойлау, моторикасын дамыту.

Жабдықтар: Құмжәшік, кішкентай қалыптар , күрекше.

Ойын барысы: Бала ересекпен қолымен немесе күрекшемен шағын шұңқырлар қазады. Содан соң педагог ойыншықпен құрылысты ойынға айналдырады. Мысалы, педагог ойыншық тышқанды қолына алып оның шиқылын ұқсатады. Содан соң оның "тышқаны" әр інге кіріп және оған тамаша үйшік жасағаны үшін оны мадақтайды. Үйшіктерді басқа да ойыншықтар үшін - қояндар, түлкілер, қонжықтар және басқалар жасауға болады.

17.Мен пісіремін, пісіремін

Мақсаты:ойлау, қозғалысты дамыту.

Жабдықтар: Құмжәшік, қалыптар жиынтығы.

Ойын барысы: Бала құмнан әр түрлі өнімдер (тоқаштар, самсалар, тортиктер) "пісіреді". Ол үшін бала әр түрлі қалыптарды пайдалана алады, оған құм сеуіп, қолмен немесе күрекшемен нығыздайды. Дымқыл құмды бір алақанннан басқа алақанға салып,самсаларды қолмен де "пісіруге" болады. Содан соң бала самсамен анасын, әкесін, қуыршақтарды "тамақтандырады".

18.Жанасумен тауып ал

Мақсаты: ойлау, қозғалысын дамыту.

Жабдықтар: құмжәшік, миниатюрлы қалыптар.

Ойын барысы: Бала теріс қарайды, ал сіз бұл кезде ойыншМықты құмға тығасыз. Баланың міндеті құмнан жанасу арқылы ойыншықты тауып, не екенін айту. Содан кейін рөлдермен ауысыңдар.



19.Дуалдар

Мақсаты : ойлауды, қозғалысты дамыту.

Жабдықтар: Құмжәшік, миниатюрлы қалыптар,тастар.

Ойын барысы: Бала қолымен айналдыра дуалдарды мүсіндейді. Осындай дуалда зұлым сұр қасқырдан қоянды жасыруға болады. "Құмдағы ғажайып таңбалар" Педагог және бала дымқыл құмда өз қолдарының және аяқтарының таңбаларын қалдырады, содан соң көңілді әлпет, балықтар, сегіз аяқтар,құстар және т.б. болуы үшін олардың суретін толықтырады немесе тастармен толықтырады.

20.Тастарды суға тастаймыз.

Мақсаты: балалардың екі қолдың қимылдарын байланыстыруды үйрету; қолдың кіші моторикасын жетілдіру; уыстап алу.

Күндердің бір күнінде Сұрақ бұлақтың маңында серуендеп жүріп өзінің көңілсіз досын На есекті кезіктіреді.

-Есек, сен неге көңілсізсін?

- Менің бүгін туған күнім, ал маған қонаққа ешкім келген жоқ, ешкім менімен ойнаған жоқ.

- Иа,уайымдама, мен саған келдім. Мен сені құттықтаймын! Қане ойнайық.

- Менде ойыншық болмаса біз қандай ойын ойнаймыз?

- Менің апам ойыншықтарды барлық жерден табуға болады деп айтады, міне, мысалға, тастар.

-Ал олармен қалай ойнауға болады?

-Оларды суға лақтыруға болады. Осылай. Мен сияқты істе.

Үлкен кісі мен бала су толтырылған үстел-ваннаның қасында тұрады .Үлкен кісі балаға тастарды суға тастауды ұсынады.Тастар тегіс ыдыста болады. Бала тастарды екі-үш саусақпен бір- бірден алып олады суға тастайды.Бала алдымен бір қолымен, содан екіншісімен тастайды. Барлық іс қимылдар үокен кісінің эмоциялық пікір айтумен жалғасады, сонымен қатар ол баланың эмоциялық сөз айтуын қолдайды.

21. Жүзеді және батады.Мақсаты:әр түрлі материалдардың қасиеттерімен балаларды таныстыру (тастар, жаңғақтар,бақалшықтар, кішкентай бүршік және т.б ); әр түрлі ойыншықтармен суда ойнатуды үйретуді қалыптастыру, «ауыр - батады» , «жеңіл- батпайды» ұғымдарын нығайту;сөз байлығын көбейту.

Сұрақ сұрады:

- Апа, қара: үйрек жүзіп жүр, ал балапан - жоқ.

- Біреуі жүзу біледі, ал басқасы білмейді.

- Ал мен? Мен білемін бе?

- Мына жерде көр, жағажайдың маныңда.

- Жоқ,мен қорқамын. Мүмкін, мен жүзу білмейтін шығармын.Апа, ал тастар жүзу біледі ме? Ал жаңғақтар? Менің білгім келеді.

- Қане көрейік. Суға тастарды, жаңғақтарды, бүршіктерді, нені қалайсын барлығын түсір және қарап отыр.

Үлкен кісі мен бала су толтырылған үстел-ваннаның қасында тұрады.Олардың алдарында тастар, жаңғақтар, бақалшықтар, кішкентай бүршіктер және т.б салынған тегіс ыдыс. Бала кезекпен суға әр түрлі нәрселерді лақтырады және үлкен кісінің көмегімен қандай заттар жүзеді қандау батады соны анықтайды. Содан балаға ваннадан қандай заттар бататының алуын ұсынады, және қандай заттар жүзетінін әр түрлі ыдыстарға алуын сұрайды (біреуіне - тастар, екіншісіне - жаңғақтар)

22.Жаңбыр.

Мақсаты: судың құрамасы бойынша балалардың білімдерін жетілдіру; байқағыштық, білуге құмарлығын жетілдіру; балалардың жағымды эмоцияларын шақыру.

Тыңдаңдар, бұзау Сұрақ апасыннан не сұрады:

- Апа, ана жайылымда, менің сүйкімді түймедағым.Ол басын еңкейтіп көздерін жұмды. Түймедақ қатты су ішкісі келеді, ал жаңбыр болса жоқ. Сен айттын ғой су сиқырлы деп, сонда ол неге түймедаққа бармайды?

- Қымбаттым, ал сен оған көмектес.

- Оны қалай істеу керек?

- Су сепкішті ал да суар.

-Алақай! Озім қалайша ойламаппын ?

Ересек адам мен бала су толған үстел- ваннаның қасында тұрады. Олардың қолдарында су толған су сепкіш. Ересек адам балаға су сепкіштен су ағызу арқылы жаңбыр жасауды ұсынады. Егер де бала су сепкішті көтеріп еңкейтуге қиналатын болса онда ересек адам оған көмектеседі.

23. Кішкентай кемелермен ойын.

Мақсаты: балалардың көлем туралы білімдерін, қолдың кіші моторикасын жетілдіру; балалардың назарына дем беру; балалардың екі қолдың қимылдарын байланыстыруды үйрету.

Сұрақ Есекті кезіктіріп айтты:

  • Есек , жүр бұлаққа барайық.

  • Неге?

  • Ойнаймыз

  • Қандай ойын?

  • Менде екі кеме бар. Мен саған қызғылт кемем беремін, ал мына - көгілдірін өзіме аламын.

  • Содан?

- Мен өзімнің кемемен саған емен жаңғағын жіберемін, ал сен өзіңнің кемемен маған бақалшық жібересін.

- Неге?

-сонда сенде көп емен жаңғағы болады, ал менде бақалшық. Жақсы емес пе?

- Білмеймін. Көрейік.

Ойынға екі баланы белсендіру қажет. Оларға көлем және мақсаты бойынша әр түрлі кеме беріледі, олармен ваннада ойнауға ұсынады: кемелерді жіберу, әр түрлі салмақтарды тасымалдауға, кісілерді (ойыншықтарды) және т.б.

24. Едендегі іздер.

Мақсаты: судың қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту; танып білу белсенділігі ( тәжірибе игеру жолымен).

Сұрақ сулы шалғында серуендеді. Үйге келді, бірақ та бірнеше қадам жасамай жатып, шошынғандай айқай салды:

  • Ой, Апа, менің аяқтарым еденде қалып қойды.

  • Не болды?

  • Аяқтарым еденде қалып қойды.

  • Қайда?

Апасы шошынқырап Сұраққа жүгіріп келді.

  • Сен қалай мені шошыттын.Ол сенің аяқтарын емес еденде қалған, ол сенің аяғынның іздері.

  • Неге?

  • Сенің аяғын сулы ма?

  • Ия

  • Сондықтан сулы із қалып қойды.Сенің тұяғындағы су еденді сулап тастады, сол орын су болып қалды.

  • Ал аяқтар құрғақ болғанда іздер қалады ма?

  • Жоқ

- Мен білемін ол қалай болатынын.

- Неге?

- Қарапайым су - сиқырлы.

Үлкен кісі балаға су толған үслел - ванна сыйымдылыққа сұқ саусақты түсіріп сулауды және оны тақтаға басуды ұсынады. Содан жұдырықты сулап басу керек, сондай іс әрекеттерді алақанмен истеуді сұрайды. Сонымен қоса іздің көлемі мен саусақтардың саны белгілі болады.

25.Көңілді көпіршіктер.

Мақсаты: судың қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту; қолдың кіші моторикасымен үйлеустіруді дамыту; сөздің түсінігін дамыту; балаларды сумен байланысты әр түрлі іс қимылдармен баулу.

Сұрақ әйнекке қарап отырды. Қатты жаңбыр жауап тұрды.Ең бірінші болын жол жүретін жер су болды, сосын шалшық пайда болды, ал сосын.... Суда көпіршіктер пайда бола бастады.

  • Апа, қара, сиқырлы су не істеп жатқанын! Көпіршіктерді үйге алып кетейікші.Мен олармен ойнағым келеді.

  • Сен сиқырлы көпіршіктерді үйде де істей аласын.

  • Қалайша? Мен жаңбыр емеспін ғой.

  • Су- сиқырлы. Бір стақан су мен кішкентай түтікше ал.

Сұрақ түтікшені алып оны стақанда түсірді сосын көпіршіктерді күтіумен болды. Ол көп тосты, бірақ көпіршіктер пайда болмады.

  • Апа, ол мұндай су емес.

  • Ал сен түтікше үрле.

Балалар коктейлге арналған түтікшені суға түсіріп оларға үрлейді. Суда көңілді көпіршіктер пайда болады.

26. Кім жоғары секіреді.

Мақсаты: қолдың кіші моторикасымен үйлеустіруді дамыту; сөздің түсінігін дамыту; балаларды сумен байланысты әр түрлі іс қимылдармен баулу.

Сұрақ айтты:

  • Үйректер олар қарапайым емес, олар өте көңілді. Олар дәл қазір сендерді көңілдіреді, қалайсындар ма?

  • - Әрине, қалаймыз! - жауап береді достары.

Мұғалім және балалар су толған үслел - ванна сыйымдылыққа жүзетін ойыншықтарды түсіреді. ( шарлар, доптар және т.б) Содан ересек адам судың түбіне бір ойыншықты түсіреді, бірақ та ол судың үстіне «секіреді».Ол балаларға оның іс - әрекеттерін өздігімен қайталауды сұрайды.

27.Толқын үстіндегі үйректер.

Мақсаты: демалуды жетілдіру, белгілі бағыттағы терең дем алу және ұзақ дем шығару.

Сұрақ, Үйрек және олардың достары ұзақ әрі тату ойыншықтармен ойнады. Сосын Үйрек айтты:

  • Ал менде сиқырлы қапшық бар.

  • Ал онда не бар?

  • Мен сияқты үйректер өте көп.

  • Өтірік, сен үлкесін, ал қапшыққа сондай үлкен үйректер сыймайды.

  • Ал ол-сиқырлы!

  • Әкелші, мен көрейін.

  • Жоқ, Сұрақ, сен тек ұстап шешуін керек. Сұрақ абайлап сиқырлы қапшыққа тұяқшасын салып тез арада айтты:

  • Ол - үйрек. Шын.

Үйректі алып шықты. Барлық достар дәл солай істеді. Олардың барлығында да үйректер болды.

  • Қане, олардың бәрін бірге суға жіберейік. Бір, екі,үш!

Үлкен кісі балаларға өздігімен ойыншық- үйректерді су толған үстел - ванна сыйымдылыққа бір және екі қолмен қатты және баяу толқынды іс қимылдармен түсіруді ұсынады.



Кұм және сумен ойындардың картотекасы

II сәбилер тобы.

Тәрбиеші: Жапакова А.А.







© 2010-2022