Асыл ана тәрбие сағаты

Раздел Воспитательная работа
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағатының тақырыбы: Асыл ана!

Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Ананы сыйлып құрметтеуге үйрету; оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту; адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: қанатты сөздер, шарлар, суреттер.

1-жүргізуші: Құрметті асыл аналар, қадірлі ұстаздар, қыз-қызғалдақтар ! Көгімізде бейбітшілік нұрындай болып көктем шуағы төгілгенде адамзатты қуанышқа бөлеп, адам баласына өмір, жылылық, әсемдік сыйлайтын Аналар мерекесі келді.Баршаңызға осынау төл мерекелеріңіз құтты болсын дей отырып,Сіздерге тек қана дүниенің жақсылығын, атқан таңның арайын, күн сәулесінің шапағын тілейміз

Тізсем де сөз сарасын, сөз шырынын,

Қай теңеу көзін табар өз сырының.

Тербетіп тал бесікті таңды атырған,

Бұл құрмет бір минуттық көз шырымың.

Бар ізгілік өзің еккен бойдағы,

Көкірегімнен жыр құсы боп сайрады.

Барлық әлем деп тұрғандай бүгін бір.

«Құтты болсын, құтты болсын аналардың мейрамы!»

2-жүргізуші: 1910 жыл 8-наурызда Данияның астанасы Копенгагенде болған социалистердің халықаралық ІІ конференциясында Клара Цеткиннің ұсынысы бойынша халықаралық әйелдер күні белгіленді. Ол алғаш рет Германияда, Австрияда, Швейцарияда, Данияда 1911 жылдан бастап мерекеленді.

О Ана, абзал Ана асылдарым!

Жайнасын көңіліңнің жасыл бағы.

Сіздер үшін ән-мен күй, өлең мен би,

Сіздер үшін мереке шашулары.

Оқушылар вальс билеп шығады.

1-жүрізуші

Ананың берген тағылымына хан қаһары да, батырдың айбары да теңесе алмайды. Осындай құдіретті паш ететін сөз кестесіне назар аударайық.

1-оқушы: Ана дегеніміз - өмірдің бастауы мен таусылмайтын жалғасы. Ана - тіршілік көзі, үлкен тағдыр, махаббат пен шабыттың нәрі.

2-оқушы:Ана махабаты адамға қанат бітіреді, күш береді, ерлікке шақырады.

3-оқушы:Ана - өмір гүлі. Ана деген сөз барлық халықтың тілінде жылы естіледі.

4-оқушы:Ана десе әр баланың тілегі ақ, мейірімі ұшан-теңіз. Анамыздың көңілі шат, жүзі жарқын, дені сау болуын әрқашан тілейміз.

5-оқушы: Ана - сұлулықты, жарасымдықты, көріктілікті, барша игілікті бойына сіңірген тұлға.

6-оқушы:Ана - әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам.

7-оқушы:Ана -әр үйдің алтын қазығы. Ананың мейірімі көзінде, жылылығы жүрегінде, ықыласы көңілінде, ақылы сөзінде емес пе?

8-оқушы: « Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді».

9-оқушы: Ана сөзінің аясында асыл, аяулы, ардақты, құдіретті сезімдері тоғысары анық.

10- оқушы: Ана -адамзат мекен еткен жер шарының әр түкпірінде, әр үйде мейірім мен мерейдің, достық пен туыстықтың туын тіккен аяулы жандар.

11- оқушы: Егер барлық адамдарда ананың мейіріміндей мейірім болса, жауыздық жер бетінен өшер еді.

12- оқушы: Адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар. Ана қадірі ақ орда салуды, алтынға бөлеуді қаламайды, ана баласының ер жетіп адам болуын қалайды. Анаға осыдан артық тарту-таралғының керегі жоқ.

Ән: Ана туралы жыр

Би: «Адай»

Ана-жарық сыйлаған жан екенсің,

Ана-шуақ шашатын таң екенсің.

«Ана-өмір, ана-бақыт, ана-жүрек»

Деп соққан жүрегімнің әні екенсің.

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейміз бәрімізде жарқылдап,.

Ана деген - бәйтерегі өмірдің,

Ана деген- алтын қазық, алтын бақ.

Ана деген асыл жандар болаттай,

Ана деген мөлдір жандар бұлақтай.

О, адамдар қадірлей біл ананы,

Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай.

Оқушылар:

Девушкам, женщинам, мамам и сестрам.

Вам, кому праздник весны посвящен.

Юноши наши - рыцари ваши

Шлют поздравленья и низкий поклон.

Анашым ортамызға келсең күліп,

Болады алатаудай еңсем бюиік.

Балалық қарызымды өтеймін бе

Әлемнің жақсылығын берсем жиып.

Ана деген, ана деген - бұл өмірдің тірегі,

Аналардың мөп-мөлдір ғой, тілегі.

Құлыным деп шырылдаған, ешбір тыным таппаған,

Ауырмасын, ауырмасын аналардың жүрегі.

В этот день пусть будет много света

Радости, уюта и тепла,

Чтобы жизнь была мечтой согрета,

И в душе всегда любовь жила.

1-жүргізуші:

Дүниеде ең кемеңгер дананы,

Ана табады, аялайды, бағады.

Сол үшін де құдіретіне бас иіп,

Құрметтейік қасиетті ананы.

Би: «Кең жайлау»

Мереке келді, шаттықтың ғана тарт күйін,

Ән айтқың келсе қуаныш әнін айт бүгін.

Жасарып дүние ұмытып кетті қарттығын,

Көктеммен келген 8-наурыз бүгін.

Ер жеткізіп өсірген ол баласын,

Ақылдысың, ардақтысың, данасың.

Қарайтыным қас -қабағың бір сенің,

Қайратыңнан қайта көрме анашым!

Әрдайым да ана сөзін тыңдайық,

Аялайық, қайда жүрсек жырлайық.

Әрбір сөзін екі айтқызбай әрқашан,

Аналарды құрметпенен сыйлайық.

Ана -деген бастауы ұлылықтың,

Ана деген - рәмізі сұлулықтың.

Ана - деген бір жыр бар шырқалатын,

Асқақтатар биікке ұрақ атын.

Өзіңсің, сүйікті анам, құдыретім,

Жанымды жадыратып күлдіретін.

Сендегі маған деген мол мейірді,

Нұр толы қос жанарың білдіретін.

Құттықтаймын мейрамыңмен аналар

Әр күлгенің бізге бақыт саналар.

Еңбегіңді еш етпейді өмірде,

Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар.

1-жүргізуші

Орасақ та жәннәт ішік, құндызға,

Баласақ та айға, күнге, жұлдызға,

Ана соның бәрінен де ардақты,

Одан ыстық құдірет жоқ ұл-қызға.

Би : «Орыс биі»

1-жүргізуші

Әсем би әрбір елдің рәсімі екен,

Өнерпаз ортамызда басым екен.

Өнерін қуаныштан кім аяған,

Жаңа биді сіздерге шашу етем.

Би: «Испан биі»

Қадірлі, асыл Аналар! Қымбатты қыздар! Сіздер өмір гүлісіздер! Күн шуағындай мейірімдеріңіздің арқасында біз әлі талай шыңдарды бағындырып биіктерге көтерілеміз. Әрқашанда Сіздер бізге көктем гүліндей әдемі, көктемнің ерке желіндей жылы боп қала бересіздер! Өздеріңізге деген тілегіміз ешқашан аяқталмақ емес. Аман жүріп, еңбектеріңіздің жемісін ұзағынан көріңіздер.

Аналар қалқып баққыт аралында,

Лайым мұң қонбасын жанарында.

Салтанатты кешіміз аяқталды,

Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа!

Барлығы: Ана деген - асылы ғой даланың,

Ана деген - сағынышы баланың.

Бұл өмірге қуанышпен нұр төккен

Бас иеміз алдында бар ананың.


Баршаңызғы иіліп сәлем берем,

Мен қызымын Серіктің Шынар деген.

Оқуды да, жазуды тез меңгердім

Қырық екі әріпті жатқа білем.

1-ші «А» сыныбының

Жарқырағын жұлдызымын.

Сабақты жақсы оқитын.

Айдана деген бір қызыңмын.

Жақсы әдепті, жақсы істі

Бойымы әр кез термекпін.

Қиындықтан қашпайтын,

Қадржан Мейрамбекпін.

Жанұя атты баламын,

Таудай биік талабым.

Жақсы оқып сабақты,

Білімді бала боламын.

Ұстаз ұғар қашан да,

Талабын әр баланың.

Жақсы оқитын сабақты,

Руслан атты баламын.

Қыздар деген бола алады қыр гүлі,

Қазақ қызы болу керек үлгілі.

Жақсылыққа ұмтылатын әрқашан,

Фаризамын анашымның бір гүлі.

Ай нұрынан жаралған,

Ай мен күні анамның.

Амина деген сұлуың,

Мен боламын ағайын.

Ақылдысы баланың,

Кілең бестік сабағым.

Алдияр атты жігітпін,

Таудай менің талабым.

Мен де есті баламын,

Айтқан тілді аламын,

Ұшқыш болар өскенде ,

Мен Темірлін боламын.

Кең болсын еліміздің керегесі,

Тату болсын, болмағай ерегесі.

Таныстырсам өзімді, оу ағайын,

Мен Ержанмын, ата- әжем немересі.

Сабақтан еш қалмаған,

Ерінбей оқып талмаған.

Боламын дейді үлгілі

Мирас атты бір балаң.

Әліппені жатқа білем бүгінде,

Өз бетіммен оқи алам ертегі.

Таныстырсам әдепті қыз Ақпейіл,

Мен боламын еліміздің ертеңі.

Ынталы да, инабатты,

Өнегелі бір қызбын.

Ата-анамның ақылдысы,

Анарбек Жансаямын.

Лаулатып сәби сезім ой алауын,

Шаттық тілеп таңменен оянамын.

Еркелеткен есті қызы атамның,

Мына мен Мухаметжан Рабиғамын.

Самғармын ата-әже баласымын,

Әжемнің тәтісімін, дарасымын.

Қашан да қатарластың алды болып,

Мен ақтаймын сенімін ата-анамның.

Түсінсем деп бар кітапты,

Ынта қойып қарамақпын.

Сыныптағы ең кішкентай,

Атым Нұржан Манабай.

Ақбота едп қойыпты есемімді,

Бұл әрине ата-ана шешімі де.

Ақылды боп көп істер атқарамын,

Ұстаз сөзін ұғамын жатқа бәрін.

Жеңу үшін қиындықты

Еңбегін кім аяған.

Алдарыңда тұрған қыз-

Жанатқызы Аяжан.

Жақсы оқитын мен үлгілі баламын,

Азамат боп мен де өсіп толамын.

Азамат боп өскенде,

Білімді болу арманым.

Білімнің аштым есігін,

Толеубай Әли есімім.

Ата- анамның ардақтаған,

Әсел атты қызымын.

Сыныптағы үлгі тұтар

Оқушының бірімін.




© 2010-2022