Сыныптан тыс шара Киіз үй даярлық сыныбы

Раздел Воспитательная работа
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:23.11.15.

Тақырыбы: Киіз үй

Пән:Бейнелеу өнері.

Мақсаты: 1.Киіз үй туралы түсінік беру.

2.Балаларға киіз үйдің суретін салып,оны ою-өрнектермен әшекейлеп безендіруді үйрету,түс және ырғақты сезінулерін дамыту.

3.Ой-қиялын,шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Киіз үйдің суреттері.

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері:Түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

1.Амандасу.

2.Сынып түгендеу.

3.Оқу-құралдарын даярлау.

ІІ.Өткен сабақты еске түсіру:

-Балалар қимыл-қозғалыс неге керек?

- Жаттығуларды қай мезгілде жасайды?

- Қандай жаттығуларды білесіңдер?

ІІІ.Мақсат қою: Киіз үйді бейнелеу жолдарын үйрету.

ІV.Жаңа сабақ:

- Балалар мына жұмбаққа жауап беріңдерші:

Қазша қанатын жаяды,

Үйрекше мойнын созады,

Құсша қонады.(киіз үй)

Қазақтардың неғұрлым көп тараған үйі-бұл киіз үй,бұл үй көшпелі қазақ халқының көшпенді өмір салтындағы талаптарына жауап беріп отырған.

Киіз үй -жаз және қыс уақыттарындағы ең қолайлы үй болған ,мысалы қыста жылы жазда-салқын болып тұрған.Киіз үй өзінің сыртқы көрнісі мен көлеміне қарай әртүрлі (үлкен,кішкене,аппақсалтанатты,қоңыр үй және т.б).

Киіз үй бір неше бөліктен құраладі олар: шаңырақ, керкге,уық,осылардың үстінен жабылатын киіздер,үзік,бақан,түндік,белдеу.Киіз үйлерді шебер адамдар ұлттық ою-өрнекпен безендірген.

Шаңырақ.

Көтерілсе шаңырақ,

Ақ бақанды астына ап,

Жатқан уық жамырап,

Бірігеді бас құрап.

Кереге.

Ыңғайлы жоқ өзіңдей,

Тез жиналар ,қаласаң.

Тор жол дәптер көзіндей-

Керілгенде қарасаң.

- Балалар біз бүгін киіз үйдің суретін бейнелеп үйренеміз.Әліппе-дәптеріңе қараңдар. Киіз үйді жайлауда жаз мезгілінде орналастырады.

Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық,

Қолды белге қояйық.

Бір отырып,бір тұрып

Біз шынығып алайық.

Бір,екі,үш,

Орнымызды табайық.

- Бізде табиғаттың суретінен бастайық.Суретіміздің ортасына киіз үйді орналастырайық. Киіз үйді шаңырақтан бастап саламыз, керегесін салайық,ортасына есікті саламыз.Үйдің сыртын безендірейік оюлармен.

Дәптермен жұмыс: Оқушылардың берілген тапсырма бойынша ,жұмысты дұрыс орындалуын қадағалап бақлайды.

V. Түсінгендерін тексеру:

- Балалар біз бүгін ненің суретін салдық?

- Киіз үй неден құралады?

-Үйдің сыртын немен безендіреді?

VI. Қортындылау:

Жұмбақты шеш:

Көтеріп орман ,тоғай,тастың бәрін

Жапанда шөгіп жатыр үлкен нарың.

(киіз үй)

VII. Бағалау :

Салған жұмыстарын бағалау,мадақтау.





© 2010-2022