Тәрбие бесіктен басталады баяндама

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие бесіктен басталады

Адамды тәрбиелеу - демек оның ертеңгі қуанышқа ие

болатын келешек жолын тәрбиелеу.

А.С. Макаренко

Жас ұрпақты тәрбиелеу жұйесі заман талабына сай қоғамдық өмірде болып жатқан ұлы өзгерістерге байланысты. Қазіргі қоғам үйлесімді жетілген жаңа адамды тәрбиелеуді талап етіп отыр. Қоғам талабы - заман талабы, өйткені «әр адам - өз заманының баласы », «Туа жаман жоқ, жүре жаман бар», «Заман түзелсе, жаман түзеледі» деп халық педагогикасы тәрбиенің заманға, қоғамға, оның материалдық, рухани байлығына тәуелді екенін дөп басып жеткізген.

Жас адамды есті, саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен қоғамдық тәрбие орындарының бірден-бір парызы. Өйткені «Ес түзелмей, ел түзелмейді», олай болса, егеменді еліміздің болашағы отбасында тал бесіктен басталып, оқу-тәрбие орындарында есті ұрпақты тәрбиелеу ісімен шешілмек.

Отбасының тәлім-тәрбиенің мақсаты- баланың жасын, жеке ерекшелігін, психикалық процестерін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу. Аталған нысанаға жету үшін отбасындағы тәрбие төмендегі міндеттерді шешеді.

Отбасында баланың өсіп жетілуіне, денсаулығына қамқорлық жасау, нығайту, бекіту. Тазалық дағдыларын қалыптастыру.

Отбасы мүшелерінің өзара дұрыс қарым-қатынасының, тіл табысып түсінісуін, бірін-бірі тыңдап, ата-ананы, туған-туыстарын, жасы үлкендерді сыйлап, құрмет тұтуға үйрету.

Оқудың ,білім алудың, мәдени мінез-құлықтың, әдет-дағдыларын қалыптастыру.

Отбасында баланың икемділігі мен қабілетін байқап, кәсіптік жағынан бағдарлау.

Баланың ақылына, , күшіне, біліміне сай берілген тапсырманы талапты орындауға дайын болуға дағдыландыру. Бақылау, тексеру, бағалау.

Тәртіптілікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке, ойшылдыққа, сергектікке, естілікке, т.б. баулу.

Өзін-өзі тәрбиелеуге , дербестікке, шығармашылыққа өріс ашу.

Осылардың бәрін халықтық педагогика негізіне сүйене жүргізіледі. Жас ұрпақты осы тұрғыда тәрбиелеуде отбасы маңызды орын алады. Отбасы - адамзат бесігін тербеткен ұя болса, «Баланың бас ұстазы ата-ана». Бұлар балаға отбасылық өмірдің алуан түрлі қыры мен сырын, тылсым дүние жұмбақтарын танытып, тағылым, талғамға, әдептілікке баулиды.Себебі отбасы- таным бесігі, отбасы- өркениет ошағы, отбасы- үлгі- өнеге бастауы. Ата -ана күнделікті өмір тіршілігіндегі, адамдық бейнелері, жақсы мінезқұлқы, дұрыс қарым-қатынасы арқылы балаға үлгі. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі », «Әкеден- ақыл, анадан- мейір» алады.

Ата-ана баланың күнделікті еңбегін дұрыс ұйымдастырып, кездескен қиыншылықтарды жеңуге қол ұшын беріп отыру арқылы еңбек дағдысының беки түсуіне ықпал етеді, ұқыптылыққа, ойшылдыққа үйренеді. Олар баланың өзін-өзі тәрбиелеуіне басшылық етіп, айналасындағы адамдардың жағдайымен, талап-тілегімен санасуға үйретеді.

Сонымен, отбасындағы тәрбие мен қоғамдық тәрбие өзара тығыз бірлікте, халықтық педагогикадан бастау алып ғылымда дәлелденген нәтижелерге сүйене, тәрбие құралдары мен әдістері дұрыс таңдалып жүргізілсе, ізгілікті тәрбиенің негізі қаланбақ.

Ұлттық ерекшелігіміздің белгісін құрайтын қасиеттер- тәрбиенің алтын діңгегі екеніне мән бермей келгеніміз туралы көп айтылып та, жазылып та жүр. Сол олқылықты қалай толтырамыз, асыл мұраларымызды жоғалтпай, оның нәрін ана сүтімен беретін салт-дәстүрлерімізді, әдет-ғұрпымызды сақтау үшін ең алдымен бесігімізді түзеуіміз керек.тәрбие бесіктен басталады. Дүниеге келгеннен бастап қазақ баласының бүкіл өмірі өлең-жыр, ән-күй аясында өтеді . оқыту мен тәрбиелеу ісі бала туған күннен, бесік жырынан басталып, ананың бесік жырынан, баласына арналған тілектерінен, халықтық жан-жақты дамыған адамды тәрбиелеу туралы үлкен ойыннан, идеяларынан көрініс тапқан. Ұлттық ерекшелігіміздің белгісін құрайтын қасиеттер-тәрбиенің алтын діңгегі екеніне мән бермей келгеніміз туралы көп айтылып та, жазылып та жүр. Сол олқылықты қалай толтырамыз, асыл мұраларымызды жоғалтпай, оның нәрін ана сүтімен беретін салт-дәстүрлерімізді, әдет-ғұрпымызды сақтау үшін ең алдымен бесігімізді түзеуіміз керек. Тәрбие бесіктен басталады. Дүниеге келгеннен бастап қазақ баласының бүкіл өмірі өлең-жыр, ән-күй аясында өтеді. Оқыту мен тәрбиелеу ісі бала туған күннен, бесік жырынан басталып, ананың бесік жырынан, баласына арналған тілектерінен, халықтық жан-жақты дамыған адамды тәрбиелеу туралы үлкен ойынан, идеяларынан көрініс тапқан.

© 2010-2022