Тәрбие сабағы: Ер есімі -ел есінде. Қазақ хандығына 550 жыл! 5 Ә сынып

Раздел Воспитательная работа
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: « Ер есімі-ел есінде» Ерлік сабағы 01.09.2015 Қазақ хандығының 55 жылдығына арналған ашық сабақ. 5 «Ә» сынып.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың бүгінгі білім күні мен құттықтай отырып Тәуелсіз еліміздің ер- батырлары тұралы білу ,үйрену. Өз ойын жеткізе білуге, мәнерлеп оқуға жетелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың тарихымызды білуге,ерлік көрсеткен батырларымыз тұралы үйрету; : Оқушының ізденісін арттыру, түйінді ой айта білуге дағдыландыру

Тәрбиелілік: Оқушыларды ерін , жерін қорғаған азаматтарымызды мәңгілік есте сақтауға, оларды құрметтеуге тәрбиелеу, өз отанын, өз тұған жерін қорғауға тәрбиелеу; Отанды сүюге, елжандылыққа, табандылыққа, адалдыққа, шыншыл болуға, батырларын тани білуге, Отанды қорғай білуге, белсенділікке, әскери іске сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: ҚР Президент жолдаулары, желбіреген көк жалауы, елтаңба, ҚР картасы, қазақ ер батырлар суреттері.

Мақал-мәтелдер,

Ән ұран айтылады «Керей мен Жәнібек 1465 жылы Қазақ хандығын құрды. Қазақтың мемлекеттілігінің тари-

хы сол кезден бастау алады. Бәлкім ол бүгінгі шекарасындағы, бүкіл әлемге осынша танымал әрі

беделді, осы ұғымның қазіргі мағынасындағыдай мемлекет болмаған да шығар. Ең маңыздысы,

сол кезде оған негіз қаланды, біз - бабаларымыздың ұлы істерін жалғастырушылармыз. Қазақ

хандығы Орталық Азия аумағындағы алғашқы ұлттық сипаттағы мемлекет. Қазақстан - қазақтың

ата-бабаларынан қалған қасиетті жер, халқымыздың тарихи ата-мекені. Қазақ хандығының 550

жылдығын атап өту -азаттық сыйлаған бабаларға деген құрметтің жарқын көрінісі. Бүгінде Тәуелсіз

Қазақстан әлемнің дамыған мемлекеттерімен көп ғасырлық достық және тату көршілестік қарым-

қатынас орнатып отыр. Осы қарым-қатынасты әрдайым сақтағанымыз жөн.

Н.Ә.НАЗАРБАЕВ. Қазақстан Республикасының Президенті.

Тарихтың жаңа парағы ашылып, егемен елiміз Қазақ хандығының 550 жылдық мерейлі мерейтойына қызу дайындықты бастап кеттi. Өткенсiз болашақ жоқ десек, биыл бай тарихымызды түгендеп, бабалар жүрiп өткен жолдан тағылым теретiн, олардың жеңiсi мен жеңiлiсiнен, қателiктерi мен дана шешiмдерiнен сабақ алатын, сөйтiп мұның барлығын Қазақстанды «Мәңгiлiк Елге» айналдыру жолында кәдеге жарататын жыл болмақ.

Тәуелсiздiгiмiздiң тұғырлылығы, егемендігіміздің ерекшелігі қайта жаңғырар тұста, Қазақ хандығының тарихы мен тамыры терең әрi болашағы жарқын мемлекет екенiн биылғы Жолдауын- да Елбасымыз жалпақ әлемге кезектi рет жария еттi. Бодандық бұғауынан босап, азаттық алған қазақтың өзін- өзі тануға, өткеннен сабақ алуға ұмтылып, тарихты қазбалауы

заңдылық. Ел Тәуелсіздігі жарияланысымен-ақ ел еркін, сана- лы өмірге аяқ басты. Одан соң 1998 жылды Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Халық бірлігі мен Ұлттық тарих жылы» деп жариялады. Мұндай игі қадамдар қазақ оқымыстыларының ұлттық мәдени мұраларды түгендеуі, тарихтың ашылмаған ақтаңдақ беттеріне ден қоюы, тың тақырыптарда зерттеу жүргізуі секілді қыруар шаруалармен жалғасын тапты. Әр жылдары ұлттық құндылықтарымыз бен ұмытылып бара жатқан тарихи жәдігерлеріміздің тамырына қан жүргіртуді тікелей қадағалауына алған Елбасының арқасында өткеніміз сараланды. Керей мен Жәнібек хандар тіккен Қазақ хандығының мерейін еңселі ету - әрбір Қазақстан азаматының абыройлы парызы. Қазақ хандығының тұғыры берік, жұлдызы жарық ел болуын аңсап ,осы қасиетті мақсатқа жету жолында найзаның ұшын ғана емес, сананың күшін де жұмсаған Керей мен Жәнібектің жүріп өткен қаһармандық жолына тарих куә. Қазақстан - біздің аумағымызда дәуірлеп өткен сақ, үйсін, ғұн және басқа да этникалық

қоғамдастықтар мен мемлекеттік құрылымдардың мұрагері. 2015 жылдың күзінде Керей мен Жәнібектің қазақ халқының дер- бес мемлекеттік бірлестігін - Қазақ хандығын құрғандығына 550

жыл толады. Тарихшылардың басым бөлігі Қазақ хандығының құрылу уақыты ретінде 1465 жылдың тамызы мен 1466 жылдың тамызы аралығын қарастырады. Жалпы, Қазақ хандығының дүниеге келуі туралы нақтылы дата жалғыз бір тарихи дереккөзде айтылған. Яғни, Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» атты атақты еңбегінде «Керей мен Жәнібек билігі Хижраның 870 жылы басталды» делінген. Бұл құнды дерекке сенбеуге негіз жоқ. Хижраның 870 жылы заманауи күнтізбе бойынша 1465 жылдың 24 тамызында басталып, 1466 жылдың 11 тамызында аяқталады.

Жалпы, қай тарихи кітаптарды ақтарып, мәлімет іздесеңіз де Қазақ хандығының тарихы байырғы замандардан бастау алғандығын аңғаруға болады. Әрине, Қазақ хандығының құрылуы кең байтақ жерімізде сан ғасырлар бойы әртүрлі атпен аталып, әрі мемлекет құрып келген этникалық құрамдардың «қазақ» деген ортақ атаумен тарих сахнасына шығуы еді. Сол үшін бұл кезең біздің тарихымыз үшін өте маңызды. Тарихи тұрғыдан бұл қазақ мемлекеттілігінің жаңаша сапалық деңгейге көтерілуі болды.

Қазақ хандығы құрылғалы бері еліміз талай қиын-қыстау кезеңдер мен тарихи соқпақтарды басынан өткерді. Ұшқан құстың қанаты талып, шапқан тұлпардың тұяғы тозатын кең- байтақ өлкені мекендеген қазақ халқы мың өліп, мың тірілді. Ба- тыры қол бастап, шешені сөзбастап,тұтқиылдан төнген қауіп- қатер мен жаудан елін аман сақтады, ерліктің ерен көрінісін көрсете білді. Ұлтарақтай жерді ұрпағына аманат ету үшін қасық қаны қалғанша соғысты. Ең бастысы, ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қара қылды қақ жарып, ынтымақ пен бірлікке бекем болды. Соның арқасында қазақтың қайсар халық екендігі төрткүл дүниеге мәлім болды. Бодандықтың тас бодауын бұзып өтіп, ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсап кеткен асқақ ар- мандары, елі мен жерін қорғап, аттың жалында, атанның қомында өткен күреске толы тағдырлары жатқан Тәуелсіздікке қол жетті.

Ежелден еркін өмір сүріп, өзгеге бодан болмау жолында талай тар жол, тайғақ кешулерді бастан өткізген біздің халқымыз үшін Тәуелсіздіктің құны бәрінен де қымбат, шоқтығы бәрінен де биік тұр. Егемендіктің арқасында ерке Есілдің бойына ел қондырып, еңселі Ордамызды орнаттық. Арқа төсіне әсем Астана салып, әлемге Қазақстан деген абыройлы мемлекет ретінде танылдық.

Көптеген қиын-қыстау замандардан өтсе де елдігін жоғалтпаған қазақ халқы Керей мен Жәнібек аманатына адалдық танытып, Абылай армандаған мамыражай бейбіт өмір сүруде. «Айшылық

жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалынын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді» - деп Елбасымыз айтқандай, егемен Қазақстанды бүгінде барша әлем танып отыр. Сондықтан әлемді мойындатқан егемен еліміз үшін Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау - атүсті қабылданған

шешім емес, биліктің ұзақ жылдар бойы жүргізілген жоспар-лы да тиянақты жұмысының нәтижесі. Бұған Елбасының 2010 жылдың маусымында Астанадағы Керей мен Жәнібек хандардың ескерткіші ашыларда сөйлеген сөзі дәлел. Нұрсұлтан Назарбаев: «Біз Елордамыздың төрінде ұлысымызды заманында ұйыстырған Керей мен Жәнібек хандардың еңселі ескерткішін ашып отыр-мыз. Бұл тұғырлы тарихымызға, біздің елдік дәстүрімізге, мызғымас мемлекетімізге арналған мәңгілік белгі. Баршаңыз білесіздер, Керей мен Жәнібек хандар қасиетті Қозыбасы жерінде Қазақ деп аталатын хандықтың алғашқы қадасын қағады. Ал- тын Орданың заңды мұрагері ретінде Шу мен Сырдың арасын- да бой көтерген қазақ ордасы уақыт өте келе ұлан-ғайыр далаға иелік етті. Түптеп келгенде, Керей мен Жәнібек тұсында та-рих сахнасына шыққан «қазақ» деген сөз «егемен, еншісін алған еркін ел» деген мағынаны береді. Бабаларымыздың ұлыстың аты- на таңған азаттық аңсарын ақиқатқа айналдыру біздің ұрпақтың маңдайына жазылыпты», - деген болатын. Яғни, бұл мерей-той - тарихи сананы жаңғырту, елдік дәстүрдің терең екендігін бұқараға сезіндірудің бір парасы. Сондай-ақ, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту - Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ұлы іс. Мұқым көшпелілер әлемі өркениетінің мысы мен бәсі екшеленетін тұс. Біздің мемлекеттігіміздің бары мен жоғы, тіпті, мемлекетіміз болды ма, жоқ па деген сауалдарға нүкте қойылып, ерліктің арқауы асқақтай түсетін шақ та осы. Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау жастардың патриоттық рухын оятып, тари- хи танымын тереңдетуге қызмет етеді. Осы жылы адалдықты ту еткен халқымыз өз тарихына үңіледі, ізденеді, ойланады. Бұл ай- тулы күннің маңызына келсек, 550 жыл, әрине, бір кідіріп, алды-артымызға зер салатындай уақыт. Керей мен Жәнібектің қызғыштай қорып, тұмарындай тәу етіп, армандап өткен Қазақ елінің Тәуелсіздігі біздер, бүгінгі буын қазақстандықтардың жеткені шексіз бақыт. Себебі,

бүгінгі заманның жаңаша түрленген қауіп-қатері кешегіден кем соқпайды. Ендеше, Қазақ хандығының қол жеткізген жетістіктерін мақтан тұтып, ішкі ынтымағымызды, сүттей ұйыған

татулығымызды сақтауға қызмет ету баршамыздың парызы- мыз. Бастысы, Қазақ хандығының 550 жылдығы - Мәңгілік Елдің мерейлі мерекесі, ұлт болып қалыптасқан кезеңімізді ұмытпай,

болашаққа нық қадаммен жол бастаудың айқын белгісі. Бұл қазақ жұртшылығының қайсарлығының жемісі, ынтымақ пен бірлігінің арқасында қол жеткізген тарихи жеңісі.

Маңғыстау топырағынан майданға аттанғандар арасында есімдері беймәлім қалған ерлер болғанына күмән жоқ. Соғыстың аласапыран дүрмегі наградаға ұсынған талай қағазды қалтарыста қалдырған да аян. Маңғыстаудай маңғаз түбектен аттанған боздақтар соғысқа награда үшін келмегендерін, ел шебін қатыгез жау тырнағаннан тезірек босатып, ел-жұртына аман-есен оралуды ғана ойлағандарын айту керек. Ұлы Отан соғысының тарихынан лайықты орын алған Маңғыстаулық батырларымызды атасақ, олар Мәди Бегенов, Жұмағали Қалдықараев, Исатай Сүйеубаев, Біләл Қалиев.

1 - оқушы: Мәди Бегенов 1916 жылы Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданындағы Ақжігіт деген жерде дүниеге келген. Мәди орталау мектепті ғана бітірген. Әкеден 12 жасында айырылып еңбекке араласа бастайды. 1938 жылы күзде әскерге алынып, 1939 жылы Балтық жағалауында әскери борышын өтеп жүріп, Ұлы Отан соғысына қатысады.

: Исатай Сүйеубаев 1913 жылы Маңғыстау ауданы Тиген жерінде дүниеге келген. Ұлы Отан соғысында ерлік жасаған даңқты жауынгер. 1942 жылдың тамыз айында Армия қатарына шақырылған. Ақпан айында Сталинград майданындағы 21-армияның 292-атқыштар дивизиясының 1036-полкының автоматшылар ротасында болды. 1942 жылдың 22 қарашада басталған Сталинград түбіндегі қарсы шабуылда танк десантшылары құрамында жау шебін бұзу ұрысына қатысады. Осы ұрыста жаудың 182 солдатын 7 бекінісін жояды.

Жараланғанына қарамастан ұрыс даласын тастамайды. Исатай осы ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған екен. Бірақ белгісіз себептермен Батыр атағы берілмей, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылы 14 ақпандағы жарлығымен Ленин ордені берілді. Халық ақыны Сәттіғұл Жанғабылов інісіне отты өлең жолдарын арнаған. Исатай 1947 жылы 16 қыркүйекте Астарханға бара жатып қайғылы қазаға ұшырайды. 1993 жылы жазда жерлестері ағайын-туғандары батырдың сүйегін ата қауымы Тигенге, анасының қасына әкеліп құрметпен жерлеген.

1994 жылы Маңғыстаудың ер ұлы Исатайдың зираты басына күмбезді кесене тұрғызылады.

4 - оқушы: Маңғыстаудың бір перзенті - Біләл Қалиев. Кеңес Одағының Батыры атағын иеленген. Ол 1941 жылы 7 тамызда құрамында 16 ұшағы бар эскадрилья полкіндегі Преображенскийдің бастауымен Берлинді бұрғылай ұшып, 1760 шақырым шалғай жол кешіп, әскери тапсырманы бұлжытпай орындап, өз базасына аман-есен оралған. Сөйтіп, Біләл Қалиевке әуе шабуылында көрсеткен теңдесі жоқ ерлігі үшін 1941 жылы Батыр атағы берілді. Бұл ерлігі туралы мағлұмат елге кезінде жетпеген. 1942 жылы14 шілдеде Липецкі аспанында күші басым жаумен шайқаста ерлікпен қаза болған туралы қарақағаз келген.

Өлгендерді ұмытпаңдар

Сөзі: Сырбай Мәуленов

Әні: Шәмшәдин Сабытаев

От ішінде шыныққандар,

Қасиеттен атқан таңдар.

Ұмытпаңдар, ұмытпаңдар

Құрбан болып жатқан жанды

Қ - сы

Солар құрбан болған үшін

Атады енді күліп таңдар

Солар сенің ар - намысың

Ей, тірілер ұмытпаңдар

Қанды майдан түлектері

Жауды жеңген алыптары

Өлмес үшін жүректері,

Жалын болып танып жатыр

Қ - сы

Солар құрбан болған үшін

Атады енді күліп таңдар

Солар сенің ар - намысың

Ей, тірілер ұмытпаңдар

Ерлігімен жеңісті жақындатқан...

(Маңғыстау соғыс жылдарында)

Қасиетті Маңғыстау топырағы қай заманда да ат тұяғының дүбірінен, атой салған аласапыран кезеңдерінен кенде қалып көрген жоқ. Кезінде жеті жұт келіп жайқалған бұл өңірдің ұландары аттың жалы, атанның қомында белі қатайып, ел мен жер намысын қорғап есейген.





№ 11 орта мектеп

Тақырыбы: « Ерлік сабағы»

Тәрбие сағаты

Сыныбы: 5 «В»

Сынып жетекші: Ибанаева Қымбат





Жаңаөзен 2015

Қыркүйек



© 2010-2022