Новый год 2016 разработка вечера

Раздел Воспитательная работа
Класс 9 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жаңа жылдық кештің бағдарламасы.

Күні: 28.12.2011ж

Тақырыбы: «Жаңа жылдық ертегі»

Қатысатын сыныптар: 8-11

Кейіпкерлер: Режиссер, Ханзада, Күлше қыз, Күлше қыздың анасы, Хабаршы.

{Барлық көрермендер жиналғаннан кейін жарық сөнеді де ортаға бишілер шығып билерімен Жаңа жылдық кешті бастайды.} _11 сынып__Вальс_________________________________

Ортаға Режиссер (Жүргізуші) шығады.

Армысыздар, құрметті, қонақтар!

Аман-есен бармысыздар!

Жаңа жыл, достар, үзілмес мәңгі жақсы үміт,

Тілектер игі, болашақ атты жақсылық

Сол үшін оған айқара құшақ ашайық!

Құрметке оны бөлейік, жырға қосайық! - дей отырып

Құттықтау сөзі мектеп директоры Жайлибаев Темірхан Бекбергенұлына береміз.

Режисер: Уа, халайық, ескі жылды аттандырып

Енді, міне, жаңа жылды қарсы аламыз

Жаңа жылдың қарсаңында бәріміз бір кісідей

"Аяз ата, Ақшақар, қайдасың?" деп жар саламыз

(Барлығы дауыстап, Аяз ата мен Ақшақарды шақырады)

Режиссер: Келіңіздер, шығыңыздар ортаға,

Айтыңыздар жақсы жырды Атаға.

Келіңіздер ән шырқайық тағы да,

Риза болсын жадырап Ақшақар да.

Аяз ата: Амансыңдар ма, балалар

Амансыңдар ма ұстаздар!

Жаңа жыл құтты болсын!

Бақыт пен шаттық әкелсін!

Ақша қар: Мерекелеріңіз берекелі болсын!

Режиссер: Қане, Ата мен Ақша қар төрге шығыңыздар, төрлетіңіздер! Біздің өнерпаздарымыздың өнерлерін тамашалаңыздар!(Аяз ата мен Ақша қар көрермендер арасына отырады)

Режиссер: Аяз ата мен Ақша қар сізге арнап 11 сыныптан Жұмабекова Гүлсая қыздарыңыз сонау Үндстаннан келіп үнді биін билейді.

(жүргізуші жан-жағына қарап аң таң болады, ешкім жоқ тым-тырыс)

Режиссер: Түсінбедім, барлығы қайда кеткен? Менің кейіпкерлерім қайда?

(Осы кезде сахнаның екінші бөлігінде Күлше қыз мен оның өгей шешесі көрінеді, анасы Күлше қызға ренішін айтып жатыр екен)

Анасы: Сен менің қызымсың, сол себепті сен үй ішіндегі барлық жұмыстарды орындауың керек, ұйықтамасаң да үйдің жұмысы бітіп тұрсын.

Күлше қыз: Жарайды, анашым.

(Режиссер осы сәтте сахнанадан көрінеді)

(Осы уақытта ар жағынан бір қыздың дауысын естиді, қасына қарай жақындаса Күлше қыз(Золушка) екен)

Режиссер:

Ау, Күлше қыз

Неге жыладың

Әлде біреу ренжітті ме?

Сырыңды бізге айтшы

Күлше қыз: Иа. Менің анам маған қатаң қарайды, барлық жұмысты істетіп қояды. Мен шаршадым, сосын жылап отырмын. Көңіл-күйім де жоқ, жана тағы да ұрысты маған.

Режиссер: Иа, Күлше қыз қане бері кел, қазір біз саған мерекелік көңіл-күй сыйлаймыз! Молай емес пе достар, Жаңа жылда би билеп, ән салып жүруіміз керек. Олай болса достар, кім бізге өз өнерлерін көрсетеді?

Өнер көрсету 8сынып_________________________________________________

Режиссер: сонымен, Күлше қыз ұнады ма?

Күлше қыз: Иа, әрине ұнады.

(Осы уақытта ортаға патшалықтан шабарман келіп Күлше қызға Кешкі балға шақырту әкеледі)

Режиссер: Күлше қыз сені Кешкі балға шақыртты, қане киімдеріңді дайындап, балға жинал.

Күлше қыз: Мен жиналар едім, бірақ анам тапсырған жұмысты аяқтамай ешқайда бара алмаймын (деп Күлше қыз мұңаяды). Ханзаданың балына да бара алмаймын...

Режиссер: Иа, жұмыстарың көп екен, бірақ мұңайма Күлше қыз біз осы жерде отырған достарымызбен бірге саған көмектесеміз. Қане, достар! Бәріміз бірігіп билеп жүріп Күлше қызға көмек берейік. (Ән қосылып, зал ішіндегі жігіттеріміз шығып Күлше қызға көмектеседі)

Күлше қыз: (қуанғанынан орнынан ұшып тұрады, күлімсіреп) Рахмет достар! Мен кеттім КӨП-КӨП Рахмет сіздерге!

(Күлше қыз кеткеннен кейін ортаға Ханзада келеді, ол өзінің Ханшайымын іздестіріп жүр еді)

Режиссер: Ханзада аманбысыз! Бұл жерге қандай шаруамен келдіңіз?

Ханзада: мен көптен бері өз ханшайымымды іздеп жүр едім, осы көпшілік арасында болып қалар деген үмітпен келіп тұрмын.

(Ханзада күрсініп айтады. Осы уақытта сөз тауып кеткен режиссер)

Режиссер: Достар, біз бір-бірімізге әрқашан көмек береміз емес пе, олай болса Ханзадаға да көмегіміз тисін. Ханзадаға кім өнерін көрсетеді?

Ханзада: Әрине, менің көргім келіп отыр, көңіл-күйімді көтергім келіп отыр.

10 сынып өнерлерін көрсетеді ____би______________________________________

Режиссер: Біз осы кеште отырған қыздардың арасынан іздеп көрелік, мүмкін осы жерден табылып қалар. Ол үшін біз ортаға 5 қызды шақырамыз. Қыздар арасында ойын ойнатылады «орындықтарға кім бірінші отырады» ойыны.

(Ойын ойнатылып болғаннан кейін, Ханзада өз сөзін ары қарай жалғастырады)

Ханзада: Мен бүгін бір түс көрдім

Түсімде бір іс көрдім

Осы ақ туфлиді

Менің Ханшайымым киіп жүр екен (деп өлеңдетеді). Сол себепті осы туфлиді іздеп жүріп тауып алдым да патшалықтағы барлық қыздардың аяғына өлшеп шығып едім, келмеді. Ендігі үмітім зал ішіндегі қыздарда...

Режиссер: Зал ішінде отырған қыз балаларымыз арасында байқау өткізбей тұрып келесі өнерпаздарымызды шақырамыз.10с көрініс_____________________________________________ режиссер: О, Ханзада олай болса, қане қыздар уақытты бос өткізбей кезек-кезек келіп мына туфли киіп көрелік. Ханшайым біздің арамызда отырған шығар...

(Баяу ән қойылады да, қыздар келіп аяқ киімді өлшеп көреді. Бірақ аяқ киім ешкімге де шақ келмейді)

Режиссер: Ханзада, аяқ киім ешкімге де келмеді, енді не істейміз?!

Ханзада: Енді басқа амал бар ма?! Мен патшалығыма ораламын, мүмкін кешкі балда көрермін Ханшайымды.

(Ханзада патшалығына оралады)

Режиссер: олай болса, достар біз кешімізді жалғастырайық. Әрине, Ханзадаға қиын болды.

Сонымен, ортаға 6 қыз-жігітті шақырамын. «кім жылдам» ойынын ойнаймыз.

Ойын ойнатылып болғаннан кейін Аяз ата мен Ақша қар ортаға шығып:

Аяз ата: Ау, балалар біз сіздердің келісімдеріңізді алып ары қарай жол жүрсек дейміз. Біздің әлі де баратын мектептеріміз бар.

Режиссер: ия, Аяз ата Ақша қар! Асығып тұрған секілдісіздер. Сіздерді бөгемейік! Келгендеріңізге көп алғыс білдіреміз.

(Аяз ата мен Ақша қар кеткеннен кейін жарық өшеді. Режиссер баяу дауыстап)

Режиссер: Не болды? Жарық қайда?

(баяу әуен шығады, музыка ойнайды)

Режиссер: А, Иа достар біз патшалықтамыз. Кешкі балл. Қандай керемет. Ал, жастар ортаға шығып би-билейміз!

(жастар ортаға шығып баяу би билейді. Би билеп болғаннан кейін Ханзада келеді)

Ханзада: Сәлеметсіздер ме, достар! Мен мына аяқ киімнін иесін іздеп жүрмін.

Режиссер: Ханзада, мүмкін ойын ойнатармыз. Біз кеш басталмай тұрып жастарға әр түрлі фигуралардың бір бөлшегін бергенбіз енді ортаға сол бөліктері бар жастарды шақырамыз.

(Ортаға фигуралардың жарты бөліктері бар жастар шығады.)

Режиссер: Біз таратқан түрлі түсті жүректер өз жартыларын тапса екен дейміз. (Әр бөлігі бар жүректер қосылады) ал, Ханзада сіздің қолыңызда қандай түсті жүрек. А мында қараңыз міне сіздің жүрегіңіздің жартысы, сіздің Ханшайымыңыз.

(Осы кезде Күлше қыз келеді, барлығы таң қалып қарайды. Қолында жүректің екінші жартысы)

Ханзада: Сіз, мен, менің жүрегім, сіздің жүрегіңіз... (Ханзада таң қалып сөзінен шатасады).

Режиссер: Ханзада, туфли, туфлиді көріңіз

Ханзада: Не дейсін, а, түсінбедім.

Режиссер: міне, мына туфли айтам. (Осы кезед Ханзада туфли Күлше қызға кигізіп көреді, аяғына шақ келеді. Қуанғанынан Ханзада Күлше қызды көтеріп алады)

Режиссер: Ханзада, Күлше қыз көңіл-күйлеріңіз қалай? Енді, Ханзада сіз бізге сыйлық бермейсіз бе?

Ханзада: Сыйлық, иә, әрине беремін.

Режиссер: қане, достар лоторея ойнаймыз. Ал, кеттік

(Ханзада мен Ханшайым бірігіп лоторея ойнатады)

Лоторея ойнатылып болғаннан кейін Режиссер:

Жаңа жыл - жаңа ниет, жаңа күнсің,

Ғаламға ғашық болған жанарымсың.

Қалсыншы ескі жылда бар қиындық,

Шаттықтың шарайнасы бола білгін! - дей отырып бүгінгі ертегіміз өз мәресіне жетті.

Ендігі кезекте, ДИСКОТЕКА!


© 2010-2022