«Қыз еркем, анасымен көркем» тәрбие сағаты

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Кеңбидайық орта мектебі





Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Қыз еркем, анасымен көркем»





Дайындаған: Ермұрат Ә.













2013-2014

Сабақтың тақырыбы: «Қыз еркем, анасымен көркем»

Сабақтың мақсаты: Ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау, отбасы тәжірибесін насихаттау.Ата-аналардың мектеппен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру, отбасы тарихын және отбасы дәстүріне деген қызығушылықтарын дамыту.

Көрнекілігі: слайд, ақпараттық технология

Сабақтың барысы:

1-жүргізуші.

Ана-өмір қолдаушысы әлемнің

Шаңырақтың шаттығы мен шуағы

Сейілмесін жанарынан ананың

Тіршілікке төккен нұрлы шуағы

Аялайық аналарды әрдайым

Қуанышқа бөлейікші өздерін

Әжелердің,аналардың,қыздардың

Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін

Ана- барлық өмірдің бастауы Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана -ұлы адам, Ана-құдіретті жан, ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын, Аяулы аналар!!!

2-жүргізуші. Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар, жарысқа қатысушы жанұялар және олардың жан-күйерлері, бүгінгі мектебімізде өткелі отырған " Қыз еркем, анасымен көркем " атты сайысқа қош келдіңіздер!

1-жүргізуші: Жанұямыз-сәніміз,
Отбасымыз-әніміз.
Біз бастадық сайысты,
Қош келіпсіз бәріңіз!

2-жүргізуші: Асыл іс көп халықта,
Іле жүрсең құлаққа.
Ізденген жетер мұратқа,
Ізденуден жалықпа - демекші, ортаға бүгінгі сайысқа қатысушы сұлу аруларымызбен аяулы аналарымызды шақырамыз.

1-жүргізуші: Ақ көңілмен, ниетпен,
Әділ баға берсін деп,
Шаршамай еш жалықпай,
Айтқанына көндік деп,
Әділқазы алқасын сайлап алған жөн болар

Әділқазылар алқасы:

1.

2.

3.

2-жүргізуші: Сайыстың шарттарымен таныстырып өтейік.

  1. «Сәлем - сөздің анасы» (таныстыру, презентация арқылы)

  2. «Он саусағы майысқан шебер болар ұрпақпыз» (үй т/ы, шығармашылық қолөнер)

  3. Өнер көрсету (би,ән-екеуі бірге)

  4. Тіл өнері ( мақал-мәтел)

  5. Сұлулық сыры (шаш үлгісі, киім үлгісі - анасы қызына)

  6. Қорытынды.

1-жүргізуші

Жалын болып жанайық,
Әсем әнге салайық.
Сайыскерлер күтіп тұр
Соларменен бір танысып алайық! - деп, сайысымыздың бірінші бөлімін бастайық.

1-бөлім: Әр отбасы өздерін таныстырады.

Презентация бойынша топтардың атымен таныстыру.

(әр топқа 3 мин)

2 - бөлім.

Сымбатына сән киім жарасатын,

Аспандағы айменен таласатын.

Өнеріне сәні сай келіп тұрған,

Аруларға қызығып қарасын деп,-келесі сайысымыз-

«Он саусағы майысқан шебер болар ұрпақпыз» - қолөнер бұйымдарын қазылар алқасына тапсырады.

3-бөлім. «Өнер көрсету». Анасы мен қазы екеуі бірге өнерлерін көрсетеді.

4-бөлім. «Тіл өнері»

Әр топ мақал - мәтел айтып жарысады. (қыз бала тәрбиесіне және ана туралы)

5-бөлім.

1-жүргізуші: Білектей арқасында өрген бұрым,

Шолпысы сылдыр қағып, жүрсе ақырын,

Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты

Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?

2-жүргізуші: Келесі бөлім «Сұлулық сыры» деп аталады. Бұл бөлімде шаш үлгісімен киім үлгісін көрсетеді.

Қосымша: а) Ән:

Орындайды:

б) Би:

6 - бөлім. Қорытынды.

1-жүргізуші: Сайыстың аты сайыс, мұнда біреу жеңеді, енді біреу жеңіледі. Жеңімпаздарымызды анықтау үшін сөз қазылар алқасына беріледі.

Марапаттау. Сыйлықтар тарату. І, ІІ, ІІІ орын және 5 номинация

2-жүргізуші: Ән жырдан көңілдерді қуантыңдар,

Барымен шат-шадымен болыңыздар.

Қоштасайық, келесі кездескенше,

Әрдайым сау-саламат болыңыздар!

Осымен бүгінгі мерекеге орай өткізіліп отырған сайысымыз аяқталды. Келесі кездескенше! Тағы да мерекелеріңіз құтты болсын!


© 2010-2022