Балалар бақытты болу үшін жаралғанашық тәрбие сағаты

Раздел Воспитательная работа
Класс 6 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып жетекші

Жүзеева Л.

Сыныбы

6 «ғ»

Өтетін күні

21.10.15.

Сабақтың тақырыбы

Барлық бала бақытты болу үшін жаралған.


Сабақтың мақсаты

Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім алуы,

яғни адамның жынысына , дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастыру және оларды кемістпеуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

*Даму мүмкіндігі шектеулі балалармен достасады;

*Олардың білім алуына және ортамен тең дәрежелі байланыста болуына көмек береді;



Сабақтың ресурстары

Жылжымалы тақта, мальберт, қағаздар, маркерлер,

Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

уақыты

Ой шақыру

Топқа бөлуді ұйымдастыру..

Оқушылар түстер арқылы топқа бөлінеді.

3 минут

Ник Вуйчич-видеокөрсетілімі

Оқушылар осы көрген видеодан ойларын ортаға салады.

3 минут

Мағынаны тану

Көрсетілімнен кейінгі оқушыларға ой қозғау үшін сұрақтар қойылады.

-Даму мүмкіндігі шектеулі немесе мүгедек дегеніміз кім?

-Кімдерді даму мүмкіндігі шектеулі деп айтамыз?

-Олар туралы не білеміз?

-Олардың қазіргі қоғамдағы орны қандай?


3 минут

«Эмпатия» жаттығуын орындау
«Слепой и поводырь» тапсырмасы бойынша жұмысжүргізіледі.

Тапсырманы орындап болған соң оларға қойылатын сұрақ:

Өздерінің еріктерімен екі жұп тақтаға шығады. Біріншісі екіншісінің көзін байлап қояды. Оны тек сөз жетегімен белгіленген межеге жеткізу тапсырмасы беріледі. Ол жерге түрлі заттардан айналып бару тапсырмасы беріледі.

-Сендер қандай көңіл күйдесіңдер?

-Саған не жеңіл болды? Оны жетелеп алып жүру ме, әлде сөзбен жетелеп жеткізу ме?

-Көзі көрдің қолынан жетектеп жүргенде тастай салып жүгіріп кеткің келмеді ме?

-Көзің көрмегенде қандай әсерде болдың?

-Көзі көрмейтін адамдардың өмірі туралы ойландың ба?

7 минут




Өздіктерімен тағы да екі жұп шығу керектігі айтылады.

Оларға қолдың көмегінсіз әркім өз аттарын жазу тапсырмасы беріледі.

Тапсырманы орындаған оқушыларға сұрақ қояды.

-Тапсырманы орындай алдыңдар ма ?

-Жағдаяттан қалай орындадыңдар?

-Қасыңдағы досыңнан көмек сұрағың келмеді ма? (Оның да қолы жоқ екенін есіңде болды ма?)


6 минут


Міне , балалар біз осыдан қасымызда жүрген кемтар достарымыздың жағдайын түсініп оларға үнемі қолдау жасауымыз керек екен.


Олар өздерінің ойларын айтып отырды.

3 минут

Балалар , тыңдаңдаршы бізге Мақсат есімді баладан хат келіпті..- деп оқушыларға хат оқып беріледі

Құрметті менің жан досым! Мен жақында ғана өздерің сияқты мектепте оқыдым. Бір күні есік алдындағы үлкен ағаштың үстіне шығып, төменге қарамақ болған кезімде мен тұрған бұтақ сынып кетті де жерге құлап түстім. Дәрігерлер менің жанымды сақтап қалғанымен аяғымды сақтап қала алмады. Олар маған енді ешқашан жүре алмайтынымды айтты. Содан бері мен жылжымалы арбамен доспын.

Мен мектебімді, ұстаздарымды, достарымды қатты сағындым.

Бір күні күш жігерімді жинап, қолыма портфелімді алып, арбамен мектепке барамын деп шештім. Мені есік алдында мен көтеріле алмайтын басбалдақтар күтіп тұрды. Мен үшін мектептің есігі жабық екенін көріп, ешқандай көмектің болмайтынын көріп ащы көз жасымды төгіп , үйіме қайттым.

Мен сендерді терезеден үнемі ойнағандарыңды бақылап, қызыға қарап тұрамын. Құрметті достарым, менің де мектепте оқығым келеді. Көмектесулеріңізді сұранамын. Менің орнымда кез-келген адам болып қалуы да мүмкін гой . Өмір кездейсоқ оқиғалардан тұрады.

3 минут

Оқылған хаттан кейін оқушыларға сұрақ қойылады.

1.Не себеппен Мақсат арбада отыр?

2.Ол не үшін мектепке бара алмайды? 3.Біздің қоғамда сабаққа келе алмайтын балаларды (көзі көрмейтін, естімейтін) қалай атайды?

4.Сендердің де денсаулығына байланысты сабаққа келе алмай отырған достарың бар ма?

2 минут

Топтық жұмыс орындату

1 топ- Мақсаттың көңілін көтеру мақсатында хат жазады.

2 топ-Мақсат өзін бақытты сезіну үшін не істей аламыз?

3 топ-Мақсат мектепке еркін келіп- кету үшін қандай көмек бере аламыз?

4 топ- Мүгедек балаларға отбасы тарапынан үнемі жақсы көзқарас қалыптасқан ба?Ата-аналар тарапынан жағымсыз шешімдер қабылдануы мүмкін бе?


3 минут


Жұмысты қорғау.

Әр топ өздерінің тапсырмаларын қорғап, ойларын ортаға салады.

8 минут

Ой толғаныс

Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды достыққа шақыру мақсатында видео көрсетіліммен таныстырады.

Оқушылар достықтың бергісі ретінде бір-бірінің қолын ұстасып орындарынан тұрады.

2 минут

Кері байланыс орнату

Осы сабақтан қандай әсер алдың?

2 минут

Рефлексия

Инклюзивті оқытуға арналған «Балалар бақытты болу үшін жаралған» ашық тәрбие сағатын өткіздім. Сабағымның басында балаларға «» видеокөрсетілімімен таныстырып, ой қозғау тапсырмасын жүргіздім. Балалар бұл көрсетілімді көре отырып олардың көздерінен мейірім байқалды. Сұрақтар арқылы ойларын тыңдалды. Даму мүмкіндігі шектеулі немесе мүгедек дегеніміз кім?- деген сұраққа қол-аяғы жоқ адамдардан басқа ақыл ойы дамымаған да адамдар жатады деді. Олар туралы не білеміз?- деген сұраққа олардың да мектепке келгілері келетінін, жұрт қатарлы күліп ойнап көпшілікпен араласқысы келетінін, оларды ата-анасы , достары және біз қолдауымыз керек. Олардың қазіргі қоғамдағы орны қандай?-деген сұраққа олар тағдырларына қарай әр түрлі жағдайда өмір сүріп жатыр. Біреуі ата-ананың аялы алақанында жүрсе біреулері балалар үйінде ананың жылулығын сезіне алмай жүргендер қаншама. Олар қоғамның көмегіне зәру екенін айтты.Келесі тапсырма «эмпатия» жаттығуы .Екі баланы шақырып олардың біреуінің көзін байлап , біреуі екіншісін сөз жетегінде алып жүріп тиісті межеге апарады. Тапсырма орындалған соң оларға сендер қандай көңіл күйдесіңдер? Саған не жеңіл болды? Оны жетелеп алып жүру ме, әлде сөзбен жетелеп жеткізу ме? Көзі көрдің қолынан жетектеп жүргенде тастай салып жүгіріп кеткің келмеді ме? Көзің көрмегенде қандай әсерде болдың? Көзі көрмейтін адамдардың өмірі туралы ойландың ба?- деген сұраққа балалар жауап беруде кішкене қиналғаны байқалды. Өйткені көзің көрмегенде айналаны, табиғаттың сұлулығын, ата-анаңды, достарынды көре алмайсың. Сонымен бірге жетектеуші досының қиналғаны да маған қатты әсер етті -деді.Балалар бақытты болу үшін жаралғанашық тәрбие сағатыБалалар бақытты болу үшін жаралғанашық тәрбие сағатыБалалар бақытты болу үшін жаралғанашық тәрбие сағатыБалалар бақытты болу үшін жаралғанашық тәрбие сағатыБалалар бақытты болу үшін жаралғанашық тәрбие сағатыБалалар бақытты болу үшін жаралғанашық тәрбие сағаты

Келесі тапсырмаға тағы да екі жұп шығын қолдың көмегінсіз сурет салу тапсырмасы берілді. Оларға шарты айтылмады.Олар қалай жолын ойланып тұрды да қаламды ауызға салып, өз аттарын жазды. Тапсырманы орындай алдыңдар ма ? Жағдаяттан қалай орындадыңдар? Қасыңдағы досыңнан көмек сұрағың келмеді ма? (Оның да қолы жоқ екенін есіңде болды ма?) Тапсырманы орындау қиын болды. Тапсырманы орындауда қиын болды, мұндай қиын тапсырма болады деп ойламадым деді. Жұмысты орындап жатып қолы жоқ адамдар жайында ойладым, олар да осылай қиналатынын сезген. Балалар бақытты болу үшін жаралғанашық тәрбие сағатыБалалар бақытты болу үшін жаралғанашық тәрбие сағаты

Келесі тапсырма Мақсат есімді баланың хаты оқылады. Ол хатта Мақсатта бұрын осы балдар сияқты мектепке барған. Ойнап жүріп, аяғынан айрылып қалғандығы туралы жазылады және көмек беруін өтінген. Осыдан топтық тапсырма беріледі.1 топқа «Мақсаттың көңілін көтеру мақсатында хат жазу», 2 топқа «Мақсат өзін бақытты сезіну үшін не істей аламыз?», 3 топқа» Мақсат мектепке еркін келіп- кету үшін қандай көмек бере аламыз?», 4 топқа «Мүгедек балаларға отбасы тарапынан үнемі жақсы көзқарас қалыптасқан ба?Ата-аналар тарапынан жағымсыз шешімдер қабылдануы мүмкін бе?»деген сұрақтар беріледі.Әр топ өздеріне берілген тапсырмалары бойынша суретпен, тірек кестелермен өте жақсы түсіндіріп, қорғап берді. Балалардың бүгінгі сабақтан кейін инклюзивті балалармен түсіністікпен қарайтындығына бүгінгі сабақтан алған әсерлерінен көруге болады деп айта аламын. Оларға көмек беретіндіктерін, тек балаға емес ата-анасына қолдау жасау керектігін атап өтті. Сабақ соңында кері байланыс жасалды. Олар өздерінің бүгінгі сабаққа дейін мұндай жағдайдағы балалардың бар екенін білсе де, олардың тағдырын ойламаған екенін, олар да ойнауға, достарымен жақын араласып сырласуға, білім алуға, қыдыруға , мәдениетті орындарға барып кино, театрларды тамашалауға болатындай жағдай жасалуы керектігін айтқан. Яғни, «Барлық бала бақытты болу үшін жаралған» дей отырып осы бүгінгі сабақтағы балалардың шын жүректен жарылып айтқан сөздері шынайы орындалып, тек өзіне емес басқаларға да жақсылық істей алатындай қасиет барлық баланың тіпті үлкендердің бойынан табылса нұр үстіне- нұр болар еді.Балалар бақытты болу үшін жаралғанашық тәрбие сағатыБалалар бақытты болу үшін жаралғанашық тәрбие сағатыБалалар бақытты болу үшін жаралғанашық тәрбие сағатыБалалар бақытты болу үшін жаралғанашық тәрбие сағаты

Балалар бақытты болу үшін жаралғанашық тәрбие сағатыБалалар бақытты болу үшін жаралғанашық тәрбие сағатыБалалар бақытты болу үшін жаралғанашық тәрбие сағатыБалалар бақытты болу үшін жаралғанашық тәрбие сағаты

Балалар бақытты болу үшін жаралғанашық тәрбие сағатыБалалар бақытты болу үшін жаралғанашық тәрбие сағатыБалалар бақытты болу үшін жаралғанашық тәрбие сағатыБалалар бақытты болу үшін жаралғанашық тәрбие сағаты

Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназия

Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: Барлық бала бақытты болу үшін жаралған.

Өтілген күні: 21.10.15

Сынып жетекші: Л.Жүзееа

Сыныбы: 6ғ

Балалар бақытты болу үшін жаралғанашық тәрбие сағаты





© 2010-2022