«Ұлы дала – дәстүрлері »

Раздел Воспитательная работа
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Ұлы дала - дәстүрлері » \

Мақсаты: Оқушыларға Ұлыстың ұлы Наурыз мерекесін тойлауы туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын үйрете отырып, «Наурыз» Қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.

Көрнекілігі: Нақыл сөздер жазылған плакат, үнтаспа, ұлттық киімдер, ұлттық тағамдар, шарлар, суреттер.

Сахна шымылдығы ашылып, шашу шашылады.

2 сынып оқушылары « Жарапазан » айтады.

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата - аналар! Сіздерді қазақтың ұлттық мерекесі Ұлыстың ұлы - Наурыз Мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Бүгінгі болғалы отырған «Ұлы дала - дәстүрлері » атты мерекелік концертімізге қош келдіңіздер! Сіздерді келіп жеткен көктем мерекесімен құттықтап, сіздерге шаттық тілей отырып, қанатына маржан тағып қараторғай жеткенде көктемнің алғашқы жаңбыры себелейді. Сіресіп жатқан қар еріп, көл - көсір су болып ағады. Өсімдік ұйқыдан оянады, бәйшешек қаулайды. Жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлайтын Ұлыстың ұлы күні келді. Той құтты болсын, ұлыс оң болсын!

Жүргізуші: Күттіріп келген жыл басы

Бізбен бірге жырлашы.

Дастарханға елімнің,

Береке, ырыс сыйлашы.

Ата - бабам тойлаған

Әз - Наурызым, армысың!

Дей келе отырып,

Құттықтау сөзді мектебіміздің директоры Қ.Х.Қаспақовқа береміз!

Даярлық топ оқушыларын ортаға шақырамыз.

Жүргізуші: Ілесіп Наурызбенен көктем жетсін

Көңілің үлкен -кіші көкке өрлетсін

Еңсесі көтеріліп ер-азамат

Ескі жылмен реніш, өкпең кетсің

Жүргізуші: Қазағымның салт - дәстүрі жаңғырған,

Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.

Салт - дәстүрді ардақтайық, ағайын,

Қазақ атты үлкен, кіші балдырған.

Жиналыппыз сәтті күні бәрімізде,

Үлкен, кіші, жасымыз, кәрімізде.

Төрлетіңіз қадірменді қонақтар,

Гүл - гүл жайнап мына біздің төрімізге - деп ендігі кезекті Наурыздағы салт - дәстүрлерге берсек.

Бала:

Сүйінші, сүйінші....

Дүниеге сәби келді,ағайын,сүйінші.....

Дідә:Құтты болсын, бөбектің бауы берік болсы!

Ақжайық: Осынау Ұлыстың ұлы күнінде өмір есігін ашып жатқан кішкентай періштеміздің бесік тойын тойлағанға не жетсін!

Аяжан: Алдымен бөбек өз атына ие болсын, азан шақырып, ат қою рәсімін атап өтейік. Ал ауылдың көпті көрген ауыл әжесі өзіңізсіз, сондықтан азан шақырып атын қойып, бесікке бөлесеңіз, біз тыштырмаға тояр едік, солай емес пе?

Жаялыққа бөленген жас нәрестені ауыл әжесіне ұсынада.

Бала ат қою рәсімін өткізеді.

Ән « Қазақтың дастарханы»4,3 сынып оқушылары.

Тоты: Ал,әжесі, міне қазақтың қара бесігі. Ендігі кезек сізге келді!

Әже баланы бесікке бөлейді.

Ортаға 4 сынып оқушыларын шақырайық

Каусар: Уа халайық, халайық

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке бұл тойдың

Шашуларын шашайық!

Нұрхат: Армысың Наурыз,

Қуаныш боп, кір төрлет!

Ел болып саған,

Көрсетіп жатыр сый - құрмет!

Жансая: Бауырласқа тәнтіміз,

Бұзылмаған салтымыз.

Кең даламның ежелгі,

Қазақ деген халқымыз.

Өзге ұлттай біздің де

Бар дәстүр мен салтымыз.

Ажар: Жыл басы - Наурыз, мереке!

Ақ нұрға әлем боянды

Наурыз тойы береке

Тіршілік жаңа оянды.

Ділназ: Тәуелсіз биік халқымның желбіреп туы шалқысын,

Әз Наурыз келіп еліме, Жер - Ана бойы балқысын.

Жаңғырар дәстүр - салтымның көсілсін бұлақ жалғасып,

Қастерлі менің халқымның мереке Наурыз жыл басы!

Бейімбет: Жарқыраған жас нұрлы,

Жаса, Наурыз дәстүрлі.

Бақытыма шалқыдым,

Ашылады нұрымыз

Осынау байтақ елімде

Айтылады жырымыз

Би 8 сынып қыздары.

Жүргізуші: Ұлыс күні кәрі- жас

Құшақтасып көріскен

Жаңа ағытқан қозыдай

Жамырасып өріскен.

Сіздердің әділ істеріңіз

Ғасырлар бойы тынбайды.

Аңыз, дастан жырлардан,

Жастар оқып тынбайды.

Ортаға 5 сынып оушылары шығып, тоқымқағар жайлы айтып кетеді.

Ән « Япурай » орындайтындар 7 сынып қыздары.

Жүргізуші: Наурыз - шыр айналған жылдың басы,

Адамның өлшенеді өмір жасы.

Қазақтың пейіліне жарасады,

Әр үйде дастарханға толған асы.

Жүргізуші: Салт-дәстүрмен жараса қайта құрып жаңаша,

Жарыса өнер көрсетіп, той тойлайық тамаша.

Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар, тұсаукесер басталды

Тұсау кесу 3 сынып

Жүргізуші: Наурыз қайтып оралады, аты да аңыз,

Сұрамаймыз алғыста, ақы да біз.

Кең дастархан, даламның, сахнамыз,

Ұлы мейрам - Наурызға шақырамыз.

Би: «Саржайлау» 9 сынып қыздары.

Жүргізуші: Шығыстың күнтізбесі бойынша күн мен түннің теңескен көктемгі мерекесі жыл сайын асыға күтетін жарқын үміт, жастық пен жаңару мерекесі, бүкіл әлемге береке, бақыт, бейбітшілік дарытатын Ұлыстың ұлы күні - Әз Наурыз құтты болсын. Күншығыстың Наурызы келгенде Самарқанның көк тасы еріп, жылғалардан су ағып, бәйшешек гүл атып, күннің көзі бүкіл әлемге нұрын шашып, үйсізді үйлімен теңестіреді.

1 сынып ашамайға мінгізу

Жүргізуші: Наурыз келді, көктем келді ағайын!

Жадырайды, жаңғырады маңдайым.

Назды, сазды науан Наурыз, армысың!

Жүргізуші: Наурыз қайтып оралады, аты да аңыз,

Сұрамаймыз алғыста, ақы да біз.

Кең дастархан, даламның, сахнамыз,

Ұлы мейрам - Наурызға шақырамыз

Жүргізуші: Ортаға сөз ізгі ниет, «Ақ бата» беру үшін Қыдыр атаны шақырамыз!

Армысыңдар, жамағат!

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын.

Қайда барсақ жол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт - түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін,

Бәле - жала жерге енсін»

Ұлы халқым тоқ болсын»

Көйлектерің көк болсын!

Қайғы - уайым жоқ болсын!

Қуаныштарың көп болсын!

(Әумин)

Жүргізуші:: Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық,

Билейік, жыр жырлайық, ән салайық.

Қаһарлы қыстан өтіп, Наурыз келді,

Арқаңды кеңге созшы, уа халайық.

Жүргізуші: Наурыз тойы ұлы күн,

Шырқап әнге салайық.

Ән: Орындайтын Бахтияр мұғалім

Жүргізуші: Осымен «Ұлы дала - дәстүрлері «» атты мерекелік концертіміз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет! Өмір жастарыңыз ұзақ, ұлыс бақты, төрт - түлік ақты болсын. Ұлыс береке берсін. Наурыз құтты болсын!



«Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің Ақши жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі




Сыныптан тыс тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Ұлы дала дәстүрлері»





Өткізген :А.К.Шадетова



2015-2016 оу жылы




© 2010-2022