Біздің елбасымыз-біздің мақтанышымыз

Раздел Воспитательная работа
Класс 1 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Біздің елбасымыз- біздің мақтанышымыз».

Мақсаты:

1. Оқушыларға қазақ халқының өзіндік тарихы, тұңғыш президенті, мәдениеті, даму кезеңдері, туралы түсінік беру.

2. Оқушыларды отансүйгіштікке, бірлікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелей отырып, патриоттық сезімдерін арттыру, елжандылыққа, ұйымшыл болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, Қазақстан Республикасының картасы, елбасы портреті, ел рәміздері, Астана, Алматы т.б. қалалар суреттері, кітаптар көрмесі, ел ағалары айтқан нақыл сөздер, плакаттар, түрлі-түсті шарлар іліп әлемдеу.

Өтілу барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Негізгі бөлім.

Оқушыларға сұрақ қойып, Отан туралы ойларын тыңдау.

Ел рәміздері туралы сипаттап айтқызу.

-Әнұранды айту.

Қазақстан халқы 1 желтоқсан күні еліміз үшін елеулі оқиға - Тұңғыш Президент күнін атап өтеді. Алайда кейбіреулерді бұл мерекенің шығу тарихы ойландырары анық. Айталық, былтыр ел Парламенті 1991 жылғы 1 желтоқсанда өткен Тұңғыш Президент сайлауына қатысты осындай шешім қабылдаған болатын. Мұның себебі неде? Себебі тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын шегелеп, болашаққа бағыт-бағдар берген Тұңғыш Президенттің халық алдындағы еңбегі ұшан-теңіз. Сәл тарихқа шегініс жасар болсақ: 1991 жылғы 1 желтоқсанда, алғаш рет жалпыхалықтық сайлау өтіп, егемен Қазақстанның негізін салушы - Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш рет Президент болып сайланды. Сайлауға қатысқандардың 98,78%-ы жақтап дауыс берді. Бұл жаңа мемлекет қалыптасуының өтпелі кезеңінде сенімді басшыға өз тағдырын тапсырған Қазақстан халқының жауапты таңдауы еді. Шын мәнінде, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында тәуелсіз Қазақ елі қалыптасып, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды. Қазақстанның шынайы егемендігін қамтамасыз еткен маңызды мемлекеттік актілерге қол қойылды.

Мәселен,1991 жылдың 29 тамызында Нұрсұлтан Назарбаевтың Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлығы шықты. Сондай-ақ 1991 жылдың 25 қазанында Президенттің Жарлықтарымен Қауіпсіздік кеңесі және мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. Оған дейін Президент «Одаққа бағынған мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарды ҚКСР иелігіне ауыстыру туралы» және «ҚКСР-ның алмас және алтын қорын құру туралы» Жарлық шығарды. Қысқасы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің іргетасы осылай қаланды.

Интерактивті тақтадан слайд көрсету: Н.Ә.Назарбаевтың балалық шағы, мектеп қабырғасында жүргендегі кездері, еңбек жолы, тәуелсіздік алғаннан кейінгі қажырлы еңбектері туралы.

1-оқушы:

Қасиетті Қазақстаным, мекенім,

Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.

Елім, Жерім, Отаным, бақ-дәулетім,

Болашағым, өнер- білім, өркенім.


2-оқушы:

Қазақстаным, қастерлі мәңгі дастаным,

Парақтап сені киеңді түсіне бастадым.

Сен менің арым, бағым, барымсың,

Халқыма әр күн бейбіт болсын аспаның!

3-оқушы: 1991 жылы 1- желтоқсан күні халық Тұңғыш Президентін сайлады.

4-оқушы: 1991 жылы 16-желтоқсан - Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі әділеттің, ақиқаттың, имандылықтың салтанаты-ел өмірінде тарихы түбірлі өзгерістердің жүзеге аса бастауына негіз болды.

5-оқушы: 1992 жылы 3- наурызда ҚР Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды.

6-оқушы: 1992 жылы жаңа мемлекеттік рәміздері Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.

Мұғалім: Мемлекеттік рәміздер деген не?

7-оқушы: Мемлекттік рәміздер белгілі бір мемлекеттің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін,айрықша арман-аңсарын,басқалармен мақсат мұраттарын білдіреді.

8- оқушы: Қазақстан Республикасы Конституциясы 1995 жылы 30-тамызда референдумда қабылданды.9- бөлім, 98- баптан тұрады.9- бабында:ҚР Мемлекеттік рәміздері-Туы,Елтаңбасы және Әнұраны бар.Олардың сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі конституциялық заңмен бекітіледі. 34-бапта әркім республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті екені айтылған.

8-оқушы: Елтаңба авторлары: Жандарбек Мәлібекұлы,Шотаман Уәлиханов.

Мемлекеттік белгілерді сол кездегі ең Жоғарғы Үкімет орны ҚР-ның Жоғарғы Кеңесі бекітті.Елтаңбаға түскен комиссияның шешімі бойынша Ж.Мәлібекұлы жасаған Елтаңба бірінші орын алды.

9- оқушы: Шаңырақ- Отан от басынан басталады.Ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынаны,ал уықтар- үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді.Ай мүйізді алтын қанатты қос пырақ- Арыстанның жүректілігін, қыраның қырағылығын білдіреді.Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» дегенді білдіреді.

10- оқушы: Мемлекеттік Ту- 1992 жылы 4-маусымда қабылданып, 6-маусымда күшіне енді.Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген,көгілдір матаның сол жағында өрнегі бар. Жалаудың ұзындығы- 2 метр, ені-1 метр. Жалаудың жобасын жасаған- суретші Шәкен Ниязбеков.

11- оқушы: Туымыздың аспан көк болуы шексіз кеңдікті көрсетеді. Ту ортасындағы алтын күн - халқымыздың азаттық күні. Ол бүкіл әлемге нұрын шашып тұр. Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтеріп, ұшып бара жатқан қыран құс - ерліктің белгісі. Кеңпейілді, кеңістігі таза, жері кең еліміздің азат күні жарқырап тұр! Азат күнді, кең дүниені ерлікпен қорғайтын қырандай түлегі болу- зор бақыт. Туға құрмет көрсету - әрбір қазақстандықтың қасиетті борышы.

12- оқушы:

Мемлекеттік Әнұранды алғашқы жолы ақындарымыз М.Әлімбаев, Қ.Мырзалиев, Т.Молдағалиев, Ж.Дәрібаева жазған.

2006 жылы қаңтар айында Қазақстан Республикасының жаңа Әнұраны қабылданды. Әнұранның авторлары:

Сөзін жазғандар- Ж.Нәжімеденов, Н.Ә.Назарбаев.

Әнін жазған- Ш.Қалдаяқов



13- оқушы: Қазақстан! Туды алтын дәуірің,

Алғандайсың жұлдыздардың жарығын.

Алтын заңың құтты болсын бауырым,

Туған күнің құтты болсын, Алыбым.

Байрағың биікте желбірей жайнасын,

Бұлбұлың орманда сескенбей сайрасын.

Уа, халқым, қуаныш құтты боп жасай бер,

Басыңнан мәңгілік бақытың таймасын!

14- оқушы: Н.Ә.Назарбаевтың «Біз тәуелсіздікке аңсап, зорығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек» деген терең тебіреніске толы арнау сөзін қазақ елінде тұратын және өз Отаным деп білетін әрбір азамат жүрегінің терең түкпіріне сақтап, қашанда жадында ұстауы керек. Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз.

Тәрбие сағатын қорытындылау.

«…Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгірді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін.»

Н.Назарбаев

Міне егемендігімізді алып, Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында Қазақстан жылдан-жылға көркейіп, небір қиындықтарды артқа тастап, жаңа экономикалық өрлеу үстінде. Өз халқын жақсылықпен жетістікке жетелеген Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдау елдің тағатсыздана күтетін жаңалыққа толы бастамасы. Әр жылғы жолдаудан еліміз жаңа серпіліс пен батыл қадамдар күтеді. Еліміздің экономикасын өркендетуге сендер де ат салысады деп сенемін.

Еліміздің Егемендігі жасай берсін!


© 2010-2022