Ұлт игілігі - ұлттық құндылық

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Ұлт игілігі - ұлттық құндылық»

Мақсаты: Оқушыларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, рухани байлығын игеруге, ұлттық озық дәстүрден үлгі алуға баулу, халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт - дәстүрлері мен ұлттық ойындарын дәріптеу.

Мерзімі: 18 наурыз, 2016 жыл

Шараның түрі: байқау

Көрнекілігі: бейнероликтер, қоржын, асықтар, арқан, қағаз-қайшылар, орамал, домбыра, ұлттық тағам, мақтау қағаздары.

Жүргізуші: Ар ма, ағайын! Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар және де жарысқа қатысушы команда мүшелері! Жер жүзіндегі халықтардың бәрінің де түрлі мейрамдары бар. Шығыс халықтарының сондай ерекше мейрамдарының бірі - Наурыз. Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді. Ендеше, той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!

Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,

Жап-жасыл болып кетті дүние жаңғырып.

Жақсылыққа жаршы болған Наурызым!

Сен өмірдің көктемісің мәңгілік!


  • Наурыз мерекесі қарсаңында өткелі отырған «Ұлт игілігі - ұлттық құндылық» атты байқауымызды ашық деп жариялаймын!

Ең алдымен, команда мүшелерімен содан кейін әділ бағалар әділқазы алқаларымен таныс болайық.

  1. Олай болса, бірінші болып ортаға 7 класс оқушыларынан құралған «СҰҢҚАР» командасын шақырамыз.

  2. Екінші болып 8 класс оқуышларынан құралған «ПЫРАҚ» командасын қошеметпен қарсы алайық.

-Әділқазы мүшелері

  1. Мектеп психологы - Наротов Фархад

  2. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі - Кенжеева Мөлдір

Жүргізуші: Бүгінгі сайысымыздың шарттарымен сайыс барысында танысамыз. Олай болса 1 турымызды бастайық.

(СӘЛЕМ - СӨЗДІҢ АНАСЫ)

1 тур, яғни, «Сәлем - сөздің анасы» бөлімі бойынша әр команда өз-өзін таныстыруы қажет.

  1. «Сұңқар» командасы

  2. «Пырақ» командасы

(БӘЙГЕ)

Жүргізуші:

Этнограф - ғалымдардың пайымдауынша, ата-бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде б.з.б. бірінші мыңжылдықта-ақ қалыптасқан. Олардың ішінде тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары Азия елдерінде тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттерде кеңінен тарады. Біздің қоғамыздағы ұлттық ойындардың негізі, шығу тегі халқымыздың көшпелі дәстүрлі шаруашылық қарекеттерінен бастау алады.
Бұлардың көбісі мал шаруашылығына, аңшылыққа, жаугершілікке негізділген екен.

Жүргізуші:

Ендеше сайысымыздың келесі бөлімі «Бәйге» деп аталады. «Бәйгенің» шарттарымен таныс болайық. Ойын шарты: қобдишада орналасқан асықтарды таңдйсыздар, сол таңдаған асықтарыңызға сәйкес, ұлттық ойынға байланысты сұрақтарға жауап бересіздер. Олай болса, іске сәт!

Сұрақтары:

  1. Ақшамшық (сақина салу) ойыны туралы не білесің? (Ойынға он -он бес адам қатысып, ортаға бір жігітті немесе бір қызды шығарып, қолына сақина ұстатады. Ойын ережесі бойынша қыз-жігіттер үйде дөңгелене оты- рып, екі алақанын бір-біріне қабыстырып алға созады. Ойынды жүргізушінің ала-қанындағы сақинаны кімге салса да өз еркі. Ол барлық адамдардың алақанына сақина салған болып шығысымен, «Тұр сақинам, тұр», - деп, немесе «Ақшамшығымды бер!» деп дауыстайды. Сол сәт сақина тасталған адам орнынан атып тұруға тиісті, «Сақина менде», - деп. Оны көршісі ұстап алмай қалса, жұрт алдында өз өнерін көрсетеді.)

  2. Ойын тақтасы - 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Бұл қандай ойын? (тоғызқұмалақ)

  3. Сурет-сұрақ (аударыспақ)

  4. Ойын шарты бойынша ортаға орамалмен көзі байланған адамды шақырады. Бұл адам кім? (соқыртеке)

  5. Жаңылыстыру мақсатында, ептілікті қалыптастыру үшін ойналатын ойын түрі? (Ұшты-ұшты)

  6. Соқыртеке ойыны туралы не білесің? (Ойыншылар дөңгелене тұрады. Ортаға орамалмен көзі байланған адамды - «соқыртекені» шы-ғарады. Шеңбер бойынша тұрған ойынға қатысушылар «соқыртекені» түрткілейді. Ол сол кезде түрткен ойыншыны ұстап алып, атын айтуға тиіс. «Соқыртекенің» тыныш тұрған ойыншыны да ұстап алуына болады. Ұсталынып қалған ойыншы «соқыртекеге» айналып, ойын жалғаса береді)

  7. Ойыншылардың саны 10 баладан көп болмаса, ойын қызықты болады. Ойынға ұзындығы 8-10 метрлік екі ұшы түйілген арқан әзірленеді. Бұл қандай ойын? (арқан тартыс)

  8. Сурет сұрақ (теңге ілу)

  9. Қандай ұлттық ойындарды білесің?

  10. Қыз қуу ойынында қыздың жеңгені мен жігіттің жеңгенін қалай байқауға болады? (жігіт айналып қайтатын жерге дейін алдында атпен шауып бара жатқан қызды қуып жетіп, оның бетінен сүюге тиісті. Бұл - жігіттің жеңгені. Қуып жете алмаса, қайыра шапқанда қыз жігітті, оның атын қамшының астына алады. Бұл - қыздың жеңгені.)

Жүргізуші: Жарайсыңдар, ойыншылар! Осымен 2 тур, Бәйгені тәмәдадық.

(ДӘСТҮРЛІ ӘН-КҮЙ)


Музыка өнері - халқымыздың дамыған ежелгі рухани мәдениеттерінің бір саласы болып табылады. Халқымызда ежелден қалыптаскан дәстүр бойынша адам дүниеге әнмен келіп (Бесік жыры) о дүниеге әнмен (Жоқтау) аттанған. Осының өзі музыканың қазақ халқының арасында алатын орнының жоғары екенін айғақтайды. Қазақ халқында барлық той-думан, мерекелер ән-күйсіз өтпеген. Ертеден келе жатқан музыка өнерінде әншілер мен күйшілердің алатын орны ерекше. Қазақ халқы оларды қай заманда болсын қадірлеп өткен.

-Олай болса, келесі «Дәстүрлі ән-күй» бөлімін бастаймыз. Бұл тур бойынша қазір орындалатын әндер мен күйлерді жарыса табуымыз қажет. Олай болса сәттілік!

  1. «Адай» күйі

  2. «Елім-ай» әні

  3. «Аққу» күйі

  4. «Гүлдерайым» әні

  5. «Жұмыр қылыш» күйі

  6. «Туған жер» әні

  7. «Көңіл толқыны» күйі

  8. «Ерке сылқым» күйі

Жүргізуші: Осымен 3 турымыз өз мәресіне жетті! Ендеше, дәл қазір бүгінгі сайысқа сыйлығы ретінде 7 Г класс оқушысы Кәдірбек бір күй тартып берсем дейді. Қошеметпен, ортаға шақырайық.

КӘДІРБЕК: «____________________»


(ҰЛТТЫҚ НЫШАН)


Жүргізуші: Қол күрес ойыны қазақтың құрыш білекті ер жігіттерінің арасында ұйымдастырылады. Қол күресінің Отаны - Америка. Алғаш негізі 1967 жылы қаланған спорт түрі Қазақстанға 1992 жылдары тарай бастайды. Жаугершілік заманда бабаларымыз қолдарына найза, шоқпар, қылыш ұстаса, бүгінгі бейбіт өмірдегі ұрпақтары таза қол күресін дәріптеп, үлкен спортқа жол ашуда. Қол күресі спортының өзге спорттардан артықшылығы - жас талғамайтындығында. Яғни, бүгін біз дәл осы жерде жігіттеріміздің бағын сынап көреміз.

Ардабек -------------Думан

Бірақ біз мұнымен шектеліп қана қоймай «Асық ойынын» да көрсетеміз.

Ал, Асық ойыны - қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі - мергендікке, түнгісі - ептілікке баулиды. Яғни, біз мергендікке тексеру мақсатында асық ойнайтын боламыз

Роман ---------------Қадірбек


Осы сәтте екі қызымыз ою-өрнек ойып жарысса, қалған екі қыз шашқа сәнді өрім жасап жарысады. Қысқаша тоқтала кетейін.

Қазақтың ұлттық ою-өрнегі - қазақ жерін мекендеген көшпелі тайпалар өнері әсерімен ғасырлар бойы қалыптасып, белгілі бір жүйеге келген ою-өрнек түрлері. Ою-өрнек ісі тым ерте заманнан бастап-ақ қолөнерінің барлық түріне бірдей ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келді. Ою деген сөзбен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады. Ал өрнек дегеніміз әр түрлі ою, бедер, бейненің, күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортаң атауы іспеттес.

Ал, шаш өруге келетін болсақ, қазақ қызының басты сұлулығы - бұрымында. Оның ерекше қасиеті де жоқ емес. Ежелден келе жатқан салт-дәстүрімізге сай қыз бала шашын өріп, шолпы немесе шашбау тағатын болған. Осы қос бұрым көздің жауын алып, таңдай қақтыртқан. Нәзік болмысын айшықтауға көмектескен. Мұнымен қатар шаш өру - халқымызда ежелден келе жатқан өнер түрі шаш өру.

Ою-өрнек: Алия-----Айшат

Шаш өру: Дана-Айым


(ОРАМАЛ ТАСТАМАҚ)


Жүргізуші:Осымен, 5 Тур өз мәресіне жетті. Келесі кезекті «Орамал тастамақ» деп аталатын бөлімге берелік. Орамал тастамақ тың шарты бойынша қарсылас команда ойыншысы өзіне қарсы команданың бір мүшесін таңдап, орамалды алдына тастап өзінің сұрағына жауап алу тиіс, егер жауап берсе, сол адам орамалды қайтадан қарсылас командасына тастай алады. Ал, егер жауап бере алмаған жағдайда басқа команда мүшелеріне кезек беріледі.


(САЛТЫМ АСЫЛ ҚАЗЫНАМ)

Келесі турға көшпес бұрын, Абылайханды «Қазақ осы» әнімен ортаға шақырайық.

АБЫЛАЙХАН «ҚАЗАҚ ОСЫ»

Жүргізуші:

6-турымызды бастайық.

Ата салтым - асыл мұрам, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын.
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,
Өткенімді бүгінменен жалғадым.

«Салтым - асыл қазынам» бөлімі бойынша әрбір команда салт-дәстүрді дәріптей отырып шағын көрініс көсетуі керек.

(АРҚАН ТАРТЫС)

Жүргізуші:

«Арқан тарту» ойыны ертеден белгілі халық арасында кең тараған ойынның бірі. Қара күшке бейімі болғандықтан көбіне ерлер ойыны болып есептелінеді. Әрқилы мерекелерде күндіз ойналады. Ойынның екі түрі кездеседі. Бірі - ер адамдардың жекпе-жегі де, екіншісі топ болып ойнау. Ойын өтетін жер тегіс, шағын алаң болуы керек.

7 тур «Арқан тартыс» деп аталады. Ойын шарты бәрімізге белгілі, яғни команда болып арқан тартысамыз.

Жүргізуші:

Олай болса, сөз кезегін әділ бағасын анықтап отырған әділқазы алқаларына береміз!

Әділқазы алқалары бір шешімге келгенше Амангельдиев Абылайханның орындауындағы «Хәләуләм-ай» әнін бірге тыңдайық.

АБЫЛАЙХАН «ХӘЛӘУЛІМ-АЙ»

(МАРАПАТТАУ)


Шыға келді сыланып сылаң келер,

Қияңдағы қиылды қыранға ерлер.

Қызғалдақты кешіп жүр қыр астында

Мың бұрала жүгірген бұраң белдер.- дей келе, кәнекей, бәріміз биші қыздарымызбен қосылып, «Қара жорға биін билейік!»

ҚАРА ЖОРҒА БИІ

Арда өсіп, адал емген ақ уызың,

Қалдырған ғасырларға нәрлі ізін.

Көк бөрілі байрағын желбіретіп,

Көк түріктер тойлаған Наурызым!

Наурыз мерекесі құтты болсын! Назарларыңызға көп рахмет! Амандықта жүздескенше! Сау болыңыздар

(СОҢЫ)

© 2010-2022