«Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты мерекелік кештің сценариі

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қарттар айлығына арналған «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты мерекелік кештің сценариі.

Жүргізуші:

Хош келіпсіз ақ жаулықты аналар,

Ақыл кенін арқалаған аталар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған,

Біз алаңсыз балғын шақты балалар

Армысыз ауылымның асылдары

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы

Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би

Сіздер үшін мереке шашулары

Қымбатты ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар! Ақ жаулықты аналар! Барлықтарыңызды қазан айының алғашқы мерекелері қарттар күнімен құттықтаймыз. Бүгінгі сіздерге арналған «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты кешімізге қош келдіңіздер.

Кешімізді бастамас бұрын сөз кезегін колледжіміздің директоры Сайран Кенжетайұлы Ташкинге береміз.

Не беда, что года, убегая,

Оставляют виски в серебре.

С праздником, наши родные,

В этот октябрьский день.

Если жизнь полнокровна и ясна,

И душа, не сгорая, горит,

Значит, жизнь идет не напрасно,

Значит, все, что болит, - отболит.

Вам не раз улыбнется надежда,

Вас не раз обласкает заря,

С праздником, прекрасным, и свежим,

Как счастливая стать октября!

Олай болса тамаша ән шашуымызды қабыл алыңыздар. Хамтиова Айнұрдың орындауындағы «Перзент сыры» әні.

Сән еңкейген нұр жүзінен әл тайып,

Қуат кетіп бара жатыр қартайып.

Отбасында, бала - шаға қасында

Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.

Көңіл жетім болмаған соң сыңары

Жас баладай жаутаңдаған жанары

Қайта - қайта қарағың кеп тұрады

Қағыс естіп қалбақтайды баладай

Мәпелеңдер қарт біткенді аялап

Ниеті ақ, көңілі кең даладай

Кімге болсын қарттың жетер аяңдап.

Келесі ән шумағы «Ұмытпаймын мәңгіге» орындайтын Омельченко Кристина

Бабушке - солнышко, дедушке - стих,

Много здоровья вам на двоих,

Счастья желаю еще на два века,

С днем пожилого вас человека!

Келесі орындалатын ән: «Ақ Әжем» орындайтын Жумабаева Сания, қабыл алыңыздар!

Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!

Әр күлгенің бізге бақыт саналар.

Еңбегіңді еш етпейтін өмірде

Елің жұртың ұл мен қызың бағалар

Ана мейір күн көзімен пара - пар.

Тұла бойға қуат болып таралар

Өміріме шуақ шашып әрқашан

Көп жасаңдар аталар мен аналар!

«Ботамды көрдім түсімде» әні орындайтын Жумабаева Сания

Люди пожилые, сердцем молодые,

Сколько повидали вы путей, дорог.

Горячо любили, и детей растили,

И надеждой жили: меньше бы тревог!

Люди пожилые, вы во всем такие:

Отдаете душу, опыт и любовь

Дорогому дому, миру молодому

И всему, что сердце вспоминает вновь.

Аналарымызға арнап Жұмабаева Санияның орындауында « Мама» әнін қабыл алыңыздар.

Абырой амандығың арта берсін

Бақ дәулет қызығымен қатар берсін.

Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп,

Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін.

Тыныштық елімізге бере берсін.

Молшылық жерімізге ене берсін.

Соғыстан ел жұртымыз аман болып

Қызығын бейбіт өмір көре берсін

Қарттарым сіздерге Алла саулық берсін

Денсаулық ауыз-бірлік бола берсін

Тап-таза абыройлы болғаныңды

Қазіргі ел билеген жастар көрсін

- деп тілек тілеп бүгінгі кешімізді аяқтаймыз. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет. Енді сіздерден осы студенттерімізге бата берулеріңізді сұраймыз.

© 2010-2022