Жаяу жүргіншілерге, машиналарға арналған тар және кең жолдар

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Технологиялық карта

Тәрбиеші:Тулебаева Алия Жалеловна

Күні:16.09.15

Тақырыбы: Жаяу жүргіншілерге,машиналарға арналған тар және кең жолдар.

Білім беру саласы: Шығармашылық

Мақсаты: Балаларды жаяу жүргіншілерге арналған тар және кең жолдарды құрылыс материялдарынан құрастыру,олардың түсін,пішінін,көлемін ажырата алуға дағдыландыру,педагогтің ұсынған шарты бойынша құрылыс материялдарын кеңістікте дұрыс орналастыра білуге үйрету,өзара қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар: құрылыс материялдары және үлгі көрнекіліктер.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру,көрсету,әңгімелесу,сұрақ-жауаптар.

Сөздік жұмыс: тар,кең,жуан,жіңішке.

Іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

Шаттық шеңбері.Балалардың белсенді сөйлеуіне және қимыл-қозғалыс жасауына педагог назар аударды.Үлгіні көрсете отырып тар және кең жолдар жасайтын құрылыс материялдарын таңдап алуды;

Балалар шеңбер жасап бір-біріне алақандарымен жылу береді,жақсы сөздер айтқан соң орындарына отырады.

Ұйымдастыру-

Шылық-ізденістік

Орындарына отырған соң,педагог балалардың назарын өзінің алдындағы құрылыс материалдарына аударды.Олардың түстерін,көлемін,пішінін сұрайды.<<Жаяу жүргіншілерге арналған жол тар болады,оны жасау үшін кірпіштерді бір біріне тіркеп ұзынын қоямыз,ал машина жүретін жолдар кең болғандықтан оны жасау үшін кірпіштерді көлденеңінен қатарластырып қоямыз деп суреттегі үлгіні көрсете отырып өзі жасап көрсетеді.Құрылысты балалардың дұрыс жасауына бағыт беріп,басшылық жасайды.Олар жасап болған соң міне,мына ойыншық машинаны кең жолмен,қуыршықтарды тар жолман жүргізіп көрсетеді.Екінші ретте бір баланы шақырып машинаны жүргізіп көрсетеді.Екінші ретте бір баланы шықырып машинаны жүргізіп көрсетуді ұсынады.
Ойын: <<Тар және кең>> жолдар.Балаларға ұсақ машина ойыншықтарды таратылып беріледі.Жолдардың шеттеріне ағаштарды,текшелерден үйлерді тұрғызып құрылыс құрылыс мазмұнын біртіндеп күрделендіре түседі,өздігінен дербес ойлануға,әрекет етуге бағыттайды.

Текшелер кірпіштер.Қызыл,жасыл,көк.Балалар өздерінің алдыларындағы құрылыс материалдарынан
<< тар>> жол құрастырады.
Тар жолды көк түсті
кірпіштерді бір-біріне тіркестіріп қою арқылы жасаса.Кең жолды кірпіштерді көлденең қою арқылы құрастырады.
Балалар машинаны кең жолдың үстімен,қуыршақтарды тар жолдың үстімен жүргізіп көреді.

Рефлексиялық-түзетуішілік

Педагог әр баланың құрастыру іс-әрекетіне көңіл бөліп,өздері қандай жол жасағанын айтып беруді өтінеді.Түсі,пішіні,көлемін және кеңістікте қалай орналастырғанына мән береді.
Жақсы жасаған балалар құрылыстарын мадақтайды.

<<Кең>>,<<тар>> ұғымдарына сәйкес іс-әрекетті қайталап,өздерінің қандай жол жасағанын айтып береді.

Күтілетін нәтиже:
біледі: құрылыс материалдарының түсін,көлемін,пішінін
ажырата алуды;

игереді: кең,тар ұғымдарын меңгереді және оны іс-әрекет барысында көрсете алуды;
меңгереді: құрылыс материалдарымен жұмыс жасауды оны қөлемі,пішініне сәйкес кеңістікте жұрыс орналастыра білуге дағдылануы.

© 2010-2022