Ұстаздар арасындағы интеллектуальды ойын Елім менің

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Елім менің» телеойыны

(Музыка ойналады)

Жүргізуші:

-Уа, дариға алтын бесік туған жер,

Қадіріңді кетсем, білмей кеше гөр.

Жата алмас ем,топырағыңда тебіренбей,

Ақын болмай, тасың болсам мен егер, - деп ақын ағамызжыр еткен атамекенімізді дәріптеп,елжанды жігіттерімізді бір арнаға тоғыстырған «Елім менің» телеойынына хош келіпсіздер! Туған елдің кешегі мен бүгінін таныту «Елім менің» думанының негізгі мақсаты. Ендеше, бүгін біз ортақ мекеніміз Қазақстан жайлы сыр шертеміз.Ал, Отанға деген махаббатын сайыскер екі топ дәлелдейді. Ендеше,ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Екі топты бастап,жол көрсететін екі топ басшысы бар, таныстырып өтейін:

Ұлағатты ұстаз, мектеп жанашыры, байсалды басшымыз- Қажытай Советұлы

Мектебіміздің беделді, озық, іздемпаз, шығармашыл ұстазымыздың бірі -Асылхан Маржан Бекейқызына қошемет көрсетіп қойыңыздар.

  • Ал, енді ойынымызға қош келіпсіздер, сіздерге тек сәттілік тілеймін.Енді сіздердің топ мүшелерімен, топ атымен, ұранымен таныс болайық.

І - Қайрат» тобы, ұраны

ІІ- «Жігер» тобы, ұраны

  • Біздің сайысымыздың әнін әрлейтін саз пәнінің мұғалімі Еркеназым Сатыбалдықызына қошемет көрсетіңіздер.

  • Қымбатты ойыншылар, біздің ойынымыз 5 айналымнан тұрады.Әр айналым сайын жасырылған ән әуенімен аяқталатын болады.Әнді жазбай таныған топ қосымша 2 ұпай иеленеді.

  • Ендеше , Ұстаздар арасындағы интеллектуальды ойын Елім менің - айналымды бастаймыз. Сіздерге бейне сұрақтар қойылады. Әр жауапқа 1 ұпай қойылады.Әр сұраққа екі топтан бір-бір адам жауап берді . Әрине, жанкүйерлер көмектесе алады.

І - айналым

1) Бұл қай фильмнен үзінді? («Жау жүрек мың бала»)

2) 7-ші қысқы Олимпиада ойындарында еліміздің спортшылары қоржынға нешінші орын алып, неше алтын, неше күміс, қанша қола салды? (1 орын, 70 медаль,32 алтын,21 күміс, 17 қола салды) 48/48

3) Сіздерге әйгілі фильмнен үзінді көрсетіледі,бұл қай фильм еді? («Шыңғыс хан»)

(Музыка жасырылады) 2 ұпай беріледі

ІІ - айналым

-Ал, енді 2-ші айналымды бастаймыз. Бұл айналым 3 асудан тұрады.Атам қазақ «Аңдымай сөйлеген, ауырмай өледі» деген екен. Ал, біздің айналым аңдап сөйлеп,анық айтқанға1 ұпай сыйлайды.Бұл кезеңнің мақсатты ойыншының сауттылығын тексеру.Әуелі сайыскерлерден сөздердің дұрыс жазылуын қаншалықты білетінін тексереміз.

1-ші асу

І - топ «Қайырымдылық»

ІІ- топ «Сүйіспеншілік»

І - топ «Адамгершілік»

ІІ- топ «Жауапкершілік»

2-ші асу

  • Енді , қазір сіздермен тұрақты сөз тіркесімен кездесетін боламыз.Қазір, экранға фразеологиялық тіркестер беріледі.Сол тіркестің мағынасы мен баламасын дұрыс айтуларыңыз керек. Дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

І - топ Шашбауын көтерді (жағымпазданды)

ІІ- топ Қасқалдақтың қанындай (тапшы, өте аз)

І - топ Аузынан ақ май ағызды (жарылқады, кенелтті)

ІІ- топ Жылан қарақ майы жоқ (арық, көтерем)

3-ші асу

-2-топқа үй тапсырмасы берілген. Екі топ бір-біріне көнерген сөз жасырады. Сол көнерген сөздің мағынасының 3 нұсқасы берілуі тиіс.Дұрыс жауапқа 1 ұпай .

(Музыка жасырылады) - 2 ұпай беріледі

ІІІ - айналым

-Қазір, біз сіздермен ел тарихында ерекше орын алған тұлғаларға тоқталамыз. Әр топ басшысы ортаға келіп өз топ мүшелеріне сол адамдар туралы көбірек мәлімет беруі тиіс.Топ мүшелері сол тұлғалардың атын атау керек. Сіздерге 1 минут беріледі.

І - топ

  1. Мұхтар Әуезов

  2. Айман Мұсаходжаева

  3. Әбіхан Қастеев

  4. Бөгенбай батыр

  5. Қодар

  6. Бибігүл Төлегенова

  7. Төле би

  8. Серік Сәпиев

  9. Шара Жиенқұлова

  10. Абай Құнанбаев

ІІ- топ

  1. Ақан сері

  2. Әбілқайыр хан

  3. Әлия Молдағұлова

  4. Әміре Қашаубаев

  5. Тоқтар Әубәкіров

  6. Шәмші Қалдаяқов

  7. Бекежан

  8. Мая Манеза

  9. Қайрат Нұртас

  10. Ыбырай Алтынсарин

(Музыка жасырылады) - 2 ұпай беріледі

ІV - айналым

-Бұл кезең 2 асудан тұрады.

1-ші асуымызда қызықты сұрақтар қойылады.Бұған «сенемін» немесе «сенбеймін» деп жауап бересіздер. Дұрыс жауап берсеңіздер 1 ұпай сіздердікі.

1-ші асу

І - топ

  1. Отқа түсіп, күймеуге болады. Сенесіз бе,әлде сенбейсіз бе?

ІІ- топ

  1. Қуырдақтың әкесі болады .Сенесіз бе, жоқ сенбейсіз бе?

І - топ

  1. Жылқыда өт бар. Сенесіз бе,әлде сенбейсіз бе?

ІІ- топ

  1. Қар жанады. Сенесіз бе,әлде сенбейсіз бе?

2-ші асу

Мына берілген қанатты сөздердің авторын табыңыздар:

І - топ

Тату болса - ағайын жақын,

Ақылды болса - апайың жақын.

Бауырмал болса - інің жақын,

Инабатты болса - келінің жақын

Сыйлас болса - нағашың жақын.

Адал болса - досың жақын.

Еркелейтін немерең жақын,

Өз ұрпағың шөберең жақын.

Жан серігің жас кезіңнен

Бәріненде әйелің жақын.

Жауабы: Қаз дауысты Қазыбек Би

ІІ- топ

Жаңбыр жауса жер жетім,

Басшысы болмаса ел жетім,

Атың жақсы болса

Ер жігіттің пырағы.

Балаң жақсы болса,

Жан мен тәннің шырағы.

Әйелің жақсы болса,

Бірінші - "иманың",

Екінші - жиғаның.

Үшінші ырысыңның тұрағы...

Қабырғадан қар жауса,

Атан менен нарға күш.

Ел шетіне жау келсе,

Батыр менен ерге күш!

Жауабы: Қарлығаш әулие атанған Төле би

(Музыка жасырылады) - 2 ұпай беріледі

V - айналым

Шешуші кезең:

-Барын салса, бәрін жеңуге болады. Тапсырма жеңіл, дегенмен бұл кезең жылдамдықты керек етеді. Сіздерге , әрқайсыларыңызға екі әріптен берілген. Қазір мен сіздерге сауал қоям, осы әріптер арқылы жауап берулеріңіз керек. Сөздер 4 әріптен құралады. Жауап беруге 1 мин беріледі.

І - топ а, д, а, л

ы, с, о, р

  1. Арамның антонимі (адал)

  2. Абай дана, Абай .... (дара)

  3. Майдың түсі қандай (сары)

  4. Өзіңмен.... бойында таныстым (Арыс)

  5. Ананың көңілі балада,

Баланың көңілі ..... (дала)

  1. Үлкен іске жабылып көмек беру (асар)

  2. Біржанмен айтысқан ақын қыз (Сара)

  3. Қазақстандағы қаланың бірі (Орал)

  4. Өз.... маманы (сала)

  5. Жүз теңгесі болғанша, жүз .... болсын (досы)

ІІ- топ

  1. Жылқының түсі (құла)

  2. Қалыңның антонимі (жұқа)

  3. Нан қоқымын баспа, ...болады (обал)

  4. Жүзге жатпайтын ру (қожа)

  5. Қолынан түк келмейтін адам (олақ)

  6. Тас темір дәуірі, тағы қандай дәуір бар (қола)

  7. Жөн... (жоба)

  8. Біреуді айыптау (жала)

  9. Кездейсоқ пайда табу (олжа)

  10. «Намыс дода» ойынында адамның соңынан қалмайтын жануар (бұқа)


  • Осымен «Елім менің» телеойына өз мәресіне жетті. Есеп « » : « » болды. Сайыскер топтарымызды шын жүректен бүгінгі меркелерімен құттықтап, арнайы мадақтамамен және сыйлықтарды тапсыруға рұқсат етіңіздер.





І - топ

  1. Мұхтар Әуезов

  2. Айман Мұсаходжаева

  3. Әбіхан Қастеев

  4. Бөгенбай батыр

  5. Қодар

  6. Бибігүл Төлегенова

  7. Төле би

  8. Серік Сәпиев

  9. Шара Жиенқұлова

10. Абай Құнанбаев








ІІ - топ

  1. Ақан сері

  2. Әбілқайыр хан

  3. Әлия Молдағұлова

  4. Әміре Қашаубаев

  5. Тоқтар Әубәкіров

  6. Шәмші Қалдаяқов

  7. Бекежан

  8. Мая Манеза

  9. Қайрат Нұртас

10.Ыбырай Алтынсарин



© 2010-2022