Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Жат жердің жазы да жауратады

Мақсаты: а) Оқушыларға Ауған соғысы туралы тереңірек мәлімет беру;

ә) Ержүрек ағалардың ерліктерін болашақ жас ұрпаққа насихаттау;

б) Оқушылар бойында патриоттық сезім қалыптастыру;

Көрнекіліктер: Шарлар,ұлағатты сөздер жазылған плакаттар.

«Жат жердің жазы да жауратады»,

«Әскери қызымет - абыройлы міндет»,

«Құс ұясын қорғайды, адам Отанын қорғайды».

Барысы:

1-жүргізуші: Армысыздар, ағайын!

Ағайын тілін табайын.

2-жүргізуші: Бармысыздар, бауырлар,

Өкпе жоқ бізде бауыр бар.

1-жүргізуші: Есенбісіз, ұстаздар,

Шаршамайтын қыс-жаздар.

2-жүргізуші: Қойдан да жуас қонақтар,

Құрметке ие үлкендер,

Алда жүзген желкендер.

1-жүргізуші: Кешке келген сайланып,

Отырам деп жайланып,

Көрермендер аман ба?

Отырған мынау ойланып?

2-жүргізуші: Онда кешті бастайық,

Екеуіміз асып-саспайық.

Келесі кезкгімізді,

Кездесу кешіне тастайық.

1-жүргізуші:Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 24 жыл толуына орай ұйымдастырылған «жат жердің жазы да жауратады» тақырыбындағы кездесу кешімізге қош келдіңіздер!

(ҚР гимні орындалады)

2-жүргізуші:Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды 1 минут үнсіздікпен еске алайық!

Таныстыру:

1-жүргізуші:Алғашқы сөз мектебіміздің директоры ??????????? ??????????? ????????? беріледі.

(артынан жетекші сөйлейді,қонақтармен таныстырады)

2-жүргізуші:Соғыс кинодан қарағанда қызық, ал өмірде бұл мүлде керісінше.

Соғыс - жан алып, жан беру. Соғыс - халықтың басына клген қасірет,жұт.

1-жүргізуші:Иә,дұрыс айтасың. Ауған елінде 1979-1989 жылдары 10 жыл бойы ұрыс қимылдары жүрді. Осы Ауған соғысына Қазақстаннан 22000 адам қатысып, олардың 761-і қаза тапты,21-і хабар-ошарсыз жоғалды. Ауған соғысының аяқталғанына 24 жыл болсада жүректегі соғыс жарасы әлі де сыздап ауырады. Біздің ауданымыздан да осы Ауған соғысына бірнеше азаматтар қатысты.

2-жүргізуші: Армысың, ауылымның адамдары

Мейір гүлін шашатын маған бәрі

Ащы терді аямай сендер үшін

Әнге қосып жүремін өзіңді әлі

1-жүргізуші: Сол Ауғанда талай досты жерледік

Қарлы шыңға күн-түн демей өрледік

Сұрапылда ерледік те, шерледік

Намыс туын қолдан бірақ бермедік

2-жүргізуші: 1)Баяндама «Ауған соғысы»

2)Күй «ерке сылқым»

1-жүргізуші: Еліміздің азаматтары Ауған елінде, қан майданның өтінде күн сайын емес, сағат сайын қауіп-қатермен беттесті-ақ... Ендеше сол батыр ағаларымызға неге ән арнамасқа?!

ӘН:

2-жүргізуші:Өзі батыр, өзі қайсар төзімді

Бір полкқа ерлігімен өзі үлгі

Оралғалы Ауғанстан елінен

Талай болды көрмегелі өзіңді.

1-жүргізуші:Келесі сөз кезегін қонақтарымызға берейік.

2-жүргізуші:Өлен 1) «Қанды тұман» оқитын ..................... ..........................

1-жүргізуші:Біздің батыр алған беттен қайтпайды

Бір сөйлейді, сірә екі айтпайды

Тұса мейлі қылша мойын тұзақта

Тіс жармайды, қимас досын сатпайды.

1)Ән «Қазақтың жігіттері» ............... ........................

2)күй «Алатау» .......................... ..............................

2-жүргізуші:Келесі кезекті сұрақ-жауапқа берейік. Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын ардагер ағаларына қойсын. Сұрақ барма?

1-жүргізуші:Сенен табам асыл үлгі іздесем

Сен деп білем алтын бесік - ел көсем

Өткен күннен белгі болар тарих бар

Мекенімді бабалармен тілдесем.

1)Би шашу: «Қазақ биі» .................................. ................................

2)

2-жүргізуші:Бізге ыстық көргеннен соң көзіңді

Екі етпедік әрбір айтқан сөзіңді

Жазылмастай жара салып жүрекке

Талай боздақ бөтен елде көз ілді

1)Ән: «Сарбаздар» .................. ......................................

1-жүргізуші:Самғап жүрсек бостандық жыр-әнім

Шарықтайды кең көлемде бұл әнім

Ән: «Атамекен» орындайтын .............................. ..............................

2-жүргізуші:Гүлін жарып, жайқалып үміт бағы

Таңдарым ата бермек күліп тағы

Бізге мәлім жылжып жыл өткен сайын

Қырғи қабақ соғысты ұмытпағы.

1-жүргізуші:Дүниені достықтың орап әні

Көңіл сандық шаттыққа толды әні

Өмірде шырын еміп өскен ұрпақ

Ащылықты білмейтін болады әлі

2-жүргізуші:Өтеді жаз, өтеді талай күз кеп

Кірпішін сәнді өмірдің қалаймыз көп

Сенемін «бомба» сөзін кейінгі ұрпақ

Түсінбей сөздіктерден қарайды деп

1) Би: «Ата толғау» ................................. ........................

2)Ән: «Елім менің» ................................ ................................

1-жүргізуші:Тіршілік тұтқасы - күн сөнер

Дегенге айтыңдар кім сенер?

Әлемде тыныштық тұрса егер

Біздерміз өмірге нұр себер.

2-жүргізуші:Сойқанды соғыс - өрт, кіл апат,

Ол-қайғы, ол-үрей, алапат.

Бейбіт күн береке баршаға

Тыныштық, тыныштық - бір рақат!

1) Ән: «Әлия» орындайтын ....................... .......................

2) «Біздер жеңдік» .............................. .......................

1-жүргізуші:Кең дала, көк өзен армысың

Армысың, Алатау, қарлы шың!

Осы алып кеудеңде мәңгілік

Тыныштық сәбидей қалғысын!

2-жүргізуші:Сұм соғыс - қанды ажал, сор, қайғы

Ажалдың дегені болмайды!

Әкелер баласын қорғайды

Әлемде тыныштық орнайды.

1) Ән: «көкпар» орындайтын ....................... ......................

2) Күй: «Торы жорға» ................................. ...........................

1-жүргізуші:Рас, қайғы қасіреті бар қаптаған,

Тұмырлар бар батқан және батпаған

Әкелгенмен әр адамға бір қайғы

Сол жылдарға қарғыс айту жат маған

2-жүргізуші:Жанды жансыз бар табиғат түнерген

Әр кеудеде бір шер барын білем мен

Қан майданда ерлік етсе біреулер

Қарсы жауға бізде шықтық түренмен

1-жүргізуші:Аңыздардан тере жүріп масақты

Рас, рас, көзімізден жас ақты

Бірақ сол бір дауыл жылдар, от жылдар

Бәрмізден бір-бір батыр жасапты.

2-жүргізуші:Батыр жұртым сол жылдарды өткердің

Сонда да сен жақсы көрдің жек көрдің

Қара емендей қатып қалған әжеңді

Кейінгі ұрпақ батыр емес деп көргін!

1-жүргізуші:Кейінгі ұрпақ саған салған өткелдің

Сағасында өткен жастық, өткен күн

Қаршадайдан қара шаруа атанған

Сен әкеңді батыр емес деп көргін

2-жүргізуші:Сол жылдарға қарғыс айту жат маған

Ағалардың ерлігіне мақтанам

Балғын ұрпақ сенің блашағыңды

Мына отырған ағаларың сақтаған!

(«Әнұран»)

1-жүргізуші: Қорытынды сөз кезегін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ........................... ................................... ................................

© 2010-2022