Қоршаған ортамен таныстыру Жабайы аңдар. Аю

Раздел Воспитательная работа
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру салас:Таным

Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: Жабайы аңдар .Аю.

Мақсаты:Балаларға жабайы аңдар туралы түсінік беріп, оның ішінде аюмен таныстыру.

Аюдың не себепті жабайы аңдардың қатарына жататындығын түсіндіру,оның тіршілігі туралы әңгімелеу.

Аңдарға, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға баулу.

Әдіс-тәсілдері:Көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап ,әңгімелесу,ойын

Көрнекіліктер: Аңдардың түрлі-түсті суреттері,логикалық тапсырмалар,үлестірмелі материалдар

Билингвалды компанент: Аю-медведь, жабайы-дикий.

Іс -әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс -әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

Балалар бір-біріне тілек тілеп, шаттанады.

Кел,балалар, күлейік ,

Күлкіменен түлейік!

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік.

Балалар дөңгелене шеңберге тұрады.

Педагогпен бірге қайталайды.

Ұйымдастырушылық

Ізденістік













Рефлексиялық

түзетушілік

1.«Қандай аңның жүрісі.» ойыны

Шарты:әр аңның жүрісін әуен ырғағымен келтіру.

Балалар жүрісі салған аңның атын атап шығады.

2.Жұмбақ шешу.

Тәтті көрсе бас салар,

Айнымайды баладан.

3.Әңгіме жүргізу.

-Орманды мекендеп, өз бетімен тіршілік ететін аңдарды жабайы аңдар дейміз.Олар ; қасқыр, түлкң,аю,тиін.Жабайы аңдар азықтарын орманнан тауып жейді.Қыста қардың көп түсуіне байланысты аңдардың азық тауып жеуі қиынға соғады.Осы кезде аңдар адамдардың көмегін қажет етеді.

-Сендер жабайы аңдарды қайдан көрдіңдер?

-Иә, аңдарды теледидардан,хайуанаттар бағынан бағынан көруге болады.

Хайуанаттар бағында аңдарға арнайы күтім жасайды.Ондажұмыс істейтін адамдар хайуанаттарды қоректендіреді.

Аңдарды көруге келген адамдарға тамақ беруге рұқсат етілмейді.Өйткені аңдар өте қауыпті

Сергіту сәті:

Қорбаңдаған аюдың

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық

Қалтамызға салайық

5.Суретпен жұмыс.

-Суретте қандай аң бейнеленген?

-Иә,балалар ,дұрыс айтасыңдар ,аю екен.

Аю- жабайы аңдардың бірі.Жазда аю кез келген жерден өзінің қорегін тауып таба алады.Сонымен бірге аю араның балын жақсы көреді.Аш кезінде шөппен ағаштардың тамырымен қоректенеді.Ол қысқы ұзақ ұйқы алдында жақсылап қоректеніп ,денесіне май жинап алады.Аюлардың түстері қоңыр,ақ болып келеді.Аюдың баласын қонжық деп атайды.

-Аю қалай жүреді?

-Міне жабайы аңдар,оның ішінде аю туралы көп нәрсені білдік.

Сондықтан оларға қамқор көрсету керек.

6.Үлестірмелі материал мен жұмыс :

Шарты :аюдың қалған бөліктерін жабыстыру

Сұрақтар:

-Жабайы аңдарға нелер жатады?

Аюдың баласын не деп атайды.

Балалар педагогпен бірге ойнайды.

Балалар суретке қарап жұмбақтың шешуін табады.

-Шешуі: Аю

Аю,түлкі,қоян жабайы жануарлар.


Балалардың жауабы.



Балалар аюдың қимылын келтіріп , өлеңді қайталап айтады.

Балалар ,аю -деп жауап береді.



Қорбаңдап.

Аюдың жүрісін салады.

Педагогтың көмегімен

жапсырманы жапсырады

Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:жабайы аңдарды бір-бірінен ажырата

Игереді:аюдың тіршілігі туралы

Меңгереді:аюдың тіршілік ортасын



© 2010-2022