Әдеби сазды кеш әдебиет пәні

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Ерейментау қадласы

КММ №1 негізгі мектебі

Қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі: Санакова Анар Жомартқызы

«Бүгін менің туған күнім ой пәле-ай… »

(Әдеби-сазды кеш)

Мақсаты:

-XX ғасырдың таңғажайып ақыны Мұқағали Мақатаевтың жырларын өлең сүйер қауымға кеңінен насихаттау,

-ақынның өмірін, өлеңдерінің өзіндік табиғатын даралай, саралай отырып өзгешелігіне көңіл бөлу, өлеңді мәнерлеп оқуға дағдыландыру, отаншылдыққа, сүйіспеншілікке, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу, ақынның парасатты поэзиясы арқылы адамгершілікке тәрбиелеу .

Көрнекілігі:

Акт залын шарлармен безендіру. Ақынның портреті, интербелсенді тақта, үнтаспа, қанатты сөздер, шағын көрме, буклет, автордың кітаптары, мақала қиындылары т.б.

1-жүргізуші:

Кіріспе сөз. ХХ ғасырдың таңғажайып ақыны, қалың қазағының аяулы ұлына айналған Мұқағали Мақатаев көзі тірі болғанда, сексен беске толар еді. Артына өлместей өміршең өлең-жырларын қалдырған ақиық ақынға арналған « Бүгін менің туған күнім ой пәле-ай…» атты кешімізді ашық деп жариялаймыз.

Бүгін менің туған күнім ой пәле-ай.

Мына жұртым неге жатыр тойламай.

Банкет жасап берер едім өзім-ақ,

Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай,-деп жырлаған Алаштың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне орай осы кеште айтылатын өлең-жырлар, көрініс, би мен әнде ұлы ақынның құрметіне арналады.

Көрініс: «Аққулар ұйықтағанда»

Автор:

Өзен де жоқ сыймаған сарнасына,

Жылға да жоқ даламен жалғасуға.

Таста тұнған жаңбырдың тамшысындай,

Қалай біткен мына көл тау басына!?

Әлдилеп ақ төсінде, бермей тыным,

Ақ айдың, ақ мүсінін тебейтұғын.

Бұл көлге мылтық алған саятшы емес,

Тірі жан аяқ басып келмейтұғын.

Аққулар аман-есен қайтқанынша,

Суына «Жетім көлдің» шөлдейтұғын.

Суымен сырқаттарын емдейтұғын.

Бала жатыр төсекте күйіп-жанып,

Баласының ана отыр күйін бағып.

Қайдағы бір қатыгез, сұрқай ойлар,

Миын қарып барады, миын қарып.

Әкесі:

Мана, күндіз, тәуіп шал не деп кетті?!

Әлде өтірік, әлде шын демеп кетті....

Анасы:

«Аққуменен баланы аластаңдар», -

Деді - дағы жәйімен жөнеп кетті...

Әкесі: Әй....

Анасы:

Тұрсаңшы, таяу қалды таң атуға,

Неткен жансың санасыз жаратылған?!

Манағы тәуіп шалдың айтқан сөзі,

Ұмытылып кетті ме санатыңнан?

Әкесі:

Апыр-ай, қалай барам, қалай барам?!

Атармын аққу құсты қалай ғана?!

Айдынның аққулары ұйықтағанда,

Өрген мал, өскен шырша абайлағын,

Барлығы қасиетке қарайлаған

Оқ атам қасиетке қалай ғана?...

Бармаймын, бара алмаймын, қалай барам?!

Анасы:

Жалғыз ұлдан артық па, жалған бәрі!

Балам өлсе, бақыттың керегі не?!

Топан су басып кетсін қалғандарын.

Перзент сұрап несіне армандадың?!

Құрысын онсыз сенің жанған бағың!

Мылтықты әкел!

Атты ертте!

Жалған бәрі!

Автор:

...Аққулар...

Аққу қанат тарануда, сүмбе қанат,

Алаңсыз тарануда күнге қарап.

Айдынның еркелері, білмей тұрмын,

Етермін тағдырыңды кімге аманат?!

Шошымай шолжаң өскен батырларың,

Ана отырған шыршаға жақындады.

Көзіне тұнған бейбағың, топ аққуға,

Білмей қалды мылтықтың атылғанын.

Ию-қию көл маңы, астан-кестен,

Жер айналып, тау құлап, аспан көшкен.

Жаңғырығып, жар салып, жартастар тұр,

«Жетім көлдің! Қайғысын бастан кешкен.

Тау жаңғыртып, тамаша құстың әні,

Қош айтысып көлменен, ұшты бәрі.

Көл бетінде көлбеңдеп, жаралы аққу,

Ұша ламайды, ұшпақ боп күш қылады...

«Жетім көлдің» басында жылқы жатқан,

Дөңге шығып, қарт тұрған жылқы баққан.

Қарт:

«... Апыр-ай, бұл кім болды, таңсәріде,

Көргенсіз, көл басында мылтық атқан?!

Құстардың зәре-құтын шырқыратқан,

Неғылған қаныпезер құлқы қатқан?!

Ей!

Кімсің?

Тірісің бе?

Жаның бар ма?

Аққуды неге атасың, арың бар ма?!

Тастағын қаруыңды, келгін бері,

Келгін бері, кеудеңде жаның бар да!

Анасы:

Мана, күндіз, тәуіп шал не деп кетті?!

Әлде өтірік, әлде шын демеп кетті....

«Аққуменен баланы аластаңдар», -

Деді - дағы жәйімен жөнеп кетті...

Қарт:

Әй, балам!...

Болмады ғой, болмады ғой...

Қасиет кетті көлден, сорлады ғой.

Тәуіптің айтқанының бәрі өтірік,

Атқа мініп, ауылға қайт, олжаны қой!...

Мін атқа. Қайт ауылға тағат қыл да,

... Білмеймін, сор аттың ба, бақ аттың ба?!

Аққуға кезенерде, ырым жасап,

Тым құрыса саусағыңды қанаттың ба?

Анасы:

Әлек боп, арпалысып сор-қайғымен,

Жоқ ата, жасамадым ондайды мен....

Жасымнан естігенім бар-тын еді,

Әйтеуір аққу атқан оңбайды деп...

Қарт:

Солай, солай...

Аманат бір құдайға....

Қай-қайдағы түседі құрғыр ойға...

Автор:

Өң бе, түс пе, әйтеуір таласуда,

Өлі менен тірінің арасында.

Өліп жатқан ұлына қарасын да,

Қалсын ана «Жетім көл» жағасында,

Өлі менен тірінің арасында.

Анасы:

Жоқ!

О, қасірет!

Осындай ма ең?!

Сорымның қалыңдығы шашымдай ма ең!...

Мен емес... Мен атпадым....

Кеше гөр,кешіре гөр, жаратқаным?!

Қасиет!...

Қасиеттер ұшып кетті,

Қасірет!...

Қасымдағы досымдай ма ең!...

Қасиет... Қасірет...

Қасірет.... Қасиет...»

Автор:

Орнында екен «Жетім көл», жоғалмапты

Ортаймапты, немесе тола алмапты.

Жағалауын жауыпты жасыл жалбыз,

Қасиетті аққулар оралмапты.

2-жүргізуші:

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам, жұртым, елеңдестің.

Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім,-

деп ақынның өзі айтқандай, оның өлеңі өмірден өзі кетсе де, өшпей жалғасын тауып келеді.

Мұқағали Мақатаевты атақ пен даңқ өлген соң өзі іздеп тапты. Тіршілігінде осы үшін жанын сала күрескендердің тағдыры керісінше шешіліп жатады.

Өйткені биік таулардың алыстаған сайын зорая түсетіні сияқты, мықтылық та уақыт озған сайын тұлғалана бастайды. Хантәңірі нақ осылай. Ал Мұқағали ақын табиғатына айнымай тартып туған ақын.

1-жүргізуші:

Мұңданған ақынның өмірден өткеннен кейінгі туған күндері халық болып тойланатын болды. Бүгін де сіз бен біз боп ұлы ақынымыздың туған күніне жиналып отырмыз. Бірақ арамызда ақынның өзі емес, ақынның албырт жырлары мен жансыз суреттері.

2-жүргізуші:

Мұқағали өлеңдерінің басым көпшілігі терең сезімге арналған:

О, махаббат, сен әлі тірі ме едің?

Көзімнен ғайып болған күнім едің!

Гүлім едің,

Елтіген түнім едің.

О, махаббат сен әлі тірі ме едің?! - дей отыра құлақтан кіріп, бойды алар асем әнге кезек берсек «Сенің көзің» орындайтын: Шушаков Даулет, Ермек Оразхан, Жанатов Диас, Базарбаев Абылай, Кабышев Батыр.

«Сенің көзің»

Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған,
Сонда жатыр менде жүрген орындалмас бар арман.
Сенің жүзің көкте күннен, жерде гүлден нәр алған
Шашың сенің - жан баспаған жапандағы қара орман.

Қас-кірпігің қарлығаштың қанатындай қап-қара,
Үлбіреген жүзің сенің ақ жібек пе, мақта ма?!
Әсем-басың әп-әдемі, мүсініңе шақ қана,
Шиедейін еріндерің қызарып тұр шоқтана.

Толықсыған тұла бойың шыбық па екен, тал ма екен,
Бейнең сенің баяу атқан жазғы шұғыла таң ба екен,
Күлкің сенің шашылған нұр, сөзің кәусар бал ма екен,
Бұл ғаламда сенен артық сірә біреу бар ма екен?!

1-жүргізуші:

Мұқағали Мақатаев - қазіргі қазақ поэзиясының классигі, ұлтымыздың ұлы ақыны.

Ақынның жазған өлеңдерін мінерлеп оқитын: Маден Сандуғаш, Талғат Бақберді, Бекпулат Мөлдір, Тангатаров Нұрсұлтан, Реймбаева Жадыра, Чистякова Виктория, Кригер Рудольф.

Елім барда

Не сыйлайды, не береді келер күн?!

Не де болса тірі тұрсам көрермін.

Желідегі құлынымын мен елдің,

Көгендегі қозысымын мен елдің.

Не сыйласын, несін берсін ел маған?!

Тұрсақ екен елім де аман, мен де аман.

Таулар - менің таусылмайтын бақытым,

Ал ырысым - ұланғайыр кең далам.

Не істемекпін алтын, гауһар, жақұтты?

Оларды іздеп өткізбеймін уақытты.

Мен бақытсыз бола қойман сірә да,

Туған елім болса екен бақытты!

Анау - аспан, мынау - бақ

Анау - аспан, мынау - бақ,

Аспанда бұлт, бақ жадау.

Мамық ұшты қылаулап,

Қыс та келіп қалған - ау.

Аспан, жердің арасын,

Дәрігер қыс алуда,

Табиғаттың жарасын

Ақ дәкемен таңуда.

Тоңдырып ап маңдайын

Тағы көйлек сұрап жүр.

Бақты кезіп, тал - қайың

Жалаң аяқ жылап жүр.

Қу бұтағын құшақтап,

Түксиеді кәрі емен.

Қыс - тазалық, қыс - аппақ,

Әрі өкініш, әрі өлең.

2-жүргізуші:

«…Ақынмын деп қалай мен айта аламын,
Халқымның өз айтқанын қайталадым.
Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып өзіне қайтарамын, -
деген ерен жырдың жаратушысы, Ұлы түлға, Ұлы ақын. Осы өлең жолдарын оқыған кезде алып жырдың жаратылысын, жаңа қыры мен сипатын танығандай күй кешесіз… Ақын өзінің қысқа ғұмырында өзіне-өзі сенген. Ары таза, жаны мөлдір, жүрегі отты, рухы асқақ жырлары мен көркем дастандары сол сенімінің жемісі. Ақын жаңа ғасыр қақпасын ентікпей, еркін ашып, жаңа мыңжылдық айдынына шығып отыр. Ендігі кезекті сыған биіне кезек берсек, сахнада: Реймбаева Жадыра, Талғат Бақберді.

1-жүргізуші:

Махаббат бүгін тағы қарамады, Қарамады жанымды жаралады

Шәміл -ау, білесің бе шын махаббат

Осылай қарамаудан жаралады!- иә, нәзік жанды ақын жүрегінің шынайы іңкәрлік сезімі махаббатқа ұласады, кезекте «Махаббат диалогы» оқитын: Реймбаева Жадыра, Тангатаров Нұрсұлтан.

  • Құс боп ұшып жоғалсам, не етер едің?

  • Сені іздеумен мәңгілік өтер едім

  • Отқа түсіп өртенсем, не етер едің?

  • Күл боп бірге соңыңнан кетер едім

  • Бұлдырасам сағымдай, не етер едің?

  • Жел боп қуып ақыры жетер едім

  • Қайғы әкелсем басыңа, не етер едің?

  • Қойшы сәулем, бәрін де көтеремін!

2-жүргізуші:

Ақынның аз ғұмырында артына қалдырған жалынды жырлары, оқырманын тәнті еткен «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек», «Моцарт» сияқты дастандары бар. Ақынның өлеңдеріне ән жазылып, қазіргі эстрадада қалықтаған ән жұртының жүрегін жаулап алуған. Ендеше әнге кезек берейік. «Есіңе мені алғайсың» орындайтын: Санкова Анар Жомартқызы, Альмуратов Нұрлан.

«Есіңе мені алғайсың»

1 Нұр жауып тұрған көктемде
Гүл тере барсаң бөктерге
Қоңыраулатқан аспанды
Найзағай шаншып өткенде
Есіңе мені алғайсың
Қоңыраулатқан аспанды
Найзағай шаншып өткенде
Есіңе мені алғайсың

2 Қазбауыр бұлттар маңғанда
Орманға жазда барғанда
Арманда мені арманда
Онаша жалгыз калганда
Есіңе мені алғайсың

1-2 Арманда жаным арманда
Жок деген созге алданба
Есіңе мені алғайсың

3 Қараша келген шақтарда
Құлазып тұрған бақтарда
Жапырақ жайрап жатқанда
Құрайлар сыңси қаққанда
Есіңе мені алғайсың

3-4Жапырақ жайрап жатқанда
Құрайлар сыңси қаққанда
Есіңе мені алғайсың

4Ақ ұлпа жерді жапқанда
Ағаштар сырға таққанда
Бозарып атқан ақ таңда
Бозарып тұрып ақпанда
Есіңе мені алғайсың

3-4Бозарып атқан ақ таңда
Бозарып тұрып ақпанда
Есіңе мені алғайсың

1-жүргізуші:

Поэзия, менімен егіз бе едің?!

Сен мені сезесің бе?

Неге іздедім?

Алабұртқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таңдардан сені іздедім,-

деп жырлағандай, саф алтындай поэзиясын бір елдің мұрасындай етіп қалдыра білген ақынның өлеңдері өзі айтқандай талай болашақтарға көшеді. Ендеше, сол бір мәңгілік көштің сырлы әуеніне, жадымызда жаңғырған жыр жолдарына құлақ салайық. «Ғашықпын» мәнерлеп оқитын Жусупов Мұхамеджан.

«Ғашықпын»

Сезбейсің ғой, сезбейсің ғой сен мені...

Көрмейсің ғой кереметті мендегі.

Түсінсеңші сарсаң болған пендені,

Түсінсеңші! Ақыл-ойым кем бе еді?!

Hегe бұлай? Heгe жүрміз көңілсіз?

Кетем бе деп қапаланып өмірсіз

Шын ғашықпын, шын ғашықпын сол адамға

Мен болмасам, бола ма сол аман ба?

О, Тәңірім неткен жан едің

Жүрегің еттен бе әлде қоладан ба

Шын ғашықпын несіне оны жасырамын

Әр бір алтын ғой бір тал шашы маған

Сырымды айтып ән арқылы өзіңе

Сүйдім сәулем құлақ салшы сөзіме

Кездескенде күлімдеші сен маған

Кім қызықпас мөлдір қара көзіңе

Жаным, сені еш бір жаңға қимаймын

Сені көрсем бұл әлемге симаймын

Бір сен үшін осы әнді арнаймын

Сен үшін дала гүлін жинаймын

Бір-ақ бұл өмірде қыздар деген көп екен

Көп болғанымен бұрынғысы жоқ екен

Аққу болып, көктем болып келші сен

Көп кідірмей жауабыңды берші сен

Жүрегің тастан ба әлде мұздан беді

Әлде менен жақын бір жан бар ма еді

Көңілімді суыттың үнсіз қалып

Мен енді жұмбаққа айналсам қызғанба енді

Қызғанба енді біреумен билесемде

Шақыра ғой басқаны биге сенде

Мен жүрейін жанында жат біреудің

Өлең оқып берейін сүймесем де

Ішімнен ондай ешкім жоқ десем де

Басқа жанды бақытты етпесем бе

Қайғыдан қалай аман жүр екен деп

Қайран қалам қасірет шекпесем де

Кетер болсаң тезірек ұмыт бәрін

Көз алдымда тұрмасын қылықтарың

Ұмыт бәрін жиам деп әуре болма

Таңғажайып сәулесін сынықтарын

Кездерді ұмыт бөлмеде симай күлген

Кездерді ұмыт ерекше силай білген

Өкпелеймін сені осылай сүйгендіктен

Шынымды айтсам, мен сені ешкімге де қимайды екем

1-жүргізуші:

Ақынның аз ғұмырында артына қалдырған жалынды жырлары, оқырманын тәнті еткен «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек», «Моцарт» сияқты дастандары бар. Ақынның өлеңдеріне ән жазылып, қазіргі эстрадада қалықтаған ән жұртының жүрегін жаулап алуған.

Ендеше әнге кезек берейік. «Гүлдер-ай» тобының орындауында «Сарыжайлау» әнін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші:

Туған халқының арман - мақсатын терең түсінген, толғай жазған, сөйтіп, жанның жыршысы болған ақиық ақынның екінші өмір мәңгілік ғұмыры енді басталып отыр.Өлмес өнері - өлеңімен жалпақ елінің жүрегіне жол тауып, бүкіл халықтың сүйіспеншілігіне бөленген ұлы перзентінің ұрпаққа ұран болған жырларын елі де ешқашан есінен шығармасы шындық. Енді ел-жұрты ақынның алдындағы борышын өтеуде.

-Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам оған жұртым елеңдестің.

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев, Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім! - иә өлең өлмейді. Ендеше, оны жазған ақын да өлмейді. Осымен кешімізді жабық деп жариялап, назарларыңызға : Реймбаева Жадыраның шығарған туындысына жол берелік.


© 2010-2022