Тәрбие сағаты Өз елім менің-өзегім менің

Раздел Воспитательная работа
Класс 3 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағаты Өз елім менің-өзегім меніңЕңбекшіқазақ ауданы

Рахат орта мектебі КММ




«Бекітемін» «Келісемін»

Мектеп директоры: Б.Ашимов Директордың тәрбие жөніндегі

орынбасары: Д.Кумпеисова


















Тақырыбы: «Өз елім-өзегім менің»








Каиркулова Г.У.

«Өз елім -өзегім менің» тәрбие сағаты сценарий

Тақырыбы: «Өз елім -өзегім менің»
Мақсаты: Оқушыларды елін сүюге, қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекіліктер:

1. Қазақстан картасы, Қазақстанның әнұраны, Туы, Елтаңбасы,

Н.Ә.Назарбаеватың портреті,слайд.

2. Нақыл сөздер жазылған плакаттар.

3. Шарлар,гүлдер,музыкамен жабдықталған.
1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме ,құрметті ұстаздар,қонақтар! Біздің сыныбымыздың «Өз елім -өзегім менің» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Біз тәуелсіз елдің түлегі болғанымызға шексіз қуанамыз. Біздің отанымызды әлем таныды. Осы сәтте Отан туралы еріксіз ойға берілесің. Бұл ұғымның аясы кең. Отан - далаң, орман, тауың, ауылың мен астанаң.
Отан әр жұмыр басты пенденің киелі мекені, жер басып жүрген әр тіршілік иесінің шексіз байлығы. Тәй-тәй басқан нәресте де, еңкейген қария да оның бір мүшесі.

1-жүргізуші: Туған жер -адамзаттың кең дүниені есігін ашып, өмірге келген, бізге дейін сан толқын ұрпақтың кіндік қаны мен маңдай тері тамған киелі мекен.

Нұрғанатқызы Зеренің орындауында «Атамекен» әні.

1-оқушы: Абай туған, Сәке туған

Құрметте досым қазақтың жерін

Қамбаға жылда алтын дән құйған

Қазақстан Республикам менің!
2-оқушы:

Елтаңбасы елімнің,
Неткен көркем әдемі

Тұнығындай көңілдің,
Ортада аспан әлемі.
3-оқушы:

Өзіңдікі - елің де,
Өзіңдікі - жерін де.
Өзіңдікі - өзіңе екен бақ,
Тәуелсіздік төрінде!
4-оқушы:

Өзіңдікі - Туың да,
От пен ауа суында.
Жаса Қазақстаным,
Белді бекем буын да.

2-жүргізуші: «Қанша ғасыр өмір сүрсе бұл қазақ, сонша ғасыр ұмтылды ғой елдікке», - деп Төле би бабамыз айтқандай. Егеменді ел атандық.
Міне, енді өз Әнұранымыз, Елтаңбамыз, Туымыз бар. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік ағайын.

5-оқушы:

Алтын бесік, туған жер, далам менің,

Қанат қаққан ұяңнан балаң едім.

Сырлы сазын жүректің төгейін деп,

Сағынышты сан жылғы ала келдім.
6-оқушы:

Сүем сені туған жер,

Әжем жөргек жуған жер.

Шапқан жауды еліме

Батыр бабам қуған жер.

Сүйем сені, туған жер,

Байлық, бақыт тұнған жер.
7-оқушы:

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,

Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.

Бүгінде бар әлемге данқың жетті,

Тәуелсіз Қазақстаным - елім менің.

8-оқушы:

Біз жас ұлан - Отан ана өркені
Үміт артқан болашағы, ертеңі.
Туған елдің даңқын көкке өрлетіп,
Гүлге бөлеп жасартамыз өлкені.

Би: «Қара жорға»
9-оқушы:

Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді
Отан дейміз туған жер, атамекен
Биік тау, орман, тоғай көлімізді
10-оқушы:

Қыран құсым көк аспанда самғасын,
Желбіресін көк байрағың сан ғасыр!
Жас ұландар, берік ұста туыңды,
Жарқыратып туған елдің таңбасын.
11-оқушы:

Еліңді сүй! Еліңді сүй! Сөзім шын,
Ел дегенде ет - бауырың езілсін.
Ел дегенде көкірегің сөгіліп,
Ел дегенде қамыңды ойла өзіңнің.
Ел дегенде асау жүрек ұрғылап
Шыбын жаның тұрсын сенің шырқырап!

1-жүргізуші: Туған жерін сүймейтін адам жоқ. Олай болса, туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер біледі екенбіз?
1. Ақжол:
Туған жер - тұғырың
Туған ел - қыдырың.
2. Бақыт:
Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
3. Айнура:
Туған жер - алтын бесік.
4. Ерсұлтан:
Туған жердің топырағы да ыстық.
5.Медина:
Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол!
15-оқушы: Отан дегеніміз - адамның туып өскен жері, туған - туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын ата мекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны - Қазақстан Республикасы.
Қазақстан - Туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі,
Әнұранымен айбатты.
Ән: «Өз елім» . Орындайтын: Б.Даулетбек, Н.Сарсенов, Құрбанжан Е
2-жүргізуші. Ең бірінші бақытым - халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің,
Ал, екінші бақытым - тілім менің,
Жас жүректі тіліммен тілімдедім.
Бақытым бар үшінші - Отан деген.
- Кім мықты? - десе біреу «Отан» дер ем!
1-жүргізуші: Біздің Елбасы былай деген: «Бізге азаттық азаппен, арпалыспен келген. Тәуелсіздік тәуекелге түскен. Сондықтан да бұл бақытымыз баянды болады, ұзағынан сүйіндіреді деп сенеміз».
«Менің Қазақстаным» әні хормен орындалады.

Қорытынды:
Қазақстан - сен заңғар биіксің, кеңсің. Біздің жанымыз өзіңе деген мақтанышқа бөленген. Біз сенің атыңды жер бетіне жар салар перзентіңбіз, тәуелсіздікті мықтап қолға ұстайтын балаңбыз!
Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық дегім келеді.
Ұстаздар, ата - аналар, оқушылар сіздерге көп - көп рахмет. Сау болыңыздар!

Ұлтарақтай болса да, ата қоныс жер қымбат.

Ат төбеліндей болса да, туып өскен ел қымбат.



© 2010-2022