Сәт сапар, ақ жол, жас түлек мектеп бітіру кеші

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Сәт сапар, ақ жол, жас түлек» мектеп бітіру кеші

1ж: қайырлы кеш ардақты ата-аналар, қадырлы қонақтар, ұлағатты ұстаздар! Арғымақ аттай тулаған уақытта шек бар ма? Биылғы мектеп бітіруші түлектердің басынан да қызығы мен қуанышы араласқан, он бір жыл он бір күндей білінбей өте шықты.

2Ж: Армысыздар, қымбатты оқушылар, ұстаздар және қонақтар! Мектеппен, балалықпен қоштасар күн туды, бүгін міне түлектер кеші. Бұл күн мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн. Ендеше барлықтарыңызды осынау салтанатты сәтпен құттықтауға рұқсат етіңіздер.

Жас жүректің өмірлік құштары гүл,

Бағыбан ұстаз баулыған құстары бұл.

Қоштасып бүгінгі күн ұясынан

Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.

1Ж: түлек ұшып түлектер,

Өмірге қанат қақпақшы

Дүрсілдеп соғып жүректер,

Жарылып гүлін ашпақшы-дей отырып бүгінгі мерекенің иелері 2014-2015 оқу жылының жас түлектерін ортаға шақырамыз.

2Ж: Күлімхан

Әдебиеттің жілігін шағып, майын ішіп жүрген өздеріңізге таныс әдебиет танушы, журналист, редактор, «Мұратхан әдебиеттану» орталығының орынбасары кұлімханды ортаға шақырамыз.

Гүлдаурен

Шемішкеше шешеді матемді

Қазақ тілінен біледі -са, -сеңді

Руский диктант алып бар, түзетіп береді қатеңді. Деп асыныптасымыз Гүлдауренді ортаға шақырамыз.

1Ж: Назарбай

Жұретін всегда қалада,

өзі тойда тамада,

бүгінігінің ақан сері, Біржаны,

бағаласаң Назарбайды Бағала..

сыныптасымыз Назарбайды шақырамын ортаға.

Сайран

Талабы ба ары асатын асқардан,

Мінезі ашық баршамызбен дос болған.

Сайран деген бастығымыз келеді,

Биылғы жыл 11 а-ны басқарған.

2Ж: Қуаныш

Менделевтың 108 елементін,

Жаттап алып көрсеткен кереметін.

Қуаныштай химик алдарыңда,

Доп көрсе қуып алып жөнелетін. Спортшы, химиг сыныптасымыз Қуаныш.

Сая

Жалғандыққа ешқандай көне алмайды,

Өтірік мақтанудан алаңдайды,

Салихалы, сабырлы біздің Сая,

Қой аузынан ешқашан шөп алмайды.

Алса да аздап алад көп алмайды.

1Ж: Мөлдір

Өнерімен бата алған сүйікті елден,

Таланты бар бойында жиып терген.

Болашақ актриса Мөлдіріміз,

Крінет деп сенеміз биіктерден. Әнші, биші, актриса сыныптасымыз Қуан Мөлдірді қарсы алайық

Сиқуат

Қиынынан өмірдің жасымастан,

Болашағын ойлаған осы бастан.

Оператор Сиқуат келді ортаға,

Біздерден бірінші боп кәсіп ашқан.

Жігіт емес ешқашан ол тұрақсыз,

Енді ешбір той өтпейді Сиқуатсыз.

2Ж: Ажар

Ажар десе ажарлы,

Ұшқын атқан жанарлы.

Болашақ мықты физик,

Шақырамын ажарды.

Талғатбек

Білім қайда үйренбей, өрістемей,

Білу қайда әр нені көп істемей.

Талғатбек компьютерді жақсы үйренген,

Программаңды шағады шемішкедей.

1Ж: Айсара

Тон пішкен үлгі көріп анасынан,

Көркі бар қызыл гүлдей дара тұрған.

Айсара білім нәрін жинаған қыз,

Алтай мен Атыраудың арасынан.

Жасұлан

Тілді үйренген жасынан,

Білімі судай тасыған,

Қарсы аламыз біз сізді,

Hello, hello жасұлан.

2Ж: Минар

Бойында өнер би бар -ды,

Биімен талай сыйды алды.

Биологтардың бишісі,

Шақырайық Минарды.

Наурызбек

Бай өлкенің ойынан тау-тасынан,

ақын деген ара ғой бал тасыған.

Шырын құяд наурызбек жүректерге

Шымшып алып гүлдердің арқасынан, ақын, әнші, сазгер, артист, тракторист Бақыт Наурызбекті қарсы алыңызар.

1Ж: Тоқтауберді

Мінезі бар салмақты,

Өнері бар жан -жақты.

Дәрігер болар ертең ол,

Биологияны таңдапты.

Нұржан

Өмір мәнін білетін,

Табар істің ретін.

Нұржан деген бұл жігіт,

Тыныш өмір сүретін.

Көп сөйлеуді ұнатпай,

Жымыиып ғана жүретін.

2Ж: Санжар

Ашық- жарқын, жайдары көңілі бар,

Тек шаттықтан тұратын өмірі бар.

Санжардай сері жігіт келді ортаға,

Жас болса да көп істің жөнін ұғар.

1.Ж: Құбыл сонымен барлық түлектерімізді шақырып болдық-ау деймін?

2.Ж: сонда бағанадан сарнаған, сөзден жағы талмаған, бітіруші достарға ақ тілегін арнаған сен екеуімізді кі шақырады?

1.ж: оалай болса сені мен шақырайын, мені сен шақыр. Қарсы алыңыздар алдарыңызда мектебіміздің ақыны.....

2Ж: жо-жоқ тоқата. Мен де басқа сыныптастарым сияқты салтанатпен шыққым келеді. Мен ана жаққа барам сен қайтадан тақпақтап шақыр.

1.Ж:

Таспасын сан өнердің қатар өріп,

Ілескен жыр көшіне бота болып,

Ақын қызы мектептің алдарыңда,

Шапалақ соғыңыздар бата беріп.

Мектебіміздің ақыны, әріптесім Бірлесбек Құбылды қарсыалыңыздар!

2Ж: ал енді Нұржайнар сен бар мен сені бір күшті қылып шақырайын.

1ж. Рахмет мені осы жерде -ақ шақыра салшы.

2Ж: жоқ болмайды. Баруың керек.

Нұржайнар ендеше түлектерімізден қазіргі көңіл күйлері қандай екенін, біле отырып қысқаша сүхбат алсақ.

Ал енді кұлімхан ане-міне дегенше мектепті де бітіріп, ҰБТ-ны да тапсырып салдық, қазіргі көңіл-күйіңіз қандай толқып түрсыз ба?

1Ж: Гүлдаурен сіз ші көңіл күйіңіз қандай? Ұстаздарыңызға қандай ризашылдығыңызды білдіресіз?

2Ж: Жасұлан өзің таңдаған пәнің шет тілі, бұл да күрделі сабақтардың бірі. Өзің кейін қандай мамандық иесі болғың келеді?

Ажар енді осы қоғамның бір кірпіші болып қаланып, қандай мамандық иесі болып, қазақ еліне қандай үлес қосқың келеді?

1Ж: ал назарбай неше жыл бірге оқыған сабақтастарыңа, достарыңа қандай ақ тілегің бар?

ой бәре келді айтқаның келсін. Ат сүрінбей жер танымас, ер сүрінбей ел танымас, жеңіліс жеңістің анасы демекші, ұбт бұл өмірдің ең соңы емес, бұл жай ғана сынақ.

2Ж:

ендеше рұқсат болса түлектеріміз орындарына жайғастырсақ.

Құрметті қонақтар 2014-2015 оқу жылында, мектеп бітіруші түлектердің ата-аналары дайндаған ақ дастарқанды ресми түрде, ашық деп жариялаймыз. Алдарыңыздағы ас дәмнен тартынбай алып отырыңыздар.

Мектебімнің қиынына күйгені,

Табыстарға мәз-мәйрам болып жүргені

Сіздер үшін күйінгені, күлгені

Сөздер айтар бізді бастар ілгері- дей келе, сөз кезегі мектебіміздің директоры, Акитбаиев Есімхан Тұрысбекұлына беріледі.

1Ж: ондай болса директор ағайымыздың ақ тілегін ары қарай әсем әнмен әрлеуге назарбайды «аспанға қараймын» әнімен ортаға шақырамыз. Ортаға шығып билеп отыруларыңызға рұқсат!

Ойын:

2Ж:

Ашық болсын әрқашан аспанымыз,

Ғашық болсын білімге жастарымыз.

Шәкірттеріңіз биікке самғағалы тұр,

Бақытгүл апай біздермен мақтаныңыз.

Сіздерге мың алғысты біз айтамыз,

Білімнің биігіне бастадыңыз.

Дей отырып құттықтау сөзі директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Қалибекова Бақытгүл Калибековнаға беріледі.

Бақытгүл апайымыздың ақ тілегін өзінің әсем әнімен жалғастыратын сыныптасымыз наурызбекті қарсы алыңыздар!

Ойын:

1Ж:

Тәрбие адам үшін мәңгі керек.

Мектепте тәрбиенің орны бөлек.

Рахмет өсірген ұстаздарға,

Біздерді жақсылыққа тәрбиелеп.

- деп, келесі сөз кезегі тәрбие ісінің меңгерушісі, Торғайн Амангүл мен Месейхан Мұратханға беріледі.

ӘН:

Ойын:

2Ж: балбөбекке өмір нұрын сыйлаған,

Әлдиімен бар ғұмырын арнаған,

Баласының болашағын ойлайтын

Ол ата ана әлемдегі силы адам

1Ж: жақсы шәкірт азамат аталды

Халқынан, ата анадан бата алды

Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін

Ортаға шақырайық ата-ананы-дей келе ата аналарға сөз кезегін берейік.

Ата-аналар:

Ата-ана өнер:

2Ж: ондай болса музикалық сәлем, Наурзбектің орындауында «жаяу».

1Ж: ұстаздар қандай ғажап халықсыздар

Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар

Жан біткен жанарына нұр силаған

Күндей болып күлімдеген жарықсыздар.

2Ж:

жаралған жақсы үмітпен мұраттардан,

Жансыздар әлдилеген шуақты арман

Жатталсын есімдерің жан жүректе

Адамның аяулы әні сияқталған-дей келе келесі сөз кезегі, 11А сынып жетекшысы Нұрланұлы Абзал мен 11Б сынып жетекшісі Ахметжанова Айнагүлге беріледі.

1:Ж

Ән:

Ойын :

Келесі құттықтау сөз баласы үшін жарғақ құлағы жасттыққа тимей жүгіріп жүрген, осынау бітіру кешінің ұйымдастырылуына көп жұмыс жасаған ата-аналарымыз: сөз береміз.

Ата-ана өнер:

Ән:

2Ж:

Келесі сөз төрт жылы бойы бізге биология пәнінен сабақ беріп, бізге тіршіліктабиғат дүниесінің қыр-сырымен таныстырған Тлеуханова Айгүл Серікхановнаға және Алибаева Ғалия апайымызға беріледі.

ӘН:

1:Ж:

Келесі құттықтау сөз. Қазақ тілі, орыс тілі пәндерінің мұғалімдері Торғаева Жұлдыз Қыдырбековнаға, Нажбиева Айсара Ахмадиевнаға, Депудат Кунайым апайға беріледі.

Ән:

Келесі құттықтау сөз:

2Ж:ӘН:

ОЙЫН

1Ж: бүгін қандай шаттық толы кеш еді,

Көңіл шіркін тасып-толып өседі

Ұл кешегі жыгыт болып қалыпты-ау

Бойжетіпті бантикті қыз кешегі

2Ж: жүздеріңнен көрем шаттық арайын:

Болсын солай әрбір күнің әр айың

Тойларыңыз құтты болсын түлектер,

Тойларыңыз құтты болсын ағайын.

1Ж: сонымен құрметті қонақтар, ұалағатты ұстаздар, ойлы оқушылар, жүйрік жылдар шабысымен мінеки біз де аяулы алтын ұя мектебімізбен қоштасар сәтке келіп жетіппіз, алдымзыда біздерді жаңа орта, жаңа өмір күтуде. Барша бітіруші түлектерге сәт сапар тілейміз.

2Ж: Дұрыс айтасың Нұржайнар бүгінгі кеш осындағы әр бітірушінің жүрегіне қимастық сезім ұялатып, ана мектеп қадірін одан сайын биіктете түскендей. Осы орайда барлық ұстаздарымызға алғысымызды айта отырып, түлектерімізге ашық аспан, нұрлы жол тілейміз. Ең бастысы барлықтарың жақсы адам болыңдар, одан кейін жақсы маман болыңдар.

Барлықтарыңызды ортаға би алаңына шақырамыз.





© 2010-2022