Статья «Менің жүрегім балаларға арналып соғады»

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



«Менің жүрегім балаларға арналып соғады»


Эссе


Әр адамның жүрегінің түкпірінде сақталған бір арман-тілегі болады. Менің бала кезімдегі арманым ұстаз болу еді. Әкем марқұм маған - «Қызым, ұстаз болу үлкен жауапкершілікті, төзімділікті талап етеді, бұл мамандықты орта жолда тастап кетуге болмайды» деп айтушы еді. Бұл сөзді есімнен шығармай, оқуды бітірген соң алғашқы еңбек жолымды балалар үйінен бастадым. Өзімнің жүрегімнің жылылығын, мейірімділік шуағымды және рухани-адамгершілік ұлылығымды балалардың бойына дарыту үшін тыңбай еңбектендім. Балалар үйіндегі тағдырдың тәлкегіне ұшырап, бірі ата-анадан тірідей бірі өлідей айырылған жетім балаларды өзімнің бауырыма тартып, аналық жүрегімнің жылуының сүйіспеншілігіне баулып келем. Тәрбиелеп жатқан тәрбиеленушілерімнің ойынан шығуға, айтқан әр сөзімді сабырмен салмақтап, олардың жүрегін ауыртпайтындай етіп жеткізуге тырысам. Ата-ананың жылуынан ада қалғандармен жұмыс жүргізгенде бауырыма тартып жанашырлық танытам, өйткені оларға зер сала қарасаң көздерінен жүрегіңді сыздатар мұңды байқауға болады.Осыдан бір жыл бұрын балалар үйіне ағайынды екі бала түсті. Оларды жақын әңгімеге тартып кішкентай болғандықтан барлығымыз асты-үстіне түсіп, көңілдеріне кірбің түсірмеуге тырысамыз. Ондағы айтайын деп отырғаным - бір күні алдыма басын қойып еркелеп жатып - «Апай, кейін мен сіз секілді болғанда әкемді, бауырымды жаныма алып, бағып күтем, олардың кірін жуам, тамақтарын пісіріп беремін» дегенде көзім жасқа толып, осындай тағдырдың түсірген салмағынан ерте есейген балаларға неге өзімнің жүрегімнің түкпіріндегі сүйіспеншілігімді бермеске деп ойлаймын. Балалардың аналарының аялы алақанын аңсайтынын, байқаусыздан жәбірленсе «құлыным» деп басынан сипар жақын адамды іздейтінін жан дүниеммен сезінемін. Сондықтан балалардың бойына сабырлылық пен түсіністік, әр нәрсеге бағдар жасау керектігін түсіндіру арқылы олардың жүзінен қуаныш сәулесін көру мен үшін бақыт.

Егер де мен өзім балалар үйіндегі балалардың жанын түсіне алатын болсам ғана өзімнің арманымның биік шыңына жете аламын деп ойлаймын. Бойымдағы асыл қасиеттерімді жетім балаларға бере білсем, олардың жүрегіне жол тауып, аша білсем - ол да менің жүрегімдегі сүйіспеншілік сезімнің жоғалмағаны.

Балалар үйінің тәрбиесі өте шеберлікті, сонымен бірге ақжарқын кішіпейілдікті талап етеді, өйткені онсыз да көңілдері жабырқау балалардың көңілінен шығу оңай емес. Балалардың сезімін сергітіп жұдырықтай жүрегін қуанышқа кенелту менің жұмысымның ілгері жылжуын байқатады.

«Бір баланың маңдайынан сыйпаған қол бақытқа кенеледі» деп дана халқымыз айтқандай осындай балаларды тәрбиелеп, жандарына нұр құйып, бақытқа жеткізсем - бұл да менің аз да болса тәрбиемнің кішкентай болса да жетістігі.

«Жетімнің басынан сыйпаған алақан жердің астында жатса да шірімейді» деген Шерхан Мұртазаның сөзін есімнен шығармай, жетім балаларды жебеп, мейірімге толы жүрегімнің шуағына шамам жеткенше бөлеу - мен үшін орындалған арманымның бір бөлігі деп білем.

© 2010-2022