Тәрбие сағаты Аталар мұрасы-халық қазынасы 5-сынып

Раздел Воспитательная работа
Класс 5 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Аталар мұрасы-халық қазынасы

Мақсаты:Оқушыларға патриоттық тәрбие беру,елін жерін сүюге баулу.Туған жерін қорғап,сақтап,кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдырған аталар,батырлар,билер туралы мағлұмат беру.

Мұғалім сөзі:Құрметті ұстаздар,оқушылар,қонақтар 16-желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне орай 5-сынып оқушылары ұйымдастырып отырған «Аталар мұрасы-халық қазныасы» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

Келесі сөз кезегі оқушыларда.

1-жүргізуші:Құрметті ұстаздар,оқушылар,тарих беттерін парақтасақ,қазақ халқы өзінің ұзақ тарихында талай қанды қырғындарды,зорлық-зомбылықтарды көрді,қасірет шекті.Енднше бүгінгі 5 сынып оқушылары дайындаған «Аталар мұрасы-халық қазнасы» атты ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұхсат етіңіздер.

2-жүргізуші:Иә тарих осы сөзде қаншама мазмұн,қаншама ойлар мен ұғым жатыр.Аталар салған сара жол қайсысы? Ұрпаққа қандай мұра жол қалдырды?Міне осы сұрақтарға жауапты өздерің айтсаңдар.

1-жүргізуші:Қазақ даласы қандай кеңбайтақ!Осы кеңбайтақ жерді қалай бізге дейін аман-есен жеткізді,жаулары болды ма?Бұл жерге ешкім көз тігіп алартпады ма? Жоқ! Еліміздің басынан сан ғасыр бойы сан-алуан зұлматтар өтті

2-жүргізуші:Ендеше сол тарих беттерін ашайық!

1-оқушы:Қабанбай жоңғарларға қарсы азаттық күресте жастарға қолбасшылық жасады. 1721 жылы Түркістанды қорғауға,1725 жылы Алакөл алқабында айқасқа,1728 жылы Шұбар теңіз жағасындағы соғысқа 1730 жылы Іле өзеніндегі айқасқа.1750 жылы Жоңғар қақпасындағы айқасқа барлығы 130 ұрысқа қатысып «Хан» батыр атанды

2-оқушы:Ел иесіз,жер иесіз болған емес,халық болған соң оның көсемі болады.Ел басына күн туғанда қол бастайтын батыры болмаса,ел бастайтын иесі болмаса ел болудан қалады.Міне осындайда ел басшысы болған,тарихта үлкен орын алатын тұлға-қазақтың батыр ханы-Абылай.

3-оқушы:Ұлы Абылай,хан ием,

Қорғаным ең,бағым ең

Қазағым деп жанып ең.

Қазағым деп налып ең.

Қаптап келген жауларды,

Ұлы Абылай хан ием,

Қайтарып салды бір мәрте.

4-оқушы:Абылай ханның азан шақырып қойған аты Әбілмансұр. 1721 жылы дүниеге келген.Жоңғар шапқыншылығы басталғанда 12 жаста еді

5-оқушы: Әбілмансұр Төле бидің түйешісі есебінде жүреді. 18 жасында Төле бидің «Сабалақ» деген түйешісі қазақтың көп қолымен қалмаққа аттанады.Қанжығалы қарт Бөгенбайдың рұхсатымен қалмақ батырына қарсы шауып ойсырата жеңеді.Содан кейін «Абылай хан» атанады.

6-оқушы:Абылай 1781 жылы 69 жасында қайтыс болады.Артында 30 ұлы қалады.Шоқанның әкесі Уәлихан Абылайдың тұңғыш ұлы.

1-жүргізуші:Хор: «Батыр баба»

7-оқушы:Бөгенбай батыр 1690 жылы Оңтүстік бөген өзенінің бойында дүниеге келіп 1775 жылы қайтыс болды.Бөгенбай 1708 жылы 18 жасында отыз мың қолға басшы болып,қазақ-орыстарды Еділден әрі асырды.1728 жылы Бұланты мен Бөлекті өзенінің жағасында жоңғарларды ойсырата жеңіп «Қалмаққырған» атанды.

8-оқушы:Райымбек Түкеұлы ұлы жүздің албан тайпасы алжан руынан тараған атасы Хангелді ел бірлігі мен тыныштығын сақтаған атақты батыр еді.Райымбек 17 жасында жоңғар басқыншыларына қарсы күресте батыр атанды.Осы шайқаста қалмақ ханы Кореннің басын шауып,ту ұстаушы Секер ханды жебемен өлтірді.Райымбек барған ұрыста тек жеңіске жетіп отырды.

1-жүргізуші:Қазақ даласы кей кезде де соғыссыз,шабуылсыз болмаған.Осы батырлармен тұстас атақты үш жүздің ұлы билері -Төле би,Әйтеке би,Қазыбек би өмір сүрді.Олар хандарға ақылшы,батырларға жолбасшы болып отырды.

9-оқушы: Төле би Әлібекұлы 1663 жылы жоғарғы Шыршық Қаратау қойнауында дүниеге келді.Әз Тәукенің сенімді көмекшісі болды.Төле бидің есімі бүкіл қазақ даласындағы оқиғамен тығыз байланысты.Төле бидің денесі Ташкент қаласында Жүнісханның жанына жерленген.Төле биге үлкен ескерткіш орнатылған.

2-жүргізуші: Көрініс «Тайкелтірдің төрелігі»

10-оқушы:Қаз дауысты Қазыбек би орта жүз арғын ішіндегі қаракесек.Өз әкесі Келдібек,арғы аталары Шаншар.Бұлар шетінен орақ тілді,шешен білікті адамдар еді.Қазыбек «Бала би» днген аттан «Дана би» деген атқа дейін көтеріледі.Қазақ ханы Тәуке ұлы жүзге Төле биді,кіші жүзге Әйтеке биді,орта жүзге Қазыбек биді қойып,ел басқару ісін ұстап отырған.

11-оқушы:Артына аталы сөз қалдырған,есімі ел жадында сақталған қазақ шешендерінің бірі-Әйтеке,Тәуке хандығының кеңесшілерінің бірі,ел басқарған,заң жасасқан,Қазақ мемлекетін құрысқан қоғам қайраткерлері,Атақты үш би бір ананың егіз үш ұлындай ел жадында бірдей сақталған

12-оқушы:Қанша ғасыр өтті екен,қанша заман,

Еске алмадық өзіңді қайран бабам.

Тарихыңды ұрпағың жазды міне.

Бейітіңді жан бабам қайдан табам,

Біз үшін асқар таудай ғұламаға.

Тек бағыштап қоймадық құран ғана,

Бүгін бір аунап жатырсың ба?

Аруағыңнан айналдым ұлы баба,

Сен ұрпағым сөйту үшін жаралдың.

1-жүргізуші: «Сабау» биі

2-жүргізуші:Иә 1941-1945 жылдар. Тыныш жатқан елге Фашистік Германия тұтқиылдан шабуыл жасады.Бұл елдің жерін сүйген ұл мен қызға үлкен сын еді.

14-оқушы:Ұлы Отан соғысы кезінде туған жер,Отан үшін шайқасқан батыр Мәметова,Төлнген Тоқтаров,Талғат Бигелдинов,Р.Қошқарбаев,Б.Момышұлы еді.

1-жүргізуші: Хор «Бейбітшілік жыры»

2-жүргізуші:Міне балалар біз ата-баба тарихына шолу жасағанда біз қаншама белестерді білдік.

Хормен «Елді,туған жерді сүю»

1-жүргізуші:Дұрыс,туған жерді,туған елді жанындай жақсы көру,ұлтарақтай жерді жау табанына бастырмай,атадан балаға қалған ұлы мұраны сақтау керек.

2-жүргізуші:Міне,осындай талай зұлматтарды бастан кешіріп,ақыры еліміз егеменді ел болып,өз заңын,елтаңбасын қабылдап,әнұраны мен көк байрақ жалауының астында бейбіт еліміз жаңаша көш түзеді.

15-оқушы:Ол үшін өз еліңді,отаныңды,жеріңді,тіліңді сүйіп және қадірлей білүің керек.

1-жүргізуші: Ән «Елім менің»

16-оқушы:1991 жыл 16 желтоқсан ҚР-ның Тәуелсіздік күні болып жариаланды.Тәуелсіз ел болдық,оны жер бетіндегі мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар түгел мойындады...Бұл қазақ халқының арғы-бергі тарихындағы ең үлкен жетістігі.

17-оқушы:1986 жыл 16 желтоқсан ерлік пен өжеттілік,қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын,әрі қаралы,әрі қасиетті күн еді.

2-жүргізуші: Алданған талай ақ жүрек едім,

Шырға тастаған шет елден.

Азаттық саған тағзым етемін,

Абылай туғып көтерген. Азаттық,Теңдік,Тәуелсіздік.Осы үш ұғымның салтанат құруы үшін кімдер бас тікпеді,кімдер құрбан болмады

1-жүргізуші: Ән «Гүлжазира Қазақстан»

18-оқушы:Осынау қасиетті топырақта өніп-өсіп , өркен жайған халқымыздың бүгінгі таңдағы саны 17 миллион шамасында

19-оқушы:Кеңбайтақ Отанымыздың жүрегі Астана қаласы

20-оқушы: Сөз бен ісіміз мәңгі болсын,

Тұрмысымыз сәнді болсын.

Бәрін айт та,бірін айт,

Бейбіт дербестігіміз мәңгі болсын.

Тәуелсіздік-бабалардың ұраны,

Бейуақытта бойға тартқан тұмары.

Тәуелсіздік түнектерде тұншығып,

Ызғар ұрып жанбай қалған шырағы.

21-оқушы:Тәуелсіздік берекенің бір басы,

Дәулетіңмен сәулетіңнің тұнбасы.

Қазақстан сен бір елсің жапанға.

Тек танылған таудай асқақ тұлғасы,

Бір сөйлемді ортасынан үздім мен.

Осыншама осал боппыз біз кіммен,

Білсін әлем айырылмаймыз ешқашан.

Қолымызға түгел тиген тізгіннен.

2-жүргізуші: Хор «Атамекен»

1-жүргізуші:Адымдап алға біз енді күліп,

Барамыз,асыл киелім

Туыңды сүйіп,тіземді бүгіп.

Алдыңа басымды иемін.

2-жүргізуші:Біз қазақпыз!

Есігі ашық,төрі кең.

Жылап өттік жылдар өмір өрінен.

Жетер енді Желпінейік қарайық,

Мына өмірге иегердің көзімен.

Елімізге әрқашан береке бірлік болсын деген ниетпен «Аталар мұрасы-халық қазынасы » атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Назарларыңызға көп-көп рахмет!!!



© 2010-2022