«Жасай бер, ана тілім, қазақ тілім!»

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Жасай бер, ана тілім, қазақ тілім!»

Мақсаты: Ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, тіл мерейін көтеру; ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, шешендік сөздердің мән-мағынасын бойларына сіңіру; оқушыларды алғырлыққа, туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.

Түрі: зияткерлік сайыс

Көрнекіліктері: слайдтар

Барысы:



Аяжан: Армысыздар, қымбатты қонақтар! Ұлағатты ұстаздар мен оқушылар!

Ана тілім,

Жүрегісің анамның.

Жүрек-ана,

Мен өзіңнен жаралдым.

Сағат сайын саулығыңды тілеймін,

Сенсіз мынау керегі не ғаламның!

Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,

Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.

«Олжас пен Гүлназдың сырласуы» атты қысқаша көрініс.

Гүлназ: Халық бар жерде тіл бар. Тіл бар жерде өнер бар. Өнер бар жерде жанкүйер бар. Әр халықтың ана тілі - оның бақыты, оның қуанышы.

Олжас: Туған тілің мақтан ету, оны таза сақтау, оның өрлеп, өсе түсуіне еңбек сіңіру - әрбір қазақ отбасының жүрегі.

Гүлназ: Халықтың қуаты - тілдің қуаты. Біз ана тілімізді ең айтқыш, ең білгір, ең бай тілдердің біріне айналдыруымыз керек.

Тимур: Тіл - қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл - әрбір елдің жаны дей келе келесі кезекті оқушыларымызға берелік. (Үш оқушы тіл туралы үш тілде тақпақтарын айтып шығады)

Айдана: Тіл деген қасиетті ұғым екен,

Қазақ тілі жырлайтұғын жырым екен,

Ұмытпайық тілімізді ешқашан

Қасиетін сақтайтұғын сырым екен.

Тілім саған әрқашанда бас иемін,

Бар ғой сенің бойыңда қасиетің,

Тіліміз деп әрқашан мақтан тұтқан,

Ұмытпайық бабалардың өсиетін.

Зияда: Язык мы русский изучаем

И на уроках отмечаем,

Как он велик, как он могуч

И ярок, словно солнца луч.

Язык мы русский в школе учим,

И все оценки мы получим.

Давай-ка, братец, не ленись,

И за учебник ты берись.

Ақкүміс: Teachers

Paint their minds

and guide their thoughts

Share their achievements

and advise their faults

Inspire a Love

of knowledge and truth

As you light the path

Which leads our youth

Аяжан: «Жасай бер, ана тілім, қазақ тілім!» атты зияткерлік сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Тимур: Сайысымызға екі топ оқушылары қатысады. Бүгінгі сайысымыз бірнеше кезеңнен тұрады:

1. «Сәлем - сөздің анасы, сөз атасы» (Таныстыру, сәлемдесу)

2. «Ана тілім - асылым, бай қазынам» (Берілген тапсырмаларға тез арада жауап беріп, орындау)

3. «Ұшқыр ой» (Суреттер бойынша мақал-мәтелдер ойлап табу)

4. «Аударамыз тапжылмай» (Орыс тіліндегі мәтінді қазақ тіліне аудару)

5. «Даналық сөзден дән ізде» (көрініс көрсету)

Аяжан: Сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерге әділ төрелігін айтатын әділ қазылар алқасымен танысайық.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері - Құрманғазиева Маржан Махметқызы, Ихсанов Шерхан Оңғарбайұлы, Урбисинова Салтанат Қуанышбайқызы.

Тимур: 1-кезеңде сайысқа қатысушы екі топ оқушылары өздеріңіздің топ аттарыңыз бен ұрандарыңызды айтып таныстырып шығуларыңыз керек.

Аяжан: «Ана тілім - асылым, бай қазынам» кезеңінде өздеріңізге бірнеше тапсырмалар беріледі, тез арада орындап жауап берулеріңіз сұралады.

Тимур: 1-тапсырма: «Данышпан» сөзінің синонимдерін табыңыз. /Ұлы, дана, ғұлама, ойшыл, білімдар, оқымысты, данагөй/

Аяжан: 2-тапсырма: Омоним дегеніміз не? Мысалдар келтіріңіз. /Шығуы жағынан да, мағына жағынан да басқа-басқа, айтылуы және жазылуы бірдей сөздер. Қас деген төрт сөз бар:қас - адамның қабағындағы қас;қас - дұшпан, жау;қас - бірдеменің жаны, маңы (үйдің қасы); қас - ердің қасы.

Тимур: 3-тапсырма: Антонимге мысалдар келтіріп, ережесін айтып беріңіз.

/Мән-мағынасы бір-біріне қарама-қарсы қолданылатын сөздер. ақ - қара,

жақсы - жаман, жарық - қараңғы/

Аяжан: 4-тапсырма: Мақалды антоним сөздермен жалғастырыңыз.

Ақылдан жақын ............... (дос) жоқ,

Ашудан жаман ................ (қас) жоқ.

Тимур: 5-тапсырма: Тұрақты сөз тіркестерінің мағыналарын табыңыз.

Инемен құдық қазғандай - ................. (қиын, ауыр)

Кірпігінен қырау тамған - .................. (қаһарлы)

Қызыл сөзден бал жағу - ....................(мадақтау)

Аяжан: 6-тапсырма: Жұмбақтың шешуін табыңыздар.

Шықпайды үйден,

Тоны -- жібектен.

Күндіз ұйықтайды,

Түнде дамыл таппайды.

Аңға барады,

Сол аңды үйден табады. (Мысық)

Тимур: 7-тапсырма: Жаңылтпашты жаңылмай айтып беріңіз.

Заңгер меңгергенді,

Дәрігер меңгере ала ма?

Дәрігер меңгергенді,

Заңгер меңгере ала ма?

Аяжан: 8-тапсырма: Жаңылтпашты жаңылмай айтып беріңіз.

Сен өлше, ол өлшер,

Сол өлшем, сол мөлшер.

Тимур: 9-тапсырма: Ж әрпінен басталатын шағын мәтін құраңыз.

Аяжан: 10-тапсырма: Бірдей әріптен басталып аяқталатын сөздер ойлап табыңыз./нан, көк, т.б./

Тимур: Мақал-мәтел - бабадан қалған мұрамыз,

Ықыласымызды мәйектей сөзге бұрамыз - дей отырып келесі кезеңге көшелік.

Аяжан: «Ұшқыр ой» кезеңінде интерактивті тақтада көрсетілген суреттер бойынша мақал-мәтелдер ойлап табу керек боласыздар. /кітап, ата-ана/ «Жасай бер, ана тілім, қазақ тілім!» «Жасай бер, ана тілім, қазақ тілім!»

Кітап туралы мақал-мәтелдер



  • Кітап - алтын қазына.

  • Кітап алтын сандық: іші толған қазына, құт, оқы, оқы, ойыңа тұт.

  • Кітап - білім бұлағы, Білім - өнер шырағы.

  • Кітап - ғалым, тілсіз мұғалім.

  • Кітап - қаймақ, білім - оймақ.

  • Кітап - оқығандікі, білім тоқығандікі.

  • Күш - білімде, білім - кітапта.

  • Наданмен дос болғанша, Кітаппен дос бол.

Ата-ана (бала, қыз) туралы мақал-мәтелдер

  • Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада.

  • Бір жақсы қыз екі жаман ұлға татиды.

  • Қыз жоқ жерде қызық жоқ.

  • Атадан жақсы ұл туса, елінің қамын жейді.

Аяжан: Құрметті оқушылар «Аударамыз тапжылмай» кезеңінде орыс тіліндегі мәтінді қазақ тіліне аударуда сыналмақсыздар. Қанеки, алға, сәттілік!!!

Тимур: В школе у меня много друзей. То и дело со всеми здороваюсь. Моя самая лучшая школьная подруга - Сабина. Мы с Сабиной давно дружим. Дружба у нас крепкая. Если ссоримся, то на день. На следующий день мы обязательно миримся. Это потому, что мы крепко дружим, и потому, что нас связывает школа. А подружились мы именно в школе. Если б не школа, я бы никогда, наверное, с ней не дружила. Но мне очень нравится быть ученицей. Я стараюсь учиться как можно лучше, чтобы не огорчать родителей, да и самой мне это пригодится. Знания нужны везде и всегда, ведь у меня впереди еще целая жизнь. Родители мне всегда говорят, что, если хочешь чего-то достичь в жизни, нужно начинать трудиться с детства. А учеба сейчас - это мой главный труд. Учиться мне очень нравится.

Аяжан: Мәңгі өлмес, мейлі заулап көшер заман,

Жиреншедей дария шешен бабам,

Қазыбек, Төле, Әйтеке - ердің құнын

Екі ауыз сөзбен шешкен көсем бабам. Сайыстың келесі бөлімінде әр топтың би - шешендердің шешендік сөздерінен дайындаған көріністерін тамашалаңыздар.

Тимур: Аяжан сөз кезегін әділ қазылар алқасына берелік.

Аяжан: Әуездісің, әдемі тілі елімнің

Әуенісің ұлан - байтақ жерімнің

Самғай берсін шартарапқа өр үнің - деген тілекпен тіл мерекесіне арналған сайысымызды аяқтаймыз. Баршаңызға да рахмет!



Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебі





Тақырыбы:

«Жасай бер, ана тілім,

қазақ тілім»



(Тілдер мерекесіне арналған ашық іс-шара)

«Жасай бер, ана тілім, қазақ тілім!»

Қатысушылар: 5 «а», 7 «а»-сынып оқушылары.

Пән мұғалімі: Нурсултанова М.Н.











2015-2016 оқу жылы

© 2010-2022