Статья Әке - асқар тау

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Ана көрген тон пішер, әке көрген оқ жонар»

Қазақ халқы қашанда бала тәрбиесіне аса бір сыни көзбен қараған. Бала оң-солын тани бастасымен ата-ананың, достарының, араласатын ортасына қарап жеке тұлға қалыптасады. Ананың аялы алақанымен қатар,әкенің де бала тәрбиесіне аса зор ықыласпен, айрықша ынта-жігермен ат салысу керек. «Ана көрген тон пішер, әке көрген оқ жонар» демекші ер бала әкесінің іс-әрекеті, мінез-құлқына қарап еліктей бастайды.

Осы бағытта С.Мұқанов атындағы жалпы орта мектебінде тәрбие бағытының жұмыс жоспарына сәйкесті «Әке - асқар тау» тақырыбында әкелер басқосуы ұйымдастырылып,мектеп бойынша 20 әкенің қатысуымен шара жоғары деңгейде өтті.Шараны ашу үшін мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Т. Үмбетқалиеваға сөз беріліп,шара әрі қарай оқушылар дайындаған әдеби-монтажбен жалғасын тапты. Х сынып жетекшісі Ж.Битекенованың жүргізуімен «Әке - білек, саусағы - балалары, қан тамырмен жалғасқан аралары....» тренингі ұйымдастырылып,тренинг барысында әкелер қауымы бір-бірімен танысып,отбасындағы бала тәрбиесі жайында және де тәрбиедегі кемшін тұстар мен әке беделі жөнінде өз ойларын жеткізіп,тренинг барысындағы берілген жұмыстарға белсене қатысты. «Сын түзелмей, мін түзелмейді», сондықтан әрдайым баласының игі істерімен жеткен табыстарын қолпаштап, шалыс басқан жері болса түзетіп, дұрыс бағыт-бағдар берсе, бала әкесін қажет кезде арқа сүйер тіреуіші, панасы екенін ұғынады деген қорытындыға келіп,әкелер қауымы ұстаздарға алғысын білдіріп,осындай шаралардың жалғасын табуына тілек етті.Әкелер басқосуын қорытындылай келе,мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш.Исатаева әкелерге алғысын білдірді.

Әке мейірімін сезініп өскен жеткіншек ұрпақтың болашағыда жарқын болмақ. Сондықтан аяулы да абзал әкелер балаларыңызға әрдайым көңіл бөлуге, мейірім шапағаттарыңызбен қамқорлықтарыңызды көрсетуге тырысыңыздар. Тек сонда ғана елімізде шаңырағы биік, босағасы берік отбасылар саны толысар еді. Себебі ана мен бала әрдайым абзал әкелері мен асыл жарларынан айрықша қамқорлықты, ерекше ілтипат сезімін күтеді.

Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі

Ж.Битекенова

Статья Әке - асқар тау

© 2010-2022