Сурет салу Атамның тақиясы

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№19 технологиялық карта

Тәрбиеші:Тулебаева Алия Жалеловна

Күні:10.02.16

Білім беру саласы: Шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сурет салу.

Тақырыбы: Атамның тақиясы.
Мақсаты: Қазақтың ұлттық баскиімі-тақияны ою-өрнектерімен әшекейлей білуге үйрену.Ұлттық сәндәк қолданбалы өнерге деген қызығушылықтарын дамыту,ою-өрнектегі түс үйлесімділігі мен ырғақты сезінуге,әсемділікті көріп,қабылдай білуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекті құралдар: қазақтың ұлттық киімдері,бұйымдары,ою-өрнегінің суреттері және тақияның суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптері,қылқалам,су,сүлгі,тақия үлгісі,гуашь,қылқалам қоятын тұғыр.

Сөздік жұмыс: сәукеле,тақия,кимешек.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педогогтің іс-әрекеті



Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық
қозғаушылық

Педогог алдын ала жасалған көрмеге саяхатқа баруды ұсынады. Балаларды қазақ халқының ұлттық киімдерімен, ыдыстардың түрлерімен таныстырады.

Балалар ұлттық бұйымдар мен киімдерді атайды.

Ұйымдастырушылық
ізденістік

Педогог қазақтың ұлттық баскиімдерінің түрлері
бұрыннан сақталып келе жатқаны туралы айтып өтеді.
-Сәукелені кімдер киген?
Кимешекті кімдер киген?
Тақияны кімдер киген?
<<Қандай баскиім жоқ?>>
дидактикалық ойыны.
Педогог балаларға осы суреттегі баскиімдердің ішінен тақияның суретін салуды,оның шетін өрнектермен әшекейлеуді;жақсы шыққан суреттерді көрмеге қоюды ұсынады.Тақияны қандай қандай ою-өрнектермен әшекейлеуге болатынын атап өтеді.
-Қылқаламды тік бағытта ұстап,геометриялық фигуралар арқылы тақияны сызып аламыз,сүйкей жағу әдісімен оңнан солға қарай бояймыз.
Педогог өткен оқу іс-әрекеттерін (гүл мен ағып жатқан суды салғандарын) балалардың естеріне түсіреді.<<Қызғалдақ>>,<<толқын>>
оюларын салуды ұсынады.
<<Тақия тастамақ>> ойынын ойнатады.
Ойым бар бір ойын бастамақ,
Аты оның <<Тақия тастамақ>>,
Айналып жүгіріп,жүгіріп,
Байқатпай ақырын тастамаймын.

Қазақтың ұлттық баскиімдері,ою-өрнектері аттарын атайды.


Ойынға белсене қатысады.
Қылқаламмен пішіні дөңгелек тақияның шетіне нүктелерінің көмегімен ою салып,нүктелер арқылы салынған өрнектерді бояумен әдемілеп бойяды.

Рефлексиялық түзетушілік

-Балалар,сендер бүгінгі оқу іс*әрекетіне өте белсенді қатыстыңдар.Жұмыстарың әдемі,ұқыпты болып шықты.Балаларды мақтап,мадақтап,жұмыстарын көрмеге іледі.

Балалар көрмеге ілінетін суреттерді өздері таңдайды.


Күтілетін нәтиже:
Біледі: қазақтың ұлттық баскиімі-тақияны ою-өрнектермен әшекейлеуді.
Игереді: ою-өрнектегі түс үйлесімділігі мен ырғақты сезінуді.
Меңгереді: көріп,қабылдау арқылы есте сақтауды.

© 2010-2022