Менің тұңғыш Президентім дөңгелек үстел

Раздел Воспитательная работа
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

КЕЛІСЕМІН БЕКІТЕМІН

МБ тәрбие жөніндегі МБ мәдени жөніндегі

орынбасары орынбасары

_______А.О.Молдабекова ________М.К.Умирбекова









Дөңгелек үстел

Тақырыбы:

Менің тұңғыш Президентім

Сыныбы: 11 «Ә»

Сынып жетекшісі: Ержанова Ж









Жаңаөзен қаласы

Тақырыбы: Менің тұңғыш Президентім
Мақсаты: 1. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
3. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу
Көрнекілігі:слайдтар көрсету, үнтаспа, шарлар, суреттер, буклет «Біздің Диана. Әлем таныған, дарынды тұлға, іскер- саясатшы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев сол күннен бері 22жыл ел басқарып келеді. Ол Қазақстанды бүгінде әлемге әйгілі мемлекет етіп, атын шығарды. Ел экономикасын түзеп, болашақта көш бастаушы елдердің қатарына қосу үшін аянбай еңбек етуде.
Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді

Гүлденай: «Елбасына»
Ауыр күнді артымызға тастауы -
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар - бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

Диана:Біздің Президентіміз -Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев .
Мемлекет басқару ісі - машақатты да, мәртебелі міндет.
Басшы басқарған ел - ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.

Гүлденай: Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымызды әділеттің ақ жолын ту етіп елінің егемендігін, ынтымақты, тұтастық, бірлікті ойлаған, ұрпақтың саналығына мән берген, ар мен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері, тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың құрметіне арнағалы отырмыз!1 желтоқсан - Президент күніне орай өткізіліп отырған «Менің тұңғыш Президентім » атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймын!

Диана.Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.

Гүлденай: Бүгінгі күн бізге ОҢАЙЛЫҚПЕН КЕЛГЕН ЖОҚ.Тәуелсіз ел атану үшін, қаншама аға-апаларымыз, ата-бабаларымыз тер төкті. Соның арқасында бүгінде біз, Тәуелсіз, дербес, әлем таныған Қазақстан атанып отырмыз. Қазақ деген атымызды алғанға дейін қазақ халқының басынан не өтпеді, не көрмеді.
Қазақстан дейтін менің бар елім .
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман! (Қ.Аманжолов)
Диана Ел үшін еңбек еткен Елбасымыз- Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолына шолу жасайық.

1-оқушы:
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.

2-оқушы:

Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург -жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

3-оқушы:
• 1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген.
• 1967 жылы - Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бітірді. Экономика ғылымдарының докторы
Әл - Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің профессоры
Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі.
М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры
Гулденай• 1960 - 1973 жылдары - Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істейді.
• 1969 - 1973 жылдары - Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия - комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
• 1973 - 1977 жылдары - Қарметкомбинаттың партком хатшысы
• 1977 - 1979 жылдары - Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы, 2 - хатшысы.
• 1979 - 1984 жылдары - Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.
• 1984 - 1989 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы
Диана:• 1989 - 1991 жылдары - Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы. 1990 жылғы ақпан - сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің төрағасы болды.
• 1990 жылдың сәуірінен - Қазақстан Республикасының Президенті
• 1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет ҚР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Н. Ә. Назарбаев басым дауыспен 98, 7 жеңіске жетті.
• 1995 жылдың 29 сәуірінде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә: Назарбаевтың өкілеттілігі 2000 жылға дейін ұзартылды.
• 1999 жылдың 10 қаңтарында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесінде Н. Ә. Назарбаев 79, 78 дауыс алып, ҚР Президенті болып сайланды.
Гүлденай: 2005 жылдың 4 желтоқсанында сайлаушылардың 91, 5 дауысын алып, ҚР Президенті болып қайта сайланды.

Қазақстан халықтары ассамблеясының төрағасы
Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы
Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы

Жұбайы - Сара Алпысқызы Назарбаева, Халықаралық "Бөбек" балалар қайырымдылық қорын басқарады.
Президенттің үш қызы бар: Дариға - Пример министрдің бірінші орынбасары, Динара - Н. Ә. Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады. Әлия - бизнеспен айналысады, "Элитстрой" компаниясын басқарады.

Диана: 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялады

1991 жылы қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышта ерлік көрсетті.
1993 жылы қарашаның 15 - і күні ұлттық валюта - теңге айналымға енді.
Ақмола қаласы 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Қазақстанның астанасы деп жарияланды.
1998 жылдың 6 мамырында оған Астана деген ат берілген

1992 жылғы маусым айының 4 - жұлдызы - Қазақстан Республикасы тарихындағы ерекше мәртебелі күн. Бұл еліміздің мемлекеттік рәміздері, Елтаңбасы, Әнұраны дүниеге келген күн ретінде мәңгі есте қалады.

1991 жылдың 1 желтоқсаны және 16 желтоқсаны әрқашан да біздің тарихымыздың Бірлігі күні, Ұлы Күні болып қала береді, барлық уақыттарда да Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев есімімен тығыз байланыста болады
4-оқушы:......................................Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.

5-оқушы:......................................1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.
1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.
Елтаңба авторлары:Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов.

6-оқушы:......................Шаңырақ -Отан отбасынан басталады.ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынаны, ал уықтар -үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді.Ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгіздің қара күшін, еліктің шапшаңдығын,
қырмызы қызыл түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді.Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр.

7-оқушы:...............................Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып, 6-маусымда күшіне енді.Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі бар.Жалаудың ұзындығы -2 метр, ені-1метр. Жалаудың жобасын жасаған -суретші Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В. Ломоносов атындағыМәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.
Назарбаев - Қазақстанның ең жоғары ерекшелік белгісі - ерекше үлгідегі «Алтын Қыран» орденімен, сондай-ақ әлемнің көптеген елдерінің, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың жоғары наградаларымен марапатталған.
Әлемдік сарапшылардың мойындауынша, Қазақстандағы Назарбаев пен оның пікірлестері жүргізіп келе жатқан өзгерістер ХХ ғ. соңында пайда болған жаңа тәуелсіз мемлекеттер тарихындағы ең табыстылардың бірі болып есептеледі

8-оқушы:..........................1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы -Теңге айналымға енді.
Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,
Білдім дербес елімнің үлгісі деп.
Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым,
Беттерінен көз тартып тұрды сурет.
Теңдікті айтып тұр аты теңге деген,
Құт-береке болшы бір елге келген.
Өз туы, елтаңба, әнұраны бар
Айтыңдаршы, енді елім кем де неден?
9-оқушы:........................................

1995 жылы 28-қаңтарында тәуелсіз ҚР -ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.

Диана:«Ата Заң»
Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді,
Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің.
Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз,
Ата-баба мұра еткен, тұтастығын жеріміз.
Халық сенген заңымыз әділдікті қолдайды,
Жақсарсын деп халіміз адам құқын қорғайды.
Дейді заңы мемлекет үлкенге де, балаға:
"Оқу оқы, еңбек ет, кәсіп жаса қалаған!"
Әрбір бабы маңызды, әр көңілдің жыры бір,
Бізде 30 тамыз - Ата Заңның күні бұл.
Ермек Өтетілеуұлы.
Гулденай Астана-ҚР-ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.
Диана: 1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды.Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.
Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,
Жаңарып қалам, жасарып далам!
Басыңнан серпі бодандық жүгін,
Кетпейді ойдан Отандық ұғым.
Арыстан жүрек, айбынды елім,
Таниды сені бар әлем бүгін.

10-оқушы: 2006 жылы 7-қаңтарда әнұран қабылданды.
Егемен елім әнұраны жанарды,
"Менің Қазақстаным" жер жүзіне таралды.
(Әнұран айтылады)
Диана
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар - бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.
Гүлденай:
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!
Диана: Төле би сөзімен бугінгі шараны аяқтаймыз.
Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар,
Тау көтерген елім бар.
Қол бастайтын ерім бар,
Атадан қалған сара жолым бар.

Барлығы:«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»
Ән: «Елім менің» (сөзі: Н.Назарбаев, әні: Б.Тілеуханов)
Ән: «Жаса Қазақстан!»
Осымен бүгінгі 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының тұңғыш Презиенті күні арналған мерекелік шарамызды аяқтаймыз!!



© 2010-2022