Ашық тәрбие сағаты: Елін сүйген, елі сүйген Елбасы (5сынып)

Раздел Воспитательная работа
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық тәрбие сағаты - 5 сынып жетекшісі Шакенова Н.Е.

Тақырыбы: "Елін сүйген, елі сүйген Елбасы"

Мақсаты:

1. Оқушыларға Қ. Р. Президенті Н. Ә. Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру.

2. Оқушыларға президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі - өнеге ету.

3. Оқушыларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайдтар көрсету, үнтаспа, кітаптар, плакаттар, шарлар, ту, сынып кітапханасы.
І. Барысы

Оқушылар ортаға шығып шеңберге тұрып қонақтармен амандасады.

Қайырлы күн, қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін.

Нұр, сәулесін шашуда

Бәріміз жадырайық,

Қонақтарды қарсалайық.

Тақтадағы алма ағашынан түрлі-түсті алма алу арқылы топқа бөлу, 3 топқа бөлінеді.

Кіріспе.
Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.

Слайд көрсетем - Елбасы туралы.

І- топ Қырандар (Қыран құстай самғап биіктерден көрініңдер)

2-топ Ұландар (Елімізді қорғайтын ұландардай, айбатты болыңдар)

3-топ Достық (Достық, берекелі, бірлік бәрін жеңбек.)

Сәттілік тілеймін.

- Балалар қалай ойлайсындар біз сендермен кім туралы бейне клип көрдік?

- Н.Ә.Назарбаев туралы.

Тақырыпты жариялаймын - "Елін сүйген, елі сүйген Елбасы."


- 1 желтоқсан қандай мереке?

- Президент күні мерекеленеді.

- Ия

Мұғалім:

- Елін сүйген, елі сүйген Елбасы - бұл Н.Ә.Назарбаев.
1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасында Президент сайлауы өтті. Тұңғыш президент болып Н. Ә. Назарбаев сайланды.

1 желтоқсанда - Тұңғыш президент күні аталып өтеді.

Елбасымыздың игі істерінің бірі - қазақтың кең байтақ, ұлан ғасыр жеріндегі, мемлекетіміздің Тәуелсіздігі. Өзінің жобасымен "Жас қала-бас қала " Астанамызды гүлдендірді. Біздің елде тұратын жүз отыздан астам ұлт өкілдері бір-бірімен тату -тәтті тұрады.

Тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаев халқын, елін, жас ұрпақты жақсы көреді. Ол кісі болашағымыс жастар дейді.

Ондай болса сөзді оқушыларға берейік.

- Н. Ә. Назарбаевтың өмір жолдары туралы не білеміз? (ойымызды ортаға салып көрелік).


1 - оқушы:
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6 - шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Әкесі Әбіш анасы Әлжан. Үй шаруасына көмектескен. Мектепте жақсы оқыған, озат оқушы болған. Ата - анасын қатты құрмет тұтты.

2- оқушы:

Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург - жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

3 - оқушы:

Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.

4 - оқушы:

Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.


5 - оқушы:

1991 жылы 1 - желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады. Елбасымыздың игі істерінің бірі - мемлекетіміздің тәуелсіздігі. 1998 жылы 10 - маусымда жаңа Астананың ресми тұсау кесері болды. Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.

6- оқушы:

Елбасы үлкен саясаткер болуымен қатар жан - жақты дамыған тұлға, барлық қазақ азаматтары сияқты жылқыны жақсы көреді. Сондай - ақ өнерге де көп көңіл бөлетін адам. Ол кісінің жазған кітаптарыда көп: "Бейбітшілік кіндігі", "Тарих толқынында" т.б.. Сонымен қатар Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен ашылған оқу орындары да бар: Назарбаев "Университеті", Назарбаев "Зияткерлік Мектебі". Ол кісі біз сияқты балалардың жақсы, жаңашыл білім алуына ықпал етіп отыр.

Біз, ата-аналар мен оқушылар бірігіп сынып кітапханасын толықтырдық, Н.Ә. Назарбаев туралы көп іздендік, кітапшалар жасадық, кітаптар жинақтадық және өзімізге көптегем мәліметтер алдық.

Слайдка назар аударайық:

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жыл сайын жолдауын жолдайды.

Биыл 2014 жылы 11 қарашадағы - Жолдауы. "Нұрлы жол - болашаққа бастар жол." Қазақстанның жаңа экономикалық саясаты. Әлеуметтік инфра құрылым жақсарады, жаңа әрі заманауи мектептер мен ауыруханалар, балабақшалар бой көтеруді жалғастырады. Заманауи және сапалы автомагистральдарымен қазақстандықтар кезкелген өңірге қауіпсіз және тез жете алатын болады.

Н.Ә. Назарбаевтың дәйексөзі:

"Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде.",

Олай болса кезекті мақал-мателдерге берейік.

ІІ- Отан, туған жер туралы мақал-мәтелді жалғастыр

1-топ - Отансыз адам - ...............(ормансыз бұлбұл.)

Туған жердің күніде ыстық,....................... (түніде ыстық.)

2-топ - Отан оттан да..................... (ыстық)

Отаны бірдің жүрегі бір,..................(Жүрегі бірдің тілегі бір.)

3топ - Туған жердей жер болмас, .................. (Туған елдей ел болмас.)

Отан отбасынан ..................(басталады.)

ІІІ- топпен жұмыс

Сурет бойынша жұмыс, суретке түсінік береді.

1- Қазақстан

2 - Астана

3 - Өскемен

ІҮ- Шығармашылық кезең

1. ЭССЕ - әр топтан 1 оқушы үйден жазып әкелген шығармасын оқиды, тақырыбы: "Елін сүйген, елі сүйген Елбасы."

Тақпақтар:

1- оқушы:

Елде еркін жүр екенмін

Елге ерке гүл екенмін

Мәз мейрам саламын мен

Елбасының арқасында

2- оқушы:

Елбасымыз кеменгер

Таязымыз тереңдер

Қазақпын деп мақтаным

Қан ойнайды денемде.

3- оқушы:

Саясаттың Нұраға

Көшін бастап жүр екен

Бағындырып биікті

Елбасымыз сүйікиі.

4- оқушы:

Нық ғып әр бұрышыңды

Ұлт пен әр ұлысыңды

Бірлік пен билей білген

Нұрсұлтан Әбішұлы

5- оқушы:

Төбең көк тіресін деп

Амандық тілесін тек

Ер халқың құттықтайды

Күнімен президент

6- оқушы:

Елбасымыз сізге мәңгі разымыз,
Үлкен - кіші, ағайындар - бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.
7- оқушы:

Елбасымыз қыранымыз

Сізге бізден бұл әніміз

Қазақстан ұланымыз

Туымыз бір ұранымыз.

Ән: «Жаса Қазақстан».

Ү - Қорытынды.

Сабақ ұнаса алма ағашына алмасын қайтарамыз, ұнамаса ағаштың астына тастаймыз.

Мұғалім:
Біздің президентіміз - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Мемлекет басқару ісі - машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел - ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н. Ә. Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен Отанымыз әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатынымызға күманданған жандар болған екен. Бірақ ар - намысты ту еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.
Назарларыңызға рахмет!





Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі

Өскемен қаласы әкімдігінің "№ 26 орта мектебі" КММ





Тәрбие сағаты

Тақырыбы: "Елін сүйген, елі сүйген Елбасы"

Өткізген: 2 "Д" сынып жетекшісі Шакенова М.Е.





2014-2015 оқу жылы

6


© 2010-2022