ТІЛ ДАМЫТУ САБАҒЫ (Балабақша)

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ТІЛ ДАМЫТУ САБАҒЫ

Мақсаты: Таныс ертегілерді қайталау арқылы балалардың тілдерін дамыту, сөздік қорларын молайту, тұрмыстық заттар мен ыдыстарды қайталау, қыс мезгілі туралы түсініктерін қалыптастыру. Байланысты сөйлеуін, өз ойын білдіре білу қабілетін дамыту. Өз ойларын жеткізе бідуді машықтандыру.

Сөздік жұмыс: матрешка.

Билингвальді компонент: қыс-зима, қар-снег.

Іс әрекет кезеңдері:

Тәрбиешінің әрекеті:

Балалардың әрекеті:

Ынталандыру-оятушы.

Балалар қоршаған ортамен сәлемдеседі.

Жылулық шеңбері:

Алтын сәуле арайлы,

Бақшамызға тарайды.

Қуанышпен шат күліп,

Қарсы алайық арайды.

Ұйымдастырушы-ізденуші

Сергіту сәті:

Ғажайып сәт: Қонаққа орыс халық қуыршағы матрешка қонаққа келеді. Балалармен амандасады.

Балалар қонақпен амандасады. Қызығушылықпен тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды.

Тәрбиеші балаларды ойыншықпен таныстырады. Матрешка деген орыс халқының ойыншығы. Оның ішінде тағы қуыршақ бар. Қазір ашып көрейік. Ішінде бірдеңе бар екен. Балалар қағаз бар, не жазылған екен. Балалар келесі қуыршақты ашу үшін біз келесі тапсырманы орындау керек екенбіз. Ал тапсырма мынандай мына суреттегі ертегілердің атын атау керек.

Балалар суреттерді қарап ертегілердің атауларын табады.

/Шалқан, Бауырсақ, Маша мен аю, Үш аю./

Тамаша, балалар, келесі қуыршақты ашайық. Онда қандай тапсырма бар екен. Қазір жылдың қай мезгілі? Қыс-зима. Қыс мезгілінің өзгерістерін атаңдаршы.

Күн суытады, аяз болады, боран соғады. Жылы киім киеміз.

Дұрыс, балалар, қыста біз серуенге барамыз ба?

Ия.

Қалай киінеміз? Қане көрсетейікші бірінші нені киеміз.

Балалар белгілі қимыл-қозғалыстар жасайды.

Шалбарды, жемпірді, аяқ киімді, бас киімді, тонды, шарфты байлаймыз, қолғап киеміз. Дұрыс. Ал енді серуенге барамыз. Серуенде не істейміз? /жүгіреміз/.

Балалар жүгіреді.

Қармен қандай ойын ойнаймыз?

Қармен атысады.

Сонан соң топқа қайтады. Енді шешінеміз. Бірінші нені шешеміз?

Балалар қимыл-әрекеттерді жасайды. /қолғапты жаямыз, шарфты шешеміз, тонды, бас киімді, аяқ киімді, жемпірді, шалбарды шешеміз/. Тамаша, балалар, енді қуыршақты тағы ашайық. Ішінде мынадай тапсырма бар. Тұрмыстық заттар мен ыдыстарды ажырату керек.

Балалар тұрмыстық заттар мен ыдыстарды бөледі.

Мына жерде көп заттар бар, тұрмыстық заттарды мына табақшаға саламыз, ыдыстарды мына табақшаға саламыз.

Дидак.ойын: «Қайсы артық?»

Рефлексивті-түзетуші

Балаларды мақтап, мадақтап, жұлдызшалар тарату.

Нені білу керек: таныс ертегілерді, тұрмыстық заттарды, ыдыстарды білуі керек.

Нені игерді: білгендерін, ойларын айтуды.

Нені біледі: тапсырмаларды орындауды.

© 2010-2022