Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық каратасы

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:18.12.15.

Білім беру саласы:«Қатынас»

Кіші сала:Мемлекеттік тіл

Тақырыбы: «Мен алма жеймін»

Мақсаты: Жеміс-жидектердің атауларын қайталау, оның түсін ажырату. Сөздерді орынды қолдана білуге дағдыландыру. Балаларды еңбекқорлыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын технология:Дамыту ойындары.

Іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың іс-әрекеті

1.

Тәрбиеші топтағы балаларға ыдыста салынып тұрған жеміс-жидектерді (немесе суретті) көрсетеді. Әр жемістің атауын сұрайды,түстерін айтқызады.Сурет бойынша сөздерді хормен және жеке-жеке қайталатады.

Балалар жаңа сөзді көзбен қабылдау арқылы естеріне сақтайды.

Балалар «алма,алмұрт,шие,өрік,жүзім,сары,

қызыл,жасыл» деген сияқты қысқа жауап береді.

2.

Тәрбиеші балаларды жұмыс-дәптердегі «Мен алма жеймін»" тақырыбына арналған оқу іс-әрекетінің үлгісімен таныстырады. Сурет бойынша жеміс-жидектердің атауларын қайталатады.

Баланың қандай жеміс жеп тұрғанына көңіл аударады.Оның түсін ататқызады.

«Мен ...жеймін,Мен жемеймін» деген сөйлем үлгілерін үйретеді.

Бұл сөйлемдерді толық қабылдауға жаттықтырады. Неғұрлым көбірек тындаған сайын, балалар сөғұрлым жеңіл қабылдайды.

Жұмыс-дәптердегі екінші тапсырмада алмаларды түсіне қарай ажыратқызады.

Неше қызыл алма,неше сары алма екенін санатады.

Үлестірмелі материалдағы тапсырманы орындату арқылы тәрбиеші белсенді лексиканы балаларға тағы бір қайталатып,бекіте түседі.Тапсырманы ұқыпты әрі тиянақты орындау арқала балалардың ұсақ қол қимылы дағдыларын дамытуға,шығармашылық түрде жұмыс істеу арқала бейнелі ойлауын,зейінін,қиялын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.


Балалар «алма,алмұрт,шие,өрік,жүзім»,-деп қайталайды.


«Қызыл алма»

Балалар «Мен алма,алмұрт,жүзім жеймін.

Мен шие,өрік жемеймін»,-деп айтады.

«Төрт сары алма,бес қызыл алма»


Топтағы балалар «Түйе,жылқы,сиыр,піл,керік,аю үлкен»,

«қой,ешкі,қоян,кірпі кішкентай»,-деп жеке-жеке,хормен бірнеше рет қайталайды.

Балалар үлестірмелі материалдағы тапсырманы орындайды.

3.

Тәрбиеші балалардан бүгінгі оқу іс-әрекеті барысынан алған әсерлерін,көңіл күйлерін,немен айналысқандарын,не үйренгендерін сұрайды. Жаңа материалды еске түсіріп, хормен қайталатады.

Балалар белсенді сөдік қорды хормен қайталайды

Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: жеміс-жидектердің түсін ажыратады, «Мен....жеймін. Мен ....жемеймін» сөйлем үлгілерін меңгереді.

Түсінеді: жеміс-жидектердің түсін атайды, «Мен алма,алмұрт,жүзім жеймін. Мен шие,өрік жемеймін» сөйлемдерін үйренеді..

Қолданады: жеміс-жидектердің суретін суретін:.







© 2010-2022