Ертеңгілік Балауса Балғын арулар

Раздел Воспитательная работа
Класс 13 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Балауса балғын арулар »

Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тірбиелеу.

Көрнекілігі: "Қыз-елдің көркі" (ұлттық киімді қыздардың суреттері), "Өнер таусылмас азық"(қолөнер түрлерінің фотосуреттері), мақал-мәтелдер, қанатты сөздер.

Барысы:

Жүргізуші:

Құрметті жиналған қауым!
Бүгін біздің мектепте дүбірлі той,
Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.
Жырдан шашылсын, күй күмбірлеп,
Қош келдіңіз халайық, сергісін бой.
Бүгінгі «Балауса балғын арулар » атты арулар сайысына қош келдіңіздер.
Тамашалауға келіп отырған қонақтар, құрметті ақ жаулықты аналар, әжелер, қыз-қызғалдақтар,қадірлі ұстаздар сіздерді қар астынан қылтиып бой көтергенде, көктемнің алғашқы хабаршысы болған,8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз.
Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі,
Тал бойына жарасқан күлкі әлемі.
Бір көргенде болмай-ақ сахнада,
Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі.

Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
Аруы деп мектептің жүрейікші.
Әділқазыларға тек әділдікті,
Ал аруларға сәттілік тілейікші

Енді ару қыздарымызды ортаға шақырайық.

1.Аққу құстай қанат қағып самғаған,
Адал жолмен арам іске бармаған.
Адамдықты жаны сүйген қашаннан,
.Ақнұр. да қатарынан қалмаған

1-сынып оқушысы Стамбекова Ақнұр

2. 1- сыныпта оқитын,
Өрнектеп тоқыма тоқитын,
Ән айтып, би де билейтін.
. Өнерлі қыз Есжан Нұрай

1-сынып оқушысы Есжан Нұрай

3,Сыпайы оның мінезі,
Күліп жүрер ақырын
Қыз сынына кеп қапты
Бидахметқызы Аяжан

2-сынып оқушысы Садық Аяжан

4.Сабырлы, әрі салмақты,
Өзі өнерлі жан - жақты.
Келе жатқан Тоғжан қыз
Жарысты бүгін жалғапты.

2-сынып оқушысы Бейсбай Тоғжан

5.Қуантады білімімен бізді Толғанай қыз,
Қол соғып қарсы алайық енді оны біз.
Білімің серік болсын талабыңа,
Бүгінгі қабыл болып тілегіміз.

3-сынып оқушысы - Төрехан Толғанай

6.Атыңнан айналайын Алина деген,
Сенің ісіне жақсы баға берем.
Жеңіс туын тігерсің болашақта,
Үміті зор осы мектептің саған деген.

3-сынып оқушысы- Әбікен Алина.
7,Өнер қуған жасынан,
Өнері судай тасыған.
Келесі біздің Сәбина
Көрінген күштің басынан.

4-сынып оқушысы Нұрахмет Сәбина
8,Білімді оқу озаты сыныптағы,
Талай қиын істерді құрықтады.
Айтолқынның алдында талай іс тұр,
Болашақта жандырар үміт отты.

4-сынып оқушысы- Балабек Айтолқын

Жүргізуші: Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдікпен шындықты арқа тұтқан,
Әділқазы алқасымен танысайық.
1.
2.
3.
Сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар. Сайыс кезеңдері:

  1. Таныстыру

  2. "Өнерпаз болсаң арқалан" (өнер көрсету)

  3. "Білгенге маржан" (сұрақ- жауап)

4.Үй тапсырмасы. "Қыз еркем ,кестесімен көркем"

5.Жарнама




Қатысушылар әділқазы алқасының алдынан нөмер алады да , кезекпен өздерін таныстырады.

I кезең.Таныстыру
Гүл көңілің қуаныштан өрілді,
Жанарыңнан жалын нұры төгілді.
-Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,
Көпшілікке таныстыршы өзіңді.

3-сынып.Ән.

Шалқып, тасып әніміз
Жадырасын жанымыз,
Ана, сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз- дей келе 3-сыныптың орындауында ән қабыл алыңыздар.

II кезең өз өнерін көрсету.
Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреулер ән салыпты.
Бүгінгі қыз сынынан бәйге алуға
Арулар аянбай-ақ жан салыпты.

1-сынып.би

Бишілер бар бізде ұлдар тобы,
Мерекеге өнерімен келген бүгін.
Таң қалдырып, қанекей би билеші,
Қол соғып, демеу берсе көрермендер! - деп кезекті 1 сыныптың байсалды да байыпты бишілеріне береміз.

III кезең. Білгенге маржан (сұрақ-жауап)
Жас ару жас ғұмырдың талғамысың ,
Қуантқан әрбір үйдің арманысың.
Дәл бүгін қанат қомдап, сыналарда,
Сан сұрақтан сүрінбей, самғап ұшқын.

3-сынып.Ән.

Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй, - деп, Абай атамыз айтқандай 3-сынып орындауындағы-----------әнін қабыл алыңыздар.

IV кезең Үй тапсырмасы. "Қыз еркем ,кестесімен көркем"

Қыз еркем кестесімен көркем

Шеберлердің өнері тамған қолдан

Жаңылмаған ата-баба жолыннан

Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін

Біз айтайық төрелігін соңынан -

деп, үй тапсырмасына кезек беріп, аруларымыздың үйден дайындап келген қол өнер кестелерін әділқазы алқасына көрсетеді

V кезең Жарнама

Ал,халайық ,мұнда көңіл бөлейік,
Арулардың жарнамасын көрейік.

V І кезең Қорытынды:

Жүргізуші:
Барына риза болсын көрермендер,
Көрсетті өнерлерін жас өрендер.
Осымен сайысымыз аяқталсын,
Қазылар берсін енді шын бағасын.

Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Өнерлі, білімділер жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

Әділ қазыларға сөз беріледі.

Алматы облысы

Кербұлақ ауданы

Сарыбастау орта мектебі

КММ

Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі

Нурбекова Асем Жетписовна















© 2010-2022