Елбасы мұраты, гүлденген Қазақстан

Раздел Воспитательная работа
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Елі сүйген, елін сүйген - Елбасы»

Мақсаты: Жас ұрпаққа Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы мағлұмат беру, Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып елжандылыққа, Отансүйгіштікке, азаматтыққа баулу, ел болашағын ойлайтын, халқы үшін еңбек ететін, ұлттық санасы, құқықтық мәдениеті қалыптасқан жастарды тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Н.Ә.Назарбаевтың суреттері, кітап көрмесі «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол», Елбасының қанатты сөздері, слайдтар

Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ауыл тұрғындары, құрметті көрермендер! 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні қарсаңында өткізгелі отырған сабағымызға қош келдіңіздер.

2- жүргізуші: Бар әлемге шын танылдық міне, біз,

Елін сүйген Елбасы деп білеміз.

Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан

Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.

Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,

Елдің даңқы бар жаhанға естіліп.

Елбасыны құрметтейтін ерекше

Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!

1- жүргізуші: Азаттық пен елге қонды тосқан бақ,

Қазақ елін мойындауда дос таңдап.

Елбасының еңбегімен нұрлана,

Қазағымның мерейі тұр аспандап.

Елі үшін олжа салып қиырдан,

Шықпаған еш ауыртпалық, қиыннан.

Мерекеңіз құтты болсын көпшілік,

Елбасының құрметіне жиылған!

2- жүргізуші: Мерекелік құттықтау сөз мектеп директоры Кабасов Бекет Мырзағұлұлына беріледі.

1- жүргізуші: 1 желтоқсан - еліміздің мемлекеттік тәуелсіздігіне қол жеткізу тарихында және жаңа мемлекеттің даму стратегиясын айқындауда орасан маңызға ие. 1991 жылғы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, ол сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайланды. Арада небәрі жарты ай өткенде Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды, яғни тарихымыздың жаңа дәуірі басталды. Бұл күн - біздің өз тарихымызды өзіміз айқындауымызға алғашқы нақты қадам жасаған күніміз. 1 желтоқсан - мемлекеттік тарихының мерейлі күні.

Ән: «Нұр аға».

2- жүргізуші: Нұрсұлтан Назарбаев - ұлттық дәстүрде тәрбиеленген, халқының бар қадір-қасиетін бойына жиған, тілін, тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін жетік білетін, ұлтын жан-тәнімен сүйетін, оның мәртебесін өсіріп келе жатқан ұлтжанды азамат.

Сайыскерлерімізді ортаға шақырайық. Сайыстың мақсаты - жас ұрпаққа Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы мағлұмат беру, Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып елжандылыққа, Отансүйгіштікке, азаматтыққа баулу, ел болашағын ойлайтын, халқы үшін еңбек ететін, ұлттық санасы, құқықтық мәдениеті қалыптасқан жастарды тәрбиелеу мақсатында сайысымызды өткізгелі отырмыз.

Сайыс 7 бөлімнен тұрады.

І бөлім. Командаларды таныстыру.

ІІ бөлім. Сұрақ-жауап.

ІІІ бөлім. Мақал-мәтелдер (Отан, туған жер, ел, ер туралы)

ІV бөлім. Патриоттық әндер.

V бөлім. Сұрақтарға жауап табу, әріптерден жауабын табу.

VІ бөлім. Блиц турнир. (Капитан командаларына 10 сұрақ).

VІІ бөлім.Ұпайы төмен команда патриоттық ән айту керек.

Сайыскерлеріміздің ұпай сандарын анықтап отыру үшін сарапшыларымызды сайлап алайық. Сарапшыларымыз мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қуанышқалиева Кенжетай Мұғайдақызы, мектеп психологы Мырзағалиев Арыс Серікұлы, тарих пәнінің мұғалімі Арыстанов Қайыржан Ғабиденұлы.

1- жүргізуші: Ендеше сайсымызды бастаймыз. Таныстыру кезеңі. (командалар өздерін таныстырады).

Ән: «Елім менің». Орындайтын трио.

2- жүргізуші: Нұрсұлтан Назарбаев - тарих толғатып туған ғасырдың тұлғасы, елінің жанын ұғатын, халқын замана көпірінен аман өткізіп келе жатқан қамқоршы, еліміздің дарынды ұйымдастырушысы, көреген басшысы, нарықтық экономиканың терең білгірі, аңқылдаған ақ көңіл, кекшіл емес, текшіл, жікшіл емес, көпшіл жұртты сендіре де, иландыра да алатын, «Өз елім менің - өзегім» дейтін азамат.

1-жүргізуші: Екінші бөлім сұрақ-жауап . Командаларға сұрақтар қойылады.

1. Қазақстан Тәуелсіздігі қашан қабылданды?

2. Елбасымыз Н.Назарбаев қай жылы, қай айда дүниеге келді?

3. Қазақстан Республикасының рәміздерін атаңыз?

4. Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?

5. Ұлттық валюта - теңге қашан айналымға енгізілді?

6. Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы қашан қабылданды?

7. Қазақстан БҰҰ -ға қай жылы мүшелікке қабылданды?

8. Әнұранның авторлары?

9. «Жеті жарғы» заң жинағының авторы?

10. Нұрсұлтан Назарбаевтың әндерін атаңыз?

11. Тудың авторы?

12. Ақмола атауы Астана болып қашан өзгертілді?

13. Азиада қысқы ойындары қай қалаларда өтті?

14. «Мен қазақпын» өлеңінің авторы кім?

15. Бүкіл Шығыс әйелдері ішінен Кеңес Одағының батыры атағын алған кімдер?

16. Қазақстан Республикасының рәміздері қашае қабылданды?

17. Еліміздің ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі тарихи оқиға. Саммит қай жылы, қай айда өтті?

18. «Алтын адам» табылған жер?

19. Биыл Ата заңымыздың қабылданғанына неше жыл?

20. Жетінші Азия ойындары қашан өтті?

Ән: «Көк тудың желбірегені». Орындайтын Ғарифуллин Төребек

2-жүргізуші: Келесі 3 бөліміміз мақал-мәтелдер.

«Қазақ биі».

1-жүргізуші: 4 бөліміміз патриоттық әндер.

Ән: «Елім менің».

2-жүргізуші: Келесі 5 бөлімге де келіп жеттік. Сұрақтарға жауап табу, әріптерден сөз құрастыру.

1 топқа

1. Кең байтақ дала.

2. Астана әсем қала

3. Абай дана, Абай қара қазақта.

4. Адам өледі, ал ғылым мәңгі тірі.

2 топқа.

1. Үлкенге құрмет, кішіге ізет.

2. Өзі тойсада көзі тоймас.

3. Қиындыққа төзе біл.

4. Иісті сезе білу.

1-жүргізуші: Ел тынысын тереңінен танып кең,

Шарапаты бар адамға дарып тең.

Елбасының есімі бұл тарихта,

Қалары анық өшпес алтын әріппен.

6 сайсымызға да келіп жеттік. Ортаға капитан командаларын шақырамыз. Оларға 10 сұрақ берілед.

1. Туған жер деген сөзді қалай түсінесіздер?

2. Мемлекет билігінің қайнар көзі?

3. Тәуке ханның заңдар жинағы?

4. «Қазақстан 2030» стратегиясы қашан қабылданды?

5. Президент неше жылға сайлана алады?

6. Парламент неше палатадан тұрады?

7. Ел басқару саласындағы ең басты тұлға?

8. Отанға деген сүйіспеншілік?

9. Президент болып неше жастан бастап неше жасқа дейін сайлана алады?

10. Ең негізгі, ең басты Конституция не?

11. Сіздің туған жеріңіз қай ел?

12. Ерлік дегеніміз не?

13. Үкіметті кім басқарады?

14. қазақстандағы ең қымбат қазына?

15. Биыл Ата заңымыздың қабылданғанына неше жыл толады?

16. Астананың туған күні?

17. Қазақстан Республикасының мемелекеттік тілі?

18. «Бәйтеректің» биігі неше метр?

19. Қазақтың аты аңызға айналған батыры кім?

20. Астана қаласындағы өзен?

Ән: «Қазақ елі» трио.

2-жүргізуші: Сарапшыларымыз командалардың ұпай сандарын есептегенше кезекті әнге береміз.

Ән:

1-жүргізуші: Ауыр күнді артымызға тастауы,

Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.

Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,

Елбасымыз Нұрағаңның бастауы.

Туды ұстап тура жолға түсіріп,

Жас Отанның өмірін де түсініп,

«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,

Бір керемет жасады -ау кісілік!

2-жүргізуші: Елбасымыз саған мәңгі разымыз,

Үлкен-кіші, ағайындар - бәріміз.

«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,

Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

«Қара жорға» биі биленеді.

Есейген еліміз, еңселі еріміз аман болсын. Талай халықааралық жобаларды табыспен жүзеге асырып келе жатқан Қазақстанымыз ендігі жерде нұры тасып, абыройы аса берсін!

Ертегі әлеміндегідей өмір сүріп жатқан Қазақ елі күн сайын емес, сағат сайын өсіп, Өмір атты дауылды теңізде Нұрсұлтан атты кемеңгер көшбасшымен татулық кемесінде жүзіп келеді.

Қазақстанымыз қарыштай берсін. Асқақтай берсін азаттықтың Астанасы. Бүкіл түркі дүниесінің, Алты Алаштың айбары мен қорғаны болып отырған Елбасына Аллаh ұзақ ғұмыр берсін!



«Сырым аудандық білім беру бөлімінің жалпы білім беретін

Аралтөбе орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Елбасы мұраты, гүлденген Қазақстан

«Елі сүйген, елін сүйген - Елбасы»



Дайындаған кітапханашы Нургалиева З.А

2015-2016 оқу жылы


© 2010-2022