Менің отбасым технологиялық картасы

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ортаңғы «Еркем-ай» тобында ашық ұйымдастырылған оқу

іс-әрекетінің технологиялық картасы

Тақырыбы:Менің отбасым

Білім беру саласы:Әлеуметтік орта"

Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыр Мақсаты:Балаларды өзінің отбасылары,сүйіктілері,олардың мейірімі мен жанашырлығы туралы әңгімелеуге талаптандыру.Отбасы бұл бірге тұратын,бірін-бірі сүйетін,бір-біріне қамқор болатын адамдар деген түсінікті қалыптастыру.Өзінің отбасы үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу.

Билингвистикалық компоненттер:Ата-дедушка,әже-бабушка,әке-отец,ана-мать

Қажетті құрал-жабдықтар:"Отбасы"суреттері,слайд

Мотивациялық қозғаушы Шаттық шеңбері : Бас бармағым-әкем, Балан үйрек-апам Ортан терек-ағам Шылдыр шүмек-мен Кішкене бөбек-сен

- Балалар, қараңдаршы, мен бүгін сендерге қандай сурет әкелдім. (суретті слайдтан корсету)
- Бұл суретті қалай атаймыз? (Отбасы) - Отбасында неше адам? (оларды ата). - Олардың әрқайсысы туралы айтыңдар (қайда жұмыс істейді, оқиды, бос уақытында немен айналысады).
- Сенің отбасың барлығы жиналғанда не істегенді ұнатады?
Кімнің маған сұрағы бар? (балалар сұрағына жауап береді) - Ал сендер жұмбақ шешкенді жақсы көресіңдер ме? (балалардың жауабы) -Қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер кім туралы айтылғанын табыңдар.

Жұмбақ:
1.Ол өте мейірімді, ақ шашты, көзінің айналасында ұсақ әжімдері бар, сендерге жылы қолғап тоқиды, ұйықтар алдында ертегі айтып береді.
-Бұл кім? (әже)бабушка
- Ал сендердің әжелерің не істей алады? (балалардың жауаптары, тәрбиеші толық жауап беруін талап етеді )
2.Ол көзілдірік киеді, көп кітаптар оқиды, көптеген қызықты тарихи оқиғаларды біледі. Ол әжеге көмектеседі, немерелеріне таттілер алып береді.
- Кім бұл? (ата)дедушка
Ол сен үшін ең қымбат адам.Үнемі үй тірлігімен айналысады, -Бұл жұмбақ кім туралы? (ана туралы)мать
-Сендер өздеріңнің аналарыңды қандай мейірімді сөзбен атайсыңдар? (Анашым, анатайым).
-Аналарың сендерді қалай еркелетеді? (балалардың жауаптары)
- Және соңғы жұмбақ..
Ол салмақты да, байсалды, барлық бос уақытын сендермен өткізеді: сендерді циркке апарады, демалыс кезінде барлық отбасын табиғатқа алып шығады.
-Бұл кім? (әке)отец
-Дұрыс - Ал сендердің әкелерің қандай? (күшті, батыл, мықты,...)
-Бәрекелді,балалар жұмбақтарды дұрыс шештіңдер.Сендер ақылды,білімді балалар болып осіп келе жатыр екенсіңдер балалар,жарайсыңдар.

Қане,балалар шаршаған шығарсыңдар бір сергіп алайық(Слайд корсету)
-Балалар ашып көреміз бе? -Бұл не екен өзі? -Ой,балалар бұл суретте не бейнеленген?Қане айтыңдаршы?(Алма ағашы) -Алма ағашы кандай үлкен? Балалар сендер білесіңдер ме? -Мынау не екен өзі? -Қане,ашып көреміз бе? -Ой,мынау ненің суреті?(алма ағашы) -Дұрыс айтасыңдар,балалар Балалар біз алма ағашына су құймасақ,оған қарамасақ дұрыс оспейді.Сол сияқты отбасына да қамқорлық,мейірім,жылулық қажет.Сонда ғана отбасымыз маңгіге сақталады. - Қане,балалар отбасы мүшелерінің суреттерін ілейікші. -Ой,жарайсыңдар балалар.Енді ойын ойнап бір сергіп алайық « Кім жоқ»-дидактикалық ойын: Тақтада отбасы мүшелерінің суреттері ілулі тұрады.Балалар көздерін жұмады.Тәрбиеші тақтадағы бір отбасы мүшесінің суретін алып тастайды.Балалар көздерін ашып,мұқият қарап шығып,кімнің суреті жоқ екенін айтады. -Жарайсыңдар балалар,есте сақтау қабілеттерің өте жақсы дамыған екен. Сергіту сәті:Алма баққа барайық, Алма теріп алайық Ең үлкен алманы Анамызға сыйлайық -Жарайсыңдар! Алда қандай мейрам келе жатыр?(аналар мейрамы) -қане,аналарымызға сыйлық жасағымыз келеді ме?(Иә) Онда бәріміз аналарымызға сыйлық жасайық.(Балалар гүлді бояды) Балалар отбасы туралы тақпақ білесіңдер ме?(иә) -Қане,айтайықшы Нұрасыл: Әже деген көп шығар, Әжемдей жоқ шығар. Мейірімді бұл кісі, Қандай ғажап күлкісі. Нұрдана:Ата үлкен,кәріміз, Қуат берер дәріміз Әулиедей аялап, Құрметтейміз бәріміз. Гүлмира:Айтсаң болды тіл алам, Сені көрсем қуанам. Саған қандай жақсылық, Жасай алам,мен,ана. Жарайсыңдар,балалар!Ата-әжелеріңді,әке-аналарыңды жақсы көретіндеріңді білдірдіңдер. Енді,балалар,осы отбасы мүшелеріне әрқайсымыз жақсы тілектерімізді айтайықшы: 1.Тату болайық 2.Бір-бірімізді ренжітпейік 3.Бақытты болайық 4.Ата-анамыз қасымызда болсын 5.Отбасымызда бірлік болсын

Күтілетін нәтиже: Білу керек: Ата,әже,әке,ана-отбасы тірегі. Оларды сыйлау керек. Түсінуге тиіс: Ата,әже,әке,ана,ұл,қыз-бәрін отбасы дейміз. Істей білу керек: Біздің кішкентай жүрегіміз бәрін жақсы көреді.

© 2010-2022