Алғашқы ертеңгілік, 1 сынып

Раздел Воспитательная работа
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Тілашар тойы»

Мақсаттары:

1.Оқушыларды үлкенді сыйлауға, сөздерін тыңдай білуге тәрбиелеу.

2.Ойындар арқылы ұйымшылдыққа, достыққа, бауырмашылдыққа тәрбиелеу.

3. Мақал - мәтел, жаңылтпаштар арқылы тілін, ойын дамыту, өнерді сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ы.Алтынсарин «Кел, балалар, оқылық», Абай «Ғылым таппай мақтанда», «Қадамдарың құтты болсын, жас өркен!», Тілашар

Сабақтың барысы.

1 - жүргізуші.Құрметті ұстазлар, ата -аналар, қонақтар. Сіздер 1 - сыныптың «Тілашар» ертеңгілігіне жиналып отырсыздар. Ата - ананың мейірімі мен аялы алақанының жылуында өсіп, жыл өткен сайынесейіп, бәрін білгісі, көргісі келіп жүрген жас бүлдіршін алтыға толып, мектеп есігін ашып, үлкен өмірге алғаш қадамын жасады. Баланың білім әлеміне алғашқы қадам жасауы үлкендер, яғни ұстаздар үшін үлкен қуаныш.

Білдім деме балам,

Білмейтінің көп шығар.

Бәрін білген адам,

Дүниеде жоқ шығар.

Көп білуге ұмтылған,

Көз жұмғанша оқиды,

Көз жұмғанша оқыған,

Көп нәрсені тоқиды, - деп ақын жырлағандай, білім алуға ешқашан

ерінбеңдер.

2 - жүргізуші. Құрметті ата -аналар, қонақтар, ұстаздар! Бүгін біздің сыныпта той. Біздің балаларымыз мектепке алғаш келіп отыр. Мектеп - білім ордасы.Білімді, оқымысты, ғалым болуды барлығымыз да армандаймыз. Білімді болу үшін тәрбие, өнеге,тіл, ізденіс, талап керек. Баланың білімге талпынысы мектепке келуден, тіл үйренуден , араласудан басталады.

Кешегі сәби балаңыз,

Жарады, міне қараңыз.

Ғылым, білім жолына

Енді қайық саламыз.

Қош келдіңдер, балдырғандар,

Қадамдарың құтты болсын!

Мектеп мынау есік ашық,

Тек әдебің мықты болсын!

Осы балаларымыздың осы қара шаңыраққа аттаған қадамдары құтты болсын! Тойларыңыз тойға ұлассын!

Қазақтың тойы тойбастарсыз өтпеген.

1 - жүргізуші. «Той», - деп бүгін көңіл шіркін тасады,

Ән менен күй көңіл сырын ашады.

«Той» - деп келген қонақтарға мың рахмет,

Ақ жаулықты ата - аналар - той шашуын шашады.

(Әжелер шашу шашады)

2 - жүргізуші. Шашу шаты әжелер,

Сылдырлатып теңгелер.

Тойымыздың шашуын,

Сәт сапарға теңгерер.

Хор «Сәлем саған мектебім».

1 - оқушы. Еркеңіздің мойнына,

Ақ жағасы жарасар.

Кел, келіңіз тойыма,

Тойымның аты,

Тойымның аты - тілашар.

2 - оқушы. Алтыға толдым биыл мен,

Оқушы болып киінем.

Арқама сөмке асына,

Мектепке барам,

Мектепке барам асыға.

3 - оқушы. Қолыма алып әліппе,

Үңілдім тұңғыш әріпке.

Қоңырау үні сыңғырлап,

Тұрғандай маған,

Тұрғандай маған қол бұлғап

Мектеп, мектеп!

4 - оқушы. Қалам алып,

Сурет салып,

Үйренгенім бақшада.

Суретімді

Мақтап жүрді,

Жақсы апа мен жақсы аға.

5 - оқушы. Міне, мен де

Үлкен болдым,

Жасым толды алтыға.

Кітаптағы ертектерді,

Енді оқимын шетінен.

Хор «Есеп сабағы»

6 - оқушы. Барлық бала таң қалып,

Әліппені ашады.

Сөз құоаған әр әріп,

Білім нұрын шашады.

7 - оқушы. Асыл сөзін тілімнің,

Бойға құйған әліппе.

Нақ бастауы білімнің,

Қырық екі әріпте.

8 - оқушы. Сәбилік көңілден,

Арналды жыр, әнім.

Баулитын өмірге,

Ақылшым - мұғалім.

9 - оқушы. Тілін де аламын,

Айтқанын ұғамын.

Өзіңдей боламын,

Ақылшым, мұғалім.

10 - оқушы. Сипадың да басымнан,

Әліппені ұсындың.

Бақытымның осыдан,

Басталғанын түсіндім.

Би «Учат в школе»

1 - жүргізуші. Балалар, оқу, білім туралы қандай мақал -мәтел білесіңдер?

1)Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.

2) Оқу - инемен құдық қазғандай.

3) Оқу - білім бұлағы,

Білім - өмір шырағы.

4) Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді.

5) Оқу түбі - тоқу.

6) Білімдіден шыққан сөз

Талаптыға болсын кез

7) Ақыл - тозбайтын тон,

Білім - таусылмайтын кен.

  1. Қазақстанның елтаңбасында жарқын күн сәулесі, көк аспан, шаңырақ, жарық жұлдыз, қанатты тұлпар, бидай сабақтары бейнеленген.

  2. Ту - көк аспан түстес. Ту ортасында алтын күн. Ол бүкіл әлемге нұр шашып тұр. Қыран құс, алтын түстес ұлттық оюымызберілген.

Хор «Отан»

Келесі сөз кезегі ата - аналар мен қонақтарға беріледі.

© 2010-2022