Аққала (открытый урок)

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қостанай қаласы. № 13 «Ақбота» балабақшасы.

Екінші кіші топ «Жұлдыз»

Өткізген: Әлімханова А.Қ.

Білім беру саласы: Шығармашылық

Кіші сала: Мүсіндеу

Тақырыбы: Аққала

Мақсаты: Ақ түсті ермексаздың кесегін екі алақанмен домалақтау дағдысын осы оқу іс-әрекетінде пысықтау, дамыту; екі бөліктен тұратын аққала сомдауды;ойын арқылы мүсіндеу дағдыларын ұштау; баланың тілін дамыту; саусақтың ұсақ бұдшықеттері қимылын жетілдіру; ұқыптылық пен тазалыққа тәрбиелеу.

Қолданалатын көрнекі құралдар және құрал-жабдықтар: демонстрациялық көрнекіліктер, ақ түсті, қызыл түсті, қара түсті ермексаз,Интерактивті тақта.

Сөздік жұмыс: Аққала

Билингвальды компонент: аққала-снеговик.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивициялық-қозғаушылық

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыста жерде не болады?

-Қардың түсі қандай?

-Енді көгілдір экранға назар аударайық.

-Қыс мезгілі.

-Қар.

-Ақ

Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдай отырып, көгілдір экраннан Әли мен Айяның «Аққала» әні мультфилімін көреді.

Ұйымдастырушылық ізденістік

-Ал, балалар осы мультфилімде балалар не жасады?

-Дұрыс айтасыңдар, Әли мен Айя мынадай аққала жасады.

Аққала ойыншығын көрсете отырып:

-Аққала қандай түсті?

-Ол неге ақ?

-Аққаланың басы қандай?

-Ал мына кеудесі, іші қандай?

Билингвальды компонент:

Аққала-снеговик

Екі қолдарыңмен ауада аққаланың бейнесін жасап көріңдерші.

Педагог балаларға ақ ермексаздан «Аққаланы» жасау жолдарын түсіндіреді.

-Қолымызға ақ ермексаздан бір кішкене кесегін аламыз-бұл біздің сомдайтын аққаланың басы болады.

Енді осы кесекті екі алақанымызбен домалақтап, шар жасаймыз.Балалар аққаланың басы дайын. (көрсетеді)

-Ал енді денесін дәл осылай сәл үлкендеу етіп жасап, басы мен денесін бір-біріне жабыстырамыз.Ал енді біздің аққалаға не жетіспейді?

Ал мына қара түсті ермексаздан - көз, қызыл түсті ермексаздан мұрнын жасаймыз.

-Қолдарын сомдау үшін ақ түсті ермексаздың кішкене бөлшектері керек. Осы бөлшектері де алақанымызбен домалақтап, екі жағына жабыстырамыз.

Жеке жұмыс жүргізіледі.

Сергіту сәті:

Аппақ қарды уыстап,

Алақанға салайық,

Оңға бір рет,

Солға бір рет,

Мойын бұрып алайық.

Домалақтап аппақ қармен,

Біз аққала жасайық!

-Ақала



-Ол ақ түсті.

-Өйткені ол ақ қардан жасалды.

-Домалақ.

-Домалақ.

Балалар осы сөздерді қайталайды.

Екі қолдарымен ауада аққаланың бейнесін жасап көрсетеді.

Балалар жұмыс жасау ретімен танысады.





Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.





  • Көз, мұрын.



Балалар қолдарына ақ ермексаздың бір кішкене кесегін алып, аққаланың басын, қолдарын,денесін домалақ шар тәрізді мүсіндейді.

Балалар орындарынан тұрып, жерден еңкейіп қар алып, алақанына салып, қолдарындағы қарды домалақтай беріп, бойларын тік ұстап, оңға бір, солға бір мойындарын барынша соза қарайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

Сабақтың соңында тәрбиеші балаларды мадақтайды.Балалар мүсіндеген «Аққалаларын» педагог көрмеге қояды.

Қуаныштарын білдіреді.

Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: Екі бөліктен тұратын ақққаланы;

Түсінеді: Домалақ пішінді сомдауды, ақ түс- қардың түсі, яғни қардай аппақ дегенді білдіретінін;

Қолданады: Мүсіндеуде - екі қолмен әр түрлі көлемдегі шарларды домалақтау, оларды көлеміне қарай қажетті дене мүшелеріне жапсыру тәрізді сомдау амалдарын.



© 2010-2022