Баланың негізгі құқықтары мен міндеттері

Раздел Воспитательная работа
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Баланың негізгі құқықтары мен міндеттеріТақырыбы: Баланың негізгі құқықтары мен міндеттері
Мақсаты:
Білімділік:оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат бере отырып, өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету, құқықтық білімдерін толықтыру.
Барысы: I. бөлімі. Ұйымдастыру бөлімі.
II. бөлімі. Негізгі бөлімі:
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Заңды білу - заман талабы. Бүгінде Қазақстан Республикасында демократияға бағытталған құқықтық мемлекет құру идеясы жүзеге асырып, ондағы әрбір азаматтың өз құқықтарын жете біліп, соған сай сана - сезімдерін қалыптастыру. Азаматтың міндеті - заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан, өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз - өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы - атында емес, адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттарының бірі - қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Әлемде 1979 жылы Халықаралық балалар жиынын өткізу кезінде «Балалар құқығы туралы халықаралық конвенцияны» дайындау жөнінде топ құрылды. 1989 жылы 20 қарашада конвенцияны БҰҰ бірауыздан қабылдады. Конвенция - әлем балаларының құқығын қорғау туралы және оларға тәрбие беру жөніндегі бірнеше баптан тұратын маңызды құжат. Онда: «Қатысушы мемлекеттер әрбір баланың өсіп - жетілуі қажетті тұрмыс дәрежесін қамтамасыз етеді және оның құқығын мойындайды» делінген.
III. бөлімі. «Балалар құқығының» заңдары.
- Бала деп кімді айтамыз?
- Баланың қандай құқығы бар?
- Еңбек етуге;
- Өз пікірін білдіруге;
- Баланың өз атын, әкесінің атын алуға;
- Мүлікке ие болу;
- Қорғалуға;
- Отбасында өмір сүруге, тәрбиеленуге;
- Ұлтын таңдауға;
- Дем алуға;
- Денсаулығын сақтауға құқылы.
«Бала құқығының» заңдарынан баптарды ұсыну.
1 - бап
Бала сипаттамасы.
18 жасқа толмаған жеткіншек бала деп саналады. Ал кейбір жағдайда жергілікті ұлттық заңдар бойынша кәмелеттік жас одан ерте көрсетілуі мүмкін.
2 - бап
Дискриминацияны, яғни зорлық - зомбылықты болдырмау.
Барлық құқық барлық балаға бірдей тарайды. Мемлекет баланы зорлық - зомбылықтың барлық түрінен қорғауға және оның құқығын қорғау үшін тиісті шараларды қолдануға міндетті.
3 - бап
Бала құқығын анағұрлым толық қамтамасыз ету.
Балаға қатысты жасалатын барлық іс - әрекет оның мүддесін толық көлемде ескеруі қажет. Егер ата - ана немесе басқа тұлға балаға керекті қамқорлықты көрсете алмаса, онда бұл жауапкершілікті мемлекет өз мойнына алуы тиіс.
4 - бап
Құқықты іске асыру.
Мемлекет осы Конвенцияда көрсетілген құқықтарды жүзеге асыру үшін қолдан келгеннің барлығын жасауы керек.
5 - бап
Отбасындағы тәрбие және бала қабілетінің дамуы.
Мемлекет баланың жан - жақты дамып келе жатқан қабілетін ескере отырып, оның тәрбиесі жолында ата - аналар мен кеңейген отбасылардың құқығы мен жауапкершілігін құрметтеуі тиіс.
6 - бап
Өсу мен даму.
Әрбір бала өмір сүру құқығына ие және мемлекет оның өсуі мен дамуын қамтамасыз етуге міндетті.
7 - бап
Есім мен азаматтық.
Бала дүниеге келген соң өзіне есім алуға құқылы. Бала сондай - ақ азаматтық алуға, мүмкіндігі барынша өз ата - анасын танып білуге, олар тарапынан қамқорлық көруге құқылы.
8 - бап
Жеке тұлғалықты сақтау.
Мемлекет баланың өзіндік қайталанбас тұлғалылығын сақтауға, тіпті керек болған жағдайда оның негізгі қасиеттерін қайтадан қалпына келтіруге міндетті. Ал негізгі қасиеттердің қатарына есім, азаматтық және отбасылық қарым - қатынас жатады.
9 - бап
Ата - анадан ажырау.
Бала өз мүддесіне қарама - қайшы келетін жағдайда ғана болмаса, ата - анасымен бірге тұруға құқылы. Сондай - ақ бала ата - анасының екеуінен немесе біреуінен ажыраған жағдай да олармен байланыс жасап тұруға құқылы.
10 - бап
Отбасының қосылуы.
Бала мен ата - ана отбасын біріктіру немесе өзара қарым - қатынастарын нығайту мақсатында кез - келген елден шығын өз еліне келуге құқылы.
11 - бап
Заңсыз орын алмастыру және оралмау.
Мемлекет ата - ананың немесе үшінші бір жақтың баланы шет елде заңсыз ұстап тұруына болмаса ұрлауына жол бермеуге және бұл жағдайда тиісті шаралар қолдануға міндетті.
12 - бап
Баланың көзқарасы.
Бала өз ойын, пікірін еркін жеткізуге құқылы және балаға қатысты мәселелерді шешу барысында бұл пікірлерге тиісті назар аударылуы лайық.
13 - бап
Пікір айту еркіндігі.
Бала қандай шекара болмасын өз ойларын ашық жеткізуге, ақпарат алуға, сондай - ақ ақпараттарды, идеяларды беруге, таратуға құқылы.
14 - бап
Ой, ар - намыс және дін бостандығы.
Ата - ананың балаға тиісті деңгейде жетекшілік етуі барысында мемлекет сол баланың ой еркіндігін, ар - ұяты мен дінін құрметтеуге міндетті.
15 - бап
Ассоциация бостандығы.
Бала басқа адамдармен кездесуге және ассоциаларға кіруге болмаса оны құруға құқылы.
16 - бап
Жеке өмір сүру құқығын сақтау.
Балалар өздерінің жеке, жанұялық және отбасылық өміріне қол сұғушылар еттерін қайтадан қалпына келтіруге міндетті. Ал негізгі қасиеттердің қатарына есім, азаматтық және отбасылық қарым - қатынас жатады.

IV бөлімі. Мұғалімнің қорытынды сөзі.
Конвенцияда адам құқығын құрметтеуге, баланы ата - анасынан, олардың мәдениетіне, тіліне, өзі тұратын елдің ұлттық байлығына, қоршаған ортаға, табиғатқа құрметпен қарауға тәрбиелеу жөнінде айтылған.
Біз тәуелсіз, егеменді елміз. Өзімізге тән елтаңба, әнұран, туымыз бар. Соның маңыздыларының бірі - 1995 жылдың 30 тамызында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданған.
Конституция 98 бапты біріктіріп 9 бөлімнен тұрады. Адамның құқықтары, бостандықтары мен міндеттері осы бөлімдерде жазылған. Әр адам өз құқықтары мен міндеттерін білуі керек. Бүгін осы мәселелерді қарастырдық. «Заң білу - заман талабы». «Бала құқығы». «Заңға бағыну - адамзат міндеті».
Мен міндеттімін:
- білім алуға
- тәртіп сақтауға
- мектеп мүлкін сақтауға;
- үлкендерді сыйлауға;
- ана тілдің тазалығын сақтауға;
- әрдайым таза, ұқыпты жүруге;
- темекі шекпеуге, спирттік ішімдіктер ішпеуге.
Бүгінгі сынып сағатын қорытындылай келе, сіздерге көп алғыс айтамын. Заңды аяққа баспайық, балалар! Сау болыңыздар!

«Павлодар облысының туберкулезге қарсы балалар санаторийі»ММ




Тақырыбы : Жол жүру ережесін білесің бе?.




Мұғалім : Ахметжанова Г.С.

















2015 - 2016 оқу жылы



© 2010-2022