Урок по самопознании табиғат тал бесігің, аялай біл! (8 класс)

Раздел Воспитательная работа
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектебі:Қарауылкелді орта мектебі

Мерзімі:06.02.2016

Тақырыбы: Табиғат -тал бесігің, аялай біл!

Құндылығы: Ақиқат

Қасиеттері: жанашырлық,қадірлеу

Сыныбы:8ә

Мұғалімі:Омарғалиева Гүлжан

Мақсаты: Табиғат -тал бесігің аялай біл тақырыбының ақиқат құндылығынан туындайтындығын түсіндіру.

Міндеттері: • Оқушылардың табиғат тіршілік бастауы, адам табиғаттың бір бөлшегі екендігі, табиғат заңдылықтарын сақтау туралы түсініктерін кеңейту;
• Оқушыларды табиғат тазалығын сақтауға, табиғаттан үндестік таба білуге үйрету;
• Ізгілікті, жауапкершілікті, ұқыпты болуға тәрбиелеу.

Ресурстар

Үнтаспа т.б

Интерактивті тақта

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Құндылықтар бойынша топқа бөлу: 1-топ - «Табиғат» табиғат адамға не береді?

2-топ- «Адам» табиғатқа әсері Постер

2.Тыныштық сәті
Көздеріңізді жұмыңыздар.Өзіңізге енді атып келе жатқан таңды елестетіңіз.Сіз тау жолымен келе жатырсыз.Таза ауа,сылдырлаған бұлақ суы,құстардың сайраған дауысы,сіз жеңіл демаласыз,сіз күшке толысыз.Күн шуағы сіздің теріңізге сәуле шашуда,самал жел сіздің шашыңызды тербетіп сізге көрік беруде.Бүкіл табиғат күші сізге өз махаббатын сыйлап,сізді таң нұрымен қарсы алады.Ал енді бұл күш сіздің бүкіл денеңізге сіңіріп, қуат беріп тұрғанын сезуге тырысыңыз.Бұл күшпен өзіңізге жақын адамдар мен достарыңызбен бөлісіп жатқаныңызды елестетіңіз,Бұл қуат сіздің өміріңізбен тығыз байланысты.Сіз әлемдегі ең бақытты жансыз.

Үй тапсырмасы
1-топ Ағаш діңінен не байқады?

2-топ Табиғат та жылай ма?

Дәптермен жұмыс 1-тапсырма

«Адам табиғатсыз тіршілік ете алмайды.Табиғат адамды қайырымды,мақсатқа ұмтылған,сұлу жанды етіп тәрбиелейді.Ол денсаулық,шабыт және шығармашылықтың қайнар көзі»

П.И.Мариковский

Дәйексөзді ұлдар 2рет, қыздар 2 рет ,сонан соң барлығы бірге бір рет қайталайды

Мұғалім сыйы «Фитиль на природе» видеоролик Ойтолғау

Мақал-мәтел «Туған жер туралы»

Таулы жер бұлақсыз болмас,

Сулы жер құрақсыз болмас.

Су жүрген жер береке,

Ел жүрген жер мереке.

Жер құтты болса,

Мал сүтті болады.

Қыстағы қар - жерге ырыс,

Жердегі ылғал - елге ырыс.

Су - ырыстың көзі,

Еңбек кірістің көзі.

Жер тоймай, ел тоймайды.

Жерге еткен жақсылық жерде қалмайды.

Көрінген таудың алыстығы жоқ.

Жауынмен жер көгерер

Батамен ел көгерер

Судың да сұрауы бар

Еңбек сабағымен ықпалдастыру. Мата бетіне мақтамен сурет салу «Та»

2-тапсырма: Өзің тұратын ауылдың экологиялық ахуалын түзету үшін не істедіңдер?

Үйге: №23 сабақ 105-бет Қ.Толыбаев әңгімеден үзінді

Соңғы тыныштық сәті











Таза ауаға кешегі кім шанады?!
Түтін, тұман аспанды тұмшалады. .
Кір шалады қанатын аққулардың,
Соны ойласаң, көілді кір шалады.
Сексеуілдің орнында көмір қалып,
Аман ба өзі тұрғаннан өмір налып?!
Ақ мамықтай ақша қар
Шаһарларға
Енді жауса жауады қоңырланып.
Көлдер қайда жататын сұқсыр қонып?!
Қайда барсаң, бір түтін бықсыр келіп ...
Ақ көжек боп өкпеңе кірген самал
Шыңарында шығады сұп-сұр болып!
Мұзды мұхит сол, мүмкін, қалпында әлі,
Мән берген жоқ әлі оған жарқын халық.
Мазут жұтып,
Ауырған бидауамен
Көрінбеді бүгінде алтын балық.
Шуда түтін
Шалқыған от төсінде
Шұбап тұрып алады көкке сіңбей.
Айналасы қызарған кейбір бұлттар
Ауру малдың қабарған өкпесіндей.
Бар дейсің бе өмірде азап ондай!
Дүние азса, ол енді азады оңбай!
Адам таза болмайды ешқашанда
Айналайын табиғат таза болмай!

Қыстағы қар - жерге ырыс,

Жердегі ылғал - елге ырыс.

Су - ырыстың көзі,

Еңбек кірістің көзі.

Жайлауы жақсының әр бұтасының түбі бір кесек ет.

Қара жер қарыз арқаламайды.

Жеріне қарай астығы.

Жер тойынбай, ел тойынбайды.

Тауына қарай тоғайы,

Шошқасына қарай торайы.

Тау кезеңсіз болмас,

Өлке өзенсіз болмас.

Көлдің көркі құрақ,

Таудың көркі бұлақ.

Алпыс күн тасыған су,

Алты күнде қайтар.

Жауынмен жер көгереді,

Батамен ел көгереді.

Таумен тасты су бұзар,

Ел арасын қу бұзар.

Ағаш тамырымен мықты,

Адам дос-жарымен мықты.

Судың да сұрауы бар.

Суға кеткен тал қармайды.

Су жетпейін демейді, жар жеткізбейді,

Ер жетпейін демейді, мал жеткізбейді.

Көрінген таудың алыстығы жоқ.

Жауынмен жер көгерер

Батамен ел көгерер





Таулы жер ............. болмас,

Сулы жер ................... болмас.

Су жүрген жер ..............,

Ел жүрген жер ................

............. құтты болса,

................ сүтті болады.

................. қар - жерге ырыс,

Жердегі ................ - елге ырыс.

Су - ............... көзі,

................. кірістің көзі.

Жер тоймай, ............. тоймайды.

Жерге еткен .................. жерде қалмайды.

............... таудың алыстығы жоқ.

................ жер көгерер

.................... ел көгерер

Судың да сұрауы бар

Уақыты:09.02.2016 Класы:9ә

Тақырыбы: Әлеуметтік инфрақұрылым салалары

Мақсаты: Оқушыларға әлеуметтік инфрақұрылым жайлы түсініктер беру

Күтілетін нәтиже:

·Әлеуметтік терминімен танысады

·Инфрақұрылымның маңызын түсіндереді

·Тұрмыстық қызмет көрсету салаларын анықтайды

·Халықтың демалысын ұйымдастыру «рекреациялық » аймақтарға баға береді

·Білім беру жүйесінің маңызды сала екенін дәлелдейді

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап.

2. Әңгіме-дәріс

Сабақтың көрнекілігі: Д.ж. физикалық картасы, оқулық, суреттер, электронды оқулық

Пән аралық байланыс: биология, тарих

Әлеуметтік инфрақұрылым салалары Әлеуметтік инфрақұрылымның негізгі мақсаты - халыққа қызмет керсету. Бұл 30-дай саланы құрайтын күрделі кешен. Олар халықтың қалыпты тұрмыс-жағдайын қамтамасыз етіп, мамандар даярлаумен, адамдарды әр түрлі аурулардан қорғап, олардың дұрыс дем алуын ұйымдастырумен айналысады. Нақты айтқанда кешен еңбек өнімділігі мен елдің еркендеуі үшін «жұмыс істейді». Қызмет керсету түрлері өте көп. Олардың кейбірі күнделікті (біз күнде дүкенге барамыз), кейбірі андасанда (мысалы, ауырған кезде), ал қайсыбірі сирек уақытта (үй, машина жөндеу) қажетті болып табылады. Кейбір қызмет түрлері халыққа жаппай қажет болса (сауда, денсаулық сактау, дем алу), олардың кейбіреулері тек жекелеген топтарға көрсетіледі. Сендерге, жастар үшін маңызды қызмет - білім беру, ал қарт адамдарға - кәрілікті әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету. Бұл қызмет түрлері арналып көрсетілетінін білдіреді. Бірақ кез келген жағдайда олар адамдардың тұрып жатқан жерлерінде керсетіледі. Сондықтан әлеуметтік инфрақұрылымды орналастырудың негізгі факторы - халықтық (халықтың орналасуы) фактор. «Табиғат аясындағы» демалыс су айдындарымен, орман, таумен байланысты. Оған табиғи қор факторларының маңызы зор. Жоғары білім (университеттік, институттық) ғылыми орталықтарға жақын орналасады. (ғылымды көп қажет ету факторы). Инфрақұрылым нысандарын халыққа көлікпен бара алатындай етіп орналастырады (көліктік фактор).Халыққа күнделікті қызмет көрсететін салалар барлық халық орналасқан зонада біркелкі таралып орналасады. Қалған инфрақұрылым мекемелерінің желісі сиректеу болып келеді.

Тұрмыстық қызмет көрсету

Тұрмыстық қызмет көрсету. Сауда халыққа тұтыну тауарларын ұсынды. Олар үлкен партиямен (көтерме сауда) немесе бірбірлеп сатылады (бөлшек сауда). Сауда жұмысының негізгі көрсеткіші - оның көлемі (тауар айналымы) мен құрылымында.Халықтың әл-ауқатының өсуіне байланысты, сауда құрылымында азықтық емес тауарлар үлесі кебеюде (2007 ж: - 2/3-і). Адамдар азық-түліктен ет, үн және ұннан жасалған өнімдерге, көкөніске, май, қант және кәмпит сатып алуға, ал азықтық емес тауарлардан - киім, аяк киім және тұрмыстық, электр бұйымдарына көбірек ақша жүмсайды. Сауданың негізгі белігі (3/5-і) базарлардың үлесіне тиеді. Елімізде 50 мыңнан астам дүкендер бар. Ірі дүкендер - фирмалық супермаркеттер кең таралуда. Бірақ ең қажетті тауарлармен сауда жасайтын кішігірім дүкендер көп таралған күйде қалуда. Олар тұтынушыларға мейлінше жақын орналасқан. Барлық тауардың 1/3-і Алматыда сатылады, әрі сатып алынады. Ол - еліміздің басты сауда «сересі» болып табылады.

Тұрмыстық қызмет көрсету мекемелері (шаштараздар, кір жуатын жерлер, киім тазалау орындары, моншалар, автомобиль, тұрмыстық техникалар жендеу, киім, аяқ киім тігу) негізінен қалаларда шоғырланған.

Адамдарды әр түрлі аурулардан қорғауда денсаулық сақтау басты рөл атқарады. «Қазақстан - 2030» бағдарламасындағы басты міндеттердің бірі - халықтың денсаулығын сақтау. Ол - қоғамның игілігінің басты көрсеткіші, оның сәтті дамуының кепілі болып табылады. Тек дені сау адамдар ғана белсенді түрде білім алып, еңбек өте алады, өзіне материалдық табыс жасап, Отанын қорғай алады. Елдегі халық денсаулығы тым жоғары дәрежеде емес. Жыл сайын әрбір екінші қазақстандық дәрігерге қаралады. 4,5 мың ауруханалар мен 170 мыңнан астам дәрігерлер (дәрігерлер, мейірбикелер) медициналық көмек керсетеді. Әлеуметтік қамсыздандыру мен білім беруден кейін бұл сала бюджет қаржысын пайдалану жөнінен (барлық шығынның 10%-ы) үшінші орында. Бірақ ол әлі жеткіліксіз.





Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектебі:Қарауылкелді орта мектебі

Мерзімі: 12.03.2016 2016

Тақырыбы: Халық даналығы-рухани байлық көзі

Құндылығы: Ақиқат

Қасиеттері: құрметтеу,қадірлеу,сыйлау

Сыныбы:8ә

Мұғалімі:Омарғалиева Гүлжан

Мақсаты: Халық даналығы-рухани байлық көзі ақиқат құндылығынан туындайтындығын түсіндіру.

Міндеттері: •Халық даналығын құрметтеуге үйрету;
• Ұлтымыздың рухани байлықтарын қадірлеуге баулу;
• Өз елінің ұлттық құндылықтарын сыйлауға үйрету.

Ресурстар

Үнтаспа т.б

Интерактивті тақта

1.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушыларды түгендеу

2.Тыныштық сәті
Көздеріңізді жұмыңыздар.Өзіңізге енді атып келе жатқан таңды елестетіңіз.Сіз тау жолымен келе жатырсыз.Таза ауа,сылдырлаған бұлақ суы,құстардың сайраған дауысы,сіз жеңіл демаласыз,сіз күшке толысыз.Күн шуағы сіздің теріңізге сәуле шашуда,самал жел сіздің шашыңызды тербетіп сізге көрік беруде.Бүкіл табиғат күші сізге өз махаббатын сыйлап,сізді таң нұрымен қарсы алады.Ал енді бұл күш сіздің бүкіл денеңізге сіңіріп, қуат беріп тұрғанын сезуге тырысыңыз.Бұл күшпен өзіңізге жақын адамдар мен достарыңызбен бөлісіп жатқаныңызды елестетіңіз,Бұл қуат сіздің өміріңізбен тығыз байланысты.Сіз әлемдегі ең бақытты жансыз.

Үйге «Жанқұтты шешеннің батасы»
ӘңгімедеАбайдың қай шағы?

Шешен Абайды қалай сынады?

Абайдың жауабынан нені байқауға болады?

Дүние үмітке сүйенеді дегенді қалай түсінесіңдер?

Дәйексөз

Біз даналықты үш жолмен үйретеміз:ойлану-ең ізгі жол; еліктеу-ең жеңіл жол; тәжірибе жолы-ең ауыр жол.

Бенедикт Спиноза

Дәйексөзді ұлдар 2рет, қыздар 2 рет ,сонан соң барлығы бірге бір рет қайталайды

Мұғалім сыйы БІЛГЕНДЕРДЕН ҒИБРАТ АЛ

Абыз жүз жиырма жасқа келіп отырған шағында, Әсет би көрісе кеп былай деген екен:
- Е, Абыз, жасыңыз келіп қалды. Абыз айтушы еді деп айтып отыратын бір сөз айтыңызшы,- депті.
Сонда Абыз былай дейді:

Ата-ананың қадірін
Балалы болғанда білерсің.
Ағайынның қадірін
Жалалы болғанда білерсің.
Балалықтың қадірін
Саналы болғанда білерсің.
Асыл менен жасықты
Бағалы болғанда білерсің.
Бостандықтың қадірін
Жабылғанда білерсің.
Қалтаңдағы ақшаңды
Қағылғанда білерсің.
Ден саулықтың қадірін
Ауырғанда білерсің.
Ақ бетіңнің қадірін
Қан кеткенде білерсің.
Ақ білектің қадірін
Әл кеткенде білерсің.
Жиырма бестің қадірін
Жас өткенде білерсің.
Қара көздің қадірін
Нұр кеткенде білерсің.
Татулықтың қадірін
Дос кеткенде білерсің.
Жақсы әйелдің қадірін
Өлгенінде білерсің.
Жақсы туыс қадірін
Көмгенінде білерсің.
Аяқ-қолдың қадірін
Ақсағанда білерсің.
Отыз тістің қадірін
Қақсағанда білерсің.
Қызыл тілдің қадірін
Тоқтағанда білерсің.
Білгеніңді сөйлеп қал,
Білгендерден ғибрат ал!

Шығармашылық жұмыс: «Салт-дәстүрім салтанатым» шығарма

Үйге: №27 сабақ Р.Нүрпейісов «Менің әкем» өлеңі

Соңғы тыныштық сәті Көзімізді жұмып сабақта өткендерімізді ой елегінен өткізу


© 2010-2022