Тәрбие сағаты Кім болам?

Раздел Воспитательная работа
Класс 3 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағатының тақырыбы: Кім болам?

Тәрбие сағатының мақсаты:

Оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту;
Тәрбие сағатының міндеттері:

  1. Мамандық әлемі туралы ақпарат алу. Мамандықтарды талдай және таңдай білуге үйретеді.

2.Оқушыны өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани білуге үйретеді.
3.Оқушылардың таңдаған мамандықтарына бағыт беріп, болашақ кәсібін өзі таңдауға тәрбиелейді.

Тәрбие сағатының түрі:Сайыс сабақ

Тәрбие сағатының әдісі:Сыни тұрғыдан ойлау, денгейлік тапсырмалар

Пән аралық байланыс: әдебиеттік оқу, қазақ тілі, дүниетану, орыс тілі, ағылшын тілі.

Тәрбие сағатының көрнекілігі: интерактивтік тақта, слайдтар, көрініс, постер т.б.

Тәрбие сағатының жүрісі:

Сіздердің назарларынызға «Кім болам?» атты ашық тәрбие сағатымызды ұсынамыз. Тәрбие сағаты сайыс түрінде өтеді.

I. Таныстыру

Енді ортаға сайыскер топтарды шақырамын.

Осымен мереке басталып кетсін,

Ән шашу баршамызға жетсін.

Бүгінгі жарыстағы сайыскерлер,

Өздерін таныстырып өтсін.

Топтың аты: Өнерлілер

Топтың ұраны: Ұғынып сырын әуеннің,

Күмбірлетіп күй шерткен.

Біз өнерлі ұланбыз,

Көкке самғар қыранбыз

Топ жетекшісі:Ақтау қаласы балалар өнер мектебінің домбыра сыныбының оқытушысы Дүйсенова Інжу Еділқызы

Топтың аты: Тілшілер

Топтың ұраны: Қолынан түспей қаламы,

Жыр жазып, ойын толғаған.

Тілші болу арманым,

Көңілге түрлі ой салар.

Топ жетекшісі: Қазақстан- Ақтау телеарнасы директорының шығармашылық жөніндегі орынбасары - бас редактор Қалдыбаева Гүлнұр Ғазизқызы

Топтың аты: Дәрігерлер

Топтың ұраны: Денсаулық сыйлар адамға,

Дәрігер жақсы мамандар.

Дені сау ұрпақ өсірер,

Дәрігерлікті таңдаңдар.

Топ жетекшісі: Ақтау қалалық № 2 балалар емнахасының жүрек ауруы дәрігері Алпысбаева Замира Артықбайқызы

Топтың аты: Сақшылар

Топтың ұраны: Тәрбие білім негізі,

Тәртіп керек бәріне.

Тәртіпті елде сақтаған.

Сақшылар біздің әрине

Топ жетекшісі: Ақтау қалалық Ішкі Істер басқармасының жергілікті полиция инспекторы Ершеева Гүлбаршын Мизамбаевна

Қазылар орнықтырар әділдікті ,

Кімдердің жауаптары кәміл шықты?

Білім мен тапқырлықтың сайысында,

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты,-

дей келе топтардың жауаптарын бағалау үшін әділ қазыларды сайлаймыз.

  1. Ой қозғау. Топтастыру

  2. Топтық жұмыс.

  3. Өнер сайысы

  4. Жұмбақ шешу( Шешуін 3-тілде айту )

  5. Жеңімпаздар жетістігі. 3-тілде өзі туралы әңгімелеу

  6. Өлең шығару

  7. Тілек ағашы

II. Ой қозғау. Топтастыру

Берілген кеспе буындардан түрлі мамандық аттарын құрастыру. Ол мамандық аттарын 3-тілде айту.

1.Ғарышкер-лётчик-Pilot

2. Мұнайшы-нефтяник-Oilman

3. Мұғалім-учитель- Teacher

4. Құрылысшы-Строитель-Builder

5. Инженер-Инженер-Engineer

6. Актёр-актёр-Actor

7. Тілші-журналист- Journalist

8. Заңгер-юрист-Lawyer

9. Есепші-бухгалтер-Bokkeeper accountant

10.Дәрігер-Врач-Doctor

11.Аудармашы- Переводчик -Translator, interpreter

12.Кенші- Металлург- Steel metallurgist

III. Топтық жұмыс.

Әр топқа топтық жұмыс беріледі.

  1. Өнерлілер тобына «Ұйқасын тап» ойыны беріледі. Ойын шарты өлеңнің ұйқасына қарай музыкалық аспаптар аттарын табу.

«Ұйқасын тап»
1. Ішіп болып қымызды,
Тартты Сәкен (сыбызғы) .
2. Түсте, кеште, ертең де,
Ойнаймын мен ( шертерде).
3. Жұрт алыстан естіпті,
Қағып едім (кепшікті).
4. Жан серігім ол мына,
Деді Құрман ( домбыра).
5. Ауыл жұрты сабылды ,
Соғып едім ( дабылды).
6. Тоныма орап кетіп ем,

Бұзылмапты( жетіген).

7.Босқа отырмай ысқырып,

Тартсайшы сен (үскірік).

8.Әуенге кім құмартпас,

Берсе ырғақ ( тұяқтас).

  1. Тілшілер тобына бір мамандыққа өлең құрастыру.

  2. Дәрігерлер тобына ситуациялық сұрақ.

1.Сіз досыңыздың үнемі дұрыс тамақтанбайтынын, әсіресе денсаулыққа зиянды тамақтарды жейтінін байқайсыз. Сіздің әрекетіңіз....

2.Сіздің досыңыз кенеттен ауырып қалды. Сіз оған қандай көмек жасар едіңіз?

3. Күн тәртібін сақтамаудың зияны бар ма? Болса қандай?

4. Арман компьютерден ойындар ойнағанды жақсы көреді. Қолы босай қалса сол ойныннан жеңімпаз атану үшін ойынын жалғастырады. Соңғы кезде қатты шаршап жүр. Кейде тақтадағы жазуды көзі дұрыс көрмейтін болған. Арманға қандай кеңес берер едіңіз?

5. Кейбір балалар жарылғыш заттармен ойнайтын болған. Олар сені де сол ойынды қызықтауға шақырды. Сен олармен бірге ойнайсың ба?

4. Сақшылар тобына «Қауіпсіздік ережесін» шығару арқылы Постер қорғау.

1. Танымайтын адамға есік ашпа.

2. Жолдан өтерде абай бол.

3. Таныс емес адамның машинасына мінбе.

4. Қоғамдық орындарда өзіңді дөрекі ұстама.

5. Отпен ойнама.

6. Тоқ көздерімен ойнама.

7. Танымайтын адамнан сыйлық алма.

8. Қар жауған кезде машинаға жабысып сырғанама.

9. Үлкендердің рұқсатынсыз теңізге жүзуге барма.

10. Ата-анаңа ескертпей, рұқсат алмай ешқайда барма.

IY. Өнер сайысы

Көрініс «Қателік»

Жантілек: Салематсыз ба, апай?

Ұстазы: Салематсың ба Жантілек. Бүгінгі сабаққа дайындығың қалай?

Жантілек: Өте жақсы ұстазым.

Ұстазы: Дайын болғаның жақсы. Онда сабағымызды бастайық.

Жантілек «Өрнек» күйін орындайды.

Домбыра сабағы өтіп, үйге тапсырма беріледі.

Жантілек: Сау болыңыз ұстазым.

Ұстазы: Сау бол Жантілек.

Жантілек: Расул сабағың аяқталды ма?

Расул: Иа. Жүр үйге барайық. Бүгін маған әкем жаңа ұялы телефон алып берді. Бүгін балалардың бәрі менің ұялы телефоныма қызықты. Міне, көрдің бе?

Жантілек: О, жақсы телефон екен. Құтты болсын. Ішінде барлық ойындар бар ма? Қане көрейік.

Расул: Әрине. Соңғы шыққан телефон гой бұл.

Тентек бала Жандос: Әй, балалар қолдарыңдағы не? Мен де көрейінші.

Балалар: Жоқ біз сені танымаймыз. Бере алмаймыз.

Жандос: Қазір мен сендерге бермегенді көрсетейін.

Жандос Расулды итеріп жібереді. Расул жерге құлайды.

Жантілек: Расул, Расул тұр. Саған не болды? Сен не істедің досыма? Жедел- жәрдем шақырыңдар.

Қорқып кеткен Жандос телефонды алып қашып кетеді.... Жедел жәрдем дәрігерлері келеді.

Ләззат, Бекарыс дәрігерлер: Бала есінен танып қалған. Тез ауруханаға жеткізу керек.

Баланы ауруханаға әкеледі. Баланың жүрегін ЭКГ аппаратына түсіріп, тексеру жүргізеді.

Тәртіп сақтау қызметкерлері келеді. Олар дәрігерден жауап алады.

Тәртіп сақшысы Бейбарыс: Қазіргі таңда сырқаттың жағдайы қалай?

Бекарыс дәрігер: Баланың жағдайы бірқалыпты. Жүрек соғысы жиі. Бала қатты қорқып қалған. Біз емдеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Қазір мазалауға болмайды.

Тәртіп сақшылары Жандостан жауап алады.

Тәртіп сақшысы Бейбарыс: Сен не себепті баланы соққыға жықтың?

Тентек бала Жандос: Мен бұлай болады деп ойламадым. Мен тек оның ұялы телефонын көргім келген. Итеріп қалғанда қатты құлады.

Тәртіп сақшысы Шұғыла: Тәртіпсіздіктің арты жақсылыққа апармайды. Сен жауапқа тартыласың. Қазір мына қағазға мекен-жайыңды, өзің туралы мәліметтерді толтыр. Ең алдымен сенің ата-анаңды шақыртамыз.

Оқиға болып жатырған жерге тілшілер келеді.

Тілші Алдияр: Жандос көрдің бе бүгінгі тәртіпсіздігіңнің арты неге әкеліп соққанын? Жазықсыз бала ауруханға түсті. Біз дәрігерлермен сөйлестік құлаған кезде қатты зақым алған. Сол баланың орнында өзің болсаң қайтер едің?

Тентек бала Жандос: Бәріне өзім кінәлімін. Бұлай боларын кім білген? Мен оңбай қателестім. Енді не істеймін?.....

Айғаным тілші: Бұл саған өмірлік сабақ болатын болды. Ендігіде тәртіпсіздікті тоқтатын боларсың? Ең бастысы денсаулық. Көрінген дүниеге қызығып адам өмірімен ойнауға болмайды. Ата-аналар балалардың арасында бұндай жағдайлардың болуы жиілеп барады. Ұлт болашағы білімді, тәрбиелі ұрпақ. Бала тәртібіне абай болайық.

Y. Жұмбақ шешу( Шешуін 3-тілде айту )

1. Кто учить детишек читать и писать,

Природу любить, и всех уважать?

(Учитель -Мұғалім - Teacher )

2. Кто в дни болезней всех полезней

И лечить нас от болезней?

(Врач- Дәрігер- Doctor)

3. Кирпич кладёт он в ряд,

Строит садик для ребят

Не шахтёр и не водитель,

Дом нам выстроить…

(Строитель- Құрылысшы -Builder)

4. С ним наверно вы знакомы,

Знает он про все законы.

Не судья, не журналист,

Всем совет даёт…

(Юрист- Заңгер -Lawyer )

Шұғыла: Бүгінгі біз атап жатырған мамандықтардың барлығы да ұстаздан бастау алады екен. Олай болса осы маман иелерінің бәріне әріп танытқан, білім нәрімен сусындатқан, адамгершілік пен ізгілікті бойына сіңірген ұстаздарға бас иеміз. Ұстаздар сізге мың алғыс(хормен)

Оспан Мөлдірдің орындауында «Ұстазым» әнін тамашалаңыздар.

YI. Жеңімпаздар жетістігі. 3-тілде өзі туралы әңгімелеу

Әр топтан 1 оқушы шығып өз жетістіктерін әңгімелейді.

1-топ Ербулатұлы Жантілек ағылшын тілінде.

2-топ Усипбекова Улдана қазақ тілінде.

3-топ Қуаныш Мұхаммед қазақ тілінде.

4-топ Қуаналықызы Шұғыла орыс тілінде.

YII. Өлең шығару

Әр топ өлең жолдарын құрастыру арқылы мамандық өлең құрастырады.

Мамандықтың бәрі жақсы әлемде,

Әрбір мамандық өздігінше ерекше.

Өз кәсібін жақсы білген мамандар.

Қызмет етер шын жүректен еліне.

Акмаев Жанарыс пен ұстазы Дүйсенова Інжу Еділқызының орындауында халық күйі «Кеңес»

YIII. Тілек ағашы

Әрбір оқушы өзі таңдаған мамандығын жазып тілек ағашына іледі. Мен дәрігер болғым келеді. Себебі ...Топ жетекшілері балаларға деген тілегін айтып, значок сыйлайды. Өнерлілер жұлдыз, дәрігерлер жүрекше, тілшілер кітапша, сақшылар жер шары бейнеленген значоктарды сыйлайды.

Тәрбие сағаты Кім болам?Тәрбие сағаты Кім болам?

Тәрбие сағаты Кім болам?Тәрбие сағаты Кім болам?

Тәрбие сағаты Кім болам?Тәрбие сағаты Кім болам?

Тәрбие сағаты Кім болам?Тәрбие сағаты Кім болам?

\



© 2010-2022