Тәрбие сағаты Тақырыбы: Жаса, мәңгі ана тілім!

Раздел Воспитательная работа
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жүргізуші: Құрметті: қонақтар, ұстаздар, оқушылар!

22-қыркүйек Тілдер күніне арналған «Жаса, мәңгі ана тілім!» атты кешімізге қош келдіңіздер. «Ана тілін білмейтін адам мәдениетті адам қатарына жатпайды» деген Мұхтар Әуезов атамыз сияқты, өз тілімізді шорқақтатпай, шұбарламай, таза сөйлейік.

Тақпақ: Қуан, далам! Қуанатын күн бүгін!

Серпіп таста мұңды жүрек түндігін!

Тіл туралы Заңы енді күшіне

Паш еткендей кескен жаңа кіндігін

Тіл дегенің тиегі ғой жырдың да.

«Ештен кештеу» түсінгендей жұртым да,

Шықпағанда республика Тіл заңы,

Елдігім де кетер ме еді құрдымға

Қуан, анам! Ұзағынан сүйініп,

Сәтің де көп кеткен кейде түңіліп.

«Халық жауы» атандың-ау сол үшін,

Ғұмырыңды құрбан етіп, жолыңда.

Жүргізуші: Алдағы біз баратын бағыт анық,

Сәйгүлік екеніңді кәне таныт.

Бәйгеде аттың басы тартыс болар,

Ал енді тізгіндерді ағыталық- деп ортаға жас бүлдіршіндеріміді шақырамыз.

(Мектепалды даярлық балалары-5)

Жүргізуші: Өз тіліңді өзге тілден қор тұтпа,

Өзге тілді өз тіліңнен зор тұтпа!

Айналайын, айтшы ақиқат сырыңды,

Бар қазынаң ана тілден артық па?- дей отыра 3-сынып оқушыларының «Ұқтым, ата» атты көрінісін тамашалаңыздар.

Хор: «Ананың тілі»

Жүргізуші: Туған соң адам боп,

Білімсізден жаман жоқ- дегендей 4-сынып оқушыларын

«Басқа пәле тілден» деген көрінісіпен ортаға шақырамыз.

Жүргізуші: «Бала тілі- бал» десек те қазақ халқы сәбилерді дұрыс сөйлеуге ерте жастан баулыған, жіберген қателерін күлкіге айналдырып, келесі жолы қате жібермейтіндей түзеп, тәрбиелеп отырған. Ендеше біз де мектепалды даярлық балаларының өнерін тамашалайық.

Көрініс:

«Ойын»

Бекзатты тебемін деп сүрініп кетіп, жығылып жатқан Мұхамбетжанды жұбатуға келген шешесі:

Аружан: Ойын көтере алмаған соң несіне жылайсың? - деп реніш білдірді.

Мұхамбетжан: Ойынды қалай көтеремін, ол көзге көрінбейді ғой, - деді Мұхамбетжан шешесіне сұраулы жүзбен.

«Жол»

Сыртта ойнап отырған Бекнарға көшеден өтіп бара жатқан қарт кісі:

Бекзат: Балам, мына жол қайда апарады? Деп сұрады. Сонда Бекнар: Ата, бұл жол мен туылғалы бері жатыр. Ешқайда апармайды, - деді.

Жүргізуші: «Шебердің бізі ортақ,

Шешеннің сөзі- ортақ»- дегендей ендігі кезек мақал-мәтелге беріледі.

Жүргізуші: Саусақтарың майысқан шебер болар ма екенсің?

Мың бұрала майысқан биші болар ма екенсің?- деп ортаға биші қыздарымызды шақырамыз.

Жүргізуші: Не үйреніп, не білдік?

Қане, ортаға салайық!»- деп кешімізді сайыспен жалғастырайық.

Жүргізуші: Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй-, деп дана Абай атамыз жырлағандай ортаға 3-сынып оқушысы А. Гүлдананы шақырамыз.

Жүргізуші: Осымен «Жаса, мәңгі Ана тілім!» атты кешімізді Бауыржан Момышұлының «Тіл дегеніміз- қай халықтың болмасын ешегі, бүгіні ғана емес, ертеңгі де тағдыры»- деген қанатты сөзімен аяқтаймыз. Көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп рахмет!















Жүйріктер.

  1. Қазақ алфавитінде неше әріп, неше дыбыс бар?

  2. Біздің мектебімізде қандай тілдер үйретіледі?

  3. Тіл мерекесі қай күн?

  4. Әліппенің атасы?

  5. Орыс тілі қандай тіл?

  6. Қазақ алфавитінің негізін салушы?

Тіл-өнер.

Қабат- қабат қаттама,

Ақылың болса аттама! (кітап- книга)

Аппақ дала, қара дән,

Сепкен дәні түсуге жараған.( әріптер- буквы)

Аяғы біреу, қолы жоқ,

Шиыр- шиыр жолы көп.

Өзі сөйлей білмейді,

Салған ізі сөйледі.(қалам- ручка)

Бар кітапқа бас болған?( әліппе- букварь)

Білімнен мол сиясы,

Балғындардың ұясы.( мектеп- школа)



© 2010-2022