Достық ашық тәрбие сағаты

Раздел Воспитательная работа
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағатының тақырыбы: Достық

Мақсаты: Достық туралы жақсы пікір қалыптастыру;

Оқушылардың достық туралы ой-пікірлерін дамыту;

Достықты қадірлей білуге тәрбиелеу; адал дос таба білуге баулу.

Көрнекілігі: Достық туралы нақыл сөздер,суреттер.

Барысы:

1 Жүргізуші;

Достық деген ізгіліктің алаңы,

Оған куә ғасырлар мен замандар.

Отанын да сатып кете алады,

Қиын шақта долсын сатқан адамдар.

/ М. Шаханов/

Кіші болсын, үлкен болсын әр адам өз достарының болғанын қалайды. Досыңмен ойнауға, пікір таласуға, өз құпияңды сеніп айтуға болады.

Достық - адамдардың бір-бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы. Достық туралы ұлы философтар мен ақын-жазушыларға қоса, ұстаздар мен педогог-психолог ғалымдардың ой толғамағаны, оның мәнін, сырын білуге талпынбаған адам кемде-кем.

Нағыз достық жайлы қаншама өлеңдер мен тақпақтар бар.

1 -оқушы:

Екі деген - екі дос,

Бірін-бірі қимайтын.

Артық-кемді сөз етпей,

Бірін-бірі сыйлайтын.

2 -оқушы:

Біз тілейміз

Бар бөбек

Бақытты өмір сүргенін.

Туған елге еркелеп,

Қуанғанын, күлгенін.

3 -оқушы:

Жабырқауды білмейміз

Жалқаулықты сүймейміз

Біз талапты жас ұлан,

Үлгі аламыз жақсыдан

4 -оқушы:

Орман, көлге, шыңға біз,

Саяхатқа шығамыз.

Бөлінбейді іргеміз.

Әрқашанда біргеміз

Бәрі:

Сусынымыз қанады

Өнер-білім нәрінен.

Әлемдегі баланың

Дос боламыз бәрімен.

2 -жүргізуші:

Қай кезде де, қай жаста болса да, адам өміріндегі достықтың орны бөлек. Сондықтан оған өте жауапкершілікпен, байсалды қарау керек

Біреуге керек болу қандай ғажап десеңші. Достарыңмен бейбіт және өзара келісімде өмір сүруің үшін достық өсиетін біліп жүріңдер.

1 -оқушы:

Досың үшін еш нәрсені аяма.

2 -оқушы:

Егер досың абайсызда сәтсіз қалжың айтса, өкпелеме, қалжыңның саған ұнамағанын бірден айт.

3 -оқушы:

Оған жауап ретінде өкпелететін нәсе айтпа.

4 -оқушы:

Досыңа адал бол.

Көрініс: «Жаман жолдас»

Достық туралы мақал-мәтелдер:

Досы көптің жаны семіреді,

Асы көптің тәні семіреді.

Дұшпаныңнан бір сақтан,

Жаман достан мың сақтан.

Жолдасы бардың олжасы бар.

Досы көпті жау алмайды.

Ән: «Жан досым» /Баян/

Әр оқушы өз досы туралы айтады және достық туралы өзі шығарған тақпақтарын оқиды

Хор: «Ағайынбыз бәріміз»

Қорыту:

Ежелгі грек философы, ғалым, ойшыл Аристотель былай деген екен: «Достық - өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да игілікке түгел ие бола тұрса да, дос - жарансыз өмірді қаламақ емес».

«Шын дос үшін қалайда

Тік қатерге басыңды.

Айыра біл алайда

Досың менен қасыңды».


© 2010-2022