Рухани сезім әлемінде. .. әдеби сазды кештің сценариі

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Рухани сезім әлемінде...» атты әдеби-сазды кештің сценарийі

Көрермен келіп, жайғасқан соң жарық сөнеді. «Әдебиет» атты әлемге көз жүгіртіп, көрерменге ой салу. Көрермен жақтан 10 «Ә» сынып оқушысы Сәтбай Өмірәлі әдебиет жанашыры ретінде сөз бастайды.

Өнердін ілкі бастау бұлағын ұлық тұту-әрбір саналы азаматтың борышы деп түсінсек, бұл әдебиетке деген шынайы ықыластын нышаны болмақ.

Биік адамгершілік пен сұлу сезім жан дүние тазалығын таптатпас тәкаппарлыққа тұнып тұрған әдебиетте ғасырлар жүрегіне уақытпен бірге жол шегетін қилы тағдырлар жатыр.

Бұл әдебиетте ақын көкірегінен бұрқыраған бұла шумақтардан тұратын жаһұт жырлар жатыр.

Бұл әдебиетте көк мұхиттың толқынындай бір-бірімен жалғасып жататын өмір өткелдері жатыр.

Бұл әдебиетте қараңғы тұнғиыққа малына батқан қыз сезімінің аласұрған тағдырына мойыған тұстары жатыр.

Бұл әдебиетте сезім дүниесін бейнелейтін лирика жатыр.

Бұл әдебиетте аянышты өмір иелері Айқарагөздің меніреу түнді серік етіп толықсып тұрған қияқтай әдемі айды сырлас еткен Ләйлә қыздың тағдырлары жатыр.

Біле-білсек, қадірменді оқырман, әдебиет-біздін ішкі жан-дүниеміздің жаршысы. Ол бізді күлдіреді, жылатады, күйіндіреді, сүйіндіреді Себебі, өмір солай. Иә...

Содан соң, сахна ашылып, жарық жанады. Сахна ішінде әр қалыпта тұрған оқушылар поэзия оқиды.

8 «Б» сынып оқушысы Көбесова Айя, 10 «А» сынып оқушысы Қанибаев Дәуірхан, 5 «А» сынып оқушысы Асылхан, 5 «Г» сынып оқушысы Бурабай Динара, 6 «Б» сынып оқушысы Жақсылық Ботагөз.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері: Д.Байділда, А.Өтепбаева өлең оқып, ән орындайды.

Ф.Оңғарсынованың «Мұқтаждық» өлеңіне қысқаша көрініс. 3-сынып оқушысы Ербол жетім баланың рөлін, 10 «Ә», 8 «Б» сынып оқушылары Қалимоллаева Жәмила, Әзілбекова Құралаай саудагер рөлін сомдайды. Жетімге жәрдем беріп, қолдау көрсетуші 11 «А» сынып оқушысы Ж.Өмірзақ толғау орындайды.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Өтепбаева Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» шығармасындағы Ләйланың рөлін сомдайды. Келесі нөмірде 11 «В» сынып оқушысы Гүлсая «Елім-ай» өлеңімен...

Бір топ шәкірттер поэзиядан сыр шертеді.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М.Сисенбиева М.Әуезовтың «Ай-Қарагөз» шығармасындағы Қарагөздің образын ашады.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қ.Жансұлтан өз інісі Сәндібай Айдынмен ән шырқайды.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Бозғұланова 5 «Г» сынып оқушыларымен өлең оқиды.

Бастапқы монолог оқыған бала қайта шығады.

Е-е-е, әдебиет осы бір жалғыз ауыз сөзде қаншама ұлы сезім, толғаныс, сүйіспеншілік жатыр десеңші, шіркін!

Қадірменді оқырман, сіздер адам дүниесін нұрландырып алып екі тамырына қан жүгіртетін,сезімнің тоқсан тарау жырын қозғайтын ғажайып әдебиет деп аталатын рухани әлемнен жаныңызға азық алдыныз.

Ендеше жылағанда жұбататын, қуанғанда қоштайтын, ғашық болғанда шабыт беретін әдебиетпен етене жақын болайық, ағайын!





№249 мектеп-лицей


РУХАНИ СЕЗІМ ӘЛЕМІНДЕ...

(Онкүндік аясындағы әдеби-сазда кештің сценарийі)


Ұйымдастырған: А.Т.Тұрымбетова


2013 оқу жылы

© 2010-2022