Топпен танысу (саяхат)

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Технологиялық карта

Тәрбиеші:Тулебаева Алия Жалеловна

Күні:08.12.15

Білім беру саласы: Қатынас.Таным.

Бөлімі: Тіл дамыту.

Тақырыбы: Топпен танысу (саяхат).

Мақсаты: Балаларды балабақша өмірімен,топ бөлмесімен таныстыру,ондағы жиҺаз атауларын атауға,олардың қызметін сипаттап беруге үйрету.

Сөздік жұмыс: топ,бөлме,кереует,қолжуғыш.

Билингвальды компонент: топ-группа, бөлме-комната, кереует-кровать.

Оқу іс-әрекет

кезеңдері

Педогогтің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғалыс


Балалардың шеңбер бойымен тұрғызып, Е.Өтетілеуұлының өлеңін оқиды.

Білер қазақ баласы,

Сәлем-сөздің анасы.

Алдымыздан кезіккен

Көп танысты көрерміз.

Бәріне де ізетпен

Біздер сәлем береміз.

Балалар педагогпен бірге сәлемдесіп,жылы тілектерін айтады.


Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Балалар,сендер бүгін таңертең тұрып қайда келдіңдер?

-Сендерге балабақшада ұнай ма?

-Мынау не?

-Оған не саламыз?

-Мынау не?

-Оған не саламыз?

-Қандай ойыншық көріп тұрсыңдар?

-Мынау не? (Кереует-жататын төсек).

-Онда не істейміз? (Ұйықтаймыз,т.б.)

№1 үлестірмелі материялмен жұмыс.

<<Нені қайда қоямыз?>>дидактикалық ойыны.

Дәптердегі заттарды атай отырып,оларды қай жерге қоятынын айту.

Жеке жұмысты қажет ететін балалардан топ жиҺаздарын сұрау,балалардың топтық және жеке әрекеттерін,олардың жауаптарын таңдайды.

-Балабақшаға.

-Ұнайды.

-Шкаф.

-Киімімізді ,

баскиімді саламыз, аяқкиімді,пальтоны саламыз.

-Ойыншық шкафы.

-Ойыншықтарды.

-Аю,қоян,піл,машинаны көріп тұрмыз.

Заттарды атап,олар қайда тұратынын айту.(Мысалы,сырт киім және аяқкиім заттарын киім ілетін шкафтарға жинайды). Топ ішінде серуен жасайды.

Рефлексия лық-түзетушілік



Сергіту әні:

Кәне,қанат жазайық,

Қарлығаш боп ұшайық.

Ұшып,ұшып алайық,

Орнымызға қонайық.

(Б.Серікбаев).


Суретті көрсете отырып,сұрақ-жауап арқылы оқу іс-әрекетті қорытындылайды. Балаларды мадақтайды.



Бөлмеден бөлмеге жүреді,әр бөлме заттарын атайды,сұрақтарға жауап береді.Әр бөлменің заттарын қалай қолдану керегін айтады және көрсетеді.Қимылын келтіріп жаттығуды орындайды.

Топ жиҺаздарын атап,олардың не үшін қажет екенін айтады.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: топтағы заттардың аттарын атап,киімдерін киім ілетін шкафқа жинауды;

Түсінеді: заттарды ұқыпты күтіп ұстау керектігін;

Қолданады: сұрақ-жауап арқылы диологпен сөйлеуді.



© 2010-2022