Үлкен Шаған ЖОББМ-нің жанындағы шағын орталық «Балдәурен» Тәуелсіздік туы желбіре!

Раздел Воспитательная работа
Класс 13 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Батыс Қазақстан облысы.

Зеленов ауданы.Үлкен Шаған ауылы.

Үлкен Шаған ЖОББМ-нің жанындағы шағын орталық «Балдәурен»

Тәрбиеші:Ғизатова Гүлсая Оразғалиқызы

«Тәуелсіздік туы желбіре!»

Мақсаты :
1. Білімділігі: Балалардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру.
2. Тәрбиелігі: Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру. Қоғамның бір мүшесі ретінде адам өмірі мен жақсы тұрмыстық құндылықтарын ұғындыру, жауапкершілік сезімдерін ояту. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылығы: балалардың өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә. Назарбаевтың портреті, слайд, желтоқсан құрбандарының суреті. Жалаушалар.

Тәрбиеші:Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар және балалар. Біздің «Балдәурен» шағын орталығымыздың «Тәуелсіздік туы желбіре» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер! Бүгін біз Қазақстанымыздың Тәуелсіздік алған күнін тойлағалы отырмыз. Бәрімізге мейрам құтты болсын!!!
«Жауқазын, Балапан, Айгөлек» топтарының ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер.
Балалар ән ырғағымен залға кіреді.
Әнұраным - жанұраным,

Айтар әнім - сөйлер сөзім,

Туған жерім - сағынарым,

Мәңгі бақи шырқалады,

Республика Әнұраным.

Хор: Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалсын.

Құттықтау сөз «Балдәурен» шағын орталығының әдіскрі Б.Ғ.Серікқызына береміз.

Тәрбиеші: Біз тәуелсіз елдің түлегі болғанымызға шексіз қуанамыз. Біздің отанымызды әлем таныды. Осы сәтте Отан туралы еріксіз ойға берілесің. Бұл ұғымның аясы кең. Отан - далаң, орман, тауың, ауылың мен астанаң.
Отан әр жұмыр басты пенденің киелі мекені, жер басып жүрген әр тіршілік иесінің шексіз байлығы. Тәй-тәй басқан нәресте де, еңкейген қария да оның бір мүшесі.
Біздің балаларымыз «Отан» туралы тақпақ айтып берсін.

Алина:Отан дейміз от жаққан елімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер атамекен,

Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.

Яна:Как я люблю тебя, тебя

Моя столица - Астана

Цвети всегда, всегда

Ты Астана и вся страна

Мансур:Әлемдегі дара бір

Әсем сәндік қала бұл

Есіл арбаты жаңа үй

Бүкіл әлем көріп тұр

Арина: Отан сенің ата - анаң,

Отан - досың, бауырың.

Отан - өлкең, астанаң,

Отан аудан, ауылың.

Никита: Отан осы достарым,

Көңілге мұны түйе біл.

Отан деп өс! Жас қауым,

Оны ардақтап сүйе біл!

Миша: Енді міне біз тәуелсіз ел болдық,

Басқалар мен терезесі тең болдық.

Лена: Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай,

Отан үшін болуға да құрбандық.

Павел: Моя Родина - Отан,

Край любимый Казахстан.

Горы, степи и поля,

Это вся моя земля.
Тәрбиеші: Қазіргі кезде сендер ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырсыңдар.
Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын - қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.
16 - желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке.

  • Біздің еліміз, Отанымыз қалай аталады?

  • «Қазақстан Республикасы» деп аталады.

  • Елбасымыз кім?

  • Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

  • Елбасымыз Қай қалада тұрады?

  • Елбасымыз Астана қаласында тұрады.

  • Балалар мына суретке назар аударыңдаршы, ненің суреті?

  • Байтеректің монументі.

Ендеше байтеректі музыка ырғағымен қарсы алайық. Байтерек кіреді.

Астана - Бәйтерек монументі.

Ұмытта қалған жазылмай,

Есте жоқ ескі тағдырдай.

Әлем әлі көрген жоқ,

Бәйтеректі дәл мұндай.

Тудырған қайта бұл заман,

Ғимарат алған нұрланған.

Жұмақтай елде жарылмай,

Алтын жұмыртқа - тірлік тұр аман! - деп қазір алдарыңызда жауқазындай жайнаған бүлдіршіндердің орындауында би «Бәйтерек»

Бәйтерек - тәуелсіз Қазақстанның символы, Астананың ең көрікті орны ғана емес, сонымен қатар жаңартылған Қазақстанның визиттік карточкасы болып табылады. Бұл монументті салу идеясын Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған. Бәйтерек өз тарихи тамырын сақтаған, мықты тірегі бар және болашақ гүлденуге талпынған және тұтас әлемдік қауымдастық үшін Қазақстанның тәуелсіздік символы болып табылатын мемілекетті бейнелейді. « Бәйтерек » күн сайын әртүрлі жастағы және түрлі ұлт қонақтарын күтеді. Келушілер панорамалық лифттермен ныны «шарда» орналасқан ашық, кең залға көтеріледі.

Қамида: Қазақтың елі - ең кең ел!

Басшысы жайсаң, кемелді ер!

Зейіні зерек, өзі алғыр,

Нұратасы кемеңгер!

Степан: Здравствуй, здравствуй моя Астана,

Здравствуй, здравствуй столица родная

Семен: Здравствуй, здравствуй народ и страна

Процветанья всем вам я желаю

Эмилия: Астанамыз сүйкімді,

Гүлдей жайнап құлпырады.

Қызықты болып барады,

Бір күннен - бір күні.

Айару: Нұр сыйлап қала көркіне,

Тағып атып: Жер, Күнге.

Тұр ғажайып ғимарат,

Зор Бәйтерек кейпінде.

Тәрбиеші: Мақтансаң мақтан елім деп,
Тани біл елдік таңбаңды.
Елтаңба, Туың, Гимн -
Шырқатты биік арманды.
Тәуелсіздікке тән белгі -
Қасиетті осы рәміздер.
Еліме рух, мән берді - демекші тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы - мемлекеттік рәміздерді қастерлеп құрметтеу бәріміздің міндетті парымыз болып саналады. Мемлекеттік рәміздер - еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар.Әр мемлекеттің өзінің белгілері бар.

  • Балалар, сендер сүйікті Отанымыздың қасиетті белгілерін, рәміздерін білесіңдер ме?

  • Білеміз, ту, елтаңба, әнұран.

  • Дұрыс, мемлекеттік рәміздері: елтаңба (герб), ту (флаг), әнұран (гимн) жатады. Осы рәміздер туралы жеке түсінік берейік.

Тұғырлы туымыз.

Үлкен Шаған ЖОББМ-нің жанындағы шағын орталық «Балдәурен» Тәуелсіздік туы желбіре!Мынау Қазақстан Республикасының туы егер де Туға тұтас зер салсаң, автордың оны жасағанда үлкен мазмұнды ойластырғаны байқалады. Ол жер жүзінде әлемге нұрын шашқан Күн сәулесі астында қияға қанат қаққан қыран - тыныштық пен баянды өмірдің белгісі, ал ою - өрнек тудың қай елдікі екенін аңғартады.
Тудың авторы - Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков белгілі монументші - суретші. Біздің туымыз - көгілдір түсті, тік төртбұрышты мата. Ол бірлік пен аман - есендікті көрсетеді. Оның қақ ортасындағы сәулесін шашқан алтын Күн - тыныштық пен байлықтың белгісі.
Қазақ халқы сонау ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген. Туда қыранның орын алуы тәуелсіздік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, қыран сияқты ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған. Тудың сабын бойлай ұлттық ою - өрнек салынған тік жолақ қазақ елінің өзіндік сипатын, танымдық бейнесін көрсетеді.

Дияр:Қазақтың туың ұстаған,
Болашақ жолын нұсқаған.
Нұрата аян ғаламға
Беделі биік, күшті адам!

Рахман: Көк аспанда тулардың
Желбіреген күні - бұл,
Елім деген ұлдардың
Елжіреген күні - бұл.

Самал:Өзіңдікі туың да,
От пен ауа, суың да.
Жаса Қазақстаным!
Белді бекем буын да.

Әділет:Көкбайрақтың бетінде,

Қыран бүркіт қанатты.

Сол қырандай еркіндеп,

Бала өседі талапты.

Әдемі: Зеңгір аспан көгілдір,

Алтын күні төрінде.

Тамылжытып төгіп нұр,

Шаттық сыйлар көңлге.

Ранида: Тәуелсіз елдің ұланы,

Болшы көкте қыраны.

Өршіл болса өрендер,

Туымыз биік тұрады.

Әмина:Әділеттің ұраны,
Ақиқаттың шырағы.
Тыныштықтың туы боп,
Зор салтанат құрады.

Тәрбиеші:Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды. - дей келе бүлдіршіндердің әніне кезек берейік.

Ән: « Қазазқстан жалауы ».

Ойын: «Жалаушаны әкел.»

Бір топ балаларды (4-6 адамды) жинап алып тәрбиеші оларға жалаушаны көрсетеді, онымен ойнауды ұсынады. Тәрбиеші кезекпен кімнің жалаушаға баратынын айтады да, баланың әрқайсысының кедергіден дұрыс аттап өтуін бақылайды. Орындықтан жалаушаны алғаннан кейін тәрбиеші жалаушаларды көтеріп, маршпен жүріп өтуді ұсынады. Одан кейін ойын балаларының басқа тобымен жүргізіледі.

Еңселі Елтаңба.

Үлкен Шаған ЖОББМ-нің жанындағы шағын орталық «Балдәурен» Тәуелсіздік туы желбіре!Мемлекеттік елтаңбаның авторлары танымал суретшілер:
Жандарбек Мәлібеков пен Шота - Аман Уәлиханов. Қазақта «Шаңырағың биік, керегең кең, босағаң берік болсын» деген тілек сөз бар. Елтаңба авторлары осы сөздерді басшылыққа алған. Қазақстан Республикасының Елтаңбасы көгілдір түстің үстіне салынған шаңырақ бейнесінен тұрады. Одан жан - жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар тарайды. Шаңырақ пен уықтар біздің Отанымызда тыныштықта жарасымды өмір сүріп жатқан көптеген халықтардың бірлігін көрсетеді. Қазақстан Республикасының Елтаңбасының бір бөлігі ертедегі қанатты тұлпар. Елтаңбаның жоғарғы жағындағы бес бұрыш - бақытты өмірге жол сілтейтін жарық жұлдыздың белгісі. Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу республиканың атын көрсетеді. Бидай сабақтары - молшылықтың нышаны.

Мадина:Мақтанышым елтаңбам,

Паш еткен бізді ғаламға.

Күн күлімдеп көгінен,

Нұр тараған бар жанға.

Рита: На просторах Казахстана,
Много разных народов живет.
Все народы как братья равны,
Всем народам- любовь и почет.

Ләйлә:Елдігімнің - реңі,

Теңдігімнің - тірегі.

Мүддесінен халықтың,

Ажырамас бір елі

Алтым заңым - арай таңым.

Тәрбиеші:Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Бұл таңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.

Ән: « Елтаңбасы елімнің »

Би: « Бипыл »

Барша халық таныған
Біздің үміт, тілекті.
Шырқалғанда әнұран
Шаттық кернер жүректі
Асқақтаған Әнұран.
Кез келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы - Әнұран. Әнұран мемлекеттің салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған. Әнұранды түрегеліп, жүректің тұсына қолдарын қойып айтады. Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді. Халық өмір салтын бүгінгі тіршілігі мен келешек армандарын, мың жылғы тарихын осы әнге сыйғызған.
1986 жылы «Менің Қазақстаным» бостандық аңсаған қазақ жастарының бейресми әнұраны болған еді.
2006 жылғы 7 қаңтардағы Конституциялық заңға сәйкес ҚР - ның Мемлекеттік Әнұранының музыкалық редакциясы мен мәтіні жаңа редакцияда жазылды. Мемлекеттік Әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Алғашқы рет Қазақстан Республикасының Әнұраны ретінде «Менің Қазақстаным» әні 10 қаңтарда 2006 жылы, Елбасын ұлықтау рәсімінде орындалды. Бұл Әнұранның сөзі республикамыздың барлық халықтарының жүрегіне жақын, жұрттың бәрінің көңілінен шыққан, терең отаншылдық сезімдегі ән.

Арухан:Әнұраным от ағылған,

Ұяалатқан мақтаныш.

Оянған рух халқынан,

Ізгілік тарап кетті алыс.

Денис: Под щедрым солнцем золотым
Под ясным небом голубым
Мой флаг и герб в себя вобрали
Весь мир степей - родные дали

Ирина: Тәуелсіздік маңгілік сақталсын,

Алдымызда барлық үміт ақталсын.

Тату - тәтті бірлік болып қашанда,

Бейбіт өмір бар халықпен сақталсын.

Еля:Ходит с песней по дворам
Дружбы караван

Ты всегда в душе моей
Независимый Казахстан

Назерке:Уа, елім!

Уа, жерім

Сырласым!

Сені бүкіл қазақ халқы тыңдасын

Егемен ел болды осындай

Жырласа алаш тәуелсіздікті жырласын!

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар мемілекеттік рәміздер туралы өте жақсы біледі екенсіңдер. Мемілекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парымыз болып саналады.

1986жылғы желтоқсан оқиғасы қазақтың басын біріктіріп, бір жұдырыққа жұмылдырған бақытты да,қайғылы күн еді.Желтоқсан жаңғырығы көзден де көңілден де кетер емес.

Бүкіл бір ұлттың сүйегіне таңба түсіріп,әділетсіз шешім қабылданып,халықтың арнамысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыққан жастардың ертен еңбегі ұрпақтан - ұрпаққа үлгі. Желтоқсан көтерілісі құрбандарының қатарында Қайрат Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов, Асанова Ләзат Алтынайқызы, К.Молданазарова, Мұхамеджанова Сәбира Есімбекқызы, Ербол Сыпатаев сынды ержүрек қазақ жастары бар. міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.
Бас алаңда ел жосқан,
Жастар қаны жуған түн.
16 желтоқсан-
Тәуелсіздік туған күн! - дей отырып тәуелсіздік күніне арналған өлең шумақтарына кезек берейік.

Ләззат: Қайраттай қайсар ұлдардың,

Жанымен келген еркіндік.

Жазира мен Ләззаттың,

Арымен келген еркіндік.

Қасірет пен қайғының,

Бірімен келген еркіндік.

Алихан: Он алтыншы желтоқсан,

Ел мерейі тасыған.

Қазақ деген қалың жұрт,

Бәрін кешті басынан.

Аяла: Он алтыншы желтоқсан,

Тәуелсіздік алған күн.

Ерекше болып мәңгілік,

Ел жадында қалған күн.

Бақытхан: Әрқазақтың есінде сақталады,

Желтоқсандық өрендер ақталады.

Ел намысын қорғаған сарбаздарым,

Ерліктерің мәңгілік сақталады.

Эрамир:Тәуелсіздік мен білсем,
Той мейраммен басқалаң.
Ел мен жердің байлығы,
Төгіп- шашпау, ластамау.
Алина: Ақыл- ойың, ар, санаң,
Ұлт намысы шаршаған.
«Тәуелсіз» деп айта алсаң,
Сыйлық берем мен саған.

Рахим:Қара мына ғажапқа,
Теңдік тиді қазаққа.
Езгідегі ұрпағың,
Енді айналмас мазаққа.

Мүслим: Тәуелсіздік таңы атты,
Азаттықтың күні атты.
Тәуелсіздік алған ел,
Егемен қазақ халқы.

Алдағы уақытта тәуелсіз еліміздің шаңырағынан күн сәулесі тарап, кең даласы нанға толып, көлдері көкке күмістер шашып, тілінің мәртебесі биік болсын! Сонымен қорыта келгенде, өзіміздің жерімізді, рәміздерімізді, Отанымызды құрметтеуге және патриоттық сезімімізді нығайта түсуге тырысайық! Туған жер киелі ұғымды әр қазақстандық құрмет тұтуға, оны қастерлеуге міндетті екенін ұмытпайық. «Ел ерімен мақтанар, жер кеңімен мақтанар» деген, елімізді қорғар ер - азаматтар, асыл ұрпақтар, тәрбиелі ұл - қыздар молая берсін. Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар, жақсы оқып, үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.

Би: «Ұлдар»

Қ - Қазағымыз аман болсын!
А - Азамат боп мен ертең, Отанға қызмет етем!
З - Заманымыз тыныш болсын!
А - Аман болайық!
Қ - Қыран құстай биік болайық
С - Сарарқа даласында бейбітшілік болсын!
Т - Табиғаттыаялайық
А - Елбасымызаманболсын!
Н - Нанымызкөпболсын!

Құрметті қонақтар, балалар «Тәуелсіздік туы желбіре» атты ертеңгілігімізді тамашалағандарыңызға рахмет.







Үлкен Шаған ЖОББМ -нің «Балдәурен» шағын орталығы

Әнұран

Үлкен Шаған ЖОББМ-нің жанындағы шағын орталық «Балдәурен» Тәуелсіздік туы желбіре!Үлкен Шаған ЖОББМ-нің жанындағы шағын орталық «Балдәурен» Тәуелсіздік туы желбіре!

«Тәуелсіздік туы желбіре!»



Өткізген: Ғизатова.Г.О



2015 оқу жылы

Үлкен Шаған ЖОББМ-нің жанындағы шағын орталық «Балдәурен» Тәуелсіздік туы желбіре!Үлкен Шаған ЖОББМ-нің жанындағы шағын орталық «Балдәурен» Тәуелсіздік туы желбіре!

Үлкен Шаған ЖОББМ-нің жанындағы шағын орталық «Балдәурен» Тәуелсіздік туы желбіре!Үлкен Шаған ЖОББМ-нің жанындағы шағын орталық «Балдәурен» Тәуелсіздік туы желбіре!

Үлкен Шаған ЖОББМ-нің жанындағы шағын орталық «Балдәурен» Тәуелсіздік туы желбіре!Үлкен Шаған ЖОББМ-нің жанындағы шағын орталық «Балдәурен» Тәуелсіздік туы желбіре!

© 2010-2022