Тәрбие сағаты Тұмаудан сақтанайық

Раздел Воспитательная работа
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тұмаудан сақтанайық

Сабақтың тақырыбы: «Тұмаудан сақтанайық».
1. Оқушыларға тұмау және тұмаудан сақтану туралы мағлұматтар беру;
2. Салауатты Өмір Салтын Қалыптастыру орталығының қызметкерлерімен кездесу;
3. Оқушыларға денсаулықтың ең басты байлық екенін ұғындыру, тазалық, жеке бас гигиенасы және дұрыс тамақтану туралы пайдалы кеңестер беру;
Сабақтың түрі: кездесу сабағы
Сабақтың көрнекі құралдары: интерактивті тақтадағы сызбалар («Пайдалы және пайдасыз тағамдар», «Адам денсаулығына пайдалы және зиян»), тұмауды емдеуге арналған сусын, кеспе әріптер (ТАЗАЛЫҚ), күн көзі макеті, тұмау туралы кітапшалар, буклеттер, плакаттар, «Орамал тастамақ» ойынына орамал мен сыйлық.

Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
2. Негізгі бөлім
а) Кіріспе. «Тұмау» деген не?
ә) Тұмау туралы не білесің? ( оқушылардың сурет салып, баяндау)
б) Пайдалы кеңестер. Тұмауға қарсы сусын дайындау.
в) Сызбамен жұмыс. «Адам денсаулығына пайдалы және зиян» (флипчартта)
3. Денсаулық туралы бірер сөз.
а) «Күн шапағы» шеңбері
ә) Денсаулық туралы мақал-мәтел сайысы
б) «Пайдалы және пайдасыз тағамдар» сызбасымен жұмыс. (флипчартта)
в) «Тазалық» сақшыларының сабы
4. Салауатты Өмір Салтын Қалыптастыру орталығының қызметкерлеріне сөз кезегін беру.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
2. Негізгі бөлім
Мұғалім: - Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар және келген қонақтар бүгінгі біздің «Тұмаудан сақтанайық!» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Бүгін бізде қонақта Мектеп медбикесі - Гүлмира Құттыбайқызы. Біздің ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіз.
а) Кіріспе. «Тұмау» деген не? (Флипчарт арқылы түсіндіру)

Эпидемиолог мамандар бүгiнгi таңда әлем бойынша вирустық аурудың 200 түрi бар екенін зерттеп, дәлелдеді. Ол - адамның инфекциялық патологиясында маңызды рөл атқарып, ерекше орынға ие болған ауру түрі. Тұмау вирусы домалақ немесе сопақша пішінді, диаметрі 80-100 cм. Құрамында РНҚ бар. Бөлме температурасында тұмау вирусы бірнеше сағаттан кейін өзінің белсенділігінен айырылады, ал 65 С градусқа дейін қыздырғанда 5-10 минут аралығында өледі. Ол қышқыл тез бұзылады, кептіргенге шыдамайды, эфир, спирт және басқа залалсыздандыру ерітінділерінде жойылады. Ультракүлгін сәуле мен ультрадыбыстар тұмау вирусын тез жояды.

Тұмау вирусы көптеген үй жануарларын да зақымдауы мүмкін, бірақ бұлардың адамның эпидемиялық зақымдануында маңызы шамалы.
Жұқтыру көзі болып ауру адам саналады. Вирус жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде ауадағы тамшы бөліктерімен беріледі. Аурудың жасырын кезеңі жұқтырған күннен бастап 1-2 күнге созылады.
Тұмау кенеттен басталады. Әдетте ауру дене қызуының тез жоғарылауымен, бастың қатты ауруы, жалпы әлсіздік, ұйқының бұзылуы, тамаққа тәбеттің болмауы сияқты белгілермен көрінеді. Кішкентай балаларда құсу және тырысу байқалуы мүмкін. Бірнеше уақыттан кейін мұрыннан су ағу, жөтел, кейде дауысының қарлығуы қосылады. Жиі бүкіл денеде сырқырау, буындарда ауырсыну байқалады. Осы кезеңде ауру адам басқаларға жұқпалы болады. Ауру ағымы сәтті жағдайда 3-5 күнге созылады, одан кейін жазылады.
ә) Тұмау туралы не білесің? ( оқушылардың сурет салып, баяндауы)
1-оқушы: Тұмаудың жедел түрімен ауырған адамдар өте қауіпті, себебі олар ауырса да жұмыстарына, дүкенге, мектепке және басқа да жерлерге барып жүреді. Осыған байланысты олар көптеген коллективтерге инфекция таратып және аурудың шығу көзі болуы мүмкін.
Тұмаудан кейін иммунитет тұрақсыз, 1-3 жылдай сақталады. Әдетте тұмау вирусы өзгеріп отырады. Сол себепті жыл сайын тұмау вирусы әртүрлі болып отырады, түзілген иммунитеттің шамасы келмейді.

2-оқушы: Тұмаумен ауырған адамды тез арада басқа отбасы мүшелерінен оңашалау керек. Оның бөлмесінде залалсыздандыру жүргізу керек. Науқас үйден шықпағаны дұрыс, әсіресе халық жиналған жерлерге, қоғамдық ұйымдар, транспортта, балалар бөліміне бармауы керек.
Науқасты төсекке жатқызып, көп мөлшерде ыстық сусындар: шәй, кофе, қайнаған сүт береді. С витаминінің жоғары мөлшерін қабылдаған жақсы. Дәрігерді үйге міндетті түрде шақыру керек. Дәрігердің нұсқауына дейін науқасқа ешқандай дәрілер, соның ішінде егер температурасы 39 С градустан аспаса, дене қызуын төмендететін дәрілерді беруге болмайды.
б) Пайдалы кеңестер. Тұмауға қарсы сусын дайындау.
«Бал қосылған таңқурай»
(ыдыс-аяқтарын, тағам түрлерін пайдаланып, сабақ үстінде дайындайды)

3-оқушы: 1 ас қасық бал, 1 ас қасық итмұрын, 1 ас қасық таңқурай, 1 ас қасық қарақатқа, 100мл. қайнап тұрған су қосады. 15 минут ұстап, тамақтың алдында ½ стаканнан күніне 3 рет ішеді.
в) Сызбамен жұмыс. «Адам денсаулығына пайдалы және зиян» (флипчартта)

3. Денсаулық туралы бірер сөз.
Құрметті оқушылар, қонақтар! Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік. Дені сау адамның көңілі орнықты, ойындағысын орындайды. Денсаулықтан артық байлық жоқ.
4-оқушы: Денсаулық.
Шыныққан шымыр денеміз,
Күн сайын өсіп келеміз.
Денсаулық - «5» сабақ «5»
Деп рапорт береміз!
Ұйқыңнан ерте тұр,
Жадырап, жарқын күл.
Әдетің болсын әрқашан
Жаттығу жасау, жуыну!
Суық қардан онша қорқа қоймасаң,
Шынығасың таза ауада ойнасаң.
Осы кезде спортпен шұғылданып,
Сұлулық пен денсаулықты ойлайсың.
Қабақ түйсең, саған ешкім қарамас,
Жылы сөйлеп, барлығымен амандас.

а) «Күн шапағы» шеңбері
М: - Әрине, дұрыс айтасың! Денің сау болу үшін шынығу керек. Ендеше шынықтыру үшін, дене мүшелерімізге назар аударайық!
Оқушылар «Күн шуағы» шеңберіне тұрады. Күннің макетіндегі күн сәулелерін ұстап тұрып, қимылмен көрсетеді.
Адамның дене мүшелері.
Денсаулық туралы мақал - мәтелдер сайысы
б) «Пайдалы және пайдасыз тағамдар» сызбасымен жұмыс. (флипчартта)
в) «Тазалық» сақшыларының сабы
(Бастарына қима әріптер таққан оқушылар шығады «ТАЗАЛЫҚ» сөзі шығады)

Т - тазалық - денсаулық кепілі
А - ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде.
З - зарлымын деме, жанында жара болмаса
А - ауырып жазылған жан олжа
Л - ластың досы - шыбын.
Ы - ыдысы тазаның ырысы таза.
Қ - отыр қолдан жұғады.
5. Сабақты аяқтау.



























Есілбай жалпы орта білім беру мектебі







Тұмаудан сақтанайық



















Өткізген : Машенова Гүлмира Қайырбекқызы

2015-2016 оқу жылы











Ес3лбай жалпы орта білім

беру мектебіндегі 8 сынып

оқушыларымен өткізілген

тәрбие сағатына № хаттама қаңтар айы



Тақырыбы: Тұмаудан сақтанайық

Мақсаты: Ең бірінші байлық-денсаулық екенін ұғындыру, тәні саудың-жаны сау деген қағиданы еске ұстау. Өзін-өздері күтіп жүруге, ұйымшыл-дыққа кішіпейілділікке баулу. Тұмаудың алдын алу бойынша өткізілді.

Оқушылар денсаулыққа байланысты дайындаған материалдарын әкелді. Денсаулыққа байланысты мақал-мәтелдер айтты, ребус, сөзжұмбақтар шешті. Барлық оқушы белсене қатысты.

Бұл тәрбие сағаты - дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын және денсаулық қорғаушы орта қалыптастыру бағытында жүргізілді.





© 2010-2022