Не білдік, не уйрендік?

Раздел Воспитательная работа
Класс 13 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: Қатынас.

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Сауат ашу, тіл дамыту.

Тақырыбы: Не білдік, не үйрендік?

Мақсаты:

Білімділігі:Білім жинақтап, тереңдету; Балалардың қызығушылығын,белсенділіктерін арттыру, шапшаңдыққа,ұйымшылдыққа баулу, топпен жұмыс істей отырып өзгенің пікірін құрметтеу; интелектуалды ойын арқылы балалардың жыл бойы алған білімін тиянақтау.

Дамытушылығы: Балалардың ой танымын нығайту, тіл байлығын, есте сақтау қабілетін

дамыту.

Тәрбиелігі: Білімді, мейірімді болып өсуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Плакаттар, кеспе әріптер, сандар, әріптер кестелері, үлестірмелі карточкалар, слайд, суретті тақта, жұлдызшалар.

Әдісі: түсіндірі, көрсету, сұрақ - жауап, ойын.

Билингвизм: Тіл - язык, Отан - Родина,

аю - медведь - бэя, түлкі - лиса - фокс, мысық - кошка - кэт т.б

Іс -әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әректі

Балалардың іс - әректі

Мотивациялық қозғаушы








Іздену ұйым -

дастырушы

































Рефлексивті коррекциялаушы


Шаттық шеңбері:

- Сәлем сөздің - анасы

Сәлем сөздің - данасы.

Орнымыздан тұрайық,

Сәлемдесіп алайық!


Оқу іс - әрекеті балалардың еліміздің Қ.Р Мемлекеттік Гимнін орындаумен басталады.

Балалар Егеменді еліміздің қандай белгілері бар?



Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар мән.

Бұл бәйге, ойдың бәйгесі.

Кім жүйрік ойға, сол алда! - дегендей бүгінгі интеллектуалды ойынымызды сайыс түрінде өткіземіз. Демек осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар.

Ойынға 2 топ қатысады.

Ойын 6 бөлімнен тұрады.

Ойын ережесі: әр топ жетекшісі өзін, өз ұранымен таныстырады.

-Балалар, мына жерде сиқырлы теледидар тұр, бұл жәй теледидар емес, сиқырлы теледидар. Осы сиқырлы теле -дидардың экранын ашып, ішіндегі тапсырманы орындасаң

дар, біз бәріміз мектепке бара аламыз. Мына жерде теледидарды қалай ашу керектігін жазып қойыпты, оқып көрейік.

Оқу, білім туралы мақал - мәтел айт:

-Балалар, қараңдаршы,сиқырлы теледидар ашылды. Оның ішінде не бар екен көрейік. Мына әдемі қағазда не жасырулы тұрғанын қазір біз білеміз. Мұнда бірінші тапсырма жасырылып тұр. Оларды шешуге дайынбыз ба?

- Ия.

1 - Тапсырма: «Өнер алды - қызыл тіл».

Мақал - мәтел айту .

«Болашақ» тобына тіл туралы мақал - мәтел айту.


«Тұлпар» тобына «Отан» туралы мақал - мәтел айту.


Екі топқа жұлдызша беріледі.

Қазақша - орысша сөздік

Отан - Родина, Тіл - Язык

2 - тапсырма : Логикалық сұрақтар:

«Болашақ» тобына берілетін сұрақтар

1. Бір жылда неше мезгіл бар?

2. Бір жылда неше ай бар?

3. Бағдаршамның неше көзі бар?

4. Кемпірқосақта неше түс бар? 7 түс.

5. Күнде тамақ ішкенде пайдаланатын зат?

«Тұлпар» тобына берілетін сұрақтар

1. Балапан балаларын қайда басып шығарады?

2. Сендер қайда тұрасыңдар?

3. Әкеңнің әкесін қалай атайсың?

4.Әкеңнің шешесін қалай атайсың?

5. Қыста үлкендер киетін киім?

Жұлдызшалармен марапаттау.

3 - тапсырма:

Сауат ашу.

І. «Болашақ» тобына

  1. Алфавитті біліңдер, онда жүйе қалып бар.

Біздің қазақ тілінде неше әріп бар?

  1. Оның нешеуі дыбыс білдірмейді

  2. Жалпы әріптердің жиынтығын не деп атаймыз?

  3. Дыбыстар нешеге бөлінеді?

  4. Неше дауысты әріп бар? (15 дауысты әріп бар).

  5. Неше дауыссыз әріп бар?

«Тұлпар» тобына

  1. Әріп дегеніміз не?

  2. Дыбыс дегеніміз не?

  3. Дауысты, дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?

  4. Оларды қандай текшемен белгілейміз?


  1. Дыбыстардан не құралады?

  2. Буыннан не құралады?

  3. Сөзден не құралады?



4 - тапсырма: Суретпен сөзжұмбақ.

  1. Тау, алма, лақ сөздерінің бас әрпінен сөз құрау.

  2. Доп, ожау, парта сөздерінің бас әрпінен сөз құрау.

  3. Шар, аю, нан, алма сөздерінің бас әрпінен сөз құрау.

  4. Тарақ, ай, мақта, ат, қасық сөздерінің бас әрпінен сөз құрау.

5 - тапсырма:

Парта, қасық сөздеріне дыбыстық, талдау жасау.

Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратып қызыл, көк текшелермен белгілеу.

Балаларды жұлдызшалармен марапаттау.



Сергіту сәті.

Кәне балалар саусақ жаттығуын жасайық!

Басталады саусағым бас бармақтан бірінші,

Балан үйрек болады санағанда екінші.

Ортан терек биігі тұрып қапты үшінші

Шылдыр шүмек келеді кезегім деп төртінші

Кішкене бөбек таласпай, болған екен бесінші.

6 - тапсырма:«Тілашар»

Жұмбақ жасырылады жауабын білген бала шешуін қазақ, орыс, ағылшын тілінде айтуы керек.

1. Қыс бойына жатады, тәтті ұйқыға батады

2. Өзі айлакер, өзі қу, жүрген жері айқай да шу.

3. Ұйқысынан тұрғанда аяқтарын созады.

Тықыр шықса тышқаннан делбесі қозады

4 . Сылдырдан қорқады, шошынып жортады

5. Күші десең күші бар, тісі десең тісі бар.

6.Қос мүйізді, төрт сирақты, ағызады сүт - бұлақты

Балаларды жұлдызшалармен марапаттау.

-Балалардың жауаптарына қарай мақтап, мадақтау.

-Балалар өз тобыныңқанша жұлдызша алғанын санайды.

-Бүгін біз немен айналыстық?

-Екі топта неше жұлдызшадан?

- Жұлдызшаларды санап, жеңімпаз топ анықталады.

- Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылсын.

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басы ғой.

Ал, қанекей, бәріміз,

Сәлем дейік, үлкенге!

Сәлеметсіздер ме, апайларІ

Қайырлы таң! Қайырлы күн!

Қ.РМемлекеттік Гимн,

Қ.РМемлекеттік Елтаңба-сы, Қ.Р Мемлекеттік Туы бар. Еліміздің Рәміздеріне сипаттама береді.

-Елтаңбаның пішіні дөңгелек екі шетінде қос тұлпар, ортасында шаңырақ, астында Қазақстан деген жазу бар. Тудың түсі көк, пішіні төртбұрыш, ортасында

күн сәулесі, астында қыран құс, шеті ою - өрнекпен өрнектелген.










І - топ жетекшісі:

- Біздің топтың аты - Болашақ!

Ұранымыз: Болашақтың ұл - қызымыз,

Көркейтеміз елді біз!

ІІ - топ жетекшісі: - Біздің топ - Тұлпар! Ұранымыз: Білім алып бүгін алтын ұяда, Ертең әлі шарықтаймыз қияда!

Оқу - өмір шырағы, кітап - білім бұлағы.

Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.


«Өз тілің - бірлік үшін,

Өзге тіл - тірлік үшін». «Туған ел - тұғырың ,

Туған тіл - қыдырың» Туған тіл - қыдырың»

«Ең тәтті де - тіл,

Ең ащы да - тіл». «Тіл қылыштан да өткір».

«Отан қадіріне жетпеген, өз қадіріне жетпейді».

«Отаны бірдің жүрегі бір, жүрегі бірдің тілегі бір».

«Бұлбұл гүлзарын сүйеді, адал адам Отанын сүйеді».

«Отан - қуат, отбасы -

шуақ ».

балалар қайталайды.

1 жылда 4 мезгіл бар.

1 жылда 12 ай бар.

3 көзі бар.

7 түсі бар .

Ыдыс.

Ұяда

Үйде

Ата

Әже

Ішік.


(42 әріп бар)

2 әріп дыбыс білдірмейді).

Алфавит

2 -ге Дауысты және дауыссыз

15 дауысты әріп бар.

25 дауыссыз әріп бар.

Әріпті көреміз, оқимыз, жазамыз.

Дыбысты естиміз, айтамыз.

дауысты дыбыс әндетіліп, созылып, еркін айтылады. Дауыссыз дыбыстарға тіл, тіс, ерін кедергі жасайды.

дауысты дыбыстарды -қызыл, дауыссыз дыбыс - тарды көк текшемен белгілейміз.

Буын.

Сөз.

Сөйлем

Не білдік, не уйрендік?

Тал

Доп

Шана

Тамақ

Не білдік, не уйрендік?

«Болашақ» тобы парта сөзіне, «Тұлпар» тобы қасық сөзіне дыбыстық талдау жасап, текшелермен белгілейді.

-балалар саусақ қимыл жаттығуларын жасайды.


аю - медведь - бэя.

түлкі - лиса - фокс.

Мысық - кошка - кэт.

қоян - заяц - хэя қасқыр - волк - вульф .

сиыр - корова - кау

Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс : балалар интеллектуалдықсайыс - ойынға белсенділік таныта білді.

Түсінігі : Өз талаптары мен білімі арқылы жақсы нәтижеге қол жеткізе алды.

Қолынан келуі: балалар Қатынас салалары бойынша түрлі тапсырмаларды

орындай білді.

Не білдік, не уйрендік?

Не білдік, не уйрендік?

Не білдік, не уйрендік?


Не білдік, не уйрендік?

Не білдік, не уйрендік?Не білдік, не уйрендік?


© 2010-2022