Қазақстанның әр қаласы-аңыз сынып сағаты

Раздел Воспитательная работа
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақстанның әр қаласы - аңыз


Мақсаты: 1. Балалардың Қазақстан қалалары туралы білімдерін жетілдіру,

интерактивті тақтаны пайдалана отырып, қалалар жайлы

аңыздармен таныстыру;

2. Есте сақтау қабілеттері мен сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін

дамыту;

3. Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттырып, ұлтжандылыққа

тәрбиелеу;

Балалармен бірге түйеге отырып, «Бозінген» күйімен көш бастап, сыныпқа кіреміз. Алматы станциясына келіп тоқтап, осы қаланың «Алматы» деп аталу себебін анықтап, тарихына тоқталамыз. Алматы апортынан дәм татамыз.

Көш ары жалғасып, Балхаш көліне тоқтаймыз.

Балқаш көлі туралы аңыз

Көлдің қазіргі атауына байланысты халық ішінде бұрыннан айтылып келе жатқан аңыз бар. Бұдан көп ғасырлар бұрын көлдің батыс жағалауын бір бай мекендеген екен. Оның Балқия атты аса көрікті қызы болыпты. Ол тек көркімен ғана емес, ақылымен де, адамгершілігімен де ел ауызына ілігіпті. Сүйікті қызды әкесі ғана емес, бүкіл жұрт еркелетіп Балқаш деп атайтын болыпты.

Жасы он жетіге толғанда Балқия алыс елден келген Ерден атты бір жас жігітке ғашық болады. Алайда қазақтың көне әдет-ғұрпы бойынша ата-анасы қызды бала күнінде атастырып, қалың мал алып қойған екен. Мұны естіп-білген қыз бен жігіт жасырын қашпақ болып келіседі де, бір ыңғайлы келген түнде екеуі екі атқа мініп тайып отырады. Ертесіне екі ғашық бір қалың қамыстың ішіне келіп дем алуға тоқтайды. Мұнда олар ойламаған жерден қырсыққа тап болады. Тал түсте аттарына қамыс ішіндегі қабандар тап береді. Ерден аттарды құтқарам деп жүргенде, қабанның азу тісі денесіне оңдырмай ауыр жарақат салады. Балқияның сүйікті жігітін өлімнен арашалап қалуға шамасы келмейді де асыл жарын жерлеп, өзіде сол жерде өлмек болады. Ал бұл кезде қабаннан үркіп қашқан екі ат қыз бен жігіттің туған ауылына келіп бір-ақ тоқтайды. Ыза болған қыздың әкесі жігіттерге қашқындарды ұстап әкелуге әмір береді және оларды халық алдында қарабет қылып жазаламақ болады.

Қашқындарды іздеп шыққан жігіттер ат тұяғының ізімен жүріп отырып, қыздың тығылған жерін табады. Қуғыншыларды көрген соң, әкесінің қатал мінезін жақсы білетін Балқия, қолға түскеннен өлімді артық көріп, биік жардан көлге бір-ақ секіреді де су түбіне кетеді.

Бұл ауыр оқиға, трагедия сол маңдағы елге түгел жайылып, бұдан былайға жерде көлді өздері еркелетіп айтатын, сүйікті жас арудың атымен халық Балқаш деп атап кеткен екен.

Бурабай станциясы

Жұмбақтас туралы Сәкен Сейфуллиннің "Көкшетау" поэмасында мынадай шумақтар бар:

Жұмбақтас - бейне арыстан шөгіп жатқан,

Айбатты жалбыр жалын төгіп жатқан.

Маңқиып Оқжетпеске қырын қарап,

Суына Бурабайдың бөгіп жатқан.

Жақын кеп қараған жан аңғал тасқа,

Сүңгіген тұңғиыққа саңғал тасқа.

Қызықты жаратылыс суретіне,

Болмайды қайран қалып, таңқалмасқа.

Бурабай

Алла дүниені жаратқанда бір халыққа орман байлығын, біреуге ұлан ғайыр даланы және ірі өзендерді, енді біреулерге әдемі таулар мен көгілдір көлдерді берген екен. Қазаққа тек қана дала тиіпті. Оған өкпелі қазақтар жаратқанның өздеріне назар аударуын және таңғажайып табиғаттың бір бөлігін беруін сұрапты. Сонда Алла өзінің қоржынынан ерекше мүсінді тау мен тасты аймақты, көгілдір суы мен сұлу көлді даланың ортасына төге салыпты. Бұл жер шалғынды, гүлдерге бай әсем жер жанаты. Тауларында әртүрлі ағаштар мен бұталар, құстар мен жыртқыштар мекендейді. Көлдерінде балығы тулап, шалғынында көбелектер мен шыбын-шіркейлері тіршілік етеді.

Табиғаттың осы бір көркем де сұлу таңғажайып бұрышын қазақтар ежелден-ақ Бурабай деп атаған. Бұл бура деген сөзден шыққан (түйе).

Оқжетпес туралы аңыз

Қалмақ қызына Абылай ханның әскерлері «мен аламын» деп таласады. Сонда Абылай жауынгерлерін ренжітіп алмас үшін "Бұйырдым тұтқын қыздың қалауына" дейді. Тұтқын қыз жігіттердің өнерін сынау үшін үш шарт қояды. Біріншісі - Көкшенің ең биік шыңының басындағы найза ағашқа байланған шәйі орамалды атып түсіруі еді. Қыздан дәмелі хан батырларының барлығы да "шіреніп садақтарын шыңға кезегенімен" ешқайсысы сыннан өте алмайды. Шың содан кейін Оқжетпес аталыпты

Шайтанкөл туралы аңыз

Бұл көл алғашқы кезде "Әулие көл" атанған. Баяғыда бұл көлді әулие мекендеген, суына беті-қолын жуған деп жұрт киелі су санапты. Жұма сайын қожа-молдалар бастаған байлар келген екен. Жағасында құдайға арнап мал сойып, құран оқысады. Шаншар ішінде Торсықбай дейтін қу болған. Бірде сол әлгіндей топтық үстінен шығады, құрбанға шалынған малдың мол етінен қарбыта асап, сары қымыздан сылқыта жұтармын деп жұтынады. Бірақ жуандар жыртық шапанды кедейді табаққа жолатпайды. Бұған қорланған қу ішінен "тұра тұрыңдар, бәлем!" деп кете барады.

Бір күні әлгілер көлдің басына тағы жиналады. Шартық қарын шүй желкелер мол табақты алдарына енді ала бергенде жақын жерден үрейлі үн шығады. Артынша тастардың бірінен сақалы сала құлаш, шашы жалбыраған бір мақұлық селтиіп шыға келеді. Үрейі ұшқан қожа-молдалар күбірлеп дұға оқиды, бірақ әлгі пәле тайсалмайды, дауысын құбылтып, құтырынып жақындай береді. Сол кезде қатты үрейі ұшқан бір бай орнынан ұшып тұрып, көзі алақтап:

- Ойбай, шайтан! - деп төмен қарай зыта жөнеледі. Қорқып отырған жұрт орындарынан қопарыла тұрып, тым-тырақай қашады. Оларды шайтан боп үркітіп жүрген Торсықбай ешкі терісінен жасаған кепті шешіп тастап, "пісмілда" деп, жайрап қалған асты қолға алады. Содан бері Әулиекөл осылай Шайтанкөл болып аталып кетіпті.

Тапсырма:

Көкшетаудың жұмбақ сырлары


  1. Қалмақ қызын алатын жауынгерлер кімнің сарбаздары?

  2. Түйені басқа сөзбен қалай атайды?

  3. Қалмақ қызы өз шартында қандай затты қолданды?

  4. С. Сейфулин қай поэмасында Жұмбақтас жайлы айтылған?

  5. Бейнесі арыстанға немесе қызға ұқсайтын қандай тау бар?

  6. «Көкшетау» поэмасында С.Сейфулин Жұмбақтасты неге ұқсатты?

  7. «Әулие көлді» халық кейін қалай атап кетті?

Елорда станциясы

Ақмола туралы аңыз

Баяғы өткен заманда Сарыарқа даласында бір млда өмір сүріпті. Ол өзінің бойындағы қасиетімен болашақты болжап, жоғалған затты тауып береді екен.

Бір күні көршісінің жылқысы жоғалып, молдаға көмек сұрап келеді. Молда еш саспастан жылқыларды көрші байдың адамдары айдап кеткенін айтады. Айтқаны келіп, жылқылар байдың үйірінен табылады.

Бай молданың ісі екенін біліп қойып, оған күн көрсетпейді. Молдаға қашуға тура келеді. Қашып жүрген кезінде ауырып, қайтыс болады. Өлер алдында молда: "Менің зиратыма арналған мазарды саз балшықты ешкі сүтімен араластырып орнатыңдар" депті.

Халық молданы жерлеп, оның айтуы бойынша мазар орнатады. Ешкі сүті мен саздан жасалған мазар күнмен шағылысып, аппақ болып шығады. Содан бері халық сол жерді Ақмола деп атап кетті.

Бәйтерек туралы аңыз

Ер Төстік ертегісінде алып ағаш бейнеленетінін білеміз.

Түркі халықтарының аңызы бойынша алып ағаштың ұшар басында Самрұқ құс жыл сайын жалғыз ғана жұмыртқа салады екен, сол жұмыртқа бүкіл тіршілікке жан беріп тұрады екен. Бірақ жылдың белгілі бір мезгілінде осы құстың балапанын жыл сайын бір жылан дің бойымен өрмелеп барып, қорғансыз балапанды жұтып қоя береді.

Бір күні қансыз жаудың осы қылығын жер асты патшалығына түскен Ер Төстік көріп, балапанға ұмтылған жыланды атып өлтіреді. Бұған риза болған Самұрық балапанын ажалдан аман алып қалғаны үшін, Ер Төстікті жер бетіне шығарады.

Сұрақ-жауап:

  1. Астана қай мемлекеттің астанасы?

  2. Астана қаласы бұрын қалай аталды? Неге?

  3. Астана қаласының символы не?

  4. Бәйтеректің басына жұмыртқа салған қандай құс?

  5. Самұрықтың балапанын сұр жыланнан құтқарған кім?

  6. Ер Төстік пен Самұрық Қазақстан еліне бірлік орнатты ма?

Рефлексия.

© 2010-2022