Сыныптан тыс шара. «Шығыстың қос жұлдызы»

Раздел Воспитательная работа
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қостанай облысы, Денисов ауданы, Әйет селосы


Сыныптан тыс шара.

«Шығыстың

қос жұлдызы»


Сыныптан тыс шара. «Шығыстың қос жұлдызы».



Сәуле Утарбаева

«Академик Т.Б.Дарқамбаев атындағы

Әйет орта мектебі» ММ

қазақ тілі пәнінің мұғалімі



Сыныптан тыс шара.

«Шығыстың қос жұлдызы».

Мақсаты: Ұлы Отан соғысының мерейтойын атап өту, қазақтың батыр қыздары, соның ішінде Әлия мен Мәншүк туралы әңгімелеу, оқушылармен оларды толығырақ таныстыру. Қазақтың қос жұлдызы Әлия мен Мәншүктің ерлік істерін әңгімелей отыра оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу. Отансүйгіштікке, сөз өнерін бағалап, туған жерді қастерлеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Әлия мен Мәншүктің портреттері, мақалдар жазылған плакаттар, кітап көрмесі, альбом, карта.

  1. Бастаушы: Қайырлы күн, құрметті бүгінгі мерекенің қонақтары, ұстаздар мен оқушылар!

2. Бастаушы: Біздің Отанымыз - Тәуелсіздік Қазақстан! Біз бақытты хылқымыз. Қазақстан жеріміз жасасын!

Қазақстан
Дүрсілдейді сонау Балқаш жағасы,
Баршы өзің, көңіл қойып қарашы!
Тұр ғой соғып туған дала жүрегі,
Жеріміз бар қасиетті киелі.
Сен бақытты, атам қазақ баласы.

Кең далалы кең пейілді қазақпыз,
Құл емеспіз, еркін жанбыз, азатпыз!
Қас тағдырдың қиқаңына көнбейміз,
Ел намысын ешбір жауға бермейміз.
Сертің осы азат жігіт, азат қыз!

1. Бастаушы: Биыл еліміз Ұлы Жеңістің 70 жылдық торқалы тойын тойлағалы отыр. Осы мақсатпен біз бүгінгі мерекемізді Ұлы Жеңіске және Кеңес Одағының батыр қыздары, шығыстың қос жұлдызы атанған - Әлия мен Мәншүкке арнаймыз.

2. Бастаушы: Бүгінгі мерекемізге қош келдіңіздер!

( Т. Сельжанов «Мәншүк» өлеңі оқылады)

Бас иеді Невель халқы атынды атап,

Батыр қыз деген саған ұсынды атақ.

Мақтанып рухтанар жолбарыс деп,

Жортуыл кезендегі кейінгі ұрпақ.

Ерліктің шыңға қағып өр қанатын,

Ақтаған ел - жұртының аманатын.

Шығыстың тарихында алуан ғасыр,

Жазылар сары алтымен Мәншүк атың.

2. Бастаушы: Кеңес одағының батыры Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова 1922 жылы Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданы «Жаңа құс», аулында дүниеге келген. Ата - анадан ерте айырылған Мәншүкті Әмина мен Ахмет бауырларына басады.

1. Бастаушы: Мәншүктің шын аты - Мәнсия. Әпкесі - Әмина оны «Менің моншағам», дейді екен. Моншақ деген сөзге тілі келмеген сәби өзін Мәншүк деп атаса керек. Мәншүк Орал қаласандағы № 4 мектепте, қазіргі № 14 мектепте оқыған.

2. Бастаушы: Мәншүк туралы өлең жолдарынан үзінділерді тамашалаңыздар.

1 - оқушы Кешпестен алау сезімді,

Өттің сол ару қалпыңмен.

Ұмытпау үшін өзінді,

Атыңды жаздық алтынмен.

2 - оқушы Мәншүк апай - батыр қыз,

Ардақтаймыз атын біз.

Мәншүк апай батырға,

Ұқсап келе жатырмыз.

1. Бастаушы: Мәншүк кішкентай кезінен әкесі Ахмет сияқты дәрігер болуды армандайды. Мәншүк медицина институтыны түседі.

2. Бастаушы: 1942 жылдың күзінде өзі сұранып, майданға аттанады. Мәншүк соғыста пулеметші болды.

Дауылмен тербеп оның жас бесігін,
«Мәншүк» деп ел атаған ерке есімін.
Адамша ақтау үшін ана сүтін,
Майданның, пулеметпен ашты есігін.

«Максимін» басқан сайын бас бармағы,
Жаулардың өлік болды жастанғаны.
Атысты ол от ішінде сүңгіп жүріп,
Секілді қамысты көл қасқалдағы.

Ай өткен, жылдар өткен, ғасыр өткен,
Жеңіспен майдан бітіп, жас ер жеткен.
Ерлігі ел жүрегін тебіренткен,
Ұрпаққа ұран болып Мәншүк кеткен.

1. Бастаушы: Мәншүк 1943 жылы қазанның 15 - інде қаза табады. 1944 жылы 1 - ші наурызда Мәншүк Мәметова қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағғының Батыры атағы беріледі.

2. Бастаушы: «Мәншүк» өлеңнен үзінді.

Сонау жылы жер - көкті,

Соғыс бұлты торлаған.

Сонда Мәншүк апамыз

Жаудан елді қорған.

Үстінде сұр шинелі

Бас киімі болаттан

Мәншүк апай күн - түні

Жауға оқты боратқан.

Ерлігімен әлемді

Таң қалдырған ғажап тым

Мәншүк апай - әйгілі

Батыр қызы қазақтың.

1. Бастаушы: Осындай Батыр қыздарды тәрбиелеген мейірбан апаларымызға Марат Омаровтың «Анашым» деген әнді арнаймыз.

Шет жүрсем - сағынарым,

Жабықсам - шағынарым,

Анашым, бір өзіңсің

Табынарым.

Қайырмасы:

Анашым, шалқып күлсең,

Алдымда ұзақ жүрсең,

Жүрегім жыр толғайды,

Көңілім ортаймайды,

Анасы бар адамдар

Ешқашан қартаймайды.

Ұшырған сұңқарыңмын,

Қияға шырқарыңмың,

Бәйгеге өзің қосқан

Тұлпарыңмын.

Қайырмасы:

Анашым, шалқып күлсең,

Алдымда ұзақ жүрсең,

Жүрегім жыр толғайды,

Көңілім ортаймайды,

Анасы бар адамдар

Ешқашан қартаймайды.

Қорғаным - өзің деймін,

Жан дауа - сөзің деймін,

Анашым, сені ойласам

Көз ілмеймін...

2. Бастаушы: А. Дәуренбековтың «Анашым» деген өлеңді тыңдап, тамашалаық.

АНАШЫМ


Еркелесем шаршауым тарқайды
Еске түсер ұмытылар бар кайғы
Жүрек жылуын таусылмас сыйлаған
Анасың сен бас иген барша жан

Мөлдір көзіңнен меірім төгілген
Қымбаттысың сен маған
Мерекеңмен жылы лебізбен
Ән салам тек саған
Мақтанамын, шаттанамын
Анашым өзіңмен
Махаббатым сақталатын
Кіршіксіз өмірде

Ақылшымсың қатемді жөндеген
Әр-бір сөзің алтынға бермеген
Бақытыма аман бол жан анам
Дастансың мен жырымсың шырқалған

Мөлдір көзіңнен меірім төгілген
Қымбаттысың сен маған
Мерекеңмен жылы лебізбен
Ән салам тек саған
Мақтанамын, шаттанамын
Анашым өзіңмен
Махаббатым сақталатын
Кіршіксіз өмірде

Мөлдір көзіңнен меірім төгілген
Қымбаттысың сен маған
Мерекеңмен жылы лебізбен
Ән салам тек саған
Мақтанамын, шаттанамын
Анашым өзіңмен
Махаббатым сақталатын
Кіршіксіз өмірде

Мөлдір көзіңнен меірім төгілген
Қымбаттысың сен маған
Мерекеңмен жылы лебізбен
Ән салам тек саған
Мақтанамын, шаттанамын
Анашым өзіңмен
Махаббатым сақталатын
Кіршіксіз өмірде

1. Бастаушы: Молдағұлова Әлия Нұрмұхамедқызы 1925 жылы 20 - ші сәуірде Ақтөбе облысының Қобда ауданындағы Бұлақ деген жерде дүниеге келген. Ата - анадан ерте айырылған Әлия нағашы ағасының қолында тәрбиеленеді.

2. Бастаушы: Соғыс басталған шақта Санкт - Петербургтің балалар үйінде № 9 мектепте оқыды. Өз еркінмен военкоматқа арыз беріп, атқыштар мектебін өте жақсыға бітіріп, майданға аттанады.

1. Бастаушы: Қасым Аманжолов «Әлия қыз»

Көкте зырлап барады

Алтын жұлдыз

Жерде тұрып қарады

Әлия қыз

Алтын жұлдыз алысқа

Кетті ағып,

Кетті ағып жас қызға

Бір ой салып.

Алтын жұлдыз зымырап

Кетті алыс

Кетті алыс мылтық ап

Бір жап - жас қыз ...

Майдан кешті мылтық ап

Әлия қыз

Өр төсінде жарқырап

Алтын жұлдыз.

2. Бастаушы: Міне, Отанымыздың батыр қыздар, біздің ер жүрек апаларымыз осындай!

1. Бастаушы: Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар. Батыр апаларымызға арналған мерекемізді «Әлия» әнімен аяқтаймыз. Ықыласпен тыңдағандарыңызға көп рахмет!

«Әлия»

Сөзін жазған: Бәкір Тәжібаев
Әнін жазған: Сейдолла Бәйтереков

Қобда, Нева суларын сүйіп өскен,
Әсем гүлін құшаққа жиып өскен.
Аққу құстың бейнебір баласындай,
Сұлу сазды, жастықтың күйін кешкен.

Қайырмасы:

Әлия - ару қызы сен халқымның,
Әлия - батыр қызы сен халқымның,
Ерке құсы сен даламның!

Саған белгі орнаттық мәрмәр тастан,
Саған күнде қызыққан мөлдір аспан.
Саған күнде жазылған көркем дастан,
Саған күнде құшағын көктем ашқан.

Қайырмасы:

Әлия - ару қызы сен халқымның,
Әлия - батыр қызы сен халқымның,
Ерке құсы сен даламның!

Шолпан жұлдыз - өзіңсің шоқтай жарық,
Көз алмаймыз көркіңнен тоқтай қалып.
Туған жердің төсінде мәңгілікке,
Тұр ғой сенің жүрегің оттай жанып.

Қайырмасы:

Әлия - ару қызы сен халқымның,
Әлия - батыр қызы сен халқымның,
Ерке құсы сен даламның!



© 2010-2022