Разработка для воспитателей Астана - арман қала!

Раздел Воспитательная работа
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мақсаты: Елдік мерекеге өзіндік үн қосу. Көңілді орта қалыптастыру.
Бас қала - Астана туралы әндер мен өлеңдер үйрету, сүйіспеншілік және мақтаныш сезімдерін тудыру. Туған ел тарихымен таныстыру.
Алдын ала атқарылатын жұмыстар: Астананың сұлу келбеті топтастырылған слайд дайындау, балалардың өз шығармашылықтарынан дайындаған суреттері көрмесін ұйымдастыру.

(Әсем әуенмен балалар ортаға шығады)

Жүргізуші: Саламатсыздар ма, құрметті ата-аналар, бүлдіршіндер, қонақтар! «Астана-арман қала!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Баршаңызды Астана куни мерекесімен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, аспандарың ашық болсын . Болашақтарыңыз жарқын,аспандарың ашық,елімізді өркендетер келешектің кемеңгері болыңдар демекпін. Бүгінгі Астана күніне арналған «Астана-арман қала!» атты мерекелік ертеңгілігімізді ашып беру үшін және мерекелік лебізін білдіру үшін сөзді «Ақ желкен» мектепке дейінгі ұйымының директоры Дүйсеналиева Маншүк Уралбаевнаға береміз.

(Әнұран орындалады)

Жүргізуші: Астанам - бағы биік асқарымсың,
Астанам - мәңгі жарық аспанымсың.
Астанам - пейіш қала, ел арманы,
Астана қайда жүрсем мақтанышым.

Ән: «Астана» «Шағала» тобының орындауында.

Ән: «Туған жер» «Шағала» тобының орындауында.

Жүргізуші: Астана шапағаттың шуағындай,
Астана махаббатың тұрағындай.
Астанам - періштелер мекенісің,
Астанам Қазақстан тұмарындай.- деп кезекті «Көк жиек» тобының бүлдіршіндерінің тақпақтарына береміз.

Ерсағын: Шырқап көкке аспан - ән,
Болашаққа бас қадам.
Қазақ рухын биіктет,
Ей, бас қалам- АСТАНА !

Диляра: Қадамың бар баспаған,
Асуың бар аспаған.
Халқым жетсін мұратқа,
Ей, бас қала- АСТАНА!

Гүлназ: Жайнай бер жаңа Астанам
Ертегідей ғажап бас қалам
Ынтымақтың тербеп бесігін
Тәуелсіз ел көшін бастаған

Данеля: Астана - арман қала,
Бағы бар жанған қала.
Тұрады ол жап-жас болып,
Мен үлкен болғанда да.
Астана - сұлу қала,
Біз оны анамыздай
Сүйеміз шынында да.

Құралай: Болашаққа бастаған,
Шарықтайды асқақ ән.
Елордасы Отанның
Мақтанышы астанам.
Қарыштап алға бас қадам
Отанымның жүрегі,
Елорда - менің Астанам.

Диас: Сарарқа төсінде

Сән беріп Есілге.

Жас қала бас қала

Астана өсуде.

Аяжан: Астанам асқарымдай көрінесін,

Өлен боп көкірегімнен өрілесін

Бойыма рух беріп тұрғаннан

Анық ау ұтылмасын, жеңілмесін.

Надия: Киелі менің Елордам,

Арудай сұлу таранған.

Береке, бірлік, достықтың.

Тұнығынан нәр алған.

Ару: Күн болып қарайды,

Шуақ боп тарайды.

Әлемге нұр шашқан

Астанам арайлым.

Нұрасыл: Астанам ақ қала,

Ақ мәрмәр пәк қала.

Шарықтап қарыштап

Шалқи бер шаттана.

Жүргізуші: Астана - ару қала, аппақ қала,
Көрінген көкжиектен асқақ дара,
Кемедей Нұқ пайғамбар үміт артқан,
Жаңарды жаққұттайын ұлттық сана.

Би: «Морячка» ұлдардын орындауында, қабыл алыңыздар.

Ән: «Қазақстан» «Көк жиек» және «Күн шуақ» топтарының орындауында.

Жүргізуші: -Ортада қыздардың орындауында «Ғалам шар» биін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: - Бүгінгі Астана күніне арналған «Астана- арман қала» атты мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды. Сау болыңыздар!











© 2010-2022