Ана күннің шуағы тәрбие сағаты

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


"Ана күннің шуағы"

1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ақ жаулықты аналар! Армысыздар, қымбатты арулар!

Балаға анадан артық, анадан қымбат жан жоқ. Сондықтан да халық даналығында ананы ардақтайтын, ананы дәріптейтін небір асыл сөз маржандары кездеседі. "Ананың алдында асқар тау да аласа" дейді халық. Ана бәрінен биік. Олай болса, құрметті аналар, аналар мейрамы құтты болсын. Бүгінгі мереке Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ана күннің шуағы» атты кешімізді ашық деп жариялаймыз.

Армысыздар, мектебімнің асылдары,

Жайнасын көңіліңнің жасыл бағы.

Халықаралық әйелдер күніменен

Құттықтаймын аналарды осындағы.

Құттықтау сөз аяулы ана, асыл жар, сүйікті әже, білімді басшы, мектебіміздің жүрегі ----------------------------------------------------------------------------------- беріледі.

Номер: Балалардын тақпақтары

жүргізуші: Адамды дүниеге әкелетін, өмір сыйлайтын құдіретті ана емес пе? Сол құдірет иесінің алдында бәріміз де бас июге тиіспіз.

Ақ сүтінен жаралған,

Ақ сүтінен нәр алған,

Анаға бас иеміз!

Туған елдің тілі деп,

Туған жердің үні деп,

Анаға бас иеміз!

Балабақша әнімен ортаға Шерікбай Жанеркені қарсы алыңыздар

жүргізуші: Ана - адамзат мекен ететін жер шарының әр түкпірінде, әр үйдің мейір мен мерейдің, достық пен туыстықтың туын тіккен адам.

Ана деген адамға Атамекен,

әр адам анаменен адам екен.

Бір өзіңе көрсеткен жақсылығым,

Бір күнгі тәтті ұйқыдан садаға екен.

Үнді биі Телебек Ұлту

жүргізуші: Қазақ әйелді, ананы, қыз баласын қадірлеп құрмет тұтқан. Ару...

Ана бүкіл әлемнің әдемілігі, бар тіршіліктің мәні осы екі ұғыммен өзектесе жатады екен.

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,

Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша аяулы ана тына алармын,

Ән болып сағыныштан ақтарылмай.

Ән «Ата-ананы тыңдаймыз» Жанболатқызы Айсымбат

жүргізуші: Ана биік, ана аспан төбедегі,

Ана ғұмыр, дастаным өлеңдегі

Ана сұлу аққуым көлімдегі,

Ана жарық жұлдызым көгімдегі дей отырып,казір сайысқа қатысушы аналарды балаларымен ортаға шақырамыз.

1.Женисхан Эрхегүл баласы Ерсұлтан

2.Купай Тажигуль баласы Жанерке

3.Толеухан Жанаргуль баласы Нұрболат

4.Рай Гүлбаршын баласы Серікболсын

5.Сабырова Динара баласы Нұртілеу

6.Сайлау Баршагуль баласы Айсымбат

Сіздерді әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Сайыстың шарты:

1.Таныстыру

2.Баланың анаға арнаған өнері ( тақпақ,ән, би )

3.Қолөнер (5 минут )

4.Өз өнерін көрсету

5.Білгір болсан,тауып көр сайысында мен мақалдың басын айтам ,аяғын сіздер жалғастырасыздар.

Женімпаз ата-аналарға алғыс хаттар беріп,қошеметтеу.

Трининг жүргізу ата-аналар арасында


жүргізуші: Аналар, қалқып бақыт аралында,

Лайым мұң қонбасын жанарыңа.

Осымен кешімізді аяқтайық,

Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа

Ардақты аналар, мейрамдарыңыз құтты болсын!

Біз мәңгілік сіздерге, аналар, борыштармыз дегім келеді. Сіздерге балалық жүректен мың да бір алғыс. Мерекелеріңіз құтты болсын!










КММ Байет ЖОББМ




Ана күннің шуағы тәрбие сағаты





Тәрбиеші: Каядарь О.







Тойдың болғанынан ... (боладысы қызық)

Таз таранғанша... (той тарқайды)

Әншейінде ауыз жаппас... (той дегенде өлең таппас)

Жүзігің алтын болғанша... (жүзің жарқын болсын)

Бала жетіге келгенше... (жерден таяқ жейді)

Ұяға отыз үйден тию... (қызға қырық үйден тыйым)

Қыз жоқ жерде... (қызық жоқ)

Әкенің жақсылығы... (жездедей-ақ)

Астың дәмін тұз келтірер... (ауылдың сәнін қыз келтірер)

Атаңның баласы болма... (адамның баласы бол)

Білекті бірді жығар.... (білімді мыңды жығар)

Шешен сөз бастар... (батыр қол бастар)

Әке көрген оқ жонар... (шеше көрген тон пішер)

Жақсы байқап сөйлейді... (жаман шайқап сөйлейді)

Әдепті бала - арлы бала... (әдепсіз бала - сорлы бала)

Жақсыдан үйрен... (жаманнан жирен)

Баланың ұяты әкеге... (қыздың ұяты шешеге)

Балапан ұяда не көрсе,.. ( ұшқанда соны алады)

Қына тасқа бітеді,.. (ақыл басқа бітеді)

Ата - бәйтерек,.. ( бала - жапырақ)

1.Әдепті бала ата - анасын мақтатар,…

( әдепсіз бала ата -анасын қақсатар).

2.Ана сүтін ақтамағанды ,…

( ешкім мақтамайды)

3.Әке тұрып ұл сөйлегеннен без,…

(шеше тұрып қыз сөйлегеннен без)

4.Қарағайға қарап тал өсер,…

(қатарына қарап бала өсер)

5.Үйінде ұл - қыз бардың,…

(көгінде сөнбес жұлдыз бар)

6.Атаңа не қылсаң ,…

(алдыңа сол келер)

7.Ұяда не көрсең ,…

(ұшқанда соны іленсің)

8.Әдепті бала - арлы бала,…

(әдепсіз бала - сорлы бала)




© 2010-2022