Тәрбие сағаты Президент - ел тірегі (4 - сынып)

Раздел Воспитательная работа
Класс 12 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Президент - ел тірегі» атты шығарма

Қай портқа бет алғанын білмейтін кеменің желі де оңынан тұрмайды. (Сенека)

«Қазіргі заман - өзіне сенетін арманы мен осы арманды іске асыруға ерік - жігері бар дарынды, қажырлы адамдардың уақыты»- деген Елбасымыздың данышпан сөзі ойыма оралып отыр. Елімнің болашағы айқын: өркениеті дамыған елдермен терезесі тең өмір сүру. Ал уақыт талап етіп келе жатқан дарындылық пен қажырлылық тек білім мен еңбек арқылы іске аспақ. Кез келген қазақстандықтың осы орайда өз елінің тарихы мен мемлекет тынысын біліп, зерделеп отыруы шарт деп білемін. Ендеше тамаша зерттеуші ғалым Шоқан Уәлихановтың өз кезінде «Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін ең алдымен, азаттық пен білім қажет» деуі біз үшін аса кемеңгерліктің белгісіндей. Ұлт тарихын меңгере отырып, сан ғасырлар бойғы ел үшін, жер үшін жанын пида еткен ата - бабаларымыздың қанымен келген бүгінгі бейбіт заманымыздың төл перзенті екенімді әр кез мақтан тұтып, аса қадірлеймін. Мемлекетімізде тыныштықтың орнап, еліміздің жаһандану кезеңінде алға бағыт алуын, өркениетке бет түзеу секілді қадамдардың жасалуы - бәрі - бәрі басшы іскерлігі деп танимын. Басшының дүйім бір елді шебер басқаруына оның елге деген махаббаты халқының қолдауы үшін өте қажет - ақ. Шеберлігінің кілті - отансүйгіштік рухының мықтылығында болар. Ал туған Қазақстанымыздың басшысы - тұңғыш президентіміз - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Шебер қаламгер болсам, қазақ тарихында есімі алтын әріптермен жазылар тұңғыш президент және Қазақстан жайында көп ой толғар едім.
Қазақ тарихы әріден басталады. Ал тәуелсіз Қазақстанның тарихи шежіресі, әрине, 1991 жылдан басталмақ.

1991 жыл - еліміздің 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының негізімен орнаған ұлттық - тарихи мәні жоғары тәуелсіздікке қол жеткізген жылы. Осы жылы дүниеге келген «Қазақстан» атты жас мемлекетті басқару ісі Н. Ә. Назарбаевқа жүктелген болатын. Қазақстан өз егемендігінің алғашқы жылдары саясат саласындағы стратегиялық мақсатқа күшті президенттік республика құруды жатқызған болатын. Бүкілхалықтық президент сайлауы тұңғыш рет 1991 жылғы 1 желтоқсанда өтіп, ел тарихында тұңғыш рет демократиялық жолмен өзінің көшбасшысын сайлады.

Ата Заңымыз бойынша, Президент - мемлекет басшысы, мемлекетiмiздiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағытын анықтаушы және Қазақстанды ел iшi мен халықаралық қатынаста көрсетушi ең жоғары қызмет иесi бола отырып, бiрiншiден, халық пен мемлекеттiк билiктiң бiрлiгiн бейнелейдi, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепiлi болып табылады, екiншiден, мемлекеттiк билiк тармақтарының өзара үйлесiмдi түрде әрекет етуiн, билiк органдарының Қазақстан халқы алдында жауапкершiлiктi сақтауын қамтамасыз ететін тұлғаға айналды.

Бүгінде еліміздің ішкі саясаттағы тұрақтылығы мен сыртқы саясаттағы табыстарымызға өзгелер қызыға қарайтын дәрежеге жеттік. Бірнеше ұлт пен ұлыстың тату тәтті мекеніне айналған елімізде дінаралық татулық, өзара түсінушілік, өзгенің қадір-қасиетіне сыйластықпен қараудың ерекше үлгісін көрсетуде.

Қазақстан аумақтық тұтастық пен тиіспеушілік кепілдігіне ие болды, сыртқы саяси-экономикалық саясатта «ТМД», «Азия-Тынық мұхит аймағы», «Азия», «Еуропа», «Америка» бағыттары даму үстінде, қалыптасқан шекаралардың бұзылмауы жөнінде іргелес мемлекеттермен ресми келісім-шартқа қол жетті, беделді халықаралық ұйымдар мен бизнес алпауыттары елімізбен санасып отыр.

Қазақстан халқының дамуы мен гүлденуі жолында қыруар еңбек атқарған Елбасының еңбегін бүкілхалықтық деңгейде бағалау соңғы жылдары анық көрініс бере бастады. Алыптың қуатын халықтан, халықтың қуатын бірліктен көретін еліміз үшін Елбасының қыруар еңбегін бағалау, ерекше атап өту маңызды болып табылды. Бұл қолдау - еліміздің Тұңғыш Президентінің мемлекеттілікті нығайту, Қазақстанның серпінді әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету және оның халықаралық беделін арттыруға бағытталған көреген саясатын шүбәсіз мойындау болып табылады. Елбасының қыруар еңбегі біржақты тұрғыдан ғана бағаланып қоймайды. Халық даналығындағы ханда қырық кісінің ақылы болады деген сөз текке айтылмаса керек. Елінің дамуы, тұрақтылығы, Ұлы көштен қалмауы үшін небір қиындықтарды өткеріп келе жатқан Н.Назарбаевтың еңбегін халқы аса жоғары бағалайды. Туа біткен қасиетіне жүре біткен сапасын тоғыстырған елін сүйген азамат ретіндегі болмысы қандай құрметке болса да лайық. Жақсының жақсысын айтып, нұрын тасытатын халқымыз бұл орайда жаңылған жоқ. Ақ киізге көтеріп сайлаған Тұңғыш Президентіне сол күнді мәңгі есте қалдыру мақсатында желтоқсанның алғашқы күнін мереке етіп берді.





© 2010-2022