Конспект Жұмекен - поэзиясы ұлттық мақтанышымыз

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Молдағалиева Гулжазира

Жұмажанқызы

Атырау облысы

Құрманғазы ауданы

Абай атындағы жалпы орта мектебі

Мектеп кітапханашысы


«Жұмекен поэзиясы ұлттық мақтанышымыз»

(Жұмекен Нажмеденовтың 80 жылдығына поэзия кеші)

Кештің мақсаты: Жергілікті ақын жазушы Жұмекен Нажмеденовтың шығармаларын жас оқырмандарға таныстыру, өлең жырларын насихаттау.

Жүргізуші: Туған халқының төл топырағында «бұтақтары биікте заманмен еменше - ерегісіп өскен, тамыры тереңге кетіп таспен тістесіп өнген, адаса жүріп ақтықта ақиқатқа жеткен, қандай жағдайда да аппақ арының биік жұлдызы - темірқазық бағыттан табан аудармаған қиын тағдырлы,күрделі өмірлі қайсар ақын Жұмекен Нажмеденовтың 28 қараша туған күні қазақ әдебиетіне, поэзияға жаңаша өрнектер мен айшықтар енгізген, өз өлеңдерінің мағнасымен, шығармашылық жұмысының жоғарлығымен қазақ әдебиетін бір сатыға жоғары көтерген ақын тұлғасы қазақ оқырмандары үшін әрдайым асқақ көрінеді. Қазақ поэзиясының көгінен құйрықшы жұлдыздай қырық тоғыз мүшел жасынан қараған шағында соңғы демі үзілгенше үзілгенше қаламын қолдан түсірмей, жанкештілікпен еңбек еткен ақынның көзі тірісінде 19 кітабы жарық көрсе, қайтыс болғаннан кейінгі жылдарда шығармалары өз оқырмандарына 15 мәрте жол тартыпты. Жүмекен поэзиясын Ә.Тәжібаев атамыз «ұлттық мақтанышымыз. алтын сандықтағы асыл байлықтар» деп бағаласа Ғафу Қайырбеков «Тозуды білмейтін мәңгілік қазына, сарқылмайтын мәңгі құбылыс дәрежесіне жеткен ақын деп баға берді. Ал жерлесі Әбу Сәрсенбаев Жұмекен, замана салмағын бүқіл болмысымен сезінген, ұлт денесіндегі дертке өлеңімен күрес ашқан ақын» -деп сипаттама берді. Азаттықтың ұлы жыршысы Махамбетпен, күй атасы Құрманғазымен бір топырақта туған, бір құнардан нәр алған Әбіш Кекілбаевта айтқанда бір тақырда асық атып, бір құмнан құмаршық терген біздің бұғалыққа мінбес бұла мінезді ақын жырының тұнығы мен тұңғиығы қайда. әрине туған топырақта -бүгінгі поэзияны жақсы түсініп, сүйіп оқитын жас оқырмандарымызды осы қазыналарымен танысуға шақырамыз. Жұмекен Нажмеденовтың туған күніне арналған жыр кешіне қош келдіңіздер.

Жұмекен Нажмеденовтың өмірі мен еңбек жолын таныстыру үшін шолуды қітапханашы жасайды.

Жүргізуші:Жұмекеннің ешбір өлеңін самарқау да салғырт оқи алмайсың. Жұмекен өмірден көргенінің бәрін жанының сүзгісінен өткізіп, кеудесінен шығар бар асыл ойын жарқыратып көрсете алады. Қай өлеңін алсақта адам образы көз алдыңа келеді. Оның поэзиясының тақырып ауқымы да мол. Ж.Нажмеденовты басқа ақындардан оқшауландыратын - оның ойлау ерекшелігі. Ол табиғаттағы құбылыстардан адамның мінезінен, тіпті түрлі түскенде ешкім ойламаған ерекше керемет түиін жасаиды. Бұны Жүмекеннің мыңа өлең жолдарынан айқын көруге болады

1-оқушы: Алдыра бермеді ғой биік маған,

Сондықтан да кезім аз ұйықтаған.

Әр жинағым арқылы - оқушы емес,

Дос пен қасты өз басым үиіп табам.

Алдыра бермейді екен биік маған,

Қас мерейі- түндерім ұйықтаған

Күшті жауым кезде бір иықтаған.

Әлсіз достық болғаны күйік маған

Күшті жассам кей қасым тұйықталар,

Әлсіз жассам кей досым сүйіп қалар.

Жақсы жазып ұнаймын біреуне

Жаман жазып ұнаймын біреуіне.

Осы екеудей біреуіне жол табамын

Адасқанда оқушы жүрегінен

Көзге оғат әйтеуір жүрем бітпей

Ақ матаны қайыған күрең жіптей

Оқушы жоқ өзімде дос пен қас бар

Сол екеуін келемін ренжітпей

2-оқушы: Қара көмір жанатыны әдемі

Қара судың ағатыны әдемі

Қара сөздің жақсы ау күлімдегені

Одан гөрі дала түні әдемі

Құт кірерде қара жерге қақ тұрған

Қара қазан қамы бала бақтырған

Қара қазақ, қауіпті дерт ауруын

Қара қойдың өкпесімен қақтырған

Қара көздің жасын түнге кептірген

Талай қара кезеңдерден өттім мен

Бірақ бабам «қара мал» ғып ырысын

Қасиетін «қара шаңырақ» деп білген

Қара көздер қара нұрды құй жылдам -шомылайын

Бір түйінді түйдім дәл

Қара әдемі, әдемі ғой түнгі аспан

Қара түс тек аулақ болсын пиғылдан

3-оқушы: Анау келген кім болды екен біліп келші кім екен?

Батырлықпа? - өз төрімде күтіп алам түнектен

Байлық болса құлау болар тура қара көзіне

Кімде болса алдамасын, алданбасын өзі де

Қайғы болса артында оның қуанышы бар шығар

Бірі кірлеп, бірі жуып кеудем менің аршылар

Бақыт болса, денім әлсіз көтере алман өз ойым

Арман болса өмір бақи арқалайын, төзейін

Адалым боп арнап келсе - барым әзір, көңіл қош

Түсір жылдам, атын байла, қырауын қақ тонын шаш

Шындық болса, білем төсе, дастарханым жаямын

Жалғандықпа, тулақ таста сүртіп шықсын аяғын

Жүргізуші: «Ей,киелі топырақ!

Сенен бөлек тынысым, тіршілігім жоқ менің,»-

Міне осы өлең жолдары Жұмекен өлеңдерінің мазмұнын ашатын алтын кілт.

Ол -ақынның кіндігі кесілген туған жерінің топырағы - қошалақтың құмында,Ашақтың ауылында. Бұл топырақ киелі болмаса атасы Нәжімеден жалғыз ұлысабыр майданға аттанғанда Ашақтың сорына баласының табан ізін басқызып алып қалып, үстіне қазан төңкеріп өле-өлгенше соны медет тұтпас еді ғой. Бала Жұмекеннің көз алдына соғысқа кеткен әкесінің бейнесі сол топырақ із арқылы бейнеленетін, әкеге деген сағынышын сол топырақты құшақтап басатын.

Топырақ киесін бойына сіңірген «менің топырағым» кітабы қолжазба күйінде қалған еді. 1985 жылы басылып шығып әдеби құндылықтарымызды толықтырды, саналы өмірінде Жұмекен үшін топырақ дегеніміз - қазақтың биік рухы, ұлттық -қадір -қасиетін, алаштың ар-намысын, қазақтың тілі мен діні еді «Тіл құриды» деген кеңестік саясаттан туындаған қандастарының санасын кеулеп алған кері пиғыл мен аянбай күресті. Ол мына өлең жолдарынан айқын қөрінеді.

4-оқушы: Бәрімізге дағдыр біреу, бір ырғақ

Ана тілін шамамызша жұмырлап

Келеміз ғой сол тіл үшін егесіп

Сен құрысаң, мен құрысам түк емес

Бірер кітап тумай қалар мықтаса

Одан ешкім ұтылмайды ұтпаса

Егер, егер тіл құрыса?...

Сақта, алла, тоқтығыңа көптігіңе мақтанба

5-оқушы; Тілден қалып өмір сүрген халық жоқ шындық -осы.

Сол шындықты ноқта қып

Киген дұрыс мал болсаңда -басыңа

Аштан өлсек біз өлейік жасыма

Сенің еркің бақпай қойсаң балаңды

Асырама, арсыз болда анаңды

Айналайын, ана тіліңді асыра

Жүргізуші: Бұл ақынның киелі топыырағы үшін, елді сақтау үшін, елге тірек болар ұлды сақтау үшін, намысқа жалау етер жырды сақтау үшін, халқымыздың бар қадыр-қасиетінің қазығы -тілді сақтау жолындағы мұратынан туған , өлеңді қашанда өлең үшін емес, өмір үшін жазған ақынның жан даусы еді.

Жүргізуші: Жұмекен қалам тартпаған тақырып кемде-кем. Тарихи тағдырлар шындығы, халықтың мұңы, қуаныш қайғысы, болашаққа үмітін, арман - мұратын жеткізген күйлер сазы, ата-ана махаббат ізгілік қасиеттерді бойға дарытар туған топырақ, туған жер тақырыбы міне бұлар Жұмекен өлеңдерінің басты тақырыбы. Қошалақтың құмын, Дыңғызылдың жанға шипа ауасын, ақ әжесінің мейірімін, туған жерінің тауы мен даласын, күнінің шуағын, түннің жұмбақ көрінісін, тау самалын толғана жырға қосады. әсіресе ақынның өнер тақырыбына арналған «Күй» кітабының арты ерекше. Бұл Құрманғазы, Дина,Тәттімбет,Дәулеткерей, Ахмет Жұбанов сынды халықтың талапты күйшілерінің күйлерінің мазмұнын сөз өнері арқылы халыққа жеткізуі еді.Жұмекеннің өзіде таланты домбырашы шебер күйші еді. Күйлердің домбырада орындалуын естіп жүрген боларсыңдар. Енді Жұмекеннің өлеңдері арқылы тыңдап көрелік.

6-оқушы; Құрманғазы: «Қайран шешем»

Не көрсеттім мен саған

Азапты ойдан өзге не?

Көріп едің анажанмен секілді кезбеден

Әр күн сайын басыңа бір уайым қосылды

Әр түн сайын шашыңа бір уыс ақ қосылды

Ұл тіледің құдайдан - алдың оны зорға ана

Ар тілеуші құдайдан - жоқпын арды қорлаған

Ақ тіледің құдайдан - жалғыз мен ғой, балаң ғой

Ақ тіледің құдайдан -құдай оған сараң ғой

Көрмейтінін құдайдың -көріп қайтып шыдадың

Қайран шешем, аяулы анам

Тісті едім мен тұмша жапты

Салмаса егер бұғау маған

Бұлқынбас ем мұнша қатты.

Қайғырма ана серттемін - бал берсе де айнымай

Күйім болар шерткенім жан берседе айныман

Суық едім жан ана - тыншытпады күй деген

Туып едім далада - өсіп келем түрмеде

Бұлқынбасам қаттырақ - мүшем ұйып барады,

Ханға бермес қолымды -кісен қиып барады

Жылау салса жаныма торыққаны деп түсін

Бұғау салса қолыма, қорыққаны деп түсін.

7-оқушы: Құрманғазының күйі «Адай»

Екішек бірі қатты, бірі бостау

Бес саусақ беретіндей ат дүбірін

Күйшінің қатты ішекте қайраты өскен

Екінші бостау ішекте ақты мұңы

Секілді қорғасын сел балқып ағып

Асығып, арна салып аңқыды анық

Түтіліп түбірінен кеткен бұтақ

Толқынға батып -шығып малтығады

Қоғама дүрмек болып ағады ағыс

Шаңқылдап шықты биік шағала құс

Ең соңғы жармасқаның жұлқынғандай

Қарайсың жанталаса жағаға алыс

Буралап бар толқынды қолтыққа атып

Мың сұлу бір қызыққа елтіп татып

Бәріде суға кетіп бара жатқандай

Мың жібек орамалды желпіп өтіп

Бейне бір төңкерілген өлі қайық

Жағада жартас қана қоқырайып

Әйтеуір ала тарғыл бұл көрністі

Ұқлайсың не шаттанып не мұңайып

Азулы үн аңдағанның қаусатты іші

Шаншып кеп сезді жүрек саусақ күшін

Кірсе егер құлағыңа күй «Адайды»

Не жек көр, не бір затты аңсап түсіп.

8-оқушы: Динаның күйі «Бұлбұл»

Маған десең бір күнде, сан масайра, қайраттан,

Қалаш десең бұлбұл боп, сайра,сайра сайрап бақ

Ұғынбасаң титтей құс, бар бақытың көмейде

Тілімді алсаң, сүйіп байғұс, көмей сені демейді

Торықпа сен жалғыз қап, ойыңды үрей мекендеп

Қорықпа сен байғұздан -бойым бірдей екен деп

Үрей деген немене - бір шырқада соқ бүктеп

Сен бұлбұлсың сондықтан байғыз ба ол -байғұс қой

Жетер еді ғаламға сенің үнің ептесе

Жомарт жандар бірақта татырмайды төкпесе

Қайда қашан тесілсең түгін ұқлай жассың ғой

Сайрамасаң несің сен? Жұдырықтай тассың ғой

Әшкерелеу үшінде байғыздарды -сайрап бақ

О, керемет ән-жыры, мерекелі дыбыстың!

Жұргізуші: Жұмекен Нажмеденов проза саласында да едәуір еңбек етті.

Оның «Ақ шағыл», «Кішкентай», «Даңқ пен дағпыл» романдары мен бірнеше повестері бар. Романдары бір -бірінің жалғасы сияқты, бірақ олардың әрқайсысының өз алдында айтары бар. Шығармаларының кейіпкерлерінің көпшілігі өмірде болған, және бар адамдар. Мысалы; Әлімгерейдің прототипі Жұмекеннің өз атасы Нәжмеден, Әлімгерейдің кемпірі өз әжесі, Сейсімет-Хисмет есімді ауылдасы,Идаят -өзі Жұмекеннің.жазушының «Ақ шағыл», «Кішкентай» романдарында соғыс жылдарымен кейінгі кезеңдегі ауыл өмірі бар шындық болмысымен суреттеледі. Ал «Даңқ пен Дағпырт» романында өнер адамдарының өмірі бейнеленген. Жұмекен орыс әдебиетін насихаттауға көп еңбек сіңірді. Ол Пушкиннің, Лермонтовтың, Блоктың, Есениннің шығармаларын қазақ тілінде сөйлетті. Жұмекеннің алғашқы жыр жинағы «Балаусадан» бастап, бұдан кейінгі жазылған «сыбызғы сыры», «өз көзімен», «жарық пен жылу», «қүй» кітабы , «мезгіл әуендері», « ұлым саған айтам», «менің топырағым» атты өлеңдер жинағы мен «ән бұлағы», «келін», «көзсіз батыр»

«соңғы махаббат» поэмаларын т.б. еңбектерін оқырмандар сүйіп оқиды. өлең -ақынның өмірбаяны, жыр-ақынның жан дүниесінің айғағы.жұмекен туралы жазған жерлестеріміздің өлен жырларына кезек берейік.

9-оқушы: Есмұхан Жанизин «Жыр күмбезі»

Ерте кетті өмірден жұмбақталып

Түйден -түйдек санадан жыр ақтарып

Қаңқу сөзден жүрегі жарылдыма

Жату үшін мәңгіге жырақ барып

Өзі айтқан «Сарықұм» күн қызылда

Тепең көкпен жетем деп бір қызына

Еске алып тұр ақынын Дыңғызылда

Перезентім деп жоқтайды Қошалақта

Баламаған жайсаңын осал баққа

Жерлестері шүкір ғой құрдастары

Өлең жырын айтатын қосып жатқа

Көрмеген көз тірі де кеш налып құр

Сусындаса кәусардан тек қанып тұр

Қайтып келмес философ Жұмекенді

Баршамыз боп тойлайық еске алып бір.

10-оқушы: «Ақиық ақын Жұмекенге» -Қанат Қауысов

Жерлесім жайсаң мінез Жұмекенім

«Ашақта» құлазыған тұр мекенің

Шөліркеп сырларың мен жырларына

Аңсаулы ақ жүрекпен жыр етемін

Күй толғап құйқылжытып сүйір қолдан

Өнерге жастайынан үйір болған

Кішкентай жұмекеннің жүрегіне

Киелі Құрманғазы күйі қонған

Жұмекен зерек еді бала күннен

Бәріде оймен пішіп санаға ілген

Талантын табиғаттың сыйға тартқан

Елжіреп тосырқамай ала білген

Жұмекен жұмбақ ойлы ұшқыр адам

Ақынды таниды елі үш қырынан

Қапысыз қала алмады халық үшін

Жыр төкті жүрегінен ұшырып ән

Өмірден ерте кеттің жерлес інім

Кезектесіп қиялымды тілдескенін

Есімің ел аузында сақталады

Жырларың жаңғырығар өлмес сенің

11-оқушы: Таңатар Дәрелов «Қощалаққа барғанда»

Туған жерің Қошалақтың құмы екен

Қыр екен, ойлы- ойлы төбелері сыр төккен

Мен барғанда мұңға батып тұр екен

Қайда аяулы Жұмекен, Жұмекен

Сардаланың есіттім сол ызыңын

Бұлт торлаған аспанныңда жүзі мұң

Жоқтау жасы емей не деп ойладым

Бетке тиген мөлдір тамшы үзігін

Жолы жатыр әне оның сайраған

Сол жолдармен ұзап кеттің қайда аға

Жыры қалған Қошалақта қайнаған

Құмдарына сан суарып қайраған

Таулары ұқсас Жұмекеннен аумаған

Қызыл жолдар сыры ма екен саулаған

Шалынбасы ол кейбіреулер тұтатқан

Қаңқу сөзбен өсек өртке қаулаған

Кез келгенге сыр айтпайды Қошалақ

Жұмекеннің жыры сынды неше алап

Қалғып барсаң мүлгіп ол да жатады

Ақындарды құшақ жайып қош алар.

12-оқушы: Марат Ысқақов «Жұмбақтас»

Жырларна батпан-батпан жүк артып

Қолданбаған зәредейде сөз артық

Әрі қысқа әрі нұсқа қайырған

Ащы шектей соза бермей ұзартып

Қыдыр барма қаламыңның ұшында

Бірдей өрген -жырдың астар тысында

Ақынмын деп жүргендердің талайын

Ақын емес, тәйірі оның қасында

Сабан емес жиғаны тек дән екен

Бұл не деген ырыс пен берекең

Сөз бағасын бір адамдай білседе

Өз бағасын әлі алған жоқ Жұмекен

Жапан түзде жалғыз біткен бәйтерек

Секілді лода көп ақыннан тұр бөлек

Алмас кездік секілді асыл сөз жатпас

Жарып шығар киесі оның қорлатпас

Қадыр десек Оқжетпесі ақынның

Ал Жұмекен -құпиялы жұмбақтас.

Жүргізуші: Міне жерлестері Жұмекен жайлы осылай жыр шертеді.

Құрметті оқырмандар.

Желтоқсанның қара бұлтты, қаһарлы күндерінде Алматы көшелерінде шеру тартқан қазақ жастары бір әнді асқақтатып шырқап еді. Шырқап бара жатып жылап еді. Ол қай ән еді? Естеріңдеме?- әрине ол «Менің Қазақстаным» әні еді. Сөзі Ж.Нәжменденовтікі, әні Ш.Қалдаяқовтікі. Бұл ән -рухында азаттықтың ақтангері атой салған сонау 60 жылдары дүниеге келген еді. Қазақстан деп айтушы болма, КСРО -азаматымын де, қазақша сөйлеме, орысша сөйле, елмін деме, ел ішіндегі республикамын де деп, реті келсе жерімізді бөлшектеуге, рухымызды таптауға әрекет жасалып жатқанын байқаған Жұмекен ақын өзі сөзін жазып, әнін Шәмші ағамызға шығартқан еді. Бұл ән мейлінше жуасып бара жатқан қазақ рухын дүр сілкіндіру мақсатында туған зерделі дүние еді. Кешегі тәуелсіздік сілкінісі кезінде де «Мен қазақпын» дейтін бүкіл жұрт «менің қазақстанымды» шырқап алаңға шықты. Бүгінгі жаңа өмірдегі жаңаша өзгерістерге орай Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің сөзін қосып бұл әнді еліміздің ән ұранына айналдырды. Бұл өлең Жұмекеннің мәңгі өшпес мұрасы. Жұмекеннің есімі қазақтың елімен, өзінің қазақстанымен бірге. Елбасы қайда барсада Жұмекеннің өлеңі ол кісімен бірге жүреді. Жұмекен әні кішкентай сәбиден бастап ел-ағасы, аталарымыздың аузында мәңгі айтылатын, ұмытылмайтын ән .ол -еліміздің ән ұраны.

Жұмекен шығармалары бүгінгі таңда жастарымызды адамгершілікке, имендылыққа тәрбиелеуге қызмет етеді. Сондай-ақ Жұмекен шығармаларының келешек ұрпақтың игілігіне айналарына еш күмән жоқ. өйткені ақын шығармаларының «тамырлары тереңде,» бұтақтары биікте. Жұмекен Нажмеденов шығармаларын терең ұққан сайын оның жұлдызы биіктей береді.Жұмекен поэзиясы -біздің ұлттық мақтанышымыз, асыл байлығымыз.

Поэзияны жақсы түсінетін талантты жастарды осы алтын байлықтарды ашуға шақырамыз. Қатысқандарыңызға рахмет.

Гимн ойналады.


© 2010-2022