БАЛАБАҚША САБАҚ ЖОСПАРЫ: КЕЛ, ОЙНАЙЫҚ!

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: "Кел, ойнайық!"

Мақсаты: Балаларға ұлттық ойындарды ойната отырып, қазақ тілі сабағына көңіл аудару.
Міндеттері: Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, тез ойлауға баулу. Ұжымдыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ребустар, ою - өрнектер, ұлттық ойындар.
Сабақ түрі: Ойын - сабақ.

Сабақ барысы:
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып
Тәрбие, тәлім табар ма?
Бұл бәйге - ойдың бәйгесі.
Кім жүйрік ойға - сол алда - дегендей сабағымыз «жарыс» ойын түрінде өтілуі және ең озық ойлы топты анықтаймыз.

Бүгінгі ойынға екі топ қатысады. «Көбелектер» және «Қызыл Телпек» топтары.
«Жарыста» ұлттық ойындар, ребустар, логикалық есеп тапсырмалар орындалады.

- Олай болса, жарысымызды бастайық.

1 - тапсырма «Аяқталмаған мақал - мәтелдер»

 Отансыз адам, ормансыз.........(бұлбұл)
 Ата - ағаш, бала -........ (жапырақ)
 Туған жердей жер болмас.
Туған елдей........ (ел болмас)

2 - тапсырма «Хан талапай ойыны»

Жіліктен шыққан сүйек,
Ойнаймыз біз шертіп.
Бәрімізге таңсық
Аты оның - асық.

(Асықтар шашылып нөмірлер бойынша сұраққа жауап беріледі)
1 - сұрақ. Қазір жылдың қай мезгілі?
Қазір қыс мезгілі
2 - сұрақ. Балабақшада кімдер бар?
Балабақшада балалар бар
3 - сұрақ. Бүгін аптаның қай күні?
Бүгін сәрсенбі
4 - сұрақ. Біздің Отанымыз қандай?
Біздің Отанымыз - Қазақстан.

3 - тапсырма Ребус шешкізу.
(балалар ребусты шешіп, шыққан сөзге байланысты өлең оқиды).
Бірінші ребус: Алма, тышқан, алмұрт - суреттері.
(сөздердің бірінші әрпінен сөз шығарады: АТА..........)

Екінші ребус: Әтеш, жапырақ, есік - ӘЖЕ

Музыкалық үзіліс. Ән «Менің Отаным»

4 - тапсырма. «Теңге алу» ойыны
Шарты: Шеңбер бойынша теңге (сурет) қою. Ішкі жағында лексикалық тақырыптарға қатысты суреттер. Балалар шеңбер бойынша ән қимылдарын көрсетіп жүреді, музыка тоқтатылады. балалар теңге суретін алып - сөздерді қазақ тілінде атайды.

5 - тапсырма: «Ою - өрнектер» құрастыру.
Шарты: Төрт бөлікке бөлінген оюдан бүтіндей ою шығару керек. Ол үшін тапсырманы орындау керек.
«Сөйлем құрастыр» -
1 - топ: "Балабақша" тақырыбы бойынша
- Балабақша үлкен, жарық, таза, әдемі. Балабақша екі қабатты. Мен балабақшада ойнаймын, тамақ ішемін, ұйықтаймын.

2 - топ: "Ойыншықтар" тақырыбы бойынша.
- Менде ойыншық қоян бар. Ойыншық қоян әдемі, үлкен, түсі ақ.

Қимыл ойын кезегі «Арқан тарту»

6 - тапсырма. «Тай жарысы» ойыны
Шарты: Әр топқа екі тапсырма беріледі.
1 - топ: "Көкөністерді жина"
2 - топ; "Жемістерді жина"

Қорытынды: Балалардың білімін бағалау. Мадақтау. Қоштасу.

© 2010-2022